Таяу шығыс пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешені 050202-Халықаралық қатынастар мамандығы ҥшін Қарағанды 2010 Құрастырушы: Сердхан А., аға оқытушы



бет36/47
Дата06.01.2022
өлшемі65,51 Kb.
#15798
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

Қосымша әдебиеттер:


1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 21, 22

  1. тақырып. ХХ ғ. І жартысындағы Африканың араб елдері


Тапсырма:

  1. Аталған кезеңдегі Африканың Араб мемлекеттерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына салыстырмалы талдау жасау.

  2. Тақырып бойынша терминологиялық сӛздік қҧрау және хронологиялық кесте жасау.



ОСӚЖ ӛткізу тҥрі:


Деректер және әдебиеттермен дәрісханада жазба жҧмысы.

Әдістемелік нҧсқау:


ХХ ғ. І жартысындағы Африканың араб елдерінің тарихын оқу барысында олардың экономикалық және сяаси жағдайына басты назар аудару қажет. Барлық араб елдерінде антиимпериалистік бағыттағы кҥрестері бірінші орынға шыққандығын есте сақтау керек.

Империалистік державалардың Африканы бӛліске салу тарихын оқу барысында державалардың ХІХ ғ. соңында Алжирдегі, Тунистегі, Марокко және Триполитаниядағы отарлаушылық саясатын және Солтҥстік Африканың араб халықтарының азаттық кҥресіне назар аудару қажет.

Отарлық бҧғаудың негізгі тәсілдері капитал енгізу, заемдар мен концессиялар болғандығына баса назар аудару. 1868 ж. Тунис банкроттық жағдайға жеткізіліп, француз қаржылық бақылауына алынды. Ал 1881 ж. Алжирде (1830 жылдан француз отары) шоғырланған француз армиясы Туниске басып кіруі нәтижесінде онда Франция протектораттығы жарияланды.

ХІХ ғ. формальды тҥрде тәуелсіздігін сақтаған Марокко бірқатар державалардың бақталастық объектісіне айналды (1880 ж. Мадрид конвенциясы шарттарын қараңыз).

1907 ж. француз басқыншыларына қарсы тайпалар кӛтерілісінің жеңілу себептеріне назар аударыңыз. Басқыншыларға қарсы халық кҥресінің Мароккода француз және испандық протектораттың орнауынан кейін де жалғасты.

ХІХ ғ. аяғынан бастап итальян капиталы орныға бастаған Триполитания мен Киренаика Осман империясының иелігі болып табылды. Бірақ 1911-1912 жж. Триполитан соғысынан кейін бҧл территориялар негізінен Италия отарына айналып, Ливия деп атала бастады. Ливия халқы ҧзақ жылдар бойы партизандық соғыс жҥргізді. Итальян басшыларының аграрлық саясаты, араб тайпаларының жерін тәркілеу, 1914 ж. бастап ел аграрлық отарлануы ливиялықтардың кҥшті азаттық қозғалыстарына алып келді.

Аталған тақырыпты оқу барысында қосымша әдебиет ретінде «Дипломатический словарь», «Советская историческая энциклопедия» («Алхесирасская конференция», «Лозаннский мирный договор 1912 г.», «Марокканские кризисы») еңбектерін қараңыз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет