Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет246/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

 
11-
тақырып. 
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
 
11.1.
Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік.
Мұғалім мен мек
-
теп 
жұмысының табысты болуы оқыту әдісіне байланысты бірнеше ондаған 
жылдар бойы пән теориясы мен жекелеген пәндерді оқыту туралы зерттеулер 
жүргізіліп келеді. Педагог
-
ғалымдар мектептегі оқу
үдерісін бақылау 
барысында сабақтағы мұғалім мен оқушыныңәрекеті
түрлілігіне назар 
аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдіс
-
темесі деп атаған. 
Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді 

ол түсіндіргенді қолданады, 
оқушылар материалды өз бетінше оқып үйре
-
неді 
– 
бұл жұмыс әдісі; оқушы 
практикалық тапсырманы орындайды 

бұл практикалық жұмыс әдісі, 
мұғалім сабақта көрнекі
материал қолданады 

иллюстрация әдісі т.с.с. 
 
Е.И. Перовский, Н.М. Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік
көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов оқыту 
әдістерін білім aлy әдісі, білік пен дағдыларын қалыптастыру, білік, 
дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я. Голант әдістерінің 2 тобын
көрсетуді ұсынды: активті (белсенді) және енжар
оқыту әдістері. Тілдік
әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін: дидактар 
мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар беруіне қарамастан
көптеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілі деп 
қарастыруда.


292 
Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі.
«Метод» (әдіс) термині 

гректің 
«method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету 
жолдары деген ұғымды білдіреді.
Педагогикалық практи
-
када мұғалімнің 
сабақ беруі мен оқушы әрекетінің
тәсілдері бір
-
бірімен тығыз байланысты. 
Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір
-
бірімен 
тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады
: оқыту мақсаты, мең
-
геру, 
оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің сипаты
бойынша:
1)
мұғалім әрекетінің
оқыту тәсілі мен оқушы әрекетінің оқу әрекеті, 
олардың өзара байланысы.
2)
оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет