«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж



бет3/76
Дата31.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#22919
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
«Техникалы механика» п нінен Лекциялар жина ы А сукент 2021ж

1.1.2. Статиканың аксиомалары
Статика аксиомалары Галилей – Ньютонның жалпы заңдарынан туындайды. Олар механикаға толығынан негіз бола алмайды, бірақ олар статикада қарастырылатын барлық мәселелерді қорытып шығаруға әбден жеткілікті.

1 аксиома. Еркін абсолют қатты денеге түсірілген екі күш тепе-тењдікте болу үшін олардың модульдері тең болуы және бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталуы қажет және жеткілікті (1.2 сурет).

1.2-суретте абсолют қатты денелерге түсірілген, бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған, шамалары тең мен күштері көрсетілген. Демек, мұндағы екі күш нөлге эквивалент күштер жүйесін береді:



~0, .

Сонымен, екі күш әсер ететін еркін қатты дене тепе-теңдікте болу үшін ол күштердің сан мәндері тең, бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталулары керек.



2 аксиома. Күштердің кез келген жүйесіне күштердің нөлге эквивалент жүйесін қосуға немесе одан оны алып тастауға болады, бұдан берілген жүйесінің қатты денеге әсері өзгермейді.

Бірінші және екінші аксиомаларды пайдалана отырып, абсолют қатты денеге түсірілген күштің сырғымалы вектор екенін көрсете аламыз. Ол үшін мына теореманы дәлелдейік.



1.2-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет