Таусоғарова А



бет28/33
Дата14.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#74205
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
дополнительный материал

Тақырыптары: Дискурс және нарративтер - ұлттық мәдениетті тұжырымдаушы компоненттер. Адам санасында білімнің ұйымдасу механизмдері: схема, предикативтілік, логика, ой суреттер, сценарийлер т.б.

  • Мәтін – белгілі бір халықтың әлем бейнесін түсіндіру, тілмен бейнелеп жеткізу қабілетінің көрінісі.

  • Дискрус туралы жалпы мәлімет.

  • Нарративтер – тұлғаның я басқа мәдениет өкілінің интеллектуалдық ойлау ерекшелігін танытушы тілдік бірлік. Жалпы мәтін өз бітімінде сол ұлттың мәдениетін тұжырымдайды, сол лингвомәдени қауымның білім қорынан көрініс, мәлімет береді (Халеева, Верещагина). Дискурс (француз. –сөйлеу) термині ХХ ғ. 70 ж. басында кеңінен қолданыла бастады. Алғашқыда “функциялық стиль” терминіне жақын болды. Дискурс тек қана мәтін емес, сонымен қатар одан тыс тұрған жүйе, бәрінен бұрын Грамматика екендігін мойындайды.

Дискурсте ғылым-білімнің әр түрлі типтерінің және олардың ұйымдастырылу, сонымен бірге өзара ықпалдасу тәсілдерінің амалдары қамтылады. Ниет (интенция), ес, семантикалық қорытынды, есте сақтау, түсіну, жоспарлау, дискурсивті басқару сияқты когнитивті категориялардың қатысуынсыз дискурс құрылымы мен мазмұны түсінілмейді. Оларда тілдік, сенсорлық (сезгіш, әсерленгіш), моторлық және басқа басқа ақпараттар қамтылады. Ал “дискурс” терминінің мағыналарына байланысты Т.Н.Николаева келесі анықтамаларды көрсетеді: 1) өзара байланысты мәтін; 2) мәтіннің ауызекі сөйлеу формасы; 3) диалог; 4) мәні жағынан өзара байланысты сөйленіс топтары; 5) жазбаша немесе ауызша сөйлеу қалпы.
В.З. Демьянков: “Бір сөйлемнен немесе сөйлемнің тәуелсіз бөлігінен тұратын мәтіннің еркін фрагменті” десе, Т.ван Дейк бойынша, мәтіннің алуан түрлі Дискурс аясында топтастырылып, менталды үдерістер тұрғысынан және экстралингвистикалық факторлармен байланысты қарастырылуы. Дискурсте тұлғаның лингвистикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық, этикалық, эмоциялық және басқа компоненттері де жүзеге асады.
Нарратив – латын тілінде - әңгімелеу, әңгімелеу өресі, білімі дегенді білдіреді. Нарративтер туралы мәселе, нарратология бағыты Батыс Еуропада ХХ ғ. 20 – 30 жылдары дамыды. Нарративті ауызша немесе жазбаша мәтінмен сәйкестікте қарастыруға болады. Мысалы, француз Дженнет: “Нарратив – бұл белгілі бір оқиға туралы ауызша немесе жазбаша дискурс; бейвербалды әрекеттің вербалды баламасы” дейді. Ч. Пирс: “Нарратив – бұл үдеріс және оның нәтижесі; объект және әрекет; бір немесе одан да көп оқиғаның құрылымы, тармақталуы” деп анықтайды.
Нарратив тыңдарманға, яғни адресатқа бағытталады. Кейбір лингвистер “нарративтің басқа баяндаулардан ерекшелігі уақытына және оқиғамен бірізді сәйкестікте баяндалуы”, - дейді. Бұл пікірмен келіспеуге болады. Себебі, оқиға сол болған ретімен сипатталмауы мүмкін. Нарратив – бұл біреуге бағыттала айтылған әңгіме.
Ауызша нарратив - әлем бейнесін белгілі бір ұлттың танымдық ерекшелігі тұрғысынан зерттеуде және тілдік сананы зерттеуде маңызды.
Себебі, нарративтер: 1) спонтанды; 2) қалыптандырылған (стандартталған); 3) уәждемелік сипатқа ие (мотивациялық); 4) жоғары жиілікке ие.
Ауызша нарратив І жақтан немесе басқа біреудің басынан өткенді әңгімелейді. Әдебиеттер.

  • Шахнарович А. М. Когнитивные и коммуникативные аспекты речевой деятельности // ВЯ, 1986, №2. – с.52-56.

  • Ушакова Т.Н. Речь как когнитивный процесс и как средство общения // Когнитивная психология: Материалы финско-советского симпозиума. –М.: Наука, 1986. – 131-143 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет