Теорема. Сан шамасын сақтай отырып күштің түсу нүктесін өзінің әсер ету сызығының бойымен бір орнынан екінші бір орынға көшіруге болады, одан күштің абсолют қатты денеге әсері өзгермейді.
күші алғашқыда қатты дененің А нүктесіне түсірілген болсын (1.2,б-сурет). Күштің әсер ету сызығының қандайда бір В нүктесіне шамалары тең, АВ түзуімен қарама-қарсы бағытталған және екі күш түсірейік. Бұл екеуінің де сан мәні, берілген күш -тің сан мәніне тең болсын:
Сондықтан В нүктесіндегі екі күш нөлге эквивалент болатын жүйе құрады:
~0.
Екінші аксиома бойынша:
~. (а)
Осы өрнектегі үш күштен тұратын жүйеден және екі күштен тұратын жүйені жекелеп алсақ, оның 1-аксиома бойынша нөлге эквивалент екенін көреміз:
~0.
2-аксиома бойынша күштердің нөлге эквивалент жүйесін берілген (а) жүйеден алып тастауға болады:
~. (б)
Ал (а) және (б) өрнектерін салыстырудан мынау шығады:
~.
Бұл теореманы дәлелдейді. Демек, абсолют қатты денеге әсер етуші күштер сырғымалы векторлар болып табылады. Мұндай векторлардың бастапқы нүктелерін олардың әсер ету сызықтарының кез келген нүктесіне көшіруге болады.
3 аксиома. Қатты дененің бір нүктесіне түсірілген екі күшті бір теңәсерлі күшпен ауыстыруға болады. Тең әсерлі күш берілген күштер-ден құрылған параллелограмм диагоналі-мен анықталады да сол нүктеге түсірі-леді (1.3-сурет).
Қатты дененің А нүктесіне түсірілген және күштерінен параллелограмм құрамыз да, оның диагоналін табамыз. Осы параллелограммның диагоналі берілген күштердің тең әсерлі күшін бейнелейді:
~, .
4 аксиома. Екі дене бірі-біріне әр уақытта шамалары өзара тең, бір түзудің бойымен қарама–қарсы бағытталған күштермен әсер етеді. (1.4-сурет).
Бұл аксиоманы басқаша Ньютонның 3-заңы деп те атайды.
1.4-сурет
5 аксиома. Тепе–теңдіктегі кез келген механикалық жүйеге қосымша жаңа байланыстар жасауға болады. Бұдан оның бастапқы тепе-теңдіктегі жағдайы өзгермейді.
Бұл аксиоманы қатаю принципі деп те атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |