Резюме
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
150
~
В данной статье рассматриваются некоторые вопросы подготовки педагогов к
работе в рамках компетентностного подхода к образованию в условиях перехода на
12-летнее
школьное
обучение.
Проанализирована
сущность
понятия
«компетентность» как ключевого понятия для современного образования.
Обоснована
необходимость
отслеживания нового
результата образования
посредством компетентностно-ориентированных заданий. Описан проект семинара-
тренинга «Теория, технология и методика компетентностно-ориентированного
образования», разработанного и внедренного в рамках подготовки педагогов к
12-летнему школьному обучению. Основное внимание в статье уделено назначению
семинара-тренинга - устранение разрыва между уровнем профессиональной
компетентности действующих педагогов и новыми требованиями к педагогическим
кадрам в условиях перехода на 12-летнее образование.
Бұл мақалада құзыреттілікке бағытталған 12 жылдық білім беру моделіне
жүйелі түрде көшуге дайындық барысындағы кейбір мәселелер қарастырылады.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі «құзыреттілік» түсінігіне талдау жасалады. Білім беру
жүйесінде құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы жаңа нәтижелер алу
мүмкіндігі негізделеді. 12-жылдық білім берудің құзыреттілікке бағытталған
мазмұнына
сәйкес
«Құзыреттілікке
бағытталған
білім
берудің
теориясы,
технологиясы және әдістемесі» атты семинар-тренингтің жобасы сипатталады.
Мақаланың негізгі түйіні – қазіргі педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейі мен 12-
жылдық білім беруге көшу жағдайындағы педагог кадрларға қойылатын жаңа
талаптарды сәйкестендіру.
This article discusses some issues of preparing teachers to work within the
competence-based approach to education in the transition to 12-year schooling. Analyzed
the essence of the concept of "competence" as a key concept for modern education. The
necessity of tracking the new result of education through Competence-oriented tasks. We
describe a project of the training seminar "Theory, technology and methodology of the
competence-oriented education", developed and implemented in the preparation of
teachers for a 12-year schooling. The main attention is paid to the appointment of the
training seminar - closing the gap between the level of professional competence of
existing teachers and new requirements for teachers in the transition to 12-year
education.
УДК: 372.8:373
Ж.С. Исмагулова, Д.Ш. Жумагалиева
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектеп алды даярлық тобындағы балалардың оқу мотивациясын
қалыптастыру мәселесі қазіргі Қазақстан Республикасы үшін өте мәнді. Өйткені
еліміздегі бүгінгі білім беру жүйесі инновациялық даму жолына бағдарлануда және
білім беруді модернизациялау үрдісі жүруде. Жер Жаһандағы әлеуметтік-
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
151
~
экономикалық өзгерістер біздің қоғамымызда балалық шақтан білім беру үрдісінің
үздіксіздігі мәселесін қозғап отыр [1].
Отандық психологияда мектепке дейінгі балалардың мотивациясының дамуы
баланың мектепке даярлығы шеңберінде қарастырылуда. Бұл мәселе мектепке
дейінгі ұйым шеңберінде мектепке дейінгі балаларды даярлауды жүйелі жүргізуге
мүмкіндік береді [2].
Зерттеуіміздің өзектілігі сюжеттік-рөлдік ойындардың кедейленуі, мектепке
дейінгі балалардың үлкендер мен балалар қарым-қатынас жүйесіне аз қосылуы
мектепке дейінгілердің іс-әрекет формаларының оқуға алмасуына алып келеді.
Мұның барлығы мектепке дұрыс бейімделмеу, оқуға деген қызығушылықтың тез
жойылуы және мектепке барғысы келмеуін тудырады. Жоғарыда аталғандармен
байланысты мектепке дейінгі балалардың шағын кешенді мектептегі мектеп алды
даярлық топ жағдайында оқуға оң мотивациясын дамытуды терең зерттеу,
педагогикалық-психологиялық практиканы байытады деген ойдамыз.
Қазіргі отандық және шет елдік психологияда мектепке дейінгі балалардың
мотивациясын дамыту әртүрлі іс-әрекетпен байланыстырған біршама еңбектер бар.
Мектепке дейінгі ересек шақтағы балалардың мотивін ғалымдар төмендегілерін атап
көрсетеді: әлеуметтік мотивтер және тікелей оқу үрдісімен байланысты
(Л.И.Божович, М.В.Матюхина, К.Н.Поливанова және т.б.), тұлғалық мотивтер
(А.Н.Леонтьев, М.И.Лисина т.б.), жетістік мотиві (Д.Аткинсон, М.Ш.Магомед-Эминов,
Х.Хекхаузен және т.б.), үлкен адамның мадақтауы мен мойындауы (И.М.Матюшина,
Н.И.Рейнальд, А.И.Голубева және т.б.), ойын мотиві (З.И.Мануйленко, Д.Б.Эльконин,
А.В.Запорожец және т.б.), жарысу мотиві (С.Е.Кулачковская, В.С.Мухина және т.б.,
құрдастарың мойындау және өзін жақсы көру (В.С.Мухина және т.б.) оқуға деген
мотивация (М.Р.Гинзбург, Н.И.Гуткина , Л.С.Славина және т.б.).
Әртүрлі тұрғыларға қарамастан баланың мотивациялық аймағын зерттеу
мектепке дейінгі балалардың оқу мотивациясының дамуы шағын кешенді мектептегі
мектеп алды даярлық топ жағдайында психологиялық-педагогикалық мәселе
ретінде жеткілікті зерттелмеген.
Психологияның қазіргі мектептерінің көзқарастарында мотивация мәселесіне
қатысты мәнді айырмашылықтар байқалады. Мысалы, «іс-әрекет мотивациясы»
ұғымы біресе, тар мағанада, біресе, кең мағанада қолданылады. Тар мағанада П.М.
Якобсон пікірі бойынша, мотивация бұл адамның нақты мінез-құлық формасы. Кең
мағанада мінез-құлық мотивациясы адам мінез-құлқы тұтастай анықтайтын
психологиялық кезеңдер жиынтығы ретінде қарастырылады. Сонымен, жоғарыда
қарастырылғандардан көріп отырғанымыздай, мотивтер іс-әрекеттің оятушысы,
адам эмоциясымен, сезімдерімен ілестіріле жүреді. Сонымен бірге, іс-әрекет
мотивінің
болуы
іс-әрекет
мақсатының
болуын
көрсетеді.
Құштарлықты
қанағаттандыру жолында пайда болған кедергiлер адамның жұмыс iстеуiне, жақсы
көруiне қатты әсер етедi.
Мотивацияны адамның мiнез-құлқын түсiндiретiн психологиялық мiнез-құлық
себептерiнiң жиынтығы ретiнде де қарастырамыз. Оның бастау көзi – бағыттылық
пен белсендiлiк.
Мотивация түсiнiгi мiнез-құлықты сипаттағаннан емес, түсiндiруден пайда
болады. Бұл ''нелiктен?'', неге?'', ''қандай мақсатпен?'', ''не үшiн?'', ''не мағына бар?,''
деген сияқты сұрақтарға жауап iздеуден туындайды. Мiнез-құлықтың тұрақты
өзгегiштiлiгiнiң сипатталынуы мен анықталуы оны құрайтын қылықтар мотивациясы
туралы сұрақтарға жауап болып табылады [3].
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
152
~
Кез-келген мiнез-құлық формасы iшкi және сыртқы себептерге қатысты
болады. Мiнез - құлықтың әлеуметтiк мотивтерi мен қажеттiлiктерi тұлғаның басқа
ерекшелiктерi сияқты нәрестелiк кезден қалыптасып, дамиды. Биологиялық
мотивация адамның негiзгi органикалық қажеттiлiктерi туа пайда болатындықтан
балада туған кезеңен бастап-ақ көрiнiс бередi. Адамда туғаннан бастап қорек, су,
ауаға тағы басқаларына деген қажеттiлiктерi туады. Биологиялық қажеттiлiктi бала
өзбетiмен қанағаттандыруға тырысады [4].
Мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-
құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы реттеу күшейедi, мотивтер мен
қажеттiлiктер көлемi ұлғайады, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы
кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жетiлу, басқарушылыққа
қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi; Көп бiлу , басқалардан
жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.
Оқу мотивациясы ұғымына мынадай түсінік беруге болады: алда тұрған оқу
әрекетінде оң нәтижелерге жеткізуге шартты қозғаушы күш ретінде. Мектепалды
даярлық тобындағы балалардың оқу мотивациясының ерекшелігі оқумен, әлеуметтік
тұрғымен байланысты мотивтер сипатымен, оқуға деген қарым-қатынас сипатымен,
қауіпсіздік пен өзін силауға деген қажеттілікті қамтыйды.
Ф.Н.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» оқу құралында оқытудың
негізгі формасы – сабақ деп бере отырып, сабақ барлық балалар үшін міндетті,
мұнда білім, білік, дағдыны игерумен қатар балалар тобын құруға, онда өмір сүріп,
іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік
қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететініне тоқталған. Сабақ сөзі
қазіргі таңда яғни жаңа стандарт бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті деп
қолданылып жүр [2]. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен
өтеді. Ол ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін таңдап алып,
балалардың
білімді,
іскерлікті,
дағдыны
меңгеру
әрекетін
басқарады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы.
Себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану тәңертеңгі тамақтан кейін, шаршамай,
ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу
еңбектерінде дәлелденген.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – бұл балалар бақшасында оқытуды
ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол барлық мектепке дейінгі балалар үшін
міндетті, олар үшін ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің бағдарламалық мазмұны
белгіленген, күн тәртібінде оны өткізуге тұрақты уақыт бөлінген, белгілі бір
ұзақтығы көрсетілген. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен
өтеді, ол балаларға жаңа білім береді, білетіндерін дәлдеп, бір жүйеге салады,
практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастырады, оның барысында балалар алған жаңа
білімді нығайтып алуан түрлі іскерлікке, дағдыға үйретіледі. Оқу материалдары
бірте-бірте күрделене түседі.
Балалар бақшасындағы оқудың балаларды мектепке дайындауда үлкен
маңызы бар. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үстінде балалар оқу іс-әрекеті
дағдыларына, жинақы, ұйымшыл болуға үйренеді. Оларда тұрақты зейін, назарын
бір нәрсеге аудару, ерік-күш қабілеті өсіп жетіледі. Жүйелі оқыту үстінде таным
құштарлығы қалыптасады.
Мектеп
алды
даярлық
тобындағы
балалардың
оқу
іс-әрекетінің
ұйымдастырылуы көптеген нормативтік құжаттарға негізделеді. Олар: Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартына ( Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
153
~
Негізгі ережелер.), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы»
және мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды
тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» ұсынылып отырған
бағдарламасы [5]. Бұлардың барлығы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды
тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады.
Осы бағдарламада базистік оқу жоспарына сәйкес ұзақтығы 25-30 минут
болатын 15 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қарастырылған. Бағдарламаның оқу-
әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру және қазіргі білім
беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтамасыз ете
отырып, ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетін жоспарлауға жаңаша қарауды ұсынады.
Даярлық тобындағы балалардың оқуға деген мотивацияларын дамыту критерийлері
ретінде мынаны бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:
білімді өз бетінше алуға дайындығының болуы және оны түрлі нақты
жағдайда қолдана білу;
тұтас педагогикалық үрдіс жағдайында оқытушының басшылығымен
мақсатқа бағытталған өзара әсері;
тірек білімдерінің болуы;
әрекет тәсілдерін білуі;
өзін-өзі бақылау және әрекетке бейімдеу;
танымдық тапсырмаларды шешу біліктілігі;
проблемаларды шешудің ұжымдық нысандарын ұйымдастыру дағдыларын
қажетсіну.
Көрсетілген критерийлер негізінде даярлық тобындағы балалардың оқуға деген
мотивацияларын дамыту мүмкіндіктері мыналар деп есептейміз:
- білімге қызығушылық;
- танымдық белсенділігінің болуы;
- танымдық қажетсіну;
- жұмыстың міндеттері мен мақсатын анықтау білігі;
- жұмыс мазмұнын өздігінше таңдау білігі;
- оқудағы қиындықтарды жеңуге ұмтылу;
- жұмыстың тиімді тәсілін таңдау білігі;
Мектепалды даярлық тобына жаңадан келген бала даралық сапаларымен
таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы
қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі,
тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі бала
психикасына едәуір әсер етеді [6]. Тәрбиешіге баланың жай-күйін бақылап, жаңа
ортаға баулу үшін балалардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер
өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан
даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін
арнайы маман-психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан
мектепалды даярлық тобындағы балалардың тұлғалық психикалық даярлық
диогностикасын анықтап, оны жетіспеген тұстарын жетілдірп алудың жалпы
теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Балалардың
мектепке
даярлығы
төмендегі
параметрлер
бойынша
анықталады. Олар:
1. Жоспарлау - бұл мақсатқа сәйкес өз іс - әрекетін ұйымдастыра білу
іскерлігі:
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
154
~
-
баланың
әрекеті
мақсатпен
сәйкес
келмеуі
-
төменгі
деңгей;
- баланың әрекеті мақсаттың мазмұнына жартылай сәйкес келуі — орта деңгей;
- мақсаттың мазмұнына баланың әрекеті толығымен сәйкес келуі - жоғары деңгей.
2. Бақылау- қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыру іскерлігі:
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа мүлдем сәйкес келмеуі - төменгі
деңгей (баланың өзі бұл сәйкессіздікті көрмейді);
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа жартылай сәйкес келуі - орта деңгей
(жартылай
сәйкессіздікті
бала
өз
бетінше
көре
алмайды);
бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа толық сәйкес келуі, бала өз бетінше
алған нәтижесі мен қойылған мақсатты салыстыра алуы - жоғары деңгей.
3. Оқу мотивациясы - бұл заттардың және қоршаған әлем заңдылықтарының
жасырын қасиеттерін табуға, қолдану ұмтылу:
- бала тек қана заттардың сезім мүшелеріне мүмкін болатын қасиеттеріне ғана
бағытталса, онда ол - төменгі деңгей;
- бала қоршаған әлемнің кейбір жалпыланған қасиеттеріне бағытталуға және
жалпылауларды табуға қолдануға тырысады;
- қоршаған әлемнің заңдылық қасиеттерін қабылдаудағы кұпияны табуға тырысудың
айқын көрінуі және осы білімді өз іс - әрекетінде қолдануға деген құштарлық -
жоғары деңгей.
4. Ақыл—ой дамуының деңгейі:
- өзге адамды тыңдай білмеуі, талдау, салыстыру, жалпылау, абстракциялау және
нақтылау сияқты логикалық операцияларды сөздік түсінік түрінде орындауы-төменгі
деңгей;
- өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде орындалган логикалық
операциялардағы қателіктер - бұл орташадан төмен көрсеткіш;
- өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде берілген салыстыру, жалпылау
сияқты қарапайым логикалық операциялардың қатесіз орындалуы, күрделірек
логикалық операцияларды, яғни абстракциялаудағы, нақтылаудағы, талдаудағы,
жинақтаудағы жіберілген қателіктердің болуы - орта деңгей;
- өзгені түсінудегі және барлық логикалық операцияларды орындаудағы кейбір
қателіктерді, бала ересектің көмегінсіз өзі түзетуі - бұл жоғары деңгей;
- өзге адамды тыңдай алу мүмкіндігінің болуы және сөздік түсінік түріндегі барлық
логикалық операцияларды орындауы - бұл өте жоғары деңгей.
Осы аталған параметрлер бойынша мектепке келеген баланы былайша бөліп
көрсетуге болады:
1. Мектепке даярлығы жоқ бала - өз әрекетін жоспарлай және бақылай
алмауы, оқу мотивациясы төмен (тек сезім мүшелеріне ғана бағытталған), өзгені
тыңдайды және түріндегі логикалық орындауды білмейді.
2. Мектепке даярлығы бар бала - өз әрекетін басқарып бақылай алады
(немесе осыған қарай ұмтылады), қоршаған ортадағы заңдылықтармен, заттардың
жасырын қасиеттеріне бағытталған, өзгені тыңдай алады және сөздік түсінік түрінде
логикалық операцияны орындай біледі (немесе тырысады).
Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке тұлғалық
шығады. Жеке тұлғалық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік орынға
ұмтылысын жатқызамыз. Бұл позиция баланың мектепке, оку іс - әрекетіне,
мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне - өзі қатысынан байқалады.
6 -7 жастағы бала үшін мұғалімнін тұлғасы аса маңызды болып табылады.
Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде мыналарды байқауға болады: мүғалімнің талап
- тілегін 6 жастағылар шын көңілмен, ынта - ықыласымен орындайды.
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
155
~
Баланың мектепке даярлығын А.А.Венгер мен К.Н. Поливанова зерттеген.
Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке
даярлықтың басты шарты деп есептеген [7]. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін
мектеп өмірінің сыртқы формальдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтан да олар
бар ынтасымен өзін «оқушы сияқты» ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру, жауап
бергенде тұру, тік отыруға тырысады, Бірақ мұғалімнің не айтып тұрғанына және
оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес, 7 жасқа қараған бала
үшін кез - келген тапсырма мұғаліммен қарым - қатынас жағдайына байланысты.
Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей - мұғалімді ең басты қатысушы адам
ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны - байқаусыз қалады. Осындай жағдайда
мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну және оны жаңа мазмұнға
араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны мен оны таратушы, яғни
мұғалім - баланың санасында бөліңу қажет. Егер ондай болмаған жағдайда1 оқыту
материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады. Мектеп өмірі баладан мінез - құлық
ережелерін дәл орындауды, өз іс -әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуын талап
етеді. Ересектердің талабы мен ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға
ерік даярлығының басты көрсеткіші болып табылады [8].
Мектептегі оқыту интеллектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала өзінің
мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әр түрлі жақтарын ажыратуы
тиіс. Сондықтан да мектепке даярлықты анықтау үшін мөлшердің сақталуына
арналған Ж.Пиаженің есептері пайдаланылады. Мысалы: сұйықты кең ыдыстан
жіңішкеге кұю, арақашықтықтағы әр түрлі түймелер қатарын салыстыру т.б.
Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі қажет, осы
жағдайда ғана пәндік оқытуға ауысуға болады. Ол танымдық іс - әркеттің тәсілдерін
меңгеруді шамалайды. Қабылдауда сенсорлық эталондарды, ойлау сферасында
кейбір интеллектуалдық операцияларды меңгеру. Мектепке интеллектуалдық
даярлықтың маңызды жағы ол баланың ақыл - ой белсенділігі мен танымдық
қызығушылығы, яғни жаңа бірнәрсе білуге деген құмарлық, бақыланған
құбылыстардың мәнін түсіну, ақыл - ой міндетін шешуге ұмтылу.
Мектепке баратын жастағы балаларда ең бірінші болып туындайтын нәрсе,
тек қана бағыну мотивері ғана емес, сонымен бірге, айтарлықтай нақты жағдайға
бағына алмауы. Бұл жағдайда алдымен мотивтік иерархия жүйесі туындайды.
Мектепке дейінгі жастағы балалар ересектердің іс-әрекеттері мен мінез-құлқына
сүйенеді.
Мектепке дейінгі жастың соңғы кезінде, балаларда жаңа нақты иерархиялық
жағдайдағы мотивтер пайда болып, өзін-өзі бақылап, еріктері мен ынтасы пайда
болады. Бұл жаңа сатыға көтерілгеннің белгісі.
Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп
алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан
шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен
үйренемін» – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен ата-анасының, туған-
туысының қатысуымен жүзеге асырады. Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа –
баланың сауатын ашуы, тілін сындыруы. Яғни, өзінің ойын толық айтуы мен қатар
оқуға, жазуға үйренуі. Тіл дамытудағы сабақ бір-бірімен пікір алысу, қарым-қатынас
құралы болып қоймай, қазіргі кезеңде – кез-келген адамның мәдени және рухани
өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан да жас ұрпақтың тіл
дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың
қоғамдық әрі тәрбиелік мәні зор. Өйткені мектепке дейінгі шақ баланың тіл
құбылыстарына аса сезімталдығының байқалатын кезі сондай – ақ бұл шақта
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
156
~
баланың өзін қоршаған дүниені танып білуі құмарлығы, қызығушылығы ерекше
дамиды. Танымдық белсенділік баланың сөйлеу, бір нәрсені сұрап білу өз ойын
хабарлап жеткізу қажеттіліктерін тудырады. Осыған байланысты тәрбиешілермен
ата-аналар үшін ұсынылып отыр бұл жұмыста мектепке дейінгі балалардың тіл
дамыту мақсатын көздейді. Мектеп алды даярлық
сынып оқушыларының осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы
педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасау қажет.
Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін,
жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады. Бұлар – инновациялық
технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру
жөніндегі тренингтер, соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және т.б. жеке-дара
жетістіктер.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі
айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама
педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді, бірінші орынға қарым-қатынас
жасаудың
сұхбаттық
әдістерін,
шындықты
бірлесіп
іздеуді,
сан
алуан
шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды
білдіреді.
Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерктивті әдістерін
қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген
сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында
мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында
берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік
моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік,
дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің
сабақтастығы жоғары рөл атқарады.
Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін,
жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне
бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы
бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай
білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді.
Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі
жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана
қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері
«Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік
типте сабақтар жүргізеді.
Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен
шығармаған жөн. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі
қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи
жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады, себебі бастауыш мектептегі әдіс-
тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең
қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал,
ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға
болады: Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім,
білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп.
Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде
мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
157
~
Оқытудың жаңа технологиялар жағдайында мектепалды даярлық тобындағы
балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру бойынша жұмыстың негізіне жаңа
технологиялармен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жатады. Оның негізгі мақсаты
оқушының мотивациялық аймағына ырықтылық сипат беру.
Жұмысымыздың жүзеге асуына маңызды шарт: жоспарланған және ғылыми
негізделген оқу мотивациясын қалыптастыру үрдісін басқару, балалар мен
үлкендердің белсенділігі жұмысымызды жүзеге асыру үрдісінің негізгі қатысушылары
ретінде қарастыру.
Оқытудың жаңа технологиялар жағдайында мектепалды даярлық тобының
балаларының оқу мотивациясын қалыптастыру моделі жасалды. Ол үш модульден
тұрады: бала белсенділігі, тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекеті, бала мен
ата-ана өзара әрекеті. Тәжірибе жүзінде ұсынылған жұмыс нәтижесінде баланың
мотивациясы ырықты сипат алып, үш модульді құрайды: бала белсенділігі, оның
мақсаты оқу білігін қалыптастыру және мектепалды даярлық тобының баласының
оқу әрекетіне оң қарым-қатынасы тануға, қарым-қатынасқа, қауіпсіздікке, өзін
силауға қажеттілігінің қанағаттандырылуымен жүзеге асады. Екінші модуль
педагогтың мақсатты оқытудың жаңа технологияларын қолдануы мектепалды
даярлық тобының балаларын мектепке дұрыс бейімделуіне, белсенді өзара
әрекетке түсуге қабілеттілігін дамыту, кедергілер мен қарама-қайшылықтар
себептерін жою. Үшінші модуль – бала мен ата-анн өзара әрекеті, оның негізгі
мақсаты баланы мектепке психологиялық даярлау мәселесі бойынша ата-аналардың
психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін арттыру, баламен қары-қатынаста
өзіндік рефлексияны дамыту, баланы тұтасымен қабылдай білуін қалыптастыру.
Жұмысымыздың жүзеге асуының оң қадамдары балалық кезден білім беру үрдісінің
үздіксіздігін қамтыйды.
Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстың нәтижесінде мектепалды даярлық
тобының балаларының оқу мотивациясы мақсатқа бағытталған оқытудың жаңа
технологиялары мен психологиялық-педагогикалық әсер ету арқылы жүзеге
асатыны дәлелденді. Бұл бала мен ересектердің қызметін белсендендіріп, оқу-
тәрбие субъектілерінің барлығының тұлғааралық қарым-қатынасын ұйымдастыруын
бірқатар өзгерістерге алып келеді. Оқу-тәрбие үрдісінің субъектілерінің өзара
әрекеті субъектілердің бірін-бірі қабылдау, өзара түсіністік, өзара көмек, бірін-бірі
толықтыру, өзара бақылау және өзара әсері арқылы жүзеге асады.
Жүргізілген
тәжірибелік
экспериментальдық
жұмыстың
барысында
мектепалды даярлық тобынының балаларының оқу мотивациясының қалыптасуында
оң динамиканы көре аламыз.
Мектепке дейінгі балалардың оқуға деген мотивациясын дамытудың
ерекшелігі мен тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстың нәтижесі оқу мотивінің
құрылымдық компоненттерін анықтауға негіз болды: іс-әрекеттік, қарым-
қатынастық, эмоциональдық.
Іс-әрекеттік компонент бойынша баланың белсенділігі мен оның оқуға деген
қарым-қатынасы анықталады. Мектепке дейінгі баланың мектепке келуімен бірқатар
өзгерістері орын алады. Олардың бірі жаңа үміттер, жаңа қажеттіліктер. Сондықтан
да мотивациялық даярлығын анықтауда, баланың бастауыш мектепке ауысуында
мынандай көрсеткіштер қажет. Олар: оқуға деген қарым-қатынас, оқудың
танымдық және әлеуметтік мотивтерінің басымдылығы, оқушының ішкі және
әлеуметтік позициясының қалыптасуы, мектепке жетілу, ырықтылық.
Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ хабаршысы
№ 2 (25), 2012
~
158
~
Бұл сәйкестік балалардың оқуға деген қарым-қатынасының нақты жағдайлық
ерекшелігін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар баланың жүзеге аспаған
мотивациялық қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас құрылымына ерекше зейін аударуға тұрарлық, тәрбиеші мен
құрдастарымен қарым-қатынас біріккен әрекет үрдісінде баладан сәйкес әлеуметтік
қажеттілігіне сәйкестілігін талап етеді. Оны қабылдамау немесе оны қабылдауға
даярсыздық жаңа жағдайға, оң нәтижеге жетуге кедергі болады, сәйкесінше оқуға
деген қарым-қатынас және білім беру орнына толығымен. Сондықтан да қарым-
қатынас құрылымының маңызды көрсеткіші ретінде тәрбиеленушінің оқу әрекетіне,
құрдастарына, педагогтарға, ата-аналарға, мектепке дейінгі балалардың оқу
үрдісіне бағыныштылығына әсер етеді.
Эмоциялық құрылым баланың өзіне деген қарым-қатынасын (оқуға,
құрдастарына, педагогтарға, ата-аналарға) жоғары эмоциональдық қолдау тудырса,
қауіпсіздікке, қажеттілікті қанағаттандыруға көмектессе өзін сыйлауы, туындаған
міндеттерді шешуде белсенділігі жоғарылайды.
Оқытудың жаңа технологиялар арқылы мектепалды даярлық тобының
балаларының оқу мотивациясын қалыптастыруда оқу дағдылары дамиды,
топтастарымен, ата-аналарымен, тәрбиешілермен қарым-қатынас жүйесі кеңейеді,
баланың қауіпсіздікке және махаббатқа қажеттілігі қанғаттандырылады, содай-ақ
оқу-әрбие үрдісінің субъектілері жақындайды.
Тәжірибе жүзінде мектепалды даярлық тобының балаларының оқу
мотивациясы оқытудың жаңа технологиялары жағдайында қалыптасатындығы,
мақсатты психологиялық-педагогикалық әсерлердің тиімділігін көрсетті.
Біздің барлық күш-жігеріміз махаббат пен өзара ынтымақтастыққа негізделген
рухта жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу арқылы баланың тұлғасын дамытуға
бағытталған.
Әдебиеттер тізімі
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы.
Астана. Ақорда
2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі
ережелер.
3. Маслоу А.Г. Мотивация и личность М., 2001
4. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
5. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды
тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcы.-
Астана, 2010.
6. Кравцова Е.Е. Психологическая готовности детей к обучению в школе. М., 1991.
7. Поливанова, К.Н. Такие разные шестилетки. Индивидуальная готовность к
школе: диагностика и коррекция / К.Н. Поливанова. -М.:Генезис, 2003.
8. Поливанова, К.Д. Психология возрастных кризисов / К.Д. Поливанова. М.:
Академия, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |