Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ҚАРАШҰБАР  ЖЫЛАН  (Coluber)  –  қабыршақ- 
тылар  отряды,  су  жыландар  тұқымдасының  бір 
туысы.  Қазақстанда  Каспий  және  Арал  т-дерінің 
аралығы,  сондай-ақ  Оңт.  Қазақстан  аймағындағы 
Қызылқұм  мен  Мойынқұм  құмды  алқаптарында 
кездеседі.  денесінің  ұз.  2,4  м-дей.  реңі  қара  сұр, 
кейде қара түсті жолағы немесе қара теңбілді бо-
лады. Қабыршағы тегіс не бұдырлы келген. Жемін 
көбінесе таңертең және кешқұрым аулайды. Майда 
кемірушілерді,  балапандарды,  майда  құс,  ұсақ 
жәндіктерді қорек етеді. Жемін денесімен буынды-
рып не жаншып өлтіреді. усыз жылан. Қазақстанда 
Қ. ж-ның мынадай түрлері бар: к ө л д е н е ң   ж о- 
л а қ т ы Қ. ж. (C. karelіnі) – дене тұрқы 60–70 см-
дей, құйрығы  20–25  см;  т  ү  р  л  і    т  ү  с  т  і  Қ.  ж. 
(C.ravergіerі)  –  дене  тұрқы  1  м-дей,  құйрығының 
ұз. 25–50 см, басқа түрлерден айырмашылығы – басы 
қара.  Оңт.  Қазақстан  обл-нда  кездеседі.  сондай-ақ 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жолақ 
Қ. ж., қызылжолақ Қ. ж., сарыбауыр Қ. ж. бар. 
Қарашоқытау
ҚАРАШҮҢГІЛ  МҰНАЙ  КЕНІ,  Атырау  обл. 
Жылыой ауд. Аққұдық а-нан солт.-батысқа қарай 
12 км жерде орналасқан. Қазақ жерінде алғашқы 
мұнай  өндірген  (1899  ж.,  қараша  айы)  кен  орны. 
Қазақстанда мұнай өндірудің тарихы Қ. м. к-нен 
бастау  алады.  Ембі–Каспий  серіктестігі  (Леман, 
доппельмаер  және  Грум–Гржимайло)  Қарашүңгіл 
кенінде  38–275  м-ге  дейінгі  тереңдікте  21  ұңғы 
бұрғылады.  1899  ж.  қараша  айында  №7  ұңғыда  
40  м  тереңдіктен  мұнайдың  тәуліктік  шығымы  
22–25  т  тұңғыш  мұнай  бұрқағы  алынды.  Пайда- 
лану мерзімінде ұңғыдан 5 мың т мұнай алынып, 
Ембі  аймағында  мұнайдың  өнеркәсіптік  қоры 
бар  екендігі  дәлелденді.  Мұнай  кэпронк  –  «тас 
қалпақ»  шөгінділеріне  тура  келеді.  Жыныстарға 
карстық сілтісіздену белгілері бар гипс, губка тә-
різді кеуекті гипспен қатар ұсақ және ірі кристалды 
қатты гипс қабаттары және мергельді жыныстар – 
мәрмәр тәрізді әктастар бар. Мұндағы гипс деп си-
патталып отырғаны төм. пермь кунгур ярусының 
галогендік  қабатына  тән  ангидрит  болуы  әбден 
мүмкін, бұған мәрмәр тәрізді әктастар қабатының 
ұшырасуы дәлел бола алады. №7 ұңғыға таяу жер-
ден  169  м  тереңдікке  дейін  бұрғылаған  Леманның 
ұңғысынан құрамында екі тұз қабаты бар (38 және 
16  м)  гипс  (ангидрит)  қабаты  байқалған.  Осылай 
ангидриттің  қалыңдығы  шамалы  тұз  қабатымен 
алмасып  отыруы  кунгурдың  галогендік  қабаты-
ның  төм.  бөлігіне  тән;  мұнда  тұз  асты  қабатта, 
көбінесе  филиппов  қабатына  жатқызылатын  төм. 
ангидрит будасы орналасқан; Оңт. Ембінің өнер-
кәсіптік  мұнайы  осы  филиппов  қабатымен  бай-
ланысты.  Кэпрокта  жоғ.  пермь  мен  төм.  триастың 
қызыл  түсті  саздары  мен  аргиллиттрінің  белгі-
лері жоқ. Қарашүңгілдің тұз күмбезі үстіндегі тұз 
штогы  (ядросы)  ортасында  қаныққан  тұз  ерітін-
дісіне  (рапа)  толған  шұңқыр  пайда  болған.  Кен 
түзілуі  карст  құбылысынан  пайда  болған  тесік-
терге  немесе  кішкене  линзаға  тура  келуі  мүмкін. 
нақтылы  геол.  мәліметтерге  талдау  жасау  негі-
зінде Қарашүңгілдің №7 ұңғысынан алынған мұ-
най иірімінің стратиграф. жасы туралы мынадай 
қорытынды  жасауға  болады;  ерте  кунгурдың  төм. 
ангидрит қабаты – төм. пермь – жоғ. палеозой.
ҚАРАШЫҒАНАҚ  МҰНАЙ-ГАЗКОНДЕНСАТ  
КЕНІ,  Батыс  Қазақстан  обл.  Бөрілі  ауд-нда, 
Орал қ-нан шығысқа қарай 150 км жерде. Каспий 
Қарашоңғал тауындағы қылқан жапырақты орман
түрлі түсті қарашұбар жылан

371
Қарғалы
орташа су ағымы Хантағы кенті тұсында 1,72 м
3
/с. 
суы егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады. 
ҚАРАШЫҚ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қарашық жо-
тасының оңт.-батыс етегінде, өзімен аттас өзеннің 
таудан  шығар  бөктерінің  конусында  (түркістан  қ.  
маңында)  орналасқан.  Кен  орны  түркістан  қ-н 
шаруашылық-ауызсулық және тех. сумен қамтама-
сыз етуге арнап барланған (тәулігіне 51,8 мың м
3

сулы  қабат  орта  төрттіктің  аллювийлі-пролюви-
йлі  шөгіндісінде  шоғырланған.  су  сыйыстырушы 
тау жыныстары құм мен кесектастар аралас кесек-
тасты-малтатасты келеді. Оның қалыңд. 12–14 м.  
сулы  қабаттың  арыны  әлсіз  (14  м-ге  жетеді). 
Қабаттың  сулылығы  жоғары.  Ұңғымалардың  де-
биті 56–75 л/с. суы тұщы, минералд. 0,7 г/л. Кен 
орнының  есептік  созылым  қатары  тереңд.  35  м, 
арақашықтығы  120  м  болатын  11  ұңғымадан  тұ-
рады.  Жер  асты  суының  пайдаланылатын  қоры 
(тәулігіне мың/м
3
): А-23,8, В-16,3, с
1
-17,2; А+В+ с
1
-
57,3. Кен орны 1978 жылдан пайдаланылуда.
ҚАРҒАЛЫ, Ж а қ с ы  Қ а р ғ а л ы – Жайық ала-
бындағы өзен. Ақтөбе обл-ның Алға ауд. жерімен 
ағады. Ұз. 114 км, су жиналатын алабы 5130 км
2
. Қ. 
Жылантау  етегіндегі  бұлақтардан  бастау  алатын 
Қуағаш,  Көкпекті  өзендерінің  қосылуынан  пай-
да болады. Ақтөбе қ. тұсында Елек өз-не құяды. 
Аңғары  жоғ.  ағысында  0,2–0,3  км,  қалған  бөлі-
гінде 1–1,2 км. Жайылмасының ені жоғ. ағысында 
10–15  м,  орт.  ағысында  40–60  м,  төм.  ағысында 
60–100 м. Арнасы ирелең, айқын қалыптасқан, ені 
жоғ. ағысында 20–50 м, төм. ағысында 80–200 м, 
сағасына жақын жерде 40–60 м. өзен бойында бұ-
талы  шалғын,  кей  жерлерде  бау-бақша  өсіріледі. 
Көп жылдық орташа су ағымы Жаман Қарғалы өз. 
сағасында 9,18 м
3
/с, Питомник а. тұсында 12,2 м
3
/с. 
суы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету-
ге, егін, бау-бақша, мал суаруға пайдаланылады. 
өзен балыққа бай. 
ҚАРҒАЛЫ, Кө к ө з е к,  Қ а р ғ а л ы б ұ л а қ –  
Іле  алабындағы  өзен.  Алматы  обл.  Қарасай  ауд. 
жерімен  ағады.  Ұз.  57  км,  су  жиналатын  ала-
бы  98  км
2
.  Бастауын  Іле  Алатауындағы  Алматы 
шыңының солт. беткейіндегі мұздықтардан алып, 
Қараой  а-нан  төменде  Қаскелең  өз-не  оң  жағынан 
құяды. Жалпы ұз. 27 км болатын шағын 15 саласы 
бар. өзен арнасының ені 5–10 м, тереңд. 0,3–0,5 м, су 
тасу  кезінде  1  м-ге  жетеді.  Көп  жылдық  орташа 
маңы  ойпатының  қиыр  солт-нде  орналасқан 
ірі  көмірсутек  кен  орны.  1979  ж.  ашылған.  Кен 
құрылымының биікт. 1700 м, аум. 16×29 км. Кен  
шоғыры  мұнайлы  және  газконденсатты.  Газкон- 
денсатты  бөлігінің  биікт.  1420  м,  мұнай  қабаты-
ның  қалыңд.  200  м.  Биогермдік  және  биоморф-
ты-детриттік әктас, доломит, т.б. әр түрлі ауыспа-
лы  жыныстар  өнімді  болып  табылады.  Кол- 
лекторлары  кеуекті,  кеуекті-ұралы  типті.  Кеуек- 
тілігінің  орташа  шамасы  мұнайда  9,4%,  газкон- 
денсат  бөлігінде  10,7%.  Газға  қаныққан  резер- 
вуарлық бөлігінің орташа өткізгіштігі 0,08 мкм
2

мұнайға  қаныққан  бөлігі  0,05  мкм
2
.  Газға  қа-
ныққан  коллекторының  орташа  тиімді  қалыңд. 
200  м,  мұнайға  қаныққан  тиімді  қалыңд.  45,7  м. 
Мұнайға қанығу коэфф. 0,92-ге тең. Кен орнының 
жабындысы – кунгур ярусы ирень шоғырына жа-
татын  галит  қабаты.  тектоник.  әрекет  әсерінен 
пайда  болған  тұз  күмбезінің  беткі  қабатын  жоғ. 
пермьнің  терригенді-галогенді  жыныстары  жап-
қан. Кен шоғырының жоғ. шегі 3526 м тереңдікте 
жатыр. Газды-мұнайлы жапсары 4950 м-де, сулы-
мұнайлы жапсары 5150 м-де байқалған. Пермь бө-
лігіндегі  газконденсаттың  бастапқы  орташа  қы-
сымы 53,8 МПа, карбондық (тас көмір) қабатында 
56,7 МПа. Қабаттардағы темп-ра 64–89°с. Газдың 
өнімділігі тәулігіне 590 мың м
3
, конденсатта 500 
мың  м
3
,  мұнай  326  м
3
.  Кен  орнының  мұнайлы 
бөлігін  физ.-хим.  қасиеттеріне  қарай  оңт.-батыс 
және  солт.-шығыс  деп  бөледі.  Оңт.-батысының 
мұнайы ауыр (орташа тығызд. 0,861 г/см
3
). солт.-
шығыс  алаңындағы  мұнай  жеңіл  (орташа  ты-
ғызд.  0,830  г/см
3
).  Конденсаттың  тығызд.  0,778– 
0,814  г/см
3
.  Конденсатта  парафиннің  мөлш.  1,8–
3,0%,  шайырлылығы  1,0–1,7%,  күкірттілігі  0,55–
2,16%, меркоптандар үлесі 0,09–0,26%. Мұнайдың 
тығызд. 0,810–0,888 г/см
3
. Ондағы күкірттің мөлш. 
0,54–1,98%,  парафині  3,71–6,64%,  асфальтендер 
0,07–0,71%.  Конденсаттығы  сияқты  мұнайда  да 
метанды  көмірсутектің  үлесі  басым.  Қабаттағы 
газдың  құрамы:  метан  70,6%,  этан  6,1%,  пропан 
2,9%,  бутан  1,8%,  пентан,  т.б.  ауыр  көмірсутек-
тер 8,5%, азот 0,7%, күкіртсутек 3,5%, екі оксидті 
көміртек  5,6%,  меркаптандар  0,07%.  Мұнайдағы 
ерітілген газ құрамында метан 69,8%, этан 9,0%, 
пропан 4,2%, бутан 2,8%, пентан 1,5%, азот 0,9%, 
күкіртсутек  5,0%,  екі  оксидті  көміртек  6,1%, 
меркаптандар  0,03%.  Кен  орнындағы  жер  асты 
суы  аса  минералданған,  жоғ.  сульфатты  қабаты 
тұздықсулы  хлоркальций  типті.  Құрамындағы 
сирек  элементтер  мөлшері  жоғары.  Минералд. 
112–159  г/л.  Кен  орнындағы  газдың  жиынтық 
қоры  1317,4  млрд.  м
3
  (1995).  Мұндағы  бастапқы 
қордың  2%-ға  жуығы  ғана  өндірілген.  Қ.  м.-г. 
к-нде  Қазақстандағы  газконденсаттың  91%-ы, 
газдың 66%-ы шоғырланған.
ҚАРАШЫҚ, Х а н т а ғ ы – сырдария алабындағы 
өзен.  Оңт.  Қазақстан  обл-ның  түркістан  қалалық 
әкімдігі аумағымен ағады. Ұз. 102 км, су жиналатын 
алабы  1210  км
2
.  Қ.  Қаратау  жотасының  ортаңғы 
бөлігіндегі  Бессаз  тауынан  басталып,  текекөл 
көліне құяды. Аңғары жоғ. бөлігінде тар шатқалды, 
төм.  бөлігінде  жайпақталып  кеңейе  түседі.  Жауын-
шашын, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық 
Жайық алабындағы Қарғалы өзенінің орта ағысы

372
Қарғалы
су ағымы Чапаев а. тұсында 0,65 м
3
/с. өзен жоғ. 
ағысында  тау  шатқалымен  ағады.  Жаңатұрмыс  а-
нан  бастап  өзен  арнасы  кеңейеді  және  жағалауы 
жарлауытты  келеді.  Көкөзек  а-нан  бастап  жаға-
лауы жазық болып дала өз-не айналады. Қ. өз-нің 
өн бойында елді мекендер көп орналасқан. Алабы 
толығымен дерлік игерілген.
ҚАРҒАЛЫ  АРАЛЫ  –  Есіл  өз-нің  алғашқы  жа-
йылмасындағы террасада жатқан көне сай. солт. Қа- 
зақстан  обл.  Петропавл  қ-нан  оңт.-батысқа  қарай  
20 км жерде орналасқан. Аум. 247,6 га, оның 153,2 
га-сын  орман  алып  жатыр.  Орманда  қарағай, 
қайың,  бұталы  өсімдіктер  тұқымдасынан  дала  
шиесі,  мойыл,  долана  өседі.  реликт  өсімдіктер-
ден  дөңгелек  жапырақты  нәк,  саран  лаласы, 
мысықтабан,  т.б.  кездеседі.  Есілдің  көрікті  қа-
рағайлы-қайыңды  орман  өңірінде  жыл  бойы  дем 
алуға қолайлы. Қ. а-нда оқушылар лагері мен де-
малыс орны бар.
ҚАРҒАЛЫ  АУДАНЫ    Ақтөбе  обл-ның  солт-
ндегі әкімш. бөлініс. 1934 ж. құрылған. Жер аум. 
5  мың  км
2
.  тұрғыны  17,8  мың  адам,  орташа  ты-
ғызд. 1 км
2
-ге шаққанда 3,5 адамнан келеді (2010). 
Аудандағы 25 елді мекен 1 кенттік және 7 ауылдық 
округке біріктірілген. Орт. – Бадамшы кенті. Қ. а. 
солт.  мен  шығысында  ресей  Федерациясының 
Орынбор  обл-мен  шектеседі.  Аудан  Орал  таула-
рының  оңт.  жалғасы  саналатын  Мұғалжар  тау-
ларының  бір  бөлігін  алып  жатыр.  Қырқалы  келген 
солт. бөлігінің абс. биікт. 350–400 м. Ең биік жері 
ауданның оңт-нде (478 м). Оңт., оңт.-батысы және 
оңт.-шығысы  сай-жыралармен  тілімденген  жон-
ды-белесті келеді. Олардың биікт. 250–320 м. Жер 
қойнауынан  никель,  кобальт  кентастары,  қоңыр 
көмір, құрылыс материалдары барланған. Климаты 
тым  континенттік,  қысы  суық  аязды,  жазы  ыстық. 
Қаңтар  айындағы  ауаның  орташа  темп-расы  -
15–17°с,  шілдеде  21–23°с.  Жауын-шашынның 
жылдық орташа мөлш. 250–300 мм. Аудан жерінің 
солт. бөлігінен Жайық өз. ағып өтеді. Одан басқа 
Қарғалы,  Жақсықарғалы,  Мамыт,  Қарабұтақ, 
Шошқалы,  т.б.  шағын  өзендер  бар.  Қарғалы  өз. 
бойында  Қарғалы  бөгені  салынған.  сондай-ақ 
ауданда  бірнеше  көлдер  орналасқан.  топырағы 
шығысында  қиыршықты  бозғылт  қоңыр,  солт-нде 
қиыршықты  қара,  карбонатты  қара  қоңыр  то-
пырақты.  өсімдіктерден  бетеге,  қызғылт  боз, 
қылқан  боз,  аздап  қайыңды-теректі  орман  өседі. 
Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қоян, сары-
шұнақ,  қосаяқ;  құстардан  кезқұйрық,  күйкентай, 
жағалтай,  бозторғай;  сулы  өңірлерінде  қаз,  үй-
рек,  қасқалдақ,  т.б.  мекендейді.  Ірі  елді  мекен-
дері:  Бадамшы,  Александровка,  Петропавловка, 
Қосістек, әлімбет, Григорьевка. А. ш-на жарамды 
жерінің  жалпы  аум.  473,4  мың  га,  оның  ішінде 
егістігі 14 мың га, шабындық 318 мың га, жайылым 
302  мың  га  (2009).  Аудан  жерімен  Ақтөбе–Орск–
Қандыағаш–Орск т. ж-дары өтеді. 
ҚАРҒАЛЫ БӨГЕНІ, Ақтөбе обл. Ақтөбе ауд. же-
рінде, Қарғалы өз. бойында орналасқан. 1975 ж. пай-
далануға берілді. Ауд. 28,5 км
2
, ұз. 13,7 км, енді же- 
рі 3 км, орташа тереңд. 10 м, ең терең жері 31,8 м,  
шарасының  сыйымд.  280  млн.  м
3
.  су  жиналатын 
алабы  2220  км
2
.  Жағасының  ұз.  45  км.  Жылына  
9,4  мың  га  егістік  жер  суғарылады,  сонымен  бірге 
шабындық  және  жайылым  суландырылады.  суы 
мал суаруға, ауыз су үшін пайдаланылады.
ҚАРҒАЛЫ  ҚОРЫҚШАСЫ  –  респ.  маңызы 
бар  қорықша.  Қызылорда  обл.  Жаңақорған  және 
Шиелі  аудандарының  аумағында  орналасқан. 
Аум. 13,3 мың га. Қорықшаны сырдария өз. аңға-
рының  ежелгі  және  қазіргі  ландшафтысын  алып 
жатыр. өзен суларымен бөлінген аласа төбешікті 
құмды-сазды жазықтан, кішігірім құрғап қалатын 
көлдер мен батпақты жерлерден тұрады. Жер асты 
су көздерінің жақын орналасуы әсерінен әр түрлі 
шалғынды-батпақты және бұта өсімдіктеріне бай:  
сексеуіл,  жыңғыл  шоғыры,  сонымен  қатар  қа- 
мыстың қалың нуы кездеседі. Мұнда Жетісу қыр- 
ғауылы  жиі  ұшырасады.  Қорықша  осы  бағалы  
құсты қорғау, санын көбейту және оның Оңт. Қа- 
зақстанның,  сонымен  қатар  еліміздің  басқа  да 
аудандарының әр түрлі ландшафтық жағдайлары- 
на  бейімделуіне  қолайлы  жағдай  туғызу  мақса-
тында құрылған. 
«ҚАРҒАЛЫ»  САНАТОРИЙІ  –  жүрек  қан  та-
мырлары,  тыныс  жолдары,  қозғалыс  және  тірек 
мүшелері,  аллергия,  жүйке  ауруларын  емдейтін 
150 орындық санаторий-профилакторий. Алматы 
қ-ның экологиясы таза ауд-нда орналасқан. негізі 
1937 ж. қаланған. санаторий аумағында отырғы-
зылған  әр  түрлі  ағаштар  адамның  шаршағанын 
басатын  және  денсаулығының  нығаюына  әсер 
ететін  микроклимат  туғызады.  Емдеу  барысында 
физиотерапиялық  аппарат,  озокеритті  парафин-
Аудандағы қырқалы төбе
Қарғалы бөгені

373
Қарқаралы
Келес,  өгем  өзендері  аралығында  солт.-шығыс-
тан оңт.-батысқа қарай 85–90 км-ге созылып жа-
тыр, ені 15–20 км. Ең биік жері – Мыңбұлақ тауы 
(2828 м). тас көмірдің әктас, гранит жыныстарынан 
түзіліп, сай-жыралармен тілімденген. Қ-дың батыс 
беткейінен  Мұғалысай,  Көкпарсай,  Қаржансай, 
Жүзімсай, Ұялысай, Қызылатасай, Бадам өзендері 
бастау  алып,  шығысынан  өгем  өз.  ағып  өтеді. 
таудың шалғынды, қоңыр топырағында бидайық, 
жусан,  т.б.  шөптесіндер,  бұталар,  аршалы  сирек 
орман, жабайы жеміс ағаштары өседі.
ҚАРЖАУБАЙ – Баршақұм құмының солт.-баты-
сындағы жота. Қызылорда обл. Арал және Ақтөбе 
обл.  Шалқар  аудандары  жерінде  орналасқан.  Абс. 
биікт. 109 м. солт-тен оңт-ке қарай 19–20 кмге со-
зылып жатыр, енді жері 7 км. солт-нде Бозғынбай, 
батысында  дәулетжаға  төбелері,  шығысында 
Қалмас  жотасы,  оңт-нде  Жыланбас  құдығы  орна-
ласқан. сұр, сортаң топырақ жамылғысында жусан 
мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер өседі.
ҚАРҚАРА  –  Іле  алабындағы  өзен.  Алматы  обл. 
райымбек ауд. жерімен ағады. Ұз. 113 км, су жи-
налатын алабы 1970 км
2
. Жалпы ұз. 229 км бола-
тын  140-тан  астам  салалары  бар.  сондай-ақ  өзен 
алабында 22 шағын көл орналасқан. Ірі салалары: 
Желқарқара, Көкжар (Қазақстанда), тұрық, Шоң, 
Жалаңаш (Қырғызстанда), т.б. Бастауын теріскей 
Алатауының  солт.-шығыс  беткейлерінен  алып 
(Ақтас,  Қақпақ,  Оралма,  т.б.  таулардан),  Шарын 
өз-не  құяды.  Аңғары  мен  арнасы  тар,  шатқалды. 
Қар  және  бұлақ  суларымен  толығады.  Жылдық 
орташа су ағымы 11,3 м
3
/с. суы егістікті суғаруға 
пайдаланылады.  Қарқара  а-нан  жоғарыда  өзенге 
Мойнақ сЭс-і салынуда.
ҚАРҚАРАЛЫ  АУДАНЫ  –  Қарағанды  обл-ның 
солт.-шығысындағы  әкімш.  бөлініс.  1930  ж.  құ-
рылған. 1997 ж. Қазыбек би (бұрынғы Егіндібұлақ 
ауд.)  ауданымен  біріктірілді.  Жер  аум.  35,5  мың 
км
2
.  тұрғыны  39,1  мың  адам,  орташа  тығызд.  
1  км
2
-ге  шаққанда  1,1  адамнан  келеді  (2010).  Ау- 
дандағы 79 елді мекен 1 қала, 1 кент, 23 ауылдық 
округке  біріктірілген.  Орт.  –  Қарқаралы  қ.  Қ.  а. 
сарыарқаның  шығысында,  дала  белдемінде  ор-
наласқан.  Жері  негізінен  аласа  таулы,  шоқылы, 
төбелі, белесті келеді. Оңт-нде Балқаш көлі, Ертіс 
өз.  және  теңіз-Қорғалжын  тұйық  көлдерінің  су- 
мен қыздыру, емдік ванна, массаж, тұзды шахта, 
жүзу бассейні, т.б. қызмет көрсетеді. сонымен қатар 
«Ақсай» минералды суы пайдаланылады. 
ҚАРҒАЛЫТАУ – торғай үстіртінің орт. бөлігінде 
орналасқан төрткілді-үстіртті таулар. Қостанай обл. 
Жангелдин ауд-ның солт. бөлігін және наурызым 
ауд-ның оңт.-батыс бөлігін алып жатыр. Ол баты-
сында Қабырға (өлкейек өз-нің сол саласы) және 
Қарасу,  шығысында  теке  және  Үлкен  Қаражылға 
өзендерінің  суайрығы  болып  табылады.  Қ-дың 
жалпы  ұз.  140  км  шамасында.  теңіз  бетінен  ең 
биік жері (308 м) орт. бөлігінде орналасқан. Оңт. 
жағында  теңіз  деңгейінен  биікт.  219  м  Қостөбе 
шоқысы  оқшауланып  тұрады.  Қ-дың  батыс  бет-
кейінен Қабырға өз-нің салалары, шығыс беткейі-
нен теке мен Үлкен Қаражылға өзендерінің сала-
лары бастау алады. Оның солт.-шығыс баурайынан 
Мұзбұлақ  бұлағы  басталады.  Мал  жайылымы 
және егістік есебінде пайдаланылады. 
ҚАРҒЫБА – Ертіс алабындағы өзен, Қарабұға өз-
нің жоғ. саласы. Шығыс Қазақстан обл. тарбағатай 
ауд. жерімен ағады. Ұз. 34 км, су жиналатын ала-
бы 127 км
2
. Бастауын тарбағатай жотасының орта 
тұсындағы Қызасу асуы және Қойтас тауының солт. 
беткейінен алып,  Базар,  Ақсуат  өзендеріне  құяды. 
Одан әрі өзен Қарабұға деп аталады; қ. Қарабұға.
ҚАР  ДӘУАЯҒЫ  (Macropodium  nivale)  –  айқыш- 
гүлділер  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық 
өсімдік, сирек кездеседі. Биікт. 25–65 см. тамыр са-
бағы  ұзын.  Алтай,  сауыр,  тарбағатай  тауларында 
тасты беткейлерде, қарлы тау басында, өзендер мен 
жылғалар жағасында, альпі шалғындарында өседі. 
сабағы қарапайым, жалаң, жоғ. жағын түк басқан. 
Ұз. 10 см-дей, ені 4 см-ге дейін болатын жапырағы 
эллипс, ұзынша келген жұмыртқа немесе қандауыр 
пішіндес,  жиегі  тегіс.  Гүлі  ұзын  әрі  тығыз  гүлшо-
ғырына  топтасқан.  тостаған  жапырақшасының  ұз. 
5,5–6 мм. Ал ұз. 6–10 мм болатын күлтесі ақ түсті, 
бұршаққыны төмен қарай иілген, ұз. 50 мм-ге дейін, 
ені 3–5 мм, жалаң келеді. тұқымы қоңыр түсті, до-
малақ немесе эллипс тәрізді, өте жіңішке жиегі бар. 
тұқымынан  және  вегетативтік  түрде  ұзын  тамыр 
сабағы арқылы көбейеді. Маусым–шілде айларында 
гүлдеп, шілде–тамызда жеміс салады. таралу айма-
ғының азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл 
кітабына» енгізілген.
ҚАРЖАНТАУ – өгем жотасының батысындағы 
тау  жотасы.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Қазығұрт  ауд. 
(солт.  етегі  сайрам  ауд.)  жерінде  орналасқан. 
Қаржантау жотасының шатқалы
Қарқара өзенінің тау аңғары

374
Қарқаралы
Қ. а-ның жері арқылы Қарағанды–Қарағайлы т. ж., 
Қарағанды – Қарқаралы – Егіндібұлақ, Қарқаралы –  
Ақтоғай  –  Балқаш,  Қарқаралы  –  Баянауыл  авто-
моб. жолдары өтеді.
ҚАРҚАРАЛЫ  БӨРІҚАРАҚАТЫ  (Berbеrіs  kar- 
karalensіs) – бөріқарақаттар тұқымдасына жататын 
өсімдік. Қарағанды обл. Қарқаралы тау беткейле-
рінде,  қарағайлы  орман  жиектерінде  өседі.  Оңт. 
Қазақстанда  (Кентау  қ.  маңында)  шектеулі  ғана 
саны кездеседі. Қарағанды ботан. бағында мәдени 
түрде өсіріледі. Биікт. 2 м-ге дейін жететін бұтақ-
тары  аз,  тікенекті  бұта.  Бұтақтарының  қабығы 
сұр  түсті,  ал  жас  бұтақтарының  қабығы  қызғылт 
қоңыр. тікенектері (3–5) тармақталған, ұз. 20 мм-
дей.  Жапырақтары  жартылай  қабықшалы,  пішіні 
ұзынша  келген,  сағақты,  тікенекті  жиектері  ара 
тісті. Жапырағының ұз. 3–4 см, ені 1 см-дей. сары 
түсті майда гүлдері шашақ гүлшоғырына топтал-
ған.  Маусым  айында  гүлдеп,  тамыз–қыркүйекте 
жеміс  салады.  Жемісі  –  шырынды,  ашық  қызыл 
түсті,  сопақша  жидек.  Қ.  б.  –  өте  сирек  кездесе-
тін  эндемик.  Оның  таралу  аймағының  жылдан-
жылға  азаюына  байланысты  қорғауға  алынып, 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚАРҚАРАЛЫ  КЕНДІ  АУДАНЫ  –  Қарағанды 
обл-ның  шығыс  бөлігіндегі  бірнеше  полиметалл, 
барит, темір және сирек металл кендері шоғырлан-
ған алқап. Ол осы аймақтағы екі ірі құрылымның: 
солт.-шығысындағы  Шыңғыс  –  тарбағатай  мег- 
антиклинорийі  мен  оңт.-батысындағы  Жоңғар–
Балқаш қатпарлы алабының орт. бөлігін қамтиды. 
Ауданда  негізінен  Жоңғар–Балқаш  алабында  шо-
ғырланған  кейінгі  палеозой  интрузивтері  кең  да-
мыған.  Олар:  гранодиорит  пен  граносиениттен 
тұратын  ортаңғы  тас  көмірдің  топар;  лейкратты 
және  биотитті  граниттен  тұратын  соңғы  тас  кө-
мір  –  алғашқы  пермьнің  ақшатау;  ұз.  100  км-ден 
асатын  субмеридиандық  белдеу  жасайтын  дай-
калардан  тұратын  субсілтілі  гранитті  алғашқы 
пермьнің  жақсытағылы;  аляскиттік  граниттен 
тұратын  соңғы  пермь-нің  қызылрай  кешендері-
не бөлінеді. Қарқаралы ауд-нда 40-қа жуық темір 
кентасты  кен  орындары  мен  кен  білінімдері  бар, 
олар  солт.-батыс  бағытта  ұз.  150  км,  ені  5–20  км 
жолақ  түрінде  созылған.  Жолақтағы  кен  орын-
дары  мен  кен  білінімдердің  көпшілігі  жапсарлық 
метасоматоздық (скарн-магнетитті) типке жатады. 
Олар жасы мен генезисі бойынша, негізінен, топар 
және аз дәрежеде ақшатау кешендері (сарыбұлақ, 
Ақбұйрат,  Қотыртас,  солт.  Аномалия,  Кентөбе, 
Батыртас), сондай-ақ қызылрай  кешені граниттері-
мен  (соқақонған,  тырқусызбай)  байланысты  кен 
орындар. Бірқатар кенбілінімдер гидротермальдық 
кварц және барит желілерінен тұрады, оларда гема-
тит минералдары немесе гематитті денелер кезде-
седі.  Аудандағы  жоғ.  девон  түзілімдерінде  магне-
титті құмтас типті шөгінді генезисті темір кентас-
ты  түндік  кенбілінімі  мен  жанартаулық-шөгінді 
темір-марганецті  Атабай-дулығалы  кенбілінімі 
бар.  Бұл  аудандағы  жалғыз  өнеркәсіптік  нысан 
Кентөбе–тоғай темір кендерінің тобы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет