Техникалық және кәсіптік білім беру



бет31/69
Дата22.12.2022
өлшемі219,2 Kb.
#59019
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Аттестациялық мінездеме Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)- Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады. Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе ұсынысты атап көрсетуге болады


5.2 -тақырып. Жеке іс парағы, Түйіндеме
Жоспары:
1 . Жеке іс парағы
2. Түйіндеме
Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы жұмысқа орналасу және аспирантураға түсу кезінде, ұйымдар, мекемелер талап еткен кездерде т.б. жағдайларда жазылады. Жеке іс парағы арнаулы бланк түрінде берілген ресми құжат. Мұнда жеке адам аты-жөні, жынысы, туған жылы, туған жері, ұлты, білімі, мамандығы т.б. өзі туралы қысқаша мәліметтер беріп өтеді. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен сәйкес жазылады.
Жеке іс парағы мынандай жағдайларда жазылады:

  1. Жұмысқа қабылдану үшін;

  2. Сайланбалы органдарға сайлану үшін;

  3. Аспирантураға түсу кезінде;

  4. Қызметкердің лауазымын көтеру кезінде т.б.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет