28. Кадрларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны мен білім берудің деңгейіне сәйкес базалық және кәсіби құзыреттіліктермен анықталады.
29. ТжКБ білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылар даярлығының көзделген біліктілік деңгейіне байланысты мынадай құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған:
1) белгілі бір деңгейде дербес әрекет ете отырып, оқытушының жетекшілігімен жұмыс жүргізу, негізгі базалық білімді қолдану, практикалық тапсырмаларды орындау, нұсқаулықпен берілген алгоритм бойынша іс-әрекет тәсілін таңдау, жұмыс жағдайының шарттарына сәйкес іс-әрекеттерді түзету;
2) қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету;
3) маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.
30. ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағдарламасы толық аяқталған кезде аралық аттестаттау қорытындылары бойынша нақты мамандық бойынша жұмыс біліктілігін беру;
2) білім алушылар оқытудың даярлық деңгейін аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін, әскери мамандықтар үшін ӘАОО-да оқуды аяқтап, қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманының біліктілігін беру;
3) мемлекеттік үлгідегі құжат бере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы оқу бағдарламасы толық аяқталған кезде нақты мамандық бойынша жұмыс біліктілігін беру рұқсат етіледі.