Байланысты: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е
2.6. Педагог құзыреттілігінің тәрбиенің мақсатты үдерісіне әсері. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбиелік үдеріске әсері мұғалімнің және тәрбиеленушінің әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі, адамзаттың мәдениетімен барлық құрылымдық жағынан теңдес келетін және өзіне тек білімділік, операционалдық-технологиялық қана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құрамдас бөліктердің қамтылуы.
Оқушыларға білім, білік, дағды мен қоса құзырлылық компо-ненттерін іске асыру көзделіп отыр. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдерісіне әсерінде құзырлылықты моделіне – білім және оның ұйымдастырылуын, білік және дағдының пайдаланылуын, шығарма-шылық – интеллектуалдық әлеуетін, әлемге деген эмоционалдық-адамгершілік жағымды бағдарын, яғни, эмоционалдық, еркіндік, адам-гершілік, эстетикалық тәрбиелілік жүйесін жатқызады. Сонымен бірге тұлғаны өздік жұмысқа жұмылдырушы мектептегі өзін өзі басқару, соның ішінде берілген қоғамдық жұмыстардағы әрекеттерді табысты орындау, білім алуға деген ынтасын арттыру, өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру, мектептің жеткен табысын өз табысындай қабылдау, оны қорғай білу маңыздылығына баса назар аударады.
Құзырлылық білім беру үдерісі нәтижесінде оқушының мінез-құлқына, әрекетіне қойылатын талап ретінде оның өз тіліндегі, өз дең-гейіндегі жатық сөздер, жатық іс-әрекеттер арқылы анықталатын ұғым, ал құзырлы адам нақты бір аймақта негізді шешім шығару, тиімді әрекет жасауға мүмкіндік тұғызатын білім мен қабілеттерді қамтиды.
И.А.Зимняя жоғары оқу орындарындағы реформалаудың құзыр негізіндегі кәсіби оқуға бағдарлануына байланысты, білімді бағалау-дағы басымдықты оқыту үдерісінен нәтижеге бағыттыу керек деген қорытынды жасайды.
И.А.Зимняя «“құзыр”, “құзырлылық” ұғымдарына бірдей мәндік мағына бере отырып, құзырлылық құзырдың өзекті түрде көрінуі»,-дейді. Құзыр ішкі әлеует, психологиялық жаңа түзілім(әрекет бағдарла-малары, құндылық жүйелері және қатынастар) ретінде адамның құзырлылығында байқалады делінген. “Құзыр”(мазмұндық бөлімнің) құрамдас бөлік, «құзырлылық» ұғымы мазмұндық бірлік, яғни құзырлылық құзырға қатысты жинақтаушы ұғым болып табылады деген бекімге тоқталады. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсерін айқындағандарефлексия негізгі орын алады. Рефлексия - өзін өзі дамыту, жан мен тән үйлесімдігі, өз ойын жинақтау. Рефлексия – білімді, адамды дамытудың шарттарының бірі.
Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдерісіне әсерін нақтылау барысында ғалым Лейбництіңрефлексия-адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, еліктеушілік;Юмнің ұйғарымынша, идеялар- сырттан қабылдайтын әсерлерді рефлексиялау.
Рефлекстеу сананы өз-өзіне үңілдіруді, өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды. Ғалымдардың анықтамаларын саралай келе, педагогикалық рефлекция - даралық, шығармашылық, авторлық із-деністері мен соның нәтижесі, кәсіби рефлексия – мамандығына сәйкес нәтижелі білім алу, өзін өзі дамыту, жан мен тән үйлесімдігі, өз ойын жинақтау. Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбиелік үдеріске әсері болашақ педагогтың құзырлылығы жоғары оқу орындарында, мектепте, білім мекемелерінде жан-жақты қамтылады: болашақ маманның инновациялық және ақпараттық технологияларды меңгеруі; болашақ маманның құзырлығының дамуы болашақ маманның педагогикалық және психологиялық құзырлылығының дамуы; болашақ маманның кәсіби қызметінің құндылық, мәнділік қырларын өзектендіру; педагогикалық жобалау технологияларын меңгеру. Тәрбие теориясы мен әдістемесі пәнін оқыту арқылы кәсіби құзырлы маман-білімді, білікті, дағды, дайындық, практикалық біліктілік, арнайы қажетті білімі, кәсіби біліктілігі, кәсіби маман болуға ұмтылысы, қалыптасу үдерісімен бірге болашақ маманның бойында этикалық мінез-құлық, жалпы дү-ниетанымы, өсуге деген қажеттілік, беделділік, мәдениеттілік дағдысы, қабілет деңгейі, коммуникативтік құзыреттілігі, психологиялық сапа-сы, сұраныстарға жауап беруі, тұлғалық құндылықтарды дамыту көзделеді.
Құзырлылық – бұл тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі, адамзаттың мәдениетімен барлық құрылымдық жағынан теңдес келе-тін және өзіне тек білімділік, операционалдық-технологиялық қана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құ-рамдас бөліктерді қамтитын қабілеттілік».
Тәрбиелі кәсіби құзырлы маман - білімді, білікті, дағды, дайын-дық, практикалық біліктілік, арнайы қажетті білімі, кәсіби біліктілігі, кәсіби маман болуға ұмтылысы, қалыптасу үдерісімен бірге болашақ маманның бойында этикалық мінез - құлық, жалпы дүниетанымы, өсуге деген қажеттілік, беделділік, мәдениеттілік дағдысы, қабілет дең-гейі, коммуникативтік құзыреттілігі, психологиялық сапасы, сұраныс-тарға жауап беруі, тұлғалық құндылықтары жетелеген тұлғаны атай-мыз.