Іс-əрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстырылғанын көрсететін етістікке тəн категорияны етістіктің шақтары деп атайды. Етістікте үш шақ болады: ThePresentTense(Осышақ);ThePastTense(Өткен шақ), The Future Tense (Келершақ).
Ағылшын тілінде аяқталған іс-əрекет осы шақ, өткен шақ, келер шақта (Tenses) беріледі. Етістіктің шақтары 4 топқа бөлінеді:
Шақтың жалпы түрі (IndefiniteTenses);
Шақтың созылыңқы түрі (ContinuousTenses);
Шақтың аяқталған түрі (Perfect Tenses);
Шақтың аяқталған созылыңқы түрі (Perfect ContinuousTenses).
Шақтыңжалпытүрі(Indefinite/SimpleTenses).Бұл топтың қүрамы мынадай: Жалпы осы шақ (Present Indefinite Tense); Жалпы өткен шақ (Past Indefinite Tense); Жалпы келер шақ (Future Indefinite Tense).
Indefinite Tenses шағының басқа шақ түрлерінен айырмашылығы, тек аяқталған іс- əрекеттің осы, өткен, келер шақта қайталануын білдіреді.
Шақтыңсозылыңқытүрі(Continuous/ProgressiveTenses).Бұл топтың құрамы мынадай: Созылыңқы осы шақ (Past Continuous Tense); Созылыңқы өткен шақ (Past Continuous Tense); Созылыңқы келер шақ (Future Continuous Tense).
Continuous шағындағы түрлер іс-əрекеттің ұзақтылығын, белгілі бір уақытқа дейін басталған іс-эрекеттің осы, өткен, келер шақта аяқталуын, аяқталғанын немесе аяқталатынын осы сəтте білдіреді.
Шақтыңаяқталгантүрі(PerfectTenses).Бұл топтың құрамы мынадай: Аяқталған осы шақ (Present Perfect Tense); аяқталған өткен шақ (Past Perfect Tense); Аяқталған келер шақ (Future Perfect Tense). Perfect шақтар тобы to have кемекші етістік пен Participle II арқылы жасалады. Perfect шақтар тобы іс-əрекеттің өткен мезғілде болғанын, қазірде орындалғанын, келер шақта міндетті түрде орындалатынын көрсетеді.
Шақтыңаяқталгансозылыңқытүрі(PerfectContinuousTenses).Бұл топтың құрамы мынадай: Аяқталған созылыңқы осы шақ (Present Perfect Continuous Tense); Аяқталған созылыңқы өткен шақ (Past Perfect Continuous Tense); Аяқталған созылыңқы келер шақ (Future Perfect Continuous Tense).
«The Present (Past, Future) Indefinite Tense» кейде «The Present (Past, Future) Simple Tense»