Түйіндіойды қалай құруға болады. Өз идеяңыздың мәнін ең азы үш, ең көбі он екі сөзден тұратын есте қаларлық сөзбен жеткізіңіз. Сөздеріңізге екпін түсіре отырып сөйлеңіз, ол тыңдаушыларды әрекет етуге шақырсын. Сөйлеу барысында оны кем дегенде үш рет қайталаңыз.
Өзіңізді аудиторияға қалай таныстыруға болады. Жүргізушіге сөйлеу тақырыбына байланысты қысқаша мәліметті жазып беріңіз.
Онда сіз неге осы тақырып бойынша талқылауға құқығыңыз бар екенін көрсетуді ұмытпаңыз.
Жүргізушінің сізді сенімді адам ретінде таныстыруына күш салыңыз, бірақ сонымен бірге асыра мадақтаудың да қажеті жоқ.
Сөйлеуші сөзін қалай бастау керек. Егер залдағы тыңдаушылардың көңіл-күйі сіз ойлағандай болмаса, сөзіңізді кіріспеден бастаңыз. Өзіңіздің басыңыздан өткен оқиғадан, таңқаларлық мәлімдемеден немесе күтпеген сұрақтан бастаңыз. Кіріспені аудиторияға күтілетін нәтижені көрсете отырып аяқтаңыз.
Тақырыптың негізгі бөлігін қалай құруға болады Бір ойдан екінші ойға ауысу кезінде айтылғанды қысқаша қорытындылауға және тыңдаушылардың назарын аударуға тырысыңыз. Негізгі бөлімді «жағдаят - күрделендіру -шешім» моделіне сәйкес үш бөлікке бөліңіз. Фактілерді эмоционалды оқиғалармен кезектестіріңіз.
Сөзді қалай аяқтауға болады Тыңдаушыларға сөзіңіздің аяқталатынын жеткізіңіз. Сіздің идеяңыз неге маңызды екенін түсіндіріңіз. Дәл сол сәттің маңыздылығын сезіндіру үшін және ол үшін қандай қарапайым алғашқы қадам жасау керектігін меңзеу арқылы аудиторияны іс-әрекетке итермелеңіз.
Оқиғалардықалай айту керек Жеке тәжірибеңізден және көріп-білгендеріңіз туралы айтыңыз. Түрлі сипаттамаларды, шынайы кейіпкерлерді және егжей-тегжейлі диалогтерді қолдана отырып, айтудан гөрі көрсетіңіз. Оқиғаларды эмоционалды саяхатқа айналдырыңыз, ондағы кейіпкерлердің үлкен мақсатқа жету жолындағы кедергілерді табысты жеңуі туралы айтып беріңіз.