Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

Шыбық жүйкесі – тілерсек буынының бүккіш, бақай буындарының жазғыш бұлшық 
еттерін, сүйектерді, буындарды, теріні жүйкелендіреді. 
3  –  сұрақ.  Ми  жүйкелері  (МЖ)  –  құрамында  жүйкелендіретін  мүшелердің 
тамырларының  қызметін  реттейтін  симпатикалық  жүйке  талшықтары  (алдыңғы 
симпатикалық  жүйке  ганглийінен  шығады)  болады.  МЖ-нің  10  жұбы  (10-  мен11- 
жұбынан басқалары) бас аумағындағы мүшелерді жүйкелендіреді. 12 жұп МЖ-нің үшеуі 
таза сезімтал (1-,2-,8-), бесеуі (3-,4-,6-,11-,12-) – таза қозғалтқыш, төртеуі (5-, 7-, 9-, 10-) 
аралас жүйкелер. 
1-  иіс  жүйкелері  –  мұрын  қуысындағы  иіс  сезімі  мүшесіндегі  нейроциттерден 
басталып, алдыңғы мидағы иіс баданасында аяқталады. 

2-  көру  жүйкесі  –  көздің  торлы  қабығындағы  ганглионды  нейроциттердің 
аксондарынан түзілген. Аралық мидың гипоталамусына көру жолы ретінде енеді. 
3-  көзқимыл  жүйкесі  –  ортаңғы  мидың  үлкен  ми  аяқшасынан  шығып,  көздің  тік 
және қиғаш бұлшық еттері мен қабақтың бұлшық еттерін жүйкелендіреді.    
4-  шығырлық  жүйке  –  ортаңғы  мидың  үлкен  ми  аяқшасы  мен  ми  көпірінің 
аралығынан басталып,көздің дорсальды қиғаш бұлшық етін жүйкелендіреді. 
5- үшкіл жүйке – үш жүйкеден құралған: көздік жүйке (сезімтал жүйке, көз шарасы, 
маңдай,  самай,  жоғарғы  қабақ  аумақтарының  терісін,  мұрын  қуысы  иіс  сезімі 
аймағынының  кілегейлі  қабығын  жүйкелендіреді.  Құрамында  көзжасы  безіне  арналған 
парасимпатикалық жүйке талшықтары болады), жоғарғы жақ жақ жүйкесі (сезімтал 
жүйке,  төменгі  қабақты,  мұрын  қуысы  тыныс  алу  аймағы  кілегейлі  қабығын,  жоғарғы 
жақты,  таңдайды,  жоғарғы  ерінді  жүйкелендіреді),  төменгі  жақ  жүйкесі  (аралас  жүйке, 
қозғалтқыш жүйке талшықтары – шайнау бұлшық еттерін, сезімтал жүйке талшықтары 
 ауыз қуысының түбін, тілдің, ұрттың кілегейлі қабықтарын, төменгі жақты, төменгі 
ерінді, иек, самай, төбе аймақтарының терісін). 
6-  әкеткіш  жүйке  –  сопақша  мидан  шығып,  көздің  латеральды  тік  және  көз 
алмасын тартқыш бұлшық еттерді жүйкелендіреді. 
7-  бет  жүйкесі  –  аралас,  қозғалтқыш  жүйке  талшықтары  –  бет  бұлшық  еттерін, 
сезімтал  жүйке  талшықтары  –  тілдің  ұшы  мен  денесіндегі  дәм  сезімі  емізікшелерін 
жүйкелендіреді.  Құрамында  сілекей  бездеріне  арналған  парасимпатикалық  жүйке 
талшықтары болады. 
8-  тепетеңдік-есту  жүйкесі  –  ішкі  құлақтан  –  есту  және  тепетеңдік  жүйке 
түбіршіктерінің қосылуынан түзіледі. Сопақша ми ядросында аяқталады. 
9-  тіл-жұтқыншақ  жүйкесі  –  аралас,  қозғалтқыш  жүйке  талшықтары  – 
жұтқыншақтың бұлшық еттерін, сезімтал жүйке талшықтары – тіл түбірінің кілегейлі 
қабығындағы  дәм  сезімі  емізікшелерін,  таңдай  мен  жұтқыншақтың  кілегейлі 
қабықтарын  жүйкелендіреді.  Құрамында  шықшыт  пен  ауыз  қуысы  қабырғасының 
сілекей бездеріне арналған парасимпатикалық жүйке талшықтары болады.  
10-  кезеген  жүйке  –  сезімтал  және  қозғалтқыш  сомалық  жүйке  талшықтары 
жұтқыншақ  пен  көмекейді  жүйкелендіреді.  Вегетативтік  жүйке  талшықтары  – 
жұтқыншақ  пен  көмекейден  бастап,  мойындағы,  көкірек  және  құрсақ  қуыстарындағы 
ішкі мүшелердің етті қабықтары мен бездерін жүйкелендіреді. 
11-  қосымша  жүйке  –  трапеция  тәрізді,  иық-бас,  төс-бас  бұлшық  еттерін 
жүйкелендіреді. 
12- тіласты жүйкесі – тіласты сүйектің бұлшық еттерін жүйкелендіреді.  
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Жүйкенің гистологиялық құрылысы. 
        2.  Жұлын  жүйкелерінің  түзілуі,  таралуы,  бөлімдері,  олардың  жүйкелендіру 
аймақтары. 
        3. Мойын жүйке торабының жүйкелері, олардың жүйкелендіру аймақтары. 
        4. Көкірек жүйкелері, олардың жүйкелендіру аймақтары. 
        5. Бел жүйке торабының жүйкелері, олардың жүйкелендіру аймақтары. 
        6. Құйымшақ жүйке торабының жүйкелері, олардың жүйкелендіру аймақтары. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
 «Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  559  – 
565 беттер. 
 
 
 
 

№27 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Жүйке жүйесі вегетативтік бөлімінің морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  жүйке  (нерв)  жүйесі  вегетативтік  бөлімімен, 
симпатикалық  жүйке  жүйесі  бөлігі  мүшелерінің  топографиясымен  және  құрылысымен 
таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  жұлын,  ми,  вегетативтік  жүйкелер  (нервтер),  вегетативтік 
ганглийлер, түйіналды (преганглионды) жүйке талшықтары, түйінсоңы (постганглионды) 
жүйке талшықтары. 
 Иллюстрация  –  вегетативтік  рефлекторлық  доға,  вегетативтік  жүйке  жүйесі 
(таблицалар, слайдтар) 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Вегетативтік жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.  
         2. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары. 
         3. Симпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері. 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақ.  Вегетативтік  жүйке  жүйесі  (ВЖЖ)  –  жануарлар  организміндегі  ішкі  мүшелер 
және  тамырлар  жүйесі  мүшелерінің  қызметтерін  реттеп,  автономды  түрде  басқарып 
отыратын  жүйке  жүйесінің  бөлімі.  ВЖЖ-нің  жоғары  орталықтары  аралық,  ортаңғы 
және  сопақша  ми  бөлімдеріндегі    қыртысасты  ядроларында  орналасады,  яғни  олар 
үлкен ми қыртысы орталықтарымен тікелей байланыста болмайды, олардың байланысы 
ассоциативтік  (байланыстырғыш)  нейроциттердің 
деңгейінде  ғана  жүреді. 
Вегетативтік  нейроциттердің  перикариондары:  1)  жұлын  мен  мидағы  жүйке 
орталықтарында  және  2)  жүйке  ганглийлерінде  (түйіндерінде)  немесе  өздері  жұмысын 
реттейтін  мүшелердің  қабырғаларында  орналасады.  Вегетативтік  нейроциттерден 
шығатын  жүйке  талшықтары  негізінен  миелинсіз  (үлпексіз)  жүйке  талшықтары 
(жіңішке болып келеді, тітіркеністерді баяу өткізеді – 0,5 – 2м/сек.). 
ВЖЖ-нің бөлімдері: 
1. Орталықтар (мида, жұлында). 
2. Түйіналды (преганглионды) жүйке талшықтары (миелинді). 
3. Жүйке ганглийлері (түйіндері). 
4.  Түінсоңы  (постганглионды)  жүйке  талшықтары  (миелинсіз)  орындаушы 
мүшелерде  аяқталады  (тамырлар  және  ішкі  ағзалар  қабырғаларындағы  етті  қабықтар, 
бездер).      
2  -сұрақ.  Симпатикалық  жүйке  жүйесінің  (СЖЖ)    қыртысасты  орталығы  –  аралық 
мидың  гипоталамусы  сұр  төмпегінің  сұр  затында,  өзіндік  орталығы  –  жұлынның  сұр 
заты  көкірек-бел  сегментерінің  латеральды  мүйіздерінде  біртұтас  болып  орналасады. 
Орталықтарды  мультиполярлы  нейроциттер  құрайды.  Өзіндік  симпатикалық  орталық  
нейроциттерінің  аксондары  миелинді  жүйке  талшықтарын  түзіп,  вентральды  жұлын 
түбіршіктері құрамында омыртқа бағанының өзегінен шығады да,  ақ байланыстырғыш 
тармақтар  ретінде  жұлын  жүйкелерінен  бөлініп,  симпатикалық  бағандардың  жүйке 
ганглийлеріне 
барады. 
Олардағы 
вегетативтік 
мультиполярлы 
нейроциттер 
дендриттерінде 
синапспен 
аяқталады. 
Өзіндік 
орталықтарды 
симпатикалық 
ганглийлермен 
жалғастыратын 
миелинді 
жүйке 
талшықтарын 
түйіналды 
(преганглионды) жүйке талшықтары деп атайды.    
3  –  сұрақ.  Симпатикалық  жүйке  жүйесінің  жүйке  ганглийлері  (түйіндері)  екі  түрлі: 
жұп  омыртқамаңы  (паравертебральды)  ганглийлері  және  тақ  омыртқаалды 
(превертебральды) ганглийлер болып бөлінеді.  
Омыртқамаңы ганглийлер омыртқалар денелерінің төменгі оң жағында және сол 
жағында  орналасып,  олар  өз  жақтарында  бір-бірімен  өзара  миелинді  преганглионды 
жүйке талшықтарымен байланысып, бастан құйрыққа дейін созылып,  оң симпатикалық 

бағанды және сол симпатикалық бағанды түзеді. Бұл симпатикалық бағандар омыртқа 
бағаны  бойымен  орналасу  орындарына  байланысты:  мойын,  көкірек,  бел,  құйымшақ 
және құйрық бөлімдерге бөлінеді. Мойын бөлімі үш ганглийдентұрады. Олар: алдыңғы 
ганглий,  ортаңғы  ганглий  (жылқыда  болмайды)  және  артқы  ганглий.  Қалған 
бөлімдердегі ганглийлер саны омыртқалар санына сәйкес келеді. Тек, 1-көкірек ганглийі 
соңғы мойын ганглийімен қосылып, «жұлдызша ганглийді» түзеді.  
Омыртқамаңы 
ганглийлері 
мультиполярлы 
нейроциттерінің 
аксондары 
постганглионды  миелинсіз  жүйке  талшықтары  түрінде  ганглийлерден  бөлініп,  сұр 
байланыстырғыш  тармақтар  ретінде  жұлын  жүйкелеріне  кері  қосылып,  олардың 
құрамында  тірек-қимыл  аппараты  мен  тері  жабыны  мүшелеріне  барып,  сол 
мүшелердің тамырларын жүйкелендіреді. 
Жұлдызша  жүйке  ганглийінің  постганглионды  жүйке  талшықтары  көкірек 
қуысындағы  мүшелердің  тамырларын  жүйкелендіреді  және  мойын  жұлын  жүйкелері 
мен  ми  жүйкелерін  сұр  миелинсіз  жүйке  талшықтарымен  жабдықтайтын  омыртқалық 
жүйкені  құрайды.  Омыртқалық  жүйке  талшықтары  симпатикалық  бағандар  құрамында 
соңғы  мойын  ганглийінен  алдыңғы  мойын  ганглийіне  бағытталып,  әр  бір  мойын 
жұлын жүйкелеріне және ми жүйкелеріне миелинсіз сұр жүйке талшықтарын бөледі. 
 Омыртқаалды  ганглийлер  құрсақ  қолқасының  ірі  артериялары  (іш,  алдыңғы 
шажырқай, артқы шажырқай артериялары) маңында орналасады. Бұларға жартыайшықты 
ганглий  мен  артқы  шажырқай  ганглийі  жатады.  Жартыайшықты  ганглийді  екі  іш 
ганглийлері  және  алдыңғы  шажырқай  ганглийі  құрайды.  Бұлар  аттас  артериялардың 
құрсақ  қолқасынан  ажырайтын  тұсында  орналасады.  Артқы  шажырқай  ганглийі  де 
аттас  артерияның  құрсақ  қолқасынан  ажырайтын  жерінде  орналасады.  Жұлыннан 
омыртқаалды  ганглийлерге  бағытталған  миелинді  преганглионды  жүйке  талшықтары 
жұп  үлкен  іш  жүйкелерін  және  жұп  кіші  іш  жүйкелерін  түзеді.  Жартыайшықты 
ганглий  нейроциттерінің  аксондары  постганглионды  миелинсіз  сұр  жүйке 
талшықтары  ретінде  кезеген  жүйке  талшықтарымен  бірге  жартыайшықты  ганглийден 
күн  сәулесі  іспеттес  таралып  шығып,  құрсақ  қуысындағы  барлық  ішкі  мүшелер 
тамырларын  жүйкелендіреді.  Жартыайшықты  ганглий  –  күндік  өрімнің  орталығы. 
Артқы  шажырқай  ганглийінің  постганглионды  миелинсіз  сұр  жүйке  талшықтары 
жамбас қуысындағы ішкі мүшелердің тамырларын жүйкелендіреді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Вегетативтік жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.  
        2. Вегетативтік жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады? 
        3. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтарының топографиясы. 
        4.  Омыртқамаңы  ганглийлерінің  топографиясы,  бөлімдері  және  жүйкелендіру 
аймақтары.  
        5.  Омыртқаалды  ганглийлерінің  топографиясы,  бөлімдері  және  жүйкелендіру 
аймақтары.  
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 565  – 
567 беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 

№28 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Жүйке жүйесі вегетативтік бөлімі парасимпатикалық 
бөлігінің морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  жүйке  (нерв)  жүйесі  вегетативтік  бөлімі 
парасимпатикалық бөлігі мүшелерінің топографиясымен және құрылысымен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  жұлын,  ми,  параисмпатикалық  вегетативтік  жүйкелер  (нервтер), 
парасимпатикалық  вегетативтік  ганглийлер,  түйіналды  (преганглионды)  жүйке 
талшықтары, түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықтары. 
 Иллюстрация  –  вегетативтік  рефлекторлық  доға,  вегетативтік  жүйке  жүйесі 
парасимпатикалық бөлігі (таблицалар, слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары. 
         2.  Парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  ганглийлері,  олардың  нейроциттер 
аксондарының жүйкелендіру аймақтары. 
         3.  Ішкі  мүшелер  қабырғаларында  орналасқан  майда  (интрамуральды)  жүйке 
тораптарының гистологиялық құрылысы. 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақ.  Парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  (ПЖЖ)    қыртысасты  орталығы  – 
аралық  мидың  гипоталамусы  сұр  төмпегінің  сұр  затында,  ал  өзіндік  орталықтары  – 
симпатикалық  жүйке  жүйесі  сияқты  біртұтас  болып  орналаспайды.  Олар  мидың  және 
жұлынның сұр затында әр жерде орналасады. ПЖЖ-де барлығы алты өзіндік орталықтар 
болады.  Олар  ортаңғы  мида,  сопақша  мида  және  жұлынның  құйымшақ  бөлімінің 
сегменттері  сұр  затының  латеральды  мүіздерінде  орналасады.  Орталықтарды 
мультиполярлы  нейроциттер  құрайды.  Өзіндік  парасимпатикалық  орталықтар  
нейроциттерінің 
аксондары 
орталықтардан 
преганглионды 
миелинді 
жүйке 
талшықтары  ретінде  шығып,  парасимпатикалық  ганглийлерге  барады  да,  жүйке 
ганглийлері нейроциттері дендриттерімен синапспен аяқталады.  
2  –  сұрақ.  1.  Ортаңғы  ми  орталығы  -  көз-қимыл  жүйкесінің  парасимпатикалық 
ядросында,  ортаңғы  мидың  алдыңғы  төмпешіктері  аймағында  орналасады. 
Орталықтың  мультиполярлы  нейроциттерінің  аксондарынан  түзілген  преганглионды 
миелинді жүйке талшықтары көз-қимыл жүйкесі құрамында мидан шығып, осы жүйке 
бойында  жатқан  кірпіктік  гаглий  нейроциттерінде  синапспен  аяқталады.  Ганглийдің 
постганглионды  миелинсіз  жүйке  талшықтарынан  түзілген  кірпіктік  жүйкелер  көз 
алмасындағы 
кірпіктік 
денені 
және 
қарашықтың 
қысқыш 
бұлшықетін 
жүйкелендіреді. Симпатикалық постганглионды жүйке талшықтары (алдыңғы мойын 
ганглийінен келеді) көздің қарашығын кеңейтеді
Сопақша ми орталықтары: 
2.  Көзжасын  бөлу  орталығының  преганлионды  жүйке  талшықтары  бет  жүйкесі 
құрамында  сопақша  мидан  шығып,  одан  бөлінеді  де,  сына-таңдай  шұңқырында 
орналасақан 
қанат-таңдай 
ганглийі 
нейроциттерінде 
аяқталады. 
Ганглийдің 
постганглионды жүйке талшықтары көзжасы безін, таңдайдың және мұрын қуысының 
кілегейлі қабықтарының бездерін жүйкелендіреді. 
3. Алдыңғы сілекей бөлу орталығының преганглионды жүйке талшықтары да бет 
жүйкесі  құрамында  сопақша  мидан  шығып,  төменгі  жақ  ганглийі  нейроциттерінде 
аяқталады.  Ганглийдің  постганглионды  жүйке  талшықтары  төменгі  жақ  және  тіласты 
сілекей бездерін жүйкелендіреді. 
4.  Артқы  сілекей  бөлу  орталығының  преганглионды  жүйке  талшықтары 
тілжұтқыншақ  жүйкесі  құрамында  сопақша  мидан  шығып,  жырымдалған  тесік 
маңындағы  құлақтық ганглий  нейроциттерінде  аяқталады.  Ганглийдің постганглионды 

жүйке  талшықтары  құлақтүбі  (шықшыт),  ұрт  және  ерін  сілекей  бездерін 
жүйкелендіреді. 
5.  Іштік  орталығының  преганглионды  жүйке  талшықтары  сомалық  жүйке 
талшықтарымен  бірігіп,  кезеген  жүйкені  құрайды.  Кезеген  жүйке  сопақша  мидан 
шыққаннан соң, Мойын аумағында  симпатикалық  бағанның мойын бөлігімен  бірігіп, 
кезеген-симпатикалық  бағанды  құрйды.  Көкірек  қуысына  кіреберісте  кезеген  жүйке 
симпатикалық  бағаннан  ажырайды  да,  көмекей  мен  жұтқыншақты  жүйкелендіретін 
сомалық  қайтарма  жүйкені  және  көкірек  қуысындағы  мүшелерге  тармақтар  бөліп, 
диафрагма  арқылы  құрсақ    қуысына  өтеді.  Құрсақ    қуысындағы  жартыайшықты 
ганглийге еніп, одан әрі симпатикалық жүйке талшықтарымен бірге құрсақ қуысындағы 
барлық    ішкі  мүшелерге  жан-жаққа  күн  сәулесі  тәрізді  таралып,  «күндік  өрімді» 
түзеді.Кезеген 
жүйкенің 
преганглионды 
жүйке 
талшықтары 
ішкі 
мүшелер 
қабырғаларындағы  микроскопиялық  майда  жүйке  түйіншелері  нейроциттері 
дендриттерінде  аяқталады.  Бұлардың  қысқа  аксондарынан  түзілген  миелинсіз 
постганлионды  жүйке  талшықтары  ішкі  мүшелер  қабырғаларының  етті  қабықтарымен 
қабаттарын және бездердерін жүйкелендіреді.   
6.  Құйымшақ  орталықтары  нейроциттерінің  преганглионды  жүйке  талшықтары 
құйымшақ  жұлын  жүйкелерінің  вентральды  түбіршіктері  құрамында  омыртқа  өзегінен 
шығып,  жұлын  жүйкелерінен  бөлінеді  де,  өзара  қосылып,  жамбас  жүйкелерін  құрайды. 
Бұл  жүйкелердің  преганглионды  миелинді  жүйке  талшықтары  жамбас  қуысындағы  ішкі 
мүшелер  қабырғаларындағы  микроскопиялық  майда  жүйке  тораптары  (түйіншелері) 
нейроциттері  дендриттерінде  аяқталады.  Бұлардың  қысқа  аксондарынан  түзілген 
миелинсіз  постганлионды  жүйке  талшықтары  ішкі  мүшелер  қабырғаларының  етті 
қабықтарымен қабаттарын және бездердерін жүйкелендіреді. 
3  –  сұрақ.  Интрамуральды  жүйке  тораптары  сыртынан  2  –  3  қабат  коллаген 
талшықтары  мен  олардың  аралықтарындағы  жасушаларынан  құралған  қапшықпен 
қапталған.  Интрамуральды  жүйке  тораптарындағы  нейроциттер  (Догель  нейроциттері) 
құрылысына байланысты үш топқа бөлінеді.  
I-түрі  –  ұзын  аксонды  эфферентті  нейроциттер.  Бұлардың  бір  ұзын  аксоны  және 
көптеген қысқа тармақталған дендриттері болады.  
II-түрі – өсінділері біркелкі келген афферентті нейоциттер. Тармақталмаған және 
бірдей  болғандықтан,  өсінділерінің  аксон,  дендриттер  екенін  бір-бірінен  ажырату  қиын. 
Бұлардың  аксондары  нейроциттердің  I-түрінің  дендриттерінде  аяқталатыны  тәжірибе 
жүзінде дәлелденген. Сондықтан, бұларды афферентті нейроциттерге  жатқызады.  
III –түрі – ассоциативті нейроциттер. 
Синапстық 
(синапсалды, 
синапссоңы 
төмпешіктеріндегі) 
көпіршіктердің 
мөлшеріне сәйкес , нейроциттердің I-түрінде: қоздырғыш холинергиялық (диаметрі 40-
60  нм)  және  тежегіш  адренгиялық  (диаметрі  30-50  нм)  синапстардың  болатындығы 
анықталды.  Ішек  қабырғаларындағы  интрамуральдық  жүйке  тораптардың  құрамында 
тежегіш  пуринергиялық  (диаметрі  100  нм)  нейроциттер  кездеседі.  Олар  өздерінен 
ішектер  қабырғаларының  перистальтикалық  рефлекстің  тежелуін  қамтамасыз  ететін 
пурин қосындыларын бөледі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.  
        2.  Парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  өзіндік  орталықтары,  олардың  жүйке 
талшықтарының жүйкелендіру аймақтары. 
        3. Интрамуральды жүйке тораптарының гистологиялық құрылысы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 567 – 569 
беттер. 

№29 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Талдағыштар (анализаторлар) морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  талдағыштардың  жануарлар  организміндегі 
маңызымен  және  бөлімдерімен,  олардың  жіктелуімен,  иіс,  дәм,  тері  сезімі 
талдағыштарының топографиясымен және құрылысымен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  талдағыштар,  рецепторлар,  өткізгіш  жолдар,  орталықтар, 
интерорецепторлар, экстерорецепторлар, проприорецепторлар. 
Иллюстрация – рефлекторлық доға, иіс, дәм, тері сезімі талдағыштары (таблицалар, 
слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Талдағыштар (анализаторлар) туралы түсінік, олардың бөлімдері. 
         2. Рецепторлар, олардың түрлері және топографиясы. 
         3. Иіс, дәм, тері сезімі талдағыштарының құрылысы және топографиясы.  
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1 - сұрақТалдағыштар (анализаторлар) – сыртқы қабылдағыш бөлімдерден басталып, 
ми  орталықтарында  аяқталатын  күрделі  жүйке  механизмі.  Жануарлар  денесінің  сезім 
мүшелері талдағыштардың шеткі қабылдағыш бөлімдері. 
Талдағыштар үш бөлімнен тұрады: 
1.  Рецепторлар  –  организмге  әсер  етуші  тітіркенгіштерді  қабылдайтын  жүйке 
жүйесінің шеткі сезімтал ұштары. 
2.  Өткізгіш  жолдар  –  тітіркенгіштер  әсерінен  сезімтал  жүйке  ұштарында  пайда 
болған жүйке толқындарын (импульстерін) рецепторлардан ми орталықтарына жеткізетін 
жүйке  талшықтары.  Өткізгіш  жолдар  орналасу  орындарына  байланысты  орталық 
өткізгіш  жолдар  және  шеткі  өткізгіш  жолдар  болып  бөлінеді.  Орталық  өткізгіш 
жолдарға  жұлын  мен  мидың  ақ  затындағы  сезімтал  жүйке  талшықтары,  ал  шеткі 
өткізгіш  жолдарға  –  жұлын  және  ми  жүйкелерінің  құрамындағы  сезімтал  жүйке 
талшықтары жатады. 
3. Ми орталықтарын – мидың сезімтал қыртыстық және қыртысасты орталықтары 
құрайды.   
2  -  сұрақ.  Рецепторлар  –  организмдегі  орналасу  орындары  мен  әсер  етуші 
тітіркенгіштердің  түрлеріне  байланысты:  интерорецепторлар  (ішкірецепторлар), 
проприорецепторлар 
(аралықрецепторлар) 
және 
экстерорецепторлар 
(сыртқырецепторлар) болып үш топқа бөлінеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет