Технологическая карта урока



бет3/5
Дата23.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#85839
түріСабақ
1   2   3   4   5
«Еркін микрофон әдісі
1. 44
2. 35
3. 63
4. 28
5. Санды дәрежеге шығаруға кері амал бар ма?

  1. 49 санының квадрат түбірі нешеге тең?

  2. 27 санының үшінші дәрежелі түбірі нешеге тең?

  3. 256 санының төртінші дәрежелі түбірі нешеге тең?

  4. 243 санының бесінші дәрежелі түбірі нешеге тең?

10.Теңдеулерді шешу жолдарын көрсетіңіз:
1.
2.
3.
4.


Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі /Содержание и последовательность изложения новой темы.


Қысқаша тарихи мәлімет
Комплекс сан ұғымы тұңғыш рет ХҮІ ғасырда итальяндықтар Дж.Кардано және Р.Бомбелли қарастырған дискриминантты теріс квадрат теңдеулердің, әсіресе кубтық теңдеулердің ,шешімдеріне байланысты шыққан ұғым. 1572 жылы шыққан «Алгебра»
атты кітабында Р.Бомбелли комплекс сандарға арифметикалық операциялар қолданған.
Алғашқы кезде комплекс сандардың іс жүзінде нақты түрде түсінігі (интерпретациясы),болмағандықтан ондай түбірлерді «мүмкін емес», «жорамал» деп санап , ондай түбірлері бар теңдеулерді «түбірі жоқ» теңдеулер қатарына қосатын болған.
Комплекс сандардың жан-жақты қолданылуы тек ХҮІІІ ғасырда басталды. Міне осы кезде комплекс сандардың интегралдық есептеуде механикада және геометрияда қолданулары комплекс аргументті функцияларды қарауға әкеп соқты. Осы мәселелер жайындағы зерттеулерде туған жері Швейцария болса да, отыз жылдан аса Петербург академиясында жұмыс істеп , өзін «орыс ғалымымын» деп атап өткен Леонард Эйлер (1707-1783) мен француз математигі және философы Даланбердің (1717-1783) үлесі көп.
Комплекс сандарға жазықтықтағы нүкте не вектор деп геометриялық түсінікті 1797 жылы даниялық жер өлшеуші К. Вессель (1745-1818) берген ,бірақ тек атақты неміс математигі Карл Фридрих Гаусстың (1777-1855) комплекс сандарды арифметикаға , алгебраға, геометрия және математикалық анализге қолданған еңбектерінен кейін ғана көпшілік комплекс сандардың геометриялық мағынасын қолданып , оны толық пайдалана бастайды. Математикаға «комплекс сан » терминін кіргізген де, жоғарғы алгебраның негізгі теоремасының толық дәлелдеуін тұңғыш рет (1799 ) ұсынған да К.Гаусс.

Комплекс сан деп  түрінде жазылған санды айтады,мұнда   және   нақты сандар, ал   болса   шартына қанағаттандыратындай кейбір символ. Нақты сандар жиынында түбірі болмайтын квадрат теңдеуді, яғни х2+1=0 теңдеуін бір амалын тауып шешуіміз қажет. Демек, квадраты -1 -ге тең жаңа бір сан ұғымын енгізуіміз керек. Ол сан i арқылы белгіленеді, және оны жорамал бірлік сан деп атайды. Сонымен, х2+1=0, х2= -1 теңдеуінің х1=i, x2= -і түбірлері табылады деп есептейтін боламыз.  , ал екінші жағынан 


Анықтама: Егер а және b нақты сандар болса, онда a+bi өрнегін комплекс (жорамал) сан деп атаймыз.
Мұнда, а-комплекс санның нақты бөлімі, b— жорамал бөлігі.
Комплекс сандарды қарауға көшпес бұрын, маңызды кеңес: "өмірде" комплекс санды елестетуге тырыспаңыз - бұл біздің үш өлшемді кеңістікте төртінші өлшемді көрсетуге тырысқанмен тең. Егер қаласаңыз, комплекс сан- екі өлшемді сан.
  түрінде беріледі, мұндағы   нақты сандар, і – жорамал бірлік.
  саны z комплекс санының нақты бөлімі (Re z),
b – жорамал бөлімі (Im z) .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет