Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

ҚИЫЛ – Ойыл алабындағы өзен. Ақтөбе обл-ның 
Ойыл, Қобда аудандары жерімен ағады. Ұз. 193 км, 
су  жиналатын  алабы  4720  км
2
,  жалпы  құламасы 
87  м.  Қ-дың  салалары  –  Аққұдықсай,  Қоңырсай 
өзендері  Қоңызтаудан  басталып,  саралжын  а. 
тұсында Ойыл өз-не құяды. Аңғары кең (2–3 км), 
арнасы түпкі жыныстарға дейін тілімденген жер-
лерде жарқабақты. Жайылмасы кей жерлерде ғана 
қалыптасқан. Арнасы жоғ. ағысында 25–45 м-ден 
төм.  ағысында  90–100  м-ге  (бөгет  тұрған  жерде 
200  м-ге  дейін),  бөгеттен  төменде  60  м-ге  дейін 
өзгереді. Жер асты, қар суларымен толығады. Көп 
жылдық орташа су ағымы сағасында 2,60 м
3
/с. өзен 
егін суғаруға, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз 
етуге,  мал  суаты  ретінде  пайдаланылады.  суын 
реттеп пайдалану мақсатында 1947 ж. сағасынан 5 
км жерде бөгет салынған.
ҚИЫНАСУ, К ү й і к а с у – Қаратаудың оңт.-шы- 
ғыс  бөлігіндегі  Боралдай  жотасының  қиыр  оңт-
ндегі  асу.  Жамбыл  обл-ның  Жуалы  және  Оңт. 
Қазақстан обл-ның түлкібас аудандарының түйіс- 
кен  жерінде  орналасқан.  Асу  теңіз  деңгейінен  
1120  м  биіктікте  жатыр.  Жонды-қырқалы  келген 
асу өңірінде бұта шоғырлары аралас нарғия, бете-
ге, қылқан боз, т.б. таудың шөптері өскен. Шақпақ 
желі соғып тұрады. Асу арқылы Алматы–тараз–
Шымкент автомагистралі өтеді.
ҚИЯ  –  Ханшыңғыс  жотасының  солт.-батысын-
дағы шоқы. Шығыс Қазақстан обл. семей қалалық 
әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан. Абс. биікт. 
582 м. солт-тен  оңт-ке  қарай  бойлық  бағытта  10 
км-ге  созылған,  енді  жері  3  км.  Басты  шоқыдан 
басқа  бірнеше  ұсақ  шоқылардан  тұрады.  солт.  мен 
шығыс тау етектерінде қорымтастар үйіндісі шо-
ғырланған.  солт-нде  дегелең,  оңт-нде  Ақшоқы 
таулары бар. таудың қызғылт қоңыр топырақ жа-
мылғысында дегелең, жусан, қылқан селеу, бете-
ге, көде, бұталар өседі.
ҚИЯҚ (Elymus) – қияқөлеңдер тұқымдасына  жа-
татын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 
жазықты,  шалғынды,  құмды  аймақтардың  сортаң 
топырақты  жерлерінде  және  тау  беткейлерінің 
шатқалдарында өсетін 20 түрі бар, оның жетеуі –  
эндемиктер.  Ең  көп  тарағаны  –  жау  Қ.  немесе  
с а р ы Қ. (E. multіcalus). Биікт. 50–100 см, тік, түзу 
сабақты,  төселмелі  ұзын  тамыр  сабағы  болады. 
Жапырағы  таспа  тәрізді,  жалпақ,  ені  3–8  мм,  үс-
тіңгі беті сарғылт жасыл, астыңғы беті бұдырлы. 3–
6 гүлден тұратын масағының ұз. 5–12 см, ені 6–13 
мм, жасыл күлгін түсті, масақ гүлшоғырына топтал-
ған,  мамыр–маусымда  гүлдейді.  Жемісі  –  дәнек. 
Қ. – сояуы көп, қатқыл шөп, масақтану сатысына 
дейін оны мал жейді. т а р л а у Қ. (E.juncues) мәдени 
дақылға  айналдырылған.  Кейбір  түрлері  әсемдік 
үшін өсіріледі. 
ҚИЯҚТЫ – Құланөтпес алабындағы тұйық көл. 
Қарағанды обл-ның нұра ауд. теңіз көлінің оңт-
нде 16 км, Қособа тауынан солт.-батысқа қарай 12 
км жерде, теңіз деңгейінен 398 м биіктікте орна-
ласқан.  Ауд.  51,6  км
2
,  су  жиналатын  алабы  669 
км
2
.  Ұз.  16,7  км,  енді  жері  10,2  км.  Шарасының 
пішіні  күрделі, түбі тегіс. солт. жағалауы жарла-
уытты, биікт. 1–1,8 м. Оңт. жағалауы жайпақ. Ол 
сор батпаққа ұласып кетеді. суының деңгейі сәуір 
айында көтеріліп, қазанда төмендейді. Оған жазда 
тартылып  қалатын  Қияқты  өз.  құяды.  Жағалауы 
жайылым  есебінде  пайдаланылады.  Кейінгі  жыл-
дары көл сорға айналуда. 
ҚИЯЛЫБӨРТЕ – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе 
обл.  Мортық  және  ресейдің  Қуандық  аудандары 
шекарасымен ағады. Ұз. 80 км, су жиналатын ала-
бы 605 км
2
, жалпы ұз. 100 км-ден астам 20 саласы 
бар. Бастауын жонды-белесті аласа тау бөктеріндегі 
бұлақтардан  алып,  ресей  аумағында  Жайық  өз-не 
сол  жағынан  құяды.  Ағысының  60%-дан  астамы 
Қазақстан аумағымен өтеді. Бөрте а. маңында Қ-нің 
жоғ.  ағысында  бірнеше  ірі  салалар  (Жоса,  сынтас, 
т.б.) қосылады. Шекара бойындағы студенческое а. 
маңында оң жағынан Қия өз. құяды. Бөрте а-нан тө-
менде өзен арнасы кеңейіп, жағалауы жазық болып 
келеді. Арнасында жыл бойы су болады. негізінен 
жер  асты  суымен  толығады.  суы  қарашаның  2-
жартысында  қатып,  сәуірдің  1-жартысында  ериді. 
Атырабының басым бөлігі жыртылған. Біраз бөлігі 
шабындыққа пайдаланылады.
ҚИЯҢДЫ  –  Маңсуалмас  қыраты  мен  Бағытай-
Беніке  ойысындағы  құрғақ  арна.  Маңғыстау  обл.  
Қиыл
Еділ сағасындағы Қиғаш тармағы
Қиыл өзенінің Ойыл сағасы

389
Қоға
ҚОБДА  АУДАНЫ  –  Ақтөбе  обл-ның  солт.-баты-
сындағы әкімш. бөлініс. 1929 ж. құрылған. Жер аум. 14 
мың км
2
. тұрғыны 23 мың адам, орташа тығызд. 1 
км
2
-ге 1,6 адамнан келеді (2010). Аудан аумағын-
дағы  46  елді  мекен  16  ауылдық  әкімш.  округке 
біріктірілген.  Аудан  орт.  –  Қобда  а.  Қ.  а.  жерінің 
басым бөлігі үстіртті жазық, оңт.-батыс бөлігі тө-
белі-белесті, мұнда әктас, сазды тақтатастан құрал-
ған Ақшатау тауы (абс. биікт. 245 м) оңт-нде әбді 
тауы  (304  м)орналасқан.  Ауданның  ең  биік  же- 
рі  –  Құмсай  а-нан  оңт.-батыста  орналасқан  тау  
(324  м).  Шығысы  мен  оңт.  бұйратты.  Жер  қойна- 
уынан құрылыс материалдары барланған. Климаты 
тым  континенттік,  қаңтар  айының  жылдық  ор-
таша  темп-расы  –14–16°с,  шілдеде  22–24°с. 
Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш. 
250–300  мм.  Аудан  жерінен  Үлкен  Қобда,  Кіші 
Қобда,  Қарақобда,  терісаққан,  Қиыл,  Қарағанды, 
Батпақты, т.б. өзендер ағады. Үлкен Қобданың сол 
жағалаулық  аңғарында  сабындыкөл  көлі  орна-
ласқан. Жері негізінен карбонатты қызғылт қоңыр 
топырақты,  оңт-нде  қиыршықты  бозғылт  қоңыр 
топырақты.  Үлкен  Қобда  өз-нің  аңғарында  шал-
ғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. өсімдік жа-
мылғысы қара жусан аралас бетеге, қызғылт қау, 
боз,  т.б.  әр  түрлі  ксерофитті  шөптерден  тұрады. 
Қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қарсақ, сарышұнақ, 
суыр;  құстардан  дуадақ,  тырна,  т.б.  мекендейді. 
Ірі  елді  мекендері:  Қобда,  Ақыраб,  Калиновка, 
талдысай,  Алпайсай,  Жиренқопа,  т.б.  А.  ш-на 
жарамды жерінің аум. 1,357 млн. га, егістік 67,5 
мың га, шабындық 18 мың га, жайылым 119,6 мың 
га (2009). Аудан жерімен Орал – Ақтөбе, Мортық–
Ойыл автомоб. жолдары өтеді. 
ҚОҒА  (Typha)  –  қоға  тұқымдасына  жататын  көп 
жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанның ірі өзен-
көл алаптарында өсетін 7 түрі бар. Гүлі дара жы-
нысты, собық гүлшоғырына топталған, жапырақ-
тары ұзын әрі қатты, жиектері тегіс. Аталықтары 
(1–5) гүлінің жоғ. жағында, аналығы төм. жағында 
орналасады. Қ-ның биікт. 30–100, кейде 200 см-ге 
жетеді.  Ұзын  төсемелі  тамыры  болады,  сабағы 
жуан. таспа пішінді жапырақтары сабағынан ұзын. 
Ұсақ  гүлдері  желмен  тозаңданады.  Маусым–та-
мыз айларында жемістенеді. сулы және батпақты 
жерлерде, арықтар мен шұңқырлардың жағасында 
өседі.  Қ-ның  сабағы  мен  жапырағын  құрылыс 
Бейнеу  ауд-нда  орналасқан.  Ұз.  80  км.  Маңсуал- 
мастың орта тұсындағы бұталы тоғайдан басталып 
қырат бойымен жүріп, батысында Бағытай-Беніке 
ойысына барып бітеді. Арнасында көктемдегі қар, 
жауын-шашын кезінде 10–15 күндей ғана ағын бо-
лады.  Шығыс  жағалауы  жарқабақты  (12  м-ге  де-
йін),  батысы  сайлы-жыралы  келген.  Бұта  аралас 
жусан,  жантақ,  жүзгін,  т.б.  өсімдіктер  өседі.  Қ. 
арнасы жыл бойғы мал жайылымы саналады.
ҚИЯСАЙ,  Қ  и  я  с  а  н  –  Қарынжарық  құмының 
солт-ндегі  құдық.  Маңғыстау  обл.  Қарақия  ауд. 
сенек а-ның оңт.-шығысында 93 км жерде орналас-
қан. тереңд. 15 м, су шығымы 400 л/сағ. Қиясайирек 
кертпешінің орта бөлігінде орналасқан  құдықтың 
жанындағы  қорғандардың  биікт.  5–6  м-ге  жетеді. 
солт-нде  Балаой,  оңт.-батысында  Құрмашқұдық 
құдықтары,  батысында  Құрмашбұлақ  төбесі  мен 
бұлағы бар.
ҚИЯСАЙИРЕК, Қ и я с а н и р е к –Маңғыстау тү-
бегінің оңт. бөлігіндегі үстіртті кемер. Маңғыстау 
обл.  Қарақия  ауд.  жерінде.  Кендірліқиясай  үстірті 
мен Қарынжарық ойысы аралығында 65 км-ге созы-
лып жатыр. Абс. биікт. 140 м, салыстырмалы биікт. 
80–100 м. Үстіртті кемер неогеннің құмды саздары 
мен  әктастарынан  түзілген.  Қарынжарық  ойысына 
қараған етегінде тұзды жер асты суы шығып жа-
тады. Бірнеше құдық (Қарынжарық, Қарабарақ, 
т.б.)  және  Құрмашбұлақ бұлағы бар. Бетінде бая-
лыш, бұйырғын мен жусан өседі.
ҚОБДА  –  Елек  алабындағы  өзен.  Ақтөбе  обл-
ның  Алға,  Қобда  аудандары  жерімен  ағады.  Ұз. 
225 км, су жиналатын алабы 14700 км
2
. Алабында 
жалпы  ұз.  133  км  болатын  37  саласы  бар.  Ірі  са-
лалары: Ащықара, Қарақобда, сарықобда, тамды, 
Батпақты, терісаққан, сауқайың, Кіші Қобда, ит- 
қырған  (Ешкіқырған),  т.б.  Қобда  ауд-ндағы  Көк- 
сай а-ның солт.-шығысында 5 км, Қарақобда мен 
сарықобда  өзендерінің  қосылған  жерінен  баста-
лады.  Орынбор  обл-ның  (ресей)  Покровка  с.  тұ-
сында  Жайық  өз-нің  саласы  Елек  өз-не  құяды. 
Орта  ағысындағы  арнасы  200–250  м,  аңғары  бас 
жағында  3–4  км,  жайылмасы  1,5–2,  кейде  3  км. 
Жауын-шашын,  жер  асты  суларымен  толығады. 
Жылдық  орташа  су  ағымы  Қобда  а.  тұсында  5,5 
м
3
/с. суы тұщы, жер суғаруға, тоғанда құс, балық 
өсіруге пайдаланылады. өзен өңірі жақсы шабын-
дық, мал жайылымы. 
Қобда өзені
Орманды алқап

390
Қоғакөл
лақтар өзендерге құяды. Мұнда су деңгейін 5–13 
м-ге төмендеткенде, ұңғымалардың өнімд. 10–45 
л/с-қа жетеді. тау етегіндегі ұңғымалардың өнімд. 
1–2  л/с.  судың  минералд.  0,2–0,5  г/л,  хим.  құ-
рамы  гидрокарбонатты  кальцийлі.  Алап  сулары-
ның барланған тәуліктік пайдалану қоры 4320 м
3
,  
одан  қазіргі  кезде  пайдаланылатыны  900  м

ша-
масында. Қ. а. а. суын Қоғалы, сарыөзек өңірінде 
егістікті  суғаруға  және  жайылымдарды  суланды-
руға пайдаланады.
ҚОЖАБЕРГЕН – Шағырай үстіртінің орта бөлі-
гіндегі аласа тау. Шаған өз-нің аңғарында. Ақтөбе 
обл. Шалқар ауд. Бегімбет а-ның солт.-батысында 60 
км жерде  орналасқан.  Абс.  биікт.  280  м.  солт.-
шығыстан оңт.-батысқа қарай 14 км-ге созылған, 
енді жері 3 км. Палеогеннің құм, саз, құмтас, кон-
гломерат тау жыныстарынан түзілген. Батыс бөлігі 
тік  қабақты  борпылдақ  шөгінділерден  тұрады. 
Құнары төмен сортаң топырағында  жусан,  сораң 
шөп, бұта өседі.
ҚОЖАҒҰЛ БҮРКЕУІ, Е с е н е й к о р д о н ы –  
солт.  Қазақстан  обл.  Жамбыл  ауд.  Жаңажол  а-
нан  солт.-батысқа  қарай  3  км  жердегі  қарағайлы 
орман.  Жаңажол  –  Макарьев  автомоб.  жолы  бұл 
орманды  «Үлкен  бүркеу»,  «Кіші  бүркеу»  деп 
екіге  бөледі.  Орман  1826  жылға  дейін  Қожағұл 
Бертісовтің (Біржан  салдың  атасы)  қыстауы  бол-
ған.  солт.  мен  шығысын  жапырақты  орман  көм-
керген өрттен қорғайтын арна мен (тереңдігі мен 
ені 2 м-ге дейін, периметрі 15 км) қоршаған жер 
ел  басқарған  белгілі  сұлтан  Есеней  Естемісовтің 
бақылауында (19 ғ.) болды. Осылайша «Есеней кор-
доны» деген атау пайда болды. Бұл жерде «кордон» 
қорғалатын орман дегенді білдіреді. Орман ауа ра-
йының қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
ҚОЖАКӨЛ – теңіз-Қорғалжын алабындағы көл. 
Ақмола обл. Егіндікөл ауд. жерінде. теңіз көлінен 
солт.-шығысқа қарай 25 км жерде, Жалманқұлақ 
а-нан шығысқа қарай 2 км, теңіз деңгейінен 336 м 
биіктікте жатыр. Аум. 40 км
2
 (суы мол жылдары 60 
км
2
-ге жетеді), ұз. 16 км, енді жері 6 км-ге жетеді. 
Жағалау бойының ұз. 48 км. Көл жағалауы жай-
пақ, шығысы тік, жарлауытты (2–3 м). тереңд. 2–3 
м-ге дейін жетеді. суы ащы. Көл төңірегі егістікке, 
біраз бөлігі жайылым ретінде пайдаланылады.
ҚОЖАКӨЛ  –  Ақмола  обл.  Ақкөл  ауд-ның  солт.-
шығысындағы  күмбез  пішінді  тау.  Ақкөл  қ-нан 
солт.-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Абс. 
биікт. 453 м, ұзындығы мен ені 2–2,5 км. таудың 
солт.-шығыс етегімен Қараөзен сайы өтеді, шығы-
сында  тоқпақ  қонысы  жатыр.  Беткейлері  тік  және 
нашар  тілімденген.  Жер  қыртысы  жоғ.  девонның 
гранитті тау жыныстарынан түзілген. Оның бетін 
сүйірлі-қиыршықтасты  элювийлі-делювийлі  шө-
гінділер  жауып  жатыр.  даланың  сортаңды  қара 
топырағында  әр  түрлі  бетегелі-сұлыбасты  және 
жусанды-бетегелі өсімдіктер өскен. Кейбір жерле-
рінде бұта шоғырлары кездеседі.
ҚОЖАСАЙ  МҰНАЙ-ГАЗКОНДЕНСАТ  КЕНІ
Ақтөбе обл. Мұғалжар ауд-нда, Ақтөбе қ-нан оңт-ке 
қарай  240  км  жерде.  Батысында  Жаңажол  мұнай-
газконденсат кенімен түйіседі. Кен орны 1962–63 ж.  
сейсмик.  зерттеу  нәтижесінде  анықталған.  Іздеу-
барлау  жұмыстары  1979  ж.  басталды.  тектоник. 
материалдары  ретінде  пайдаланады,  сондай-ақ 
арқан,  жіп  еседі,  сөмке  тоқиды.  Крахмалға  бай 
тамырынан  кәмшат,  ондатр,  жұпар  тышқан,  т.б. 
сүтқоректілерге  құнды  азық  дайындалады.  Жас 
өркенімен тұқы балықтары қоректенеді. 
ҚОҒАКӨЛ  –  торғай  өз.  жайылмасындағы  нұра 
қонысының  оңт-нде  орналасқан  ағынды  көл. 
Ақтөбе  обл.  ырғыз  ауд.  дүкен  а-ның  оңт-нде  40 
км жерде, теңіз деңгейінен 74 м биіктікте жатыр. 
Аум. 10,5 км
2
, ұз. 11,3 км, енді жері 1,5 км, жағалау 
бойының  ұз.  24,6  км,  тереңд.  2  м-дей.  Эрозия-ак-
кумулятты  әрекетінен  пайда  болған.  Қарашаның 
2-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде 
ериді. суы көктемде тұщы, жазда ащы. солт-нде 
Жарқамыс, Байтақкөл көлдері бар. Жағалауы мал 
жайылымына қолайлы.
ҚОҒАЛЫ  –  Алтынемел  жотасы  мен  Бұрымбай  
таулары  арасындағы  тауаралық  аңғар.  Алматы 
обл. Кербұлақ ауд-ның Қоғалы өз. бойында. теңіз 
деңгейінен шамамен 1100 м биіктікте. доғаша иіл-
ген  аңғар  солт.-шығыс  және  оңт-нен  амфитеатр 
тәрізді  кертпештелген  тау  етегі  төбешіктерімен 
қоршалған,  батысында  Быжы  өз.  аңғарына  қарай 
біртұтас еңіс жазыққа айналады. Аңғарды Қоғалы 
және  Быжы  өзендерінің  көптеген  салалары  кесіп 
өтеді. Палеозой дәуірінің герцин тау жасалу кезе-
ңінде пайда болған. Аңғардың төмен жатқан бөлік-
тері саз, саздақ және құмнан тұратын аллювийлік 
шөгінділермен, ал шеткі төбешіктері төрттік кон-
гломераттармен,  гипстелген  лесс  шөгінділерінен 
тұрады.
ҚОҒАЛЫ  АРТЕЗИАН  АЛАБЫ,  Жетісу  Алата- 
уының  оңт.-батысындағы  Алтынемел  мен  Қотыр- 
қайың  жоталарының  аралығындағы  ойыста  ор-
наласқан.  Жалпы  аум.  700  км
2
.  50–200  м  терең- 
дікте  таралған  неогендік  құм,  конгломерат  қа- 
баттарының  қалыңд.  7–48  м.  суы  арынды,  арын 
деңгейі жер бетінен 10–25 м төменде жатыр. Ұңғы- 
малардан  алынған  судың  шығымы  0,5–5  л/с,  тұзд. 
1–3  г/л,  құрамы  сульфатты  натрийлі.  сулы  ан-
тропогендік  аллювийлі-пролювийлі  кесектас,  құм 
қабаттарының  қалыңд. 2–40 м. тау етектеріне жа-
қын жерлердегі грунт суларының деңгейі жер беті-
нен 50–86 м төмен. Ойыстың ортасына қарай сулы 
қабаттарда арын пайда болып, судың деңгейі жер 
бетіне  жақындайды:  сай-жыралардан  шыққан  бұ-
Қоғалы аңғары

391
Қой
жағынан кен құрылымы өлшемдері 18×4,5 км, ен-
дік бағытта созылған брахиантиклинальдық қатпар. 
Коллекторы  кеуекті-жарықшақты,  карбонатты  жы-
ныстардан (әктас, доломиттенген әктас) құралған. 
Ашық кеуектілігі 9-дан 9,6%-ға дейін өзгереді, өт-
кізгіштігі  0,173  мкм
2
.  Бастапқы  қабаттық  қысымы 
37,3  МПа,  темп-расы 73°с. Бастапқы шығымы: мұ-
най 39,2 м
3
/тәулік, газ 28,2 мың м
3
/тәулік. тұрақты 
конденсат мөлш. 345 г/м
3
. Мұнайы жеңіл және ауыр 
(0,827–0,886 г/см
3
). Газ құрамы бойынша ауыр, құ-
рамында этан, ауыр көмірсутек (20,5–31,8%), метан 
(55,5–72,8%) бар. Конденсаттың тығызд. 0,753 г/см
3
.  
Кен орны өндірістік игеруге дайын. 
ҚОЗҒАН  –  Есіл  алабындағы  тұзды  көл.  Ақмола 
обл.  Ақкөл  ауд.  Қараөзек  а-ның  батысында  8  км 
жерде  орналасқан.  Көл  теңіз  деңгейінен  342  м 
биіктікте  жатыр.  Аум.  8,6  км
2
,  ұз.  5  км,  енді  жері 
2,5 км, жағалау бойының ұз. 14,4 км. өзімен аттас 
қазаншұңқырда  жатыр.  Жағалауы  жайпақ,  онда 
қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Көлдің шығы-
сында қарағай, қайың шоқтары өскен. Шарасында 
жыл бойы су болады. негізінен қар және жер асты 
суларымен  толысады.  Алабы  мал  жайылымына 
және шабындыққа пайдаланылады.
ҚОЗЫБАСЫ  –  Жетіжол  жотасының  солт.-шы-
ғысындағы  аласа  тау.  Алматы  обл.  Жамбыл  ауд. 
дегерес  а-ның  шығысында  14  км  жерде  орналас-
қан. Абс. биікт. 1149 м. Ендік бағытта 12 км-ге со-
зылған, енді жері 2,5 км. Беткейлері кертпештеліп, 
адыр  түзеген.  Олар  сай-жыралармен  тілімденген. 
Батысымен  сасық  қайнарының  жылғасы  өтеді. 
Шығыс соқырбұлақ өз-нің жылғалары бастау ала-
ды.  тауалды  қоңыр  топырағында  таудың  далалық 
өсімдіктері өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.
ҚОЗЫКӨШ, Қ о з ы к е ш – Есіл өз-нің сол саласы, 
нұра  мен  Есіл  өзендерін  жалғастыратын  қыларна. 
Ақмола  обл.  Целиноград  ауд-ның  оңт-мен  ағады. 
Ұз. 40 км. Бастауын нұра өз-нің оң жағалауындағы 
Қосшы және Қарамойыл а-дары аралығынан алады. 
нұра мен Есіл өзендерінің қосылатын телімінің ені 
2–6 км және Есіл өз-не қарай еңкіш келген аңғар тә-
різді ойлауыт түрінде қалыптасқан. Жайылымының 
сортаңдау  шалғынды  және  қоңыр  топырағында  әр 
түрлі  шөптесіндер  аралас  бидайық,  айрауық,  ар-
пабас,  сораң,  ақтікенді-жусанды  өсімдіктер  өскен. 
сарқырама  және  Мұқыр,  сонымен  қатар  Қ-тің 
төм. ағысында нұра өз-нің суы Есілге мөлшерден 
тыс кетіп қалмау үшін топырақтан үйілген су жи-
налатын  бөгеттер  салынған.  Бұл  су  жайылманы 
көлтабандатып суландыруға да пайдаланады. өзен 
аңғары жоғ. өнімді шабындық саналады. 
ҚОЗЫҚҰЙРЫҚ  (Agarіcus)  –  агарикалар  тұқым-
дасына жататын қалпақты саңырауқұлақ туысының 
бірі. 60-тан астам түрі белгілі. Қазақстанда Жетісу 
(Жоңғар),  Іле  Алатауларында,  солт.  Қазақстан 
және Алтайда органик. заттарға бай орманда, шал-
ғынды жерлерде өседі. Жиі кездесетін түрлері: е к і   
с п о р а л ы  Қ. (A. bіsporus), к ә д і м г і  Қ. (A. 
campester)  және  д  а  л  а  л  ы  қ    Қ.  (A.  arvensіs). 
Бұлардың  қалпағы  ақ,  ақшыл  сары  немесе  қоңыр 
түсті, сырты ұсақ қабыршақ қабатты, жарты шар тә-
різді болады. Қалпағының диам. 3–25 см, оның төм. 
жағында  жұқа  жамылғысы  орналасқан.  Аяқшасы 
(түбіртегі) түзу, тығыз, кейде бос, қуыс болады; ұз. 
10 см, диам. 3–5 см. Етті, ақ түсті, жемістік денесі-
нің жағымды иісі бар. Қ. жылыжайда ауа темп-расы 
11–14°с, ылғалд. 80–90% болғанда 1,5–2 айда пісіп-
жетіледі. 300 жылдан бері қолдан өсіріледі. Екі спо-
ралы  Қ.  –  жеуге  жарамды,  оның  құрамында  45%-
дай белок болады. Қ-тың 2 түрі (A. meleagrіs және 
A.  xanthoderma)  улы  саңырауқұлақтың  қатарына 
жатады.
ҚОЙ (Ammon ovіs arіes) – қуысмүйізділер тұқым-
дасына  жататын,  күйіс  қайыратын  аша  тұяқты 
мал.  Қ.  неолит  дәуірінде  қолға  үйретіле  бастаған 
жабайы  қойлардан  (арқар  және  муфлон)  шыққан. 
дүние  жүзінің  170-тен  аса  елінде  650-дей  Қ.  тұ-
қымдары мен тұқымдық топтары бар. Қ-дың дене 
ұз. 60–110 см, шоқтығының биікт. 55–100 см. 12–15 
жыл тіршілік етеді. 5–7 айлығында жетіледі, 15–18 
айында  ғана  күйекке  жіберіледі.  саулықтарының 
буаздық  мерзімі  145–155  тәулікке  созылады. 
Көпшілігі  жалқы,  кейде  егіз  қозы  туады.  Қозылар 
1,5  айлығынан  бастап  отармен  бірге  бағылады, 
3–4  айлығында  енесінен  айырып,  еркек  және  ұр-
ғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қа-
рай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, т.б. деп атайды; 
төлдеген Қ-лар – саулық, 1 жыл төлдемеген Қ-лар –  
қысыр,  бірнеше  жыл  төлдемегендерін  –  ту  Қ.  деп 
Қозыбасы тауының бөктері
Екі споралы қозықұйрық

392
Қойбағар
Жемісі ірі ашық қызыл түсті сүйекті жеміс, диам. 
5 мм-дей, сырты жалаң, шырынды және жеуге жа-
рамды. Мамыр–шілдеде гүлдеп, маусым–тамыз ай-
ларында жеміс салады. Қайың шоқтарында, шырша 
және  қарағайлы  ормандарда,  бұталар  арасында, 
таудың  тасты  баурайларында  және  батпақты  жер-
лерде өседі. Қ-ді суық тигенде және қан аздықта ем 
ретінде  қолданады.  Жемісінің  құрамында  көмірсу, 
органик. қышқылдар, с дәрумені, пектиндік және 
илік заттар бар. Жапырағының қайнатпасын халық 
медицинасында  асқазан-ішек  жолдары  және  буын 
ауруларында, т.б. пайдаланады. 
ҚОЙКӨМГЕН  –  Ақмола  обл.  Жарқайың  ауд-ның 
қиыр оңт-ндегі тау. Абс. биікт. 363 м. Беткейлері көл-
беу келген. Қ. тауы батыстан шығысқа қарай 4 км-ге, 
солт-тен оңт-ке қарай 1,5 км-ге созылған. сай-жыра-
лармен тілімденген етегімен субасы, сымтас өзен-
дері ағып өтеді. Батысында шағын тоған салынған. 
ҚОЙТАС  –  Жетісу  Алатауының  батысында,  Жа- 
манқол  жотасының  оңт-ндегі  жота.  Алматы  обл. 
Ескелді  би  ауд.  Қаратал  а-ның  шығысында  25  км 
жерде  орналасқан.  Абс.  биікт.  3386  м.  Шығыстан 
батысқа қарай ендік бағытта 22 км-ге созылған, енді 
жері 7 км-ге жуық. Батыс бөлігі тік шатқалды, шы-
ғысқа қарай төмендеп өзен аңғарына ұласады. түпкі 
тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. таудың 
қара және қоңыр топырағында далалық және астық 
тұқымдас өсімдіктермен бірге субальпілік шалғын, 
сирек орман өседі.
ҚОЙТАС – Бақанас және Көксала өзендерінің ара-
лығындағы жон. Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд. 
Бидайық а-ның солт.-шығысында 22 км жерде орна-
ласқан. теңіз деңгейінен 650 м биіктікте. солт.-ба-
тыстан оңт.-шығысқа қарай 10 км-ге созылған, енді 
жері 3–4 км. Батысында Ажар, сарыбұлақ, оңт-нде 
Жолдас, Жасұлан қыстаулары, шығысында нұрбай 
қоныстары  бар.  сортаң,  сұрғылт  топырақ  жамыл-
ғысында шөлейт өсімдіктер өседі.
ҚОЙТАС – тарбағатай жотасының батыс бөлігін-
дегі тау массиві. Шығыс Қазақстан обл. тарбағатай 
және  Үржар  аудандарының  шекарасында  орналас-
қан.  Абс.  биікт.  2583  м.  солт.-батыстан  оңт.-шы-
ғысқа қарай шамамен 18 км-ге созылып жатыр, енді 
жері 7–8 км-ге жуық. Беткейлері шатқал, сай, аңғар-
ларымен  тілімденген.  Оңт.  беткейі  тік  жарқабақты, 
кейбір  бөліктерінде  таудың  түпкі  жыныстары  жала-
атайды.  Қошқардың  орташа  тірідей  салм.  70–140 
кг;  саулығынікі  50–70  кг  тартады.  Олардан  тиі-
сінше  10–15;  4–9  кг  (биязы  жүнділерінен);  3–6  кг 
(биязылау жүнділерінен); 2–5 кг (ұяң және қылшық 
жүнділерінен)  жүн  қырқылады.  Қазақстан  қой  ш-
нда өсірілетін Қ. тұқымдары: қазақтың етті-биязы-
лау жүнді қойы, қазақтың оңт. мериносы, қазақтың 
арқар  мериносы,  қазақтың  ұяң  жүнді  құйрықты 
қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақ-
тың  биязы  жүнді  қойы,  қазақтың  қылшық  жүнді 
құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, ал-
тай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, 
цигай  қойы,  қаракөл  қойы;  тұқымдық  топтары  – 
қарғалы қойы, сараджа қойы. Қ-дың жаңа типтерін 
шығару  жұмысында  линкольн  қойы,  ромни-марш 
қойының тұқымдары пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет