12. ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары, ӘАОО-ны қоспағанда, модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірленеді. 13. Білім беру бағдарламалары МЖМС-ның 1-қосымшасында келтірілген, ТжКБ оқу жоспарының үлгісі негізінде ТжКБ мамандығы және біліктіліктері бойынша әзірленеді және келесі жағдайларда ерекшеленеді:
1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар қатарынан мамандар даярлау;
2) әскери, медициналық мамандықтар және мәдениет пен өнер мамандықтары бойынша мамандар даярлау (хореографиялық оқу орындарына қабылдау 4 (5) сыныптан бастап жүзеге асырылады).
Білім беру бағдарламаларында пәндердің және (немесе) міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент модульдерінің және оқу қызметінің (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика (әскери тағылымдама), аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жобаны (жұмысты) жазу) әрбір түрінің күрделілігі кредиттер мен сағаттар санымен анықталады.
14. Білім беру ұйымы оқудың барлық кезеңіне білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді. Білім беру бағдарламалары Индустриялық кеңеспен келісіледі және ТжКБ ұйымының басшысымен бекітіледі.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту оны ТжКБ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізгеннен кейін жүргізіледі.
Білім беру бағдарламасы бірнеше деңгейді немесе аралас біліктілікті игеру қажеттілігін ескере отырып әзірленеді.
Білім беру бағдарламасының құрылымы:
- білім беру бағдарламасының паспорты;
- құзыреттілік пен модульдер тізбесі;
- оқу нәтижелерінің ерекшелігі;
- оқу нәтижелерін бағалау критерийлері;
- оқу процесінің кестесі;
- уақыт бюджеті бойынша жиынтық мәліметтер;
- оқу процесінің жоспары;
- оқу процесінің жоспарына түсіндірме жазбаны құрайды.
15. Білім беру бағдарламасының мазмұны білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді және ұқсас біліктілік бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту нәтижелері мен кредиттерді қайта есептейді.
16. Білім беру бағдарламалары жұмысшы біліктілігін меңгеру және орта буын маманын дайындау кезеңінде дуальді оқытуды ескере отырып, әзірленуі мүмкін.
Оқытудың модульдік технологиясы, оның ішінде дуальды оқыту кезінде білім беру бағдарламалары әр түрлі траекториялар бойынша:
жұмысшы біліктілігін;
жұмысшы біліктілігін және орта буын маманын;
орта буын маманын игерумен жүзеге асырылады.
17. Білім беру бағдарламасына ТжКБ ұйымы қосымша элективті модульдер каталогын (ӘАОО-ны есепке алмағанда) әзірлейді. Элективті модульдерді білім алушылар таңдайды және таңдау компоненті шеңберінде оқытылады.
Оқу жоспары мен элективті модульдер каталогы негізінде білім алушы эдвайзердің көмегімен жеке оқу жоспарын құрастырады.
Элективті модульдер каталогының, жеке оқу жоспарының нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін ТжКБ ұйымдары өз бетінше айқындайды.
18. Жұмыс оқу бағдарламалары оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша әзірленеді және ТжКБ ұйымымен бекітіледі.
19. Үштілді білім беру бағдарламаларын енгізген білім беру ұйымдары оқытуды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады.
Екітілді білім беру бағдарламаларын енгізген білім беру ұйымдары оқытуды: мемлекеттік және орыс; мемлекеттік және ағылшын; орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады.
Әртүрлі тілдерде оқытылатын пәндердің және (немесе) модульдердің пайыздық арақатынасын білім беру ұйымы дербес анықтайды.
20. ТжКБ ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
21. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар апталық оқу жүктемесін, оқу жылының ұзақтығын, оқу уақытының міндетті көлемін қамтиды.
22. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 54 сағаттан артық емес, соның ішінде күндізгі оқу нысанында міндетті оқу жүктемесі – аптасына кемінде 36 сағатты құрайды.
23. ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар өткізу кезеңінде, полигондарда, практикалардың барлық түрлерінде, әскери тағылымдамалар үшін оқу жұмысы аптасына 54 сағатқа дейін оқу сабақтары есебінен жоспарланады.
24. Міндетті оқу уақытының көлемі жылына 48 кредитті (1440 сағат) құрайды.
25. Қорытынды аттестаттауды өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды.
Бітіру біліктілік жұмысын орындауға бөлінген уақыт 6 аптадан аспайды. Мамандықтың күрделілігіне байланысты диплом алдындағы практиканың ұзақтығы оқу жоспарына сәйкес жоспарланады.
26. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір модуль немесе басқа да оқу жұмысының түрлері бойынша меңгеретін оқу нәтижелеріне сәйкес кредитпен өлшенеді.
Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит 30 академиялық сағатқа тең, 1 академиялық сағат 50 минутқа тең.
27. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.