Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

ҚАРҚАРАЛЫ  ҚОРЫҚШАСЫ  –  респ.  ма-
ңызы  бар  зоол.  қорықша.  Қарағанды  обл-ның 
Қарқаралы  ауд-нда  1971  ж.  ұйымдастырылған. 
айрығы  болып  табылатын  Қызылтас  (Қушоқы, 
1283 м), Бүртас, Кіші және Үлкен Қарақуыс таула-
ры (1327), Кешубай (1559), Қоңыртеміршілік (Қа- 
расораң, 1369), т.б. таулар тізбегі өтеді. Ауданның 
орт.  бөлігін  Ханқашты  (1220  м),  түнқатар,  Қар- 
қаралы  (Жиренсақал,  1403),  Кент  (1469  м)  тау-
лары  алып  жатыр,  солт.  ұсақ  шоқылы,  қырқалы 
жазық.  Олардың  арасында  Қу  (1366  м),  Айыртау  
(814  м),  дос  (1064  м)  таулары  орналасқан.  Ау- 
данның  солт.-батысын  Қарасор  көлінің  ойысы 
алып  жатыр.  Жер  қойнауында  қорғасын,  темір, 
барит,  мырыш,  күміс,  алтын,  флюорит,  кварцит, 
молибден,  мыс,  құрылыс  материалдары  (гранит, 
қиыршықтас,  құм,  саз)  барланған.  Климаты  тым 
континенттік, қысы ұзақ суық, боранды, қары аз 
(30  см),  қаңтардың  орташа  темп-расы  –14–15°с 
(абс.  минимумы  –49°с).  Жазы  қоңыржай  ыстық 
қуаң,  шілденің  орташа  темп-расы  19–20°с  (абс. 
максимумы  40°с).  Жауын-шашынның  жылдық 
орташа мөлш. 300–400 мм. Шаруашылық маңызы 
бар  басты  өзендері:  нұра  (жоғ.  ағысы),  Жарлы, 
Қарқаралы,  Қарасу,  талды,  түндік,  Қусақ  (жоғ. 
ағысы), т.б. негізгі көлдері: Қарасор, Балықтыкөл, 
саумалкөл,  Қатынкөл,  сарықасқа,  Үлкенкөл, 
Қарасор  (екінші).  Қарқаралы  тауында  туристік 
маңызы бар Шайтанкөл, Бассейн,  самалкөл көл-
дері  жайласқан.  Аудан  жерінде  негізінен  қыз-
ғылт  қоңыр,  қиыршықтасты  қоңыр,  аласатаулық 
қара  қоңыр,  сортаңды  қызғылт  қоңыр,  сортаң 
топырақтар тараған. Жазық жерлерінде тобылғы, 
сұлыбас, қылқан боз және қызғылт селеу, бетеге, 
жусан,  көкшұнақ  бетеге,  ши,  т.б.  дала  белдеміне 
тән шөптер өседі. тауаралық аңғарлары мен сай-
ларында, өзен аңғарларында әр түрлі шөпті шал-
ғын, тал, шілік тоғайлары басым. Гранитті таула-
рында қарағай, арша, тасжарған, ырғай, қараған, 
таңқурай,  қарақат,  бөріқарақат,  ұшқат,  долана, 
т.б. бұталар, олардың бөктерінде қайың, көк терек 
өседі. Аңдардан арқар, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, 
борсық,  ақкіс,  сасық  күзен,  ақ  тиін,  қоян,  сары-
шұнақ, боз суыр, байбақ суыр, қосаяқ; құстардан 
дуадақ, бүркіт, тырна, құр, шіл, бөдене, қаз, үйрек, 
т.б. су, орман құстары мекендейді. Ірі елді мекен-
дері: Қарқаралы қ., Қарағайлы кенті, Егіндібұлақ, 
Жарлы, Көктас. Аудан бойынша а. ш-на жарамды 
жері 3291,9 мың га, егістік 313,3 мың га, шабын-
дық 117,3 мың га, жайылым 2861,4 мың га (2009). 
Қарқаралы тауларындағы шағын көл

375
Қарқаралы
темп-расы  –14°с,  абс.  минимумы  –49°с.  Жазы  қо-
ңыржай ыстық, қуаң. Шілденің орташа темп-расы 
19°с  (абс.  максимумы  40°с).  Жауын-шашынның 
жылдық  орташа  мөлш.  350–400  мм,  негізінен, 
жылы  мерзімде  жауады.  өзен  жүйесі  біршама 
жиі.  таулардан  Қарқаралы  (Қараөзек,  түлкілі, 
тасбұлақ  салаларымен  қоса),  Жарым,  Жарлы 
өзендерінің оң салалары Қопа, Құрөзен, Кеңдара, 
т.б.  өзендер  бастау  алады. тау басында туристік 
маңызы бар көркем Шайтанкөл, Бассейн, етегінде 
Үлкенкөл,  Шортанды,  т.б.  көлдер  бар.  Қ.  т.  жер 
асты  тұщы  суларына  бай,  олардан  суықбұлақ, 
тасбұлақ,  сыращы  бұлағы,  т.б.  ағып  шығады. 
Бұлардың  Қарқаралы  қ-н  сумен  қамтамасыз  ету-
де  маңызы  зор.  таулардың  етектері,  аңғарлары 
мен  сайларында  аласа  таудың  қара  және  күңгірт 
қоңыр топырақтары тараған. Беткейлерінде қара-
ғай ормандары, жатаған арша, сайлар мен өзендер 
бойларында  қайың,  көктерек,  түрлі  тал,  шілік, 
сарықараған,  тобылғы,  ырғай,  долана,  қарақат, 
аққұрай,  итмұрын,  мойыл,  бөріқарақат,  тасжар-
ған, т.б. өседі. Қ. т. орманының 85,4%-ын қарағай, 
12%-ын қайың мен көк терек, 2,6%-ын бұталар құ-
райды. тегіс жерлерінде бетегелі-селеулі әр түрлі 
шөптесін дала өсімдіктері, сілтісіз қара топырақты 
аңғарларының шалғын батпақты жерлері мен көл 
жағаларында қамыс, құрақ, өлең, қияқ, т.б. өседі. 
Арқар, елік, сілеусін, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, 
күзен,  жерсіндірілген  тиіндер,  жабайы  шошқа, 
Еуропа  бұғысы,  құр,  шіл,  бөдене  тіршілік  етеді. 
Жапалақ,  тоқылдақ,  сарышымшық,  торғай,  қарға, 
сауысқан, көккептер жыл бойы мекендейді. Жазда 
бозторғай, көкек, барылдақ торғай, т.б. ұя салады. 
Жыртқыш құстардан бүркіт, ителгі, бөктергі, қар-
шыға кездеседі. Көлдерінде қарақұтан, үйрек, қаз, 
т.б. су құстары ұялайды. өңірде Қарқаралы, Кент, 
Қу, Бақты тауларының ормандарын күтіп қорғайтын, 
ағаш отырғызатын Қарқаралы орман ш. орналасқан. 
Қ. т. мен Кент таулары негізінде Қарқаралы ұлт-
тық табиғи саябағы құрылған (1998 ж.). Қ. т-ның 
табиғат  жағдайлары  мен  рекреациялық  қорлары, 
Қарасор  көлінің  ем  балшығы,  Жосалының  ара-
сан  суы,  жергілікті  жердің  климаты  мен  қымызы 
негізінде  мұнда  респ.  маңызы  бар  емдеу  орында-
рын  салуға,  ал  табиғи  (тау  басындағы  көлдері, 
үңгірлері,  ғажайып  жартастары,  өсімдікпен  жа-
нуарлар дүниесі, т.б.) және тарихи (Қарқаралы тас 
мүсіндері, суықбұлақ қонысы, Құнанбай мешіті, 
т.б.)  ескерткіштері  халықар.  туризмді  дамытуда 
мүмкіндік береді. 
ҚАРҚАРАЛЫ  ҰЛТТЫҚ  ТАБИҒИ  САЯБА- 
ҒЫ,  Қарағанды  обл-ның  Қарқаралы  ауд-ндағы 
таулы-орман  ландшафтысы.  табиғаттың  бірегей 
нысандарын қорғау, саяхатты дамыту және халық 
демалысын жақсарту мақсатында 1998 ж. құрыл-
ған.  Аум.  90,3  мың  га.  сарыарқаның  Қарқаралы 
және  Кент  тауларындағы  дала  өсімдіктері  мен 
қарағайлы орман өскен аймағын алып жатыр. Бұл 
аймақта  бұрын  биік  таулар  болатын,  уақыт  өте 
бұзылып,  көптеген  ұсақшоқылар  мен  адырларға 
бөлініп  кеткен.  Олардың  биік  беткейлері  қатты 
өзгеріске ұшырап, жартасты шыңдары терең сай-
лармен және аңғарлармен бөлінген. Көп жерлерде 
гранитті тақталар жалаңаштанған. тау сайларынан 
Аум. 80 мың га. Қорықшаның негізгі ландшафты-
сын  гранит  тастардан  тұратын  Қарқаралы  және 
Кент  таулары  құрайды.  Жер  бедеріне  жартасты 
шыңдар  (Көктөбе,  Шаңкөз,  т.б.)  мен  жағасында 
көк  терек,  қайың,  қарағай  ормандары  өскен  суы 
тартылмайтын  жылғалар  тән.  Қорықша  аума-
ғында  Шайтанкөл  көлі  орналасқан.  Қарқаралы 
тауларында  мұз  дәуірінің  реликті  болып  санала-
тын сфагналық батпақтар сақталған. Жоғары са-
тыдағы  өсімдіктердің  көптеген  түрлері,  бірқатар 
эндемиктер (Қарқаралы бөріқарақаты, Қарқаралы 
сылдыршөбі,  т.б.)  мен  сирек  кездесетін  (кәдімгі 
қырықжапырақ, сібір қисық бұтасы, қалампыршөп, 
т.б.) өсімдіктер өседі. Фаунасы әр түрлі және өте 
бай. Арқар, тиін, түлкі, борсық, елік, ақкіс, сілеу-
сін; құстардан жапалақтар, ергежейлі бүркіт, жа-
ғалтай, құр, сұр құр, ақ және сұр шіл мекендейді. 
Қорықшаны  құрудағы  негізгі  мақсат  –  орманды, 
таулы-орман фаунасын, сонымен қатар ғыл. мәні 
зор  сфагналық  батпақтарды  қорғау  болып  табы-
лады. Мұнда кездесетін құстар мен жануарлардан 
қара  құтан,  бүркіт,  арқар  Қазақстанның  «Қызыл 
кітабына» енгізілген.
ҚАРҚАРАЛЫ  ТАУЛАРЫ  –  сарыарқаның  шы-
ғысындағы  таулы-орманды  алқап.  Қарағанды 
обл.  Қарқаралы  ауд-ның  орта  тұсында  орналас-
қан. Айналасындағы ұсақ шоқылы, төбелі, белесті 
жазықтан  көп  күмбезді,  жоталы,  қырқалы  таулар 
мен  биік  шоқылар  тобының  тізбегінен  тұрады. 
Олар солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 30–35 км-
ге бір-біріне жалғаса созылып жатыр, ені 20–25 км. 
Алқаптың солт.-батысында Шаңкөз (1360 м), баты-
сында жеті өркешті Көктөбе (1254 м), солт.-шығы-
сында осы таулы-орманды алқапқа атауы берілген 
сүйір  шыңды  Қарқаралы  (1206  м),  орта  тұсында 
Бұғылы (1323 м), оңт.-батысында Мырзашоқы (1169 
м), оңт-нде Жиренсақал (Комсомол шыңы, 1403 м, 
алқаптың ең биік нүктесі), оңт.-шығысында Ақтерек 
(1230 м), шығысында Жауыртоғай, найза, т.б. таулар 
орын  тепкен.  таулары  мен  шоқыларын  Кеңдара, 
Құрөзен, Қаратоқа, Оянаға, т.б. тауаралық аңғарлар, 
кең сайлар бөліп тұрады. таулар девон жүйесінің 
ортаңғы және жоғ. бөліктерінің эффузивті-тұнба қа-
баттары мен төм. көмір және пермьнің гранитоид-
тарынан,  эллювийлі-делювийлі  шөгінділерінен 
түзілген.  Климаты  континенттік,  қысы  ұзақ  әрі 
суық боранды, қары аз (30 см). Қаңтардың орташа 
Қарқаралы таулары

376
Қарқаралы
сынды селеу және мүктің бір түрі – тегіс сфагнум, 
т.б. бар. Эндемик өсімдік түрлерінен – Қарқаралы 
бөріқарақаты мен сылдыршөбі, үшкір сала сиякөк, 
Қарқара  бидайығы,  салалы  таспашөп,  Қарқаралы 
рэгнериясы өседі. саябақ үш белдемнен тұрады: 1) 
қорықтық белдем Кент тауларын қамтиды. Мұнда 
таулы-орманды  алқаптың  төл  табиғаты  бастапқы 
қалпында  сақталып,  қорғалады;  2)  рекреациялық 
белдем  Қарқаралы  тауларын  қамтиды.  Мұнда 
табиғатты  қорғаумен  қатар  туристік,  сауықтыру 
шаралары  ұйымдастырылады;  3)  эндемиктік  бел-
демде тек қана осы саябақта өсетін өсімдіктер мен 
осында тіршілік ететін жануарлар, сондай-ақ біре-
гей  табиғат  нысандары  қорғалады.  саябақ  аума-
ғында шаруашылық әрекеттерге тыйым салынған. 
ҚАРҚАРАЛЫ ҮҢГІРІ, Ү ң г і р т а с – Қарқаралы 
тауларының солт.-шығысындағы гранит жартас- 
тағы табиғи қуыс. Қарқаралы қ-ның солт-нде 2 км  
жерде орналасқан. Үңгірдің биікт. 4–5 м, ені 15–20 м,  
ұз. 8–10 м шамасында. Күмбез астында ірі қойтас- 
тар бар. Үңгірден Қарқаралы қ. мен оның төңіре-
гіндегі  орманды  тау  жоталарының  әдемі  бейнесі 
көрінеді. Үңгірдің жоғ. жағы дыбысты бірнеше рет 
қайталап  жаңғыртатын  жақпартастардан  құрал-
ған. Қ. ү. экскурсиялық нысан саналады. 
ҚАРЛЫҒАШ  (Hіrundіnіdae)  –  торғайтәрізділер 
отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы. Арк- 
тика  мен  Антарктидадан  басқа  аймақтарда  кеңі- 
нен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қа- 
зақстанда 5 түрі (жар Қ-ы, құз Қ-ы, қосреңді Қ., сек- 
пілтөс Қ., кент Қ-ы) кездеседі. Қ-тың тұмсығы қыс- 
қа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. 
Қанаттары  жіңішке  әрі  ұзын.  дене  бітімі  ерекше 
сымбатты.  саусақтары  қысқа  әрі  әлсіз,  жерде  жү- 
руге қауқарсыз. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы 
қара түсті жылтыр. сыртқы түрінен еркегі мен ұр- 
ғашысының  айырмашылығы  байқалмайды.  де- 
не тұрқы 9–23 см, салм. 10 – 60 г. Қ. өте жақсы ұша- 
ды, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп 
өткізеді. су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше 
береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. дауысы 
онша  қатты  емес.  Қ.  ұясын  саз  балшықтан  сіле-
кейімен  араластырып  бекем  етіп,  жартас  қуыс-
тарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш 
басына  да  салады.  Ұясы  жарты  ай  немесе  түбі 
кең,  аузы  тар  құмыра  пішінді.  Ұясының  түбіне 
қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жа-
бұлақтар басталып, шағын өзендер бастау алады. 
Қарқаралы тауларында Қарқаралы, Қопа, Аюшат, 
Кеңгір,  Кент  тауында  Қызылкеніш,  Қадыр  өзен-
дері, Шайтанкөл, Бассейн, Үлкенкөл, т.б. көлдері 
бар. Шағын суқоймалары, суға толы гранитті жар-
тас шұңқырлар кездеседі. Аймақтың ауа райы кон-
тинентті, күн сәулесі көп түседі. Жауын-шашын-
ның  жылдық  орташа  мөлш.  250–300  мм,  жазғы 
жауын-шашын қысқы уақыттан басым және жазда 
жиі құрғақшылық болып тұрады. Қаңтар айының 
орташа  жылдық  ауа  темп-расы  –14,4°с,  шілдеде 
18°с.  Қарағайлы  орман  төсемесінде  қоңыр  түсті 
орман және шымды-күлді таулы орман топырағы 
қалыптасқан.  тұяқты  жануарлардан  сібір  елігі, 
бұлан, арқар; жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қар-
сақ, борсық, ақкіс, т.б.; ақ қоян, дала шақылдағы; 
кеміргіштерден  дала  суыры,  қызылұрт  сарышұ-
нақ, үлкен және секіргіш қосаяқтар, тоқалтіс пен 
қаптесердің оннан астам түрі таралған. доңыз бен 
марал, ақшыл ақ тиін жерсіндірілген. Құстардан 
маубас  жапалақ,  байғыз,  үкі,  бақалтақ  қыран, 
тұрымтай,  кәдімгі  және  дала  күйкентайы,  ор-
мандарда  үлкен  шұбар  тоқылдақ,  ақшыл  қанат 
сайрауық, т.б.; бауырымен жорғалаушылардан се-
кіргіш кесіртке мен өрнекті қарашұбар жылан, си-
рек  жағдайда  көк  кесіртке,  қалқантұмсық  жылан, 
т.б. кездеседі. саябақта кездесетін аңның 40, құс-
тың 114, өсімдіктің 66, балықтың 8 түрі қорғауға 
алынған.  Олардың  ішінде  Қазақстанның  «Қызыл 
кітабына»  енген  аңдар:  арқар,  сабаншы;  құстар-
дан  бүркіт,  ақбас  тырна,  ақбас  үйрек,  балықшы 
тұйғын, безгелдек, қара дегелек, қытай қазы; өсім-
діктерден  қара  қандыағаш,  Фукс  сүйсіні,  қызыл 
қайың, Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, 
кәдімгі  қырыққұлақ,  сібір  қисық  бұтасы,  қауыр-
саябақтағы гранитте өсіп тұрған қарағайлар
Қарлығаш

377
Қарсақ
қалыптасқан. Оларда боз жусан, еркек шөп, баялыш, 
бұйырғын, тасбұйырғын, көкпек, қара сексеуіл, сар- 
сазан, қамыс, құрақ, қаратал, жиде, жыңғыл, шең- 
гел,  ши,  т.б.  өседі.  Жануарлардан  қасқыр,  түлкі, 
борсық,  құм  қояны;  құстардан  қаз,  үйрек,  қыр- 
ғауыл,  көкқұтан,  т.б.  мекендейді.  Ірі  елді  мекен-
дері: Жосалы, төретам кенттері және Ақжар, ин- 
тернационал, тұрмағамбет, Жаңажол, Ақтөбе, т.б. 
А. ш-на жарамды жерінің аум. 2 млн. 129 мың га,  
оның ішінде жыртылған жері 17,4 мың га, шабын- 
дық 24 мың га, жайылым 2 млн. 080 мың га (2009). 
Аудан  аумағында  45,9  км  су  құбыры  тартылған. 
Қ.  а.  жерімен  ташкент–Орынор  т.  ж-ның  110  км 
телімі  өтеді.  5  т.  ж.  ст.  (оның  ішінде  Байқоңыр 
ғарыш алаңына апаратын төретам т. ж. ст.) орна-
ласқан. Автомоб. жолдарының жалпы ұз. 320,4 км, 
оның 139 км-і респ. маңызы бар жолдар. 
ҚАРМАҚШЫ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қы-зылор-
да обл. Қармақшы ауд. Жосалы кентінен оңт.-шы-
ғысқа қарай 35–38 км жерде орналасқан. сулы қа-
бат сеноман шөгінділерінде шоғырланған. Ол жұқа 
және  ұсақ  түйіршікті  құмдардан  тұрады  және  қа-
лыңд. 12 м-ден 44 м-ге дейін жетеді. Арынды су 85 
м-ден 380 м-ге дейінгі тереңдіктен шығады. сулы 
қабат суға мол. Ұңғымалардағы дебит 32,2 л/с-қа 
жетеді.  Жер  асты  суы  сәл  ашқылтым,  минералд. 
1,4–1,6 г/л. Хим. құрамы бойынша хлоридті-суль-
фатты натрийлі. Бас тоған екі қатарлы ұңғымалар-
дан  (әр  қатарда  бестен)  тұрады.  Ұңғымалардың 
арақашықтығы  750–900 м, тереңд. 310 м, жалпы 
шығымы тәулігіне 21,6 мың/м
3

ҚАРПЫҚКӨЛ – ырғыз алабындағы көл. Ақтөбе 
обл. ырғыз ауд. нұра а-нан оңт.-батысқа қарай 25 
км жерде, Байтақкөл көлінің батысында орналас-
қан.  Көл  теңіз  деңгейінен  76  м  биіктікте  жатыр. 
Аум. 7,7 км
2
, ұз. 6,2 км, енді жері 2,1 км, жағалау 
бойының  ұз.  14,3  км.  Жағалауы  жарлауытты, 
оның  басым  бөлігінде  қамыс  өскен.  Қ.  ырғыз 
аңғарындағы  бірнеше  көлдермен  қатар  жатыр. 
сондықтан  да  ырғыз  өз-нің  суымен  толысады. 
Көктем айларында көл шарасынан шығып кетеді. 
Алабы жайылым және шабындық.
ҚАРСАҚ  (Vulpes  corsac)  –  ит  тұқымдасы,  түлкі 
туысына  жататын  жыртқыш аң. Қ. Қазақстанның 
шөл-шөлейтті жерлерінде кең тараған. өсімдікке 
бай  ойпаң  мен  аңғарлы  сайларды,  тау  етегін  ме-
кендейді. Қазақстанда 3 түршесі белгілі: Қ а з а қ- 
с т а н Қ-ы (V.c. corsac) – солт., орт. және оңт.-шығыс 
Қазақстан жерін мекендейді. Бұл түршелердің ең 
ірісі, тері жабындысы мен құйрығы ерекше үлпілдек 
жүнді. Қ а л м а қ Қ-ы (V.c. kalmykorum) Орал тау-
ларының  шөлді  аймағында  кездеседі.  Қазақстан 
Қ-ына  қарағанда  жүні  онша  үлпілдек  емес.  т  ү- 
р і к м е н Қ-ы (V.c. turkmenіcus) оңт.-батыс және 
Оңт.  Қазақстанда  тараған.  Қ-тардың  ішіндегі 
кішісі.  Қ-тар  дене  тұрқы  46–56  см,  құйрығының 
ұз. 25–35 см, терісі бағалы аң. Қысқы жүні қалың, 
жұмсақ  әрі  жібектей  болып  келеді.  Жазғы  жүні 
қысқа және түбітсіз болады. Қ-тың түлкіден айыр-
машылығы  құлағы  ақ  әрі  үлкен,  тұмсығы  сүйір 
болады. Қ. жылына екі рет түлейді (көктемде және 
күзде). тереңд. 1–2 м, ұз. 4–6 м ін қазып, сонда тір-
шілік етеді. Кейде түлкі, борсық және суырлардың 
ескі  індерін  де  пайдаланады.  Қ.  қорек  іздеуге 
сайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұ- 
бар,  жабық  ұядағы  жұмыртқа  ақ  түсті  болады. 
Жылына 1, кейде 2 рет 3–7 жұмыртқа салып, ба-
лапан  басады.  Балапандары  қызыл  шақа  болып 
туады. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері 
биіктеп  ұшады  да,  ауа  райы  жауын-шашынды 
болар алдында жер бауырлап ұшады. сондықтан 
да  Қ-тың  ұшу  ерекшелігіне  қарап  ауа  райының 
өзгерісін алдын ала болжауға болады. 
ҚАРМАҚКӨЛ  –  торғай  алабындағы  тұзды  көл. 
Ақтөбе обл. ырғыз ауд. жерінде, теңіз деңгейінен 
75 м биіктікте. Аум. 8,5 км
2
, ұз. 5,2 км, енді жері 
1,8  км.  Ендік  бағытта  созылып  жатқан  Қ.  оңт-
ндегі Байтақкөлмен ұз. 1 км болатын қыларнамен 
жалғасқан.  Көлді  Бұқынкөл,  Жаркөл,  Байтақкөл, 
т.б. шағын көлдер қоршап жатыр. негізінен торғай 
өз-нің  суымен  және  жауын-шашынмен  толысады. 
Жағалауында  қамыс,  құрақ  қалың  өскен.  Мұнда 
жыл  құстары  көптеп  ұя  салады.  суында  балық 
бар. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сә-
уірдің 1-онкүндігінде ериді. 
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ  Қызылорда обл-ның 
орт. бөлігіндегі әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. 
Жер аум. 31 мың км
2
. тұрғыны 50,6 мың адам, ор-
таша  тығызд.  1  км
2
-ге  шаққанда  1,6  адамнан  ке- 
леді (2010). Аудандағы 28 елді мекен 2 кенттік жә- 
не  10  ауылдық  әкімш.  округке  біріктірілген.  Ау- 
дан  орт.  –  Жосалы  кенті.  Аудан  жерін  толығы-
мен  тұран  жазығы  алып  жатыр.  Қиыр  солт-нен 
Арал  Қарақұмының  төбелі  келген  Жіңішкеқұм 
және  Көлқұдыққұм  құмды  алқабы,  орт.  тұсында 
Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңт-
нде  Қызылқұмның  төбелі  құмдары  орналасқан. 
Ауданның  ең  биік  жері  солт-нде  (тарғыл  тауы,  
160 м). Жер қойнауынан мұнай, газ және құрылыс 
материалдары  барланған.  Климаты  тым  конти-
ненттік, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі қуаң, 
аңызақты келеді. Қаңтар айындағы ауаның жыл-
дық орташа темп-расы –9–13°с, шілдеде 27–29°с. 
Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш.  100–
150  мм.  Аудан  жерінің  орта  тұсынан  сырдария 
өз. ағып өтеді. Одан Қармақшы, Шиелі каналдары 
тартылған. Оңт-мен сырдарияның ежелгі арнала-
ры  Жаңадария,  Іңкәрдария,  т.б.  өтеді.  топырағы 
солт-нде сұр, құмайтты сұр, тақыр және тақыр тә-
різді топырақ, орт. бөлігінде құмайтты сұр, бозғылт 
сұр,  сырдария  аңғары  мен  жайылмасында  шал-
ғынды топырақ және шалғынды-батпақты топырақ 
Жусанды дала

378
қалыңд.  1800  м)  тараған.  1952–60  ж.  жүргізілген 
терең бұрғылаудан кейін жоғ. және төм. бор қабат-
тарында өндірістік маңызы бар мұнай горизонтта-
ры анықталды.  Мұнайы  мол  шоғырланған  батыс 
қанат  9  мұнайлы  горизонтқа  бөлінген.  Шөгінді 
жыныстардан  құралған  мұнайлы  қабаттардың 
жалпы  қалыңд.  4–32  м.  Коллекторларының  ашық 
кеуектілігі  25–30%,  өткізгіштігі  1,03–2,34  мкм
2

Бастапқы  қабаттық  қысым  1,8–7,2  МПа,  темп-
расы  25–35°с.  Мұнайдың  тығызд.  0,826–0,933  г/
см
3
.  Мұнай  құрамында  0,1–0,6%  күкірт,  9–52% 
шайыр,  0,17–2,19%  парафин  бар.  Ілеспе  газдың 
құрамы: метан 70,4%, этан 4,2%, пропан 9,3%, изо-
бутан 14,4%, азот 1,1%, оттегі 0,3%. Хлоркальций 
типті қабат суларының тығызд. 1,091–1,670 г/см
3

минералд. 135,2–253,6 г/л. Кен орны 1960 жылдан 
пайдаланылуда.
ҚАРСЫАДЫР  –  Мырзашоқы  тауының  солт.-
батысындағы  ұсақ  шоқылар.  Қарағанды  обл. 
Жаңаарқа  ауд.  Қаражал  қ-ның  солт.-батысында 
45  км  жерде  орналасқан.  сарысу  өз-нің  аңға-
рында.  Абс.  биікт.  598  м.  Оңт.-батыстан  солт.-
шығысқа  қарай  доғаша  созылған  тізбекше  шо-
қылардың жалпы ұзындығы шамамен 13 км, енді 
жері 4 км. солт-нде Ботағанкөл көлі, шығысында 
Байғұл  таулары,  оңт-нде  Шашты  тауы,  баты-
сында  Шағырлыкөл  көлі  орналасқан.  Етегіндегі 
сарайлыбұлақ бұлағының бойы шөбі шүйгін, мал 
жайылымына пайдаланылады.
ҚАРШЫҒА  (Accіpіter  gentіlіs)  –  қаршыға  тұқым-
дасына  жататын  жыртқыш  құс.  Көбінесе  орман, 
қалың  бұта,  ағаш  өскен  тау  бөктерін  мекендейді. 
дене тұрқы 28–114 см, салм. 800–1500 г, қанатын 
жайғандағы ұз. 105 см. тұмсығы мен тұяқтары қара, 
саусақтары салалы. Қоразы мен мекиенінің түсі ұқ-
сас, қоразы ірілеу болады. Ұясын ағашқа, жартасқа, 
шыңға,  кейде  жерге  салады.  Жылына  2–4  қоңыр 
дақты  ақшыл  жасыл  жұмыртқаларын  мекиені  35 
күнде  басып  шығарады.  50  күндей  аталығы  ба-
лапандарына  қорегін  тасиды.  дөңгеленген  қанат-
тары мен ұзын құйрығы ағаштар мен бұтақтардың 
арасында  оңай  ұшып,  жемтігінің  соңынан  қууға 
ыңғайлы.  Қазақ  аңшыларының  бүркіттен  кейін 
аңға ең көп салып, қолға ұстайтын құсы Қ. болған. 
Оны  бүркіт  сияқты  баптап,  баулиды.  Жақсы  бап 
көрген Қ. қаз, үйрек, дуадақ, ұлар, аққу, қырғауыл, 
саңырау  құр  сияқты  құстарға  түседі.  сондай-ақ 
қоян, ақ тиін, ала қоржындарды да іледі. Аңға сала-
тын құс болғандықтан Қ. көп ауланған. сондықтан 
олардың саны жылдан-жылға азайып келеді. 
ҚАРШЫҒА  –  Күршім  жотасының  оңт.-батысын-
дағы шоқылы тау. Шығыс Қазақстан обл. Күршім 
ауд. Ақбұлақ а-ның солт.-шығысында 5 км жерде 
орналасқан.  Абс.  биікт.  1332  м.  солт.-шығыстан 
оңт.-батысқа  қарай  8  км-ге  созылып  жатыр,  енді 
жері 5 км шамасында. Беткейлері ұсақ өзен арнала-
рымен  тілімденген.  таудан  Қалжыр,  Балақалжыр 
өзендерінің  салалары  бастау  алады.  Батысында 
сарыоба,  шығысында  Қызылащы,  оңт-нде  Бақай 
таулары орналасқан. тауалдының қара қоңыр және 
сұрғылт топырақ жамылғысында жусан, бетеге, се-
леу, боз, бұталар өседі. Етегінде өзімен аттас қыс-
тау бар. Жері мал жайылымына қолайлы.
таңертеңгі  және  кешкі  мезгілде  шығады.  негізгі 
қорегі  –  тышқан,  тоқалтіс,  құмтышқан,  сарышұ-
нақ,  суыр,  қоян,  т.б.  сондай-ақ  Қ-тар  тасбақаны, 
құсты, жыланды, кесірткені де жейді. Қ. жыныс-
тық  жағынан  9–10  айда  жетіледі.  Жылына  1  рет 
күшіктейді.  Қазақстанның  далалы  аймағында 
ақпанда,  ал  шөл-шөлейтті  аймақтарында  қаңтар-
дың аяғында шағылысады. 52 күннен кейін 2–16, 
көбіне  3–6  күшік  туады.  Қ.  –  өте  бағалы  терісі 
үшін ауланып келе жатқан кәсіптік маңызы бар аң. 
Қ. – құтыру мен оба ауруларын таратушылар. 
ҚАРСАҚБАЙ  ТЕМІР  КЕНДЕРІ  ТОБЫ,  Қара- 
ғанды обл. Қарсақбай-Ұлытау синклинальдық ой- 
паңының  батыс  бөлігіндегі  темір  кентасты  ай-
мақта орналасқан. Бойлық бағытта 200 км-ге де-
йін созылған және батысқа қарай 60–70
°
  бұрышқа 
көлбеулене  жатыр.  Осы  құрылымда  аса  күшті, 
күрделі  қатпарлықтар  пайда  болған.  негізінен 
кварциттерден,  жасыл  түсті  туфтекті,  кварцсери-
цитті және кварцхлоритсерицитті тақтатастардан 
тұрады. темір кентастары Қарсақбай шоғырының 
темірлі  кварциттерінде  шоғырланған.  Қ.  т.  к.  т-
ндағы 7 кеннің ішіндегі бастылары – Балбырауын 
мен  Керегетас  кендері.  100  млн.  т-дан  астам 
Балбырауын кенінде 7 кентас танабы (жалпы ұз. 5 
км, ені 300 м-ге дейін) қоры 500 млн. т-дан астам, 
Керегетас кенінде 5 кентас танабы (ұз. 200 м-дей, 
қалыңд.  200  м-ге  дейін)  бар  екені  анықталды. 
Мұндағы  кентас  минералдары  –  гематит,  мар-
тит,  магнетит;  бейкентас  минералдары  –  кварц, 
серицит,  хлорит,  кальцит,  гипс.  Минералдық 
құрамына  қарай  Қ.  т.  к.  т-ның  кентасы  кварцты-
гематитті (басқалардан басымы), кварцты гематит-
ті-мартитті,  мартитті  болып  келеді.  Кентастағы 
темірдің  орташа  мөлш.  34–37%;  қоспалардан 
кремний тотығы (21–46%), күкірт (0,05–1,5%), фос-
фор  (0,1–0,3%)  кездеседі.  Кентасты  байытудан 
алынған концентраттардағы темір мөлш. 54–60%.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет