Ted конференциясына арналған ұсыныстар



бет3/3
Дата19.06.2023
өлшемі22 Kb.
#102287
1   2   3
Байланысты:
3.1-ресурс

МАТЕРИАЛДЫ БЕРУ
Материалды ауызша, сөзбен беру дағдысын қалай жетілдіруге болады
Бетпе-бет қызу сұхбат жүргізіп жатқандай сөйлеңіз. Дауысыңыз бен сөйлеу қарқынының әртүрлі болуына мән беріңіз. Аудиторияға бір ғана адаммен сөйлескендей «Сіз» деп сөйлеңіз.
Әзілді қалай орынды қолдануға болады
Өз сөзіңізге жеңіл әзіл қосыңыз. Диалогтарда әзіл қолданыңыз. Әзіл сәттерін дұрыс таңдап, тиісті жерлерде әзіл комбинациясын қолданыңыз. Орташа алғанда, минутына бір әзілді ұстаныңыз.
Ым-ишарат пен дене қимылдарын қалай қолдануға болады
Қолдарыңызды екі жағыңызда еркін ұстай отырып, сөзіңізді бастаңыз; қолдарыңызды белден жоғары және мойыннан төмен деңгейде ұстаңыз. Мимиканың сөздерге сәйкестігін қадағалаңыз. Тыңдаушылармен үш-бес секунд бойы көз байланысын ұстаңыз. Үлкен аудитория алдында сөйлеген кезде бір-үш минут ішінде залдың жеке бөліктеріне назар аударыңыз.
Шабыттандырушы көрнекі сүйемелдеуді қалай қолдануға болады
Мүмкіндігінше слайдтарды пайдаланбауға тырысыңыз. Слайдтарды қарапайым, көрнекі етіп жасаңыз, оларда мәтінді көп қолданбаңыз. Слайдтағы түстерді, қаріптерді және объектінің орналасқан жерін көрсету арқылы маңызды сәттерді атап өтіңіз.
Қорқынышты қалай жеңуге болады
Өзіңізді сахнада сенімді ұстау үшін кем дегенде үш рет қайталап, жаттығыңыз.
Іс-шара басталмас бұрын, алдын-ала келіңіз және бәрін мұқият тексеріп алыңыз. Есіңізде болсын: аудитория сіздің сөзіңіздің сәтті шыққанын қалайды.


Сілтеме. «Выступление в стиле TED. Секреты лучших в мире вдохновляющих презентаций».(«Ted стилінде сөз сөйлеу. Әлемдегі ең жақсы шабыттандыратын таныстырылым құпиялары". Авторы: Джереми Донова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет