296
Жаттығулар түрлеріне қарай:
ауызша, жазбаша, графикалық және
оқу-еңбектік
болып
бөлінеді.
Олардың
әрқайсысын
орындау
барысындаоқушылар оймен жұмыс істеу мен практикалық жұмысты
атқарады.
Ауызша жаттыгулар
логикалық ойлауды, есте сақтауды, тіл
мәдениетін және оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттыгулар
білімді қорытындылау мен оларды қолдана
білуге үйренуге
арналады. Оларды қолдану логикалық ойлауға, жазба
мәденетіне және өздігінен жұмыс жасай білуге үйретеді. Жазбаша
жаттығулар ауызша және графикалық жаттығулармен қатар жүреді.
Графикалық жаттыгуларга
оқушылардың сұлбалар, сызба
-
лар,
кестелер, технологиялық карталар, альбомдар, плакаттар, қабыр
-
ға газеттерін
дайындауы,
зертханалық
-
сарамандық
жұмыстарды
өткі
-
зудегі
суреттемелерді тындауы, саяхаттар және т.б. жатады.
Оқу-еңбектік жаттыгуларга
өндірістік
-
еңбек бағытына ие
оқушылардың практикалық жұмыстары жатады. Бұл жаттығулардың
мақсатына оқушылардың теориялық білімдерін еңбекте қолдану болып
табылады. Мұндай жаттығулар оқушыларды еңбекке баулуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: