Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогикалық ғылымдар жүйесі



бет62/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   226
1.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика немесе педа-гогика ғылымы (екеуі де бір мағынада) туралы тұтас айтқанда өзара байланысты бөліктердің немесе салалардың қайсыбір жиынтығы ой-ластырылады. «Педагогика - ғылым» терминімен сипатталатын маз-мұндық бірліктегі педагогикалық пәндер жүйесін қарастырады. Бұл пәндердің барлығына ортақ объектісі – білім беру болып табылады. Бұлардың әрқайсысы өз пәндерін бөліп алып, білім берудің түрлі жақтарын қарастырады. Бір жағынан, педагогика ғылым-дарын, басқа жағынан білім беру үдерісінің осы немесе басқа қырларына қызығушылық танытатын пәндерден ажырату керек. Мысалы, педагогикалық психология – бұл психологияның бір бөлігі, ол педагогика емес, өйткені психолог оқыту мен тәрбиелеу жағдайын-да адамның психикасын зерттегенде өз пәнінің аясында қалып оты-рады. Педагогикалық пәндерді әр түрлі негізде жіктегендіктен белгілі бір қиындықтар туындайды. Негізгі білім беру әрекеттеріне – тәрбие мен оқытуға сәйкес оларды оқып үйренетін тәрбие теориясы, оқыту-дың педагогикалық теориясы – мазмұнын, әдістерін және ұйымдас-тыру формаларын ғылыми негіздейтін – дидактика бөлініп шықты.
Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физио-логия және басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Педагогиканың басқа ғылыми пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен жай салыс-тыру арқылы ғана ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидак-тикадан, әдістемеден, мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түр-лі типіндегі ғылымдар нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға болады. Бұндай байланыс төрт түрге бө-лінеді. Ең маңыздысы басқа ғылымдардың тұжырымдарын жинақ-тайтын негізгі идеяларды, теориялық қағидаларды пайдалану болып табылады. Екінші түрі – ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану. Үшінші түрі – кейбір ғылымдардың мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін пайдалану. Төртінші түрі – кешенді зерттеулер.
Тегінде, педагогикаға кез-келген ғылыми білімдер жарайды, ол кез-келген ғылыми пәнмен әрекеттесе алады. Бірақ солардың ішінде екі ғылым саласымен қарым-қатынасы ерекше. Бұл философия мен психология. Философия – барлық ғылымның шығу тегі, ал психология дәстүрі және мәні бойынша педагогика ғылымының міндетті және тұрақты серігі. Бұл ғылымның екі саласының педагогикамен ара қатынасы арнайы қарастыруды талап етеді. Педагогиканың филосо-фиямен байланысы – педагогикалық ойлардың дамуының біртұтас шарты. Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Олар теориялық зерттеу – тәжіри-бемен тікелей, педагогикалық болмыспен – жанама, ал философиямен тікелей байланыста болатындықтан, педагогикалық теорияны құру үшін керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет