Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер



бет3/7
Дата07.04.2023
өлшемі43,02 Kb.
#80172
1   2   3   4   5   6   7
22) инклюзивті білім беру бойынша тьютор – оқу процесін дараландыруға жағдай жасайтын, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға тәлімгерлік қызметін атқаратын маман;
23) формальды оқыту – білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі;
24) формальды емес оқыту – оқыту орнын, мерзімін және нысанын ескермей отырып, белгілі бір кәсіби құзыретті алу үшін субъект жүзеге асыратын оқыту түрі;
25) білім беру бағдарламаларының тізілімі – ТжКБ ұйымдары әзірлеген және іске асыратын мамандықтар мен біліктіліктер бөлінісінде білім беру бағдарламаларының реттелген тізбесін қамтитын ақпараттық жүйе.
26) жеке білім беру траекториясы – білім берудегі әрбір білім алушының жеке әлеуетін жүзеге асырудың жеке жолы;
27) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
28) білім алушының жеке компоненті жеке білім беру траекториясы шеңберінде модульдерді терең меңгеруге бағытталған факультативтік сабақтар мен білім алушының өзіндік жұмысы.

2-тарау. Оқу нәтижелеріне бағдарланған техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


3. ТжКБ деңгейінде оқытудың мазмұны ТжКБ білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқытудың нәтижелеріне бағдарланады.


ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны:
1) жалпы білім беретін пәндерді оқытуды;
2) теориялық сабақтарды, зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды орындауды, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді қамтитын базалық және кәсіби модульдерді оқытуды;
3) аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуді қарастырады.
ӘАОО-да ТжКБ беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.
4. Жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде айқындайды.

ТжКБ мамандықтары қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бейіндерге бөлінеді.


Жаратылыстану-математикалық бейін – Метрология, стандарттау және сертификаттау; Геология, тау-кен өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды өндіру, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларда қорғау; Мұнай-газ өндірісі; Химия өндірісі; Энергетика; Көлік (салалар бойынша), көлік техникасы, көлікті пайдалану; Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар; Құрылыс және коммуналды шаруашылық; Технологиялық машиналар және құралдар; Металлургия және машина жасау; Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру; Кәсіптік оқыту; Сервис; Бұйымдардың, кең тұтынылатын тауарлардың технологиясы; Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы; Тамақтануды ұйымдастыру; Ветеринария және экология;
Қоғамдық-гуманитарлық бейін – Білім беру; Медицина, фармацевтика; Өнер және мәдениет; Экономика және басқару; Құқық; Қонақ үй бизнесі; Туризм.
Бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқитын топтар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде оқитын топтар үшін), «Қазақ тілі және әдебиеті» (орыс тілінде оқитын топтар үшін), «Орыс тілі және әдебиеті» (қазақ тілінде оқитын топтар үшін), «Шетел тілі», «Математика», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Өзін-өзі тану», «Дене тәрбиесі», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жатады.
Міндетті оқу пәндерін оқумен қатар білім алушылардың оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерінде бейіндік оқу пәндерін таңдауы қарастырылған.
Бейіндік оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде пәндерді таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Білім алушы өз қалауы бойынша өзіне маңызды оқытудың тереңдетілген деңгейінің екі пәнін және стандарттық деңгейінің екі пәнін таңдайды. Стандарттық деңгейдегі пәндерге қарағанда тереңдетілген деңгейдегі бейінді пәндерге сағаттардың көп саны беріледі. Стандарттық деңгейде бейінді емес пәндер оқытылады.
Жаратылыстану-математикалық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндерге «Физика», «Химия», «Биология», «География» жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандарттық деңгейдегі пәндерге «Дүниежүзі тарихы», «Биология», «География» жатады.
Қоғамдық-гуманитарлық бейіндегі тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндерге «Дүниежүзі тарихы», «Химия», «Биология», «География» жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандартты деңгейдегі пәндерге: «Физика», «Химия», «Графика және жобалау» жатады.

Жалпы білім беретін пәндердің мазмұны үлгілік оқу бағдарламаларымен анықталады.


Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты өзі анықтайды.
ТжКБ ұйымының қалауы бойынша жалпы білім беретін пәндер базалық және/немесе кәсіби модульдерге біріктіріледі.
Жалпы білім беретін пәндердің жалпы көлемі 48 кредитті құрайды. Жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі осы МЖМС-ның
2-қосымшасында келтірілген.
Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі оқу және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан кем емес жоспарланады.
ӘАОО үшін «Дене шынықтыру дайындығы» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады. Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Жоғары дене жүктемесін көздейтін мамандықтар (хореография, спорт, цирк өнері) үшін «Дене шынықтыру» бойынша сабақтар арнайы пәндер немесе кәсіби модульдер шеңберінде іске асырылады.
Білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар қыз балаларға ұлдармен бірге, «Медициналық білім негіздері» бөлімі бойынша – бөлек өткізіледі. «Әскери іс негіздері» бөлімі бойынша практикалық сабақтарға қыз балалар тартылмайды. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін білім алушылармен оқу-далалық (лагерлік) жиындар өткізіледі. Оқу-дала жиындары кезінде қыз балалар медициналық қызметкердің басшылығымен білім беру ұйымдарында медициналық-санитарлық дайындықтан өтеді. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» кіріктірілген білім беру бағдарламасының мазмұны «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсы шеңберінде жүзеге асырылады (ӘАОО-ны қоспағанда).
Қалалық ТжКБ ұйымдарында топтарда 24 және одан да көп білім алушылар, ауылдық жерлерде – 20 және одан да көп білім алушылар болған жағдайда жалпы білім беру пәндерін өткізуде кіші топтарға бөлуге рұқсат етіледі:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтарда қазақ тілі және әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін топтарда орыс тілі және әдебиеті;
3) шетел тілінде;
4) информатикада;
5) дене тәрбиесінде.
Топта ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлға болған жағдайда топ толымдылығы осындай әр білім алушыға барлық білім алушылар санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
5. Әскери мамандықтарды қоспағанда, ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары базалық құзыреттерді қалыптастыратын базалық модульдерді оқытуды қарастырады.
Базалық құзыреттер: кәсіби қызмет саласындағы көптілді қарым-қатынасты, мемлекеттік тілде қызметтік құжаттарды жүргізуді, салауатты өмір салтын қолдау және дене қасиеттерін жетілдіруді, қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделуді, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуді, оның ішінде қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік қызметті, патриотизм мен ұлттық сана-сезімді дамытуды, цифрлық сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық дағдыларды, жасыл технологиялар және қоршаған ортаны қорғауды және т. б. қамтиды.
Базалық модульдерге әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық пәндер кіріктіріледі. Келесі базалық модульдер оқыту үшін міндетті болып табылады:
1. Кәсіби қызмет саласында кәсіби лексиканы қолдану. Бұл модульде: қазақ тілінде оқитын топтар үшін - кәсіби орыс тілі, кәсіби ағылшын тілі; орыс тілінде оқитын топтар үшін - кәсіби қазақ тілі, кәсіби ағылшын тілі кіріктіріледі.
2. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру.
3. Ақпараттық-коммуникациялық және сандық технологияларды қолдану.
4. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану (Философия негіздері, Мәдениеттану, Құқық негіздері, Әлеуметтану және саясаттану негіздері).
5. Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін кәсіби қызметте қолдану (Экономика негіздері, Кәсіпкерлік қызмет негіздері).
«Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану» модулі орта буын маманы деңгейінде оқытылады.
6. Кәсіби модульдер кәсіптік стандарттар (бар болса) немесе жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, біліктілікті функционалдық талдау, WorldSkills стандарттарының талаптары негізінде әзірленеді.
Оқу жоспарына сәйкес тізбесі анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқытуды жүргізу кезінде оқу топтары саны 13 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары үшін клиникалық пәндер бойынша оқу топтары саны 8 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді.
7. ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.
Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және өндірісте өткізіледі.
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика жалпы білім беретін пәндерге, аралық және қорытынды аттестаттауға бөлінген уақытты есепке алмағанда, кәсіби модуль көлемінің кемінде 40%-ын құрайды.
Кәсіптік практика келісім шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын мамандық бейініне сәйкес келетін кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жұмыс орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Дуальды оқыту кезінде өндірістік оқытуға және кәсіптік практикаға бөлінетін оқу уақытының көлемі жалпы білім беретін пәндерді оқытуға және қорытынды аттестаттауға қарастырылған оқу уақытын қоспағанда, оқу жоспарындағы оқу уақытының жалпы көлемінен есептеледі.
ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Теориялық оқыту процесінде алған білімдерін бекітуге бағытталған сабақтар сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуларда, далалық жиындарды өткізу кезінде жоспарланады. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған. Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
ӘАОО-да кәсіптік практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.
Курстық жобалар (жұмыстар) кәсіби модуль бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оларды оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады.
8. Алынған білім, білік, дағды және құзыреттілік деңгейі бақылаудың әртүрлі түрлерімен қамтамасыз етіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.
Оқу процесінің жоспарында аралық және қорытынды аттестаттау көрсетіледі.
Білім беру ұйымы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және аралық аттестаттаудан өткізу нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдауда дербес.
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйеде жүргізіледі.
Бақылау жұмыстары және сынақтар модульді оқытуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
ӘАОО-да барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделген, оның негізгі түрі емтихан болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және ТжКБ ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.
ТжКБ білім беру бағдарламасын меңгерудің толық аяқталуы бойынша қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау немесе кешенді емтихан түрінде өткізіледі.
Жұмысшы біліктілігін игерген және оқуын жалғастырмайтын білім алушылар үшін біліктілік емтиханы түрінде қорытынды аттестаттау өткізіледі. Бағдарламаны толық меңгерген жағдайда, аралық аттестаттау шеңберінде білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін біліктілік емтиханы өткізіледі, қорытынды аттестаттауға арналған оқу уақытының көлемі кәсіптік практикаға беріледі.
Біліктілік емтихандары кәсіпорындарда немесе өндірістік алаңдарда, зертханаларда, оқу орындарының әрбір біліктілік бойынша тиісті жабдықтармен жарақтандырылған шеберханаларында демонстрациялық емтихан түрінде өткізіледі.
Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар үшін шығармашылық тапсырмаларды орындау қарастырылған.
ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсырудан және дене тәрбиесі пәні бойынша емтихан тапсырудан тұрады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау өндірістік оқыту бойынша орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіре отырып, практикалық жұмысты тапсыру нысанында өткізіледі.
9. ТжКБ білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру қамтамасыз етіледі:
1) білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша, толық оқу кезеңіне арналған оқу әдебиеті қорының, МЖМБС және білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу-әдістемелік кешендер мен цифрлық білім беру ресурстарының болуы;
2) мамандық бейініне сәйкес келетін базалық жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білімі бар инженерлік-педагогикалық кадрлар. Өндірістен базалық жоғары, орта білімнен кейінгі, мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білімі бар білікті мамандарды тартуға жол беріледі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту үшін арнайы оқу бағдарламаларын іске асыруды оқыту үрдісін жетектеуші мамандар қамтамасыз етеді.
10. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
ӘАОО-да үлгілік және жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
11. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен қабілеттеріне байланысты білім беру бағдарламасының жартылай немесе толық мазмұнын білдіретін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларында әр пән және (немесе) модуль бойынша оқу уақыты көлемінің 15% - ына дейін жеке оқытуға арналады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға арналған жеке оқу жоспары олардың психофизикалық даму мен жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тьютордың көмегімен әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет