CaO + 2C (2000C) --> CaC2 + CO – ΔH , ΔH=-475кДж Кальций карбиді сумен жанасқанда ацетилен жəне кальций гидроксиді бөлінеді. Осы әдістің 2 түрі бар: дымқыл, құрғақ. "Суға карбид" принципі бойынша жұмыс істейтін генераторларда дымқыл әдіспен ұсақталған кальций карбиді көп мөлшерде су бар генераторға біркелкі беріледі, оның қызуына байланысты процесс барысында пайда болатын жылу шығарылады. Су карбидтің салмағына қатысты он есе мөлшерде алынады. Бірақ, дымқыл әдіспен алынатын ацетиленді тасымалдау, сақтау және пайдалану үлкен қиындықтар туғызады- құрамында 70% - ға дейін сұйық әк су болады. Құрғақ әдіспен жұмыс істейтін генераторларда "карбидке су" принципімен жүзеге асады, су тек осындай мөлшерде қосылады, реакцияның жүруін және жылудың бөлінуін қамтамасыз етіліп тұрады, артық су буланады. –дымқылдан қарағанда тиімдірек.
Карбид əдісі нің қарапайымдылығына қарамастан бірнеше кемшіліктері бар. Құрал-саймандардың қолайсыздығы, электр энергиясы көп жұмсалуы. Массасы 1 кг ацетилен өндіруге 10-12кВт/сағ электр энергиясы жұмсалады. Қалдықтар өте көп шығады жəне қайта қолданылмайды. Бірақ 99,9 %-ға дейін таза ацетилен алуға мүмкіндік береді.
Метандық әдіс Ацетиленді өндірісте көмірсутектен алады. Метаннан ацетилен алу (электрокрекинг) шамамен 1600 градус температурада жүреді. Екі электродтың арасында метан ағыны өтеді, ол ацетилен мен сутекке ыдырайды. Кернеуі шамамен 8000 вольт тұрақты тоқты пайдаланады. Газдың доға арқылы өту жылдамдығы шамамен 1000 м3/с; доғаның температурасы шамамен 50000С, ал оған дейін газ қыздырылатын температура шамамен 16000С. Шығатын газдарды лезде су бүркіп суытады (150-2000С-қа дейін). Негізгі міндеті – жарылғыш газды тез салқындату және оны ақ баллондармен толтыру. Ацетилен парафиндерден эндотермиялық қайтымды реакциялар нəтижесінде алынады: