Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет187/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Оқыту әдістерін таңдау. Педагогика ғылымында мұғалім тә-жірибесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдай-лары мен шарттарының түрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты.
Оқыту әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты:
- оқу, білім беру, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұс-қауларынын жалпы бағыттарына;
- осы ғылымның және оқытылатын пәннің, тақырыптарының мазмүнының және әдістерінің ерекшеліктеріне;
- нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарына;
- нақты сабақ материалының мақсаты, мазмұны мен мін-деттеріне;
- материалды оқып-үйренуге берілген уақытына;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне және олардың нақты, тану мүмкіншіліктеріне;
- оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік және даму);
- оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне, құрал-жаб-дықтардың, қөрнекі құралдардың, техникалық қүралдардың болуына;
- мұғалімнің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, практикалық және теориялық дайындығы мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Аталған жағдайлардың орындалу кезінде мұғалім бірнеше ше-шімді, яғни: ауызша, көрнекі немесе практикалық нақты әдістер таң-дау, өзіндік жүмысты басқаруының репродуктивтік немесе іздену әдіс-терін ұстану және өзін-өзі ұстау әдістерін қолдану туралы шешім қабылдайды.


11.2.Оқыту әдістерінің жіктемесі. Қазіргі кездегі дидактиканың көкейкесті мәселесінің бірі - оқыту әдістерін жіктеу. Бұл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас жоқ, Дәл қазір жіктеудің негізгі тәсілдері бұрынғы кездегі жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне (әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме) және оқушылардың жұ-мыс әдісіне (жаттығулар, оздік жұмыс) т.б. бөлген.
Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:
а)сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сойлесу немесе басылым сөзі жатады);
в)практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігі артады).
Оқытудың сөздік әдісі - оқыту әдістері жүйесінде жетекші орын алады. Бір кездері бұл әдіс білім берудің бірден-бір, яғни сөздік әдістері, тәсілі болған. Прогресшіл педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. ол әдістерді ғана мойындауға қарсы болған, көрнекілік және практикалық әдістермен толықтыру қажеттілігік дәлелдеген. Оларды ескірген, "белсенді емес" деп жиі ай-тып жүр. Сөздік әдіс аз уақытта көлемі жағынан үлкен, көп ақпарат бе-руге мүмкіндік жасайды. Мұғалім сөз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы балалардың санасына жет-кізеді. Сөз оқушының ойын, есте сақтау қабілетін, сезімін жандан-дырады.
Сөздік әдістің мынандай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме. пікірталас, дәріе, оқулықпен жұмыс.
Әңгіме. Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жет-кізеді. Бұл әдіс мектептегі оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде қол-данылады, тек әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет