«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж


Байланыстар. Байланыстар рeакциялары



бет5/76
Дата31.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#22919
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
«Техникалы механика» п нінен Лекциялар жина ы А сукент 2021ж

1.1.3. Байланыстар. Байланыстар рeакциялары.

Байланыстар аксиомасы
Кеңістікте кез келген бағытта қозғалыс жасай алатын денені еркін дене деп атадық. Егер дене кейбір бағыттарда қозғалыс жасай алмайтын болса, онда ол еркін емес дене деп аталады. Дене қозғалысының еркінділігін шектейтін шарттарды байланыстар деп атаймыз. Байланыстар туралы ұғым – механикадағы күрделі ұғым-дардың бірі, оны толық түрде динамикада қарастырамыз. Статикада қатты денеге қойылатын байланыстар көбінесе қозғалмайтын беттер, сызықтар, нүктелер және иілгіш жіптер түрінде кездеседі.

Байланыс рөлін атқаратын дене берілген денеге бір күшпен қарсы әсер етеді де оның қозғалысын шектейді. Бұл күшті байланыс реакциясы дейміз. Байланыс реакциясы, байланысты ойша алып тастаған кездегі мүмкін болатын дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытталады. Қатты дене статикасында еркін қатты дененің тепе-теңдігі қарастырылады. Көп жағдайларда тепе-теңдігі қарастырылатын дене басқа денелердің қоршауында болады, олардың механикалық әсерлері бұл дененің еркіндігін шектейді. Берілген дене қозғалысының еркіндігін шектейтін өзге денелер бұл дене үшін байланыстар болып табылады. Демек, статикада байланыс деп, берілген дененің кейбір бағыттардағы қозғалыстарын болдырмай, оларға шектеу жасайтын тыныштықтағы денені айтады. Абсолют қатты дене статикасында байланыс рөлін жіп, сырық, бекітілген нүкте, топса және басқада түрдегі қозғалмайтын денелер атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет