Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

Артериолалар  (арнасы  – 50-100  мкм,  интима – эндотелий, эндотелийасты қабаты, 
ішкі эластинді жарғақ; медиа – 1 – 2 қабат миоциттер; адвентиция - БДҰ), И.М. Сеченов 
артериолаларды «тамырлар жүйесінің шүмегі» деп атаған.  
Капиллярлар  (орташа  арнасы  –  4  –  8мкм:  тар  арналы  4-7  мкм  –  бұлшық  еттерде, 
жүйкелерде,  өкпеде;  кең  арналы  7-11мкм  –  теріде,  кілегейлі  қабықтарда;  қойнауша  20-
30мкм;  Сүйектің  қызыл  кемігі  майында,  көкбауырда  –  50мкм).  Организмдегі  барлық 
капиллярлардың жалпы арнасы қолқа арнасынан 500-800 есе кең. Қабырғасы үш қабаттан 
(ішкі - эндотелий қабаты, ортаңғы – негіздік жарғақпен қапталған перициттер, сыртқы 
–  БДҰ  –  адвентициялық  жасушалар  болады)  құралған.  Жануарлар  организмдерінде 
капиллярлардың  үш  түрі  кездеседі:  1.Қабырғасы  тұтаса  жанасып  жатқан  эндотелийден 
және негіздік жарғақтан (ең көп тараған); 2.Фенестрлі капиллярлар (бүйрек денешігінің 
шумақтары,  ішек  бүрлері,  эндокринді  бездер);  3.Эндотелиоцитер  мен  негіздік  жарғақта 
диаметрі әр түрлі тесіктері болатын капиллярлар (көкбауыр т.б.). 
Венулалар  –  құрылысы  артериолаларға  ұқсас,  бірақ  арналары  кеңдеу  келеді.  Үш 
түрі  болады:  посткапиллярлық  венулалар  (8-30мкм,  құрылысы  капиларларға  ұқсас), 
жинағыш  венулалар  (30-50мкм,  медиасында  жекеленген  миоциттер  болады),  етті 
венулалар  (50-100мкм, 1-2 қабат миоциттер). Венулалар арқылы қан төменгі  қысыммен 
(10мм сынап бағаны) және тым баяу (1-2 мм/сек.) ағады. 
Артериола-венулалық 
жалғамалар 
(анастомоздар) 
– 
артериолалардың 
капиллярларға  дейінгі  байланысы.  Жалғамалар  барлық  мүшелерде  кездеседі.  Олардың 
қызмет  деңгейіне  байланысты  қанның  ағу  мөлшерін  реттеп  отырады.  Жалғамалар  – 
қабырғаларының құрылысы жағынан артериолалар мен венулаларға ұқсас (интима, медиа, 
адвентиция). 
Қан  тамырларының  тарамдалу  заңдылықтары.  Іштөлінің  дамуы  барысында 
бастапқы  кезде  біркелкі  қан  тамырлар  торы  жетіледі.  Мүшелердің  қызметіне  сәйкес  қан 
тамырларға  әр  түрлі  деңгейде  қысым  түсіреді.  Нәтижесінде  арнасы  әр  түрлі  қан 
тамырлары  жетіліп,  олар  қызметіне  байланысты:  артерияларға,  веналарға  және 
микроайналым  арнасының  қан  тамырларына  ажырайды.  Жануарлар  денесіндегі  қан 
тамырларының орналасу бағыттары мен тарамдалуы белгілі заңдылықтарға бағынады: 
1.Қан тамырлары жүйкелермен бірігіп, тамыр-жүйке будаларын түзеді. 
2.Қан  -  дененің  жүректен  алыс  негізгі  аумақтарына  (бас,  тұлға,  аяқ  т.б.) 
магистральды қан тамырларымен тасымалданады. 
3.Магистральды  қан  тамырларынан  мүшелерге  бүйірлік  тамырлар  тармақтарын  
бөлінеді. 
4.Бүйірлік  тамырлар  тармақтарының  таралуы  барлық  жануарлар  үшін  тұрақты 
болғанымен, олардың таралу реттері жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеленеді. 

5.Магистральды  қан  тамырлары  мен  олардың  бүйірлік  тамырлар  тармақтарының 
бағыттары  мен  тарамдалуы  -  хордалы  жануарлар  денеқұрылысының  жалпы 
заңдылықтарына (бірбіліктілік, екіжақты симметриялық, метамерия) бағынады. 
6.Бүйірлік  тамырлар  тармақтары  бір-бірімен  өзара  жалғамалар  (анастомоздар) 
арқылы  жалғасып,  магистральды  қан  тамырларымен  қатарласа  орналасатын 
коллатеральды қан тамырларын құрайды. Магистральды қан тамырлары істен шыққан 
жағдайда, олардың қызметін коллатеральды қан тамырлары атқарады. 
7.Жануарлар  организмінде  артериялар  тарамдалуының  төрт  түрі  ажыратылады: 
шашыраңқы, магистральды, дихотомиялық және соңғы тарамдалу. 
8.Жануарлар  организмінде  жалғамалардың  (анастомоздардың)  бірнеше  түрлері 
кездеседі:  артерия  доғалары,  артерия  торлары,  «ғажап  торлар»,  тамырлар  тораптары 
(өрімдері), артериола-венулалық анастомоздар.    
Артерия  доғалары  –  бір  мүшеге  бағытталған  бірнеше  артериолаларды  өзара 
біріктіреді (ішек, бақай артериолалары). 
Артерия  торлары  –  қан  тамырлары  соңғы  тармақтарының  бір-бірімен  өзара 
байланысып торлануы (тізенің дорсальды торы). 
«Ғажап торлар» - екі артериялар немесе екі веналар арасындағы капиллярлар торы 
(бүйрек денешіктеріндегі артериолалар арасындағы артериялық капиллярлар шумағы
бауырдағы веналар арасындағы веналық капиллярлар торы). 
Тамырлар  тораптары  –  дененің  деңгейі  әр  түрлі  жазықтықтары  бойында 
орналасқан,  бір-бірімен    жалғамалар  арқылы  байланысқан  қан  тамырлары  құрайды  (ми 
қан тамырлар торабы). 
Артериоло-венулалық  анастомоздар  (жалғамалар)  –  артериолалар  мен 
венулалардың капиллярларға дейінгі өзара жалғасы.    
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Тамырлар жүйесінің бөлімдері, олардың сипаттамасы. 
2. Қан айналым жүйесінің филогенезі және онтогенезі. 
3. Қан тамырлары, олардың түрлері және құрылысы.  
         4. Артериялардың түрлері, олардың құрылыстарындағы ерекшеліктер. 
         5.  Веналар  қабырғалары  құрылысының  артериялар  қабырғалары  құрылысынан 
айырмашылығы.          
         6. Қабырғаларының құрылысына байланысты вена қан тамырларының түрлері.  
         7. Микроайналым арнасының қан тамырлары, олардың құрылысы. 
         8. Капиллярлардың құрылысы және түрлері. 
         9.  Қан тамырларының жануарлар организміндегі тарамдалу заңдылықтары. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
 «Жануарлар  морфологиясы  және  латын терминологиясы»  оқулығы,  2005,  439  – 
451 беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№21 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Қан айналым жүйесінің морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  жүректің  топографиясымен  және  құрылысымен, 
жүрекқаптың  құрылысымен,  қан  айналым  шеңберлері  артериялары  және  веналарымен 
таныстыру. 
Түйінді сөздер: тамырлар, қан, жүрек, қарынша , жүрекше.  
Иллюстрация  –  жүрек  және  оның  топографиясы,  жүрекқап,  жүректің  жүйке-
бұлшық ет жүйесі, қан айналым шеңберлерінің артериялары және веналары (таблицалар, 
слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Жүректің топографиясы, құрылысы, жүйке-бұлшық ет жүйесі. 
         2. Жүрекқаптың құрылысы. 
         3. Қан айналым шеңберлері, олардың қан тамырлары.  
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақЖүрек – жануарлар организміндегі ішкі орта сұйық ұлпаларын (қан, лимфа, ұлпа 
сұйығы)  қозғалысқа  келтіріп,  зат  алмасудың  барлық  түрін  іс  жүзіне  асыратын  көкірек 
қуысында  орналасқан етті-жарғақты қуысты  мүше. Пішіні  конус тәрізді  келген жүрек 4 
бөлімнен (камерадан) тұрады. Оның жоғарғы жүрек табаны 1-қабырғаның орта тұсында, 
иық  буынының  деңгейінде,  төменгі  жүрек  ұшы  –  сол  жақтағы  5-6  –  қабырғааралық 
кеңістікте,  төссүйекке  жақын,  ал  жүректің  алдыңғы  дөңестеу  жиегі  3-  қабырға,  артқы 
жиегі – 6-қабырға бойында  орналасады. Жүректің сыртқы бетіндегі, оның қарама-қарсы 
жақтарында,  табанынан  ұшына  қарай  ұзынынан  өтетін  оң  және  сол  ұзынша  сайлар   
және  осы  сайлар  тұсында  орналасқан  ішкі  ет  перде  жүрек  қуысын  оң  және  сол 
бөліктерге  бөледі.  Олардың  әр  бір  бөлігі  жоғарғы  жүрекшеден  және  төменгі 
қарыншадан  тұрады.  Жүрекшелер  (оң,  сол)  мен  қарыншалар  (оң,  сол)  өзара  жүрекше-
қарыншааралық (атрио-вентрикулалытесіктер (оң, сол) арқылы қатысады. Оң тесік - 
үшжақтаулы  қақпақшамен,  сол  тесік  –  қосжақтаулы  қақпақшамен  жабдықталған. 
Қақпақшалар  жақтауларының  ұштары  сіңірлі  желілер  арқылы  жүректің  ішкі 
қабырғасындағы  емізікше  еттерге  бекіген.  Оң  жүрекшеге  алдыңғы  және  артқы  қуыс 
веналар  вена  қанын  алып  келеді.  Қан  оң  жүрекше  қабырғасы  жиырылғанда  оң  атрио-
вентрикулалы  тесік  арқылы  оң  қарынша  қуысына  өтеді.  Оң  қарынша  қабырғасы 
жиырылғанда  қақпақша  атрио-вентрикулалы  тесікті  жабады  да,  вена  қаны  үлкен 
қысыммен өкпе артериясы бағанына өтіп, қан өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі 
жүріп,  вена  қаны  артерия  қанына  айналады.  Өкпеден  артерия  қаны  өкпе  веналары 
арқылы жүректің сол жүрекшесіне келіп құйылады. Одан сол атрио-вентрикулалы тесік 
арқылы  сол  қарыншаға,  одан  артерия  қаны  қолқаға  өтеді.  Өкпе  артерия  бағаны  мен 
қолқа тесіктері үш айшықты қақпақшалармен жабдықталған. Олар тек қан тамырлары 
қуыстарына  қарай  ашылады,  ал  кері  бағытта  тесіктерді  жабады.  Қақпақшалар  - 
жүректегі қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді. Жүректің оң жағымен вена қаны, 
ал сол жағымен артерия қаны ағады.  
Жүректің  гистологиялық  құрылысы.  Қабырғасы  үш  қабықтан:  эндокардтан  (өз 
кезегінде үш қабаттан: 1.эндотелий эндотелийасты қабатымен; 2.етті- эластикалық қабат – 
қалың  тығыз  дәнекер  ұласы  эластин  талшықтарымен  және  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы 
миоциттерімен;  3.сыртқы  дәнекер  ұлпалық  қабат  –  БДҰ  өткізгіш  кардиомиоциттермен)
миокардтан  (жұмысшы  және  өткіізгіш  кардиомиоциттер),  эпикардтан  (сірлі  қабық) 
тұрады. 
Жүректің  ырғақты  жұмысын  жүйке-бұлшық  ет  жүйесі  (қойнау-жүрекше, 
жүрекше-қарынша  жүйке  және  бұлшық  ет  түйіндері  (өткізгіш  кардиомиоциттер  – 
диаметрі  жиырылғыш  кардиомиоциттерден  2-3  есе  үлкен,  миофибриллалар  аз,  көлденең 
жолақтары  байқалмайды.  Бұларда  саркоплазмалық  тор  нашар  жетілген,  Т-түтікшелер 

болмайды,  митохондриялар  аз,  гликоген  дәншелері  көп,  аэробты  тотығу  ферменттері 
(сукцинатдегидрогеназалар,  цитохромоксидазалар)  аз,  гликолитикалық  (анаэробты 
гликолизді  жүргізетін)  ферментер  көп  болады.  Өткізгіш  кардиомиоциттер  оттегтің 
жетіспеушілігіне  беійімдеу  келеді.  Қойнауша-жүрекше  түйіннің  құрамында  жүректің 
ырғақты  жиырылуын  бастайтын  майда  дөңгелекше  келген  ет  жасушалары  – 
пейсмекерлер  болады),  соңғы  түйіннен  төмен  жүрек  қабырғасына  қарай  бағытталатын 
атрио-вентрикулалы  буда,  одан  таралатын  оң  және  сол  аяқшалар)  реттейді.  Жүрек 
қабырғасын  қолқадан  ажырайтын  оң  және  сол  тәждік  артериялар  (жүректен  қолқаға 
айдалатын  қанның  10%  жүрек  қабырғасын  қоректендіруге  жұмсалады)  қоректендіреді. 
Жүрек қабырғасынан вена қанын үлкен, ортаңғы және кіші жүрек веналары жинап, оң 
жүрекшеге  әкеліп  құяды.  Жүректің  ырғақты  жұмысын  жүйке  жүйесі  вегетативті 
бөлімінің  симпатикалық  және  парасимпатикалық  бөліктері  қосарынан  жүйкелендіріп 
ретеп отырады. Симпатикалық жүйкелер - жүректің бұлшық етін, оның қан тамырларын 
жүйкелендіріп,  оның  жиырылуын  жиілетіп,  жұмысын  күшейтеді.  Парасимпатикалық 
жүйкелер - жүрек жұмысын баяулатып, оның жиырылуын сиретеді.  
Жүрек 
онтогенезде 
мезенхимадан 
(эндокард) 
және 
сегменттелмеген 
мезодерманың  висцеральды  жапырақшасынан  (миоэпикардиальды  бастамадан  – 
миокард және эпикард) дамып жетіледі. 
2  –  сұрақ.    Жүрекқап  (үлпершек)  –  жүректі  сыртынан  қаптап,  оның  бірқалыпты 
қызметін  қамтамасыз  етеді.  Ол  үш  қабаттан  тұрады:  сыртқы  қабат  –  көкірекортасы 
плеврасы,  ортаңғы  қабат  -  көкірекіштік  шандырдың  жалғасы  –  талшықты  қабат,  ішкі 
қабат  –  жүректің  сыртындағы  екі  қабат  сірлі  қабықтың  париетальды  жапырақшасы  – 
перикард  сірлі  қабығы.  Жүректің  сыртқы  қабығы  эпикард  –  жүрек  сыртындағы  екі 
қабат  сірлі  қабықтың  ішкі  висцеральды  жапырақшасы.  Жүрекқап  пен  жүректің 
аралығындағы  перикард  қуысы  –  осы  сірлі  қабықтың  париетальды  және  висцеральды 
жапырақшаларының арасындағы қуыс. Перикард қуысында сірлі қабық мезотелиоциттері 
бөлетін сірлі сұйық болады. Сірлі сұйық жүрекқап пен жүректің беттерін майлап сылап, 
жүректің  ырғақты  жиырылу  арқылы  қызметін  еш  кедіргісіз  атқаруына  мүмкіндік 
тудырады.  
3 – сұрақ. Эмбриондық даму кезеңінде жануарлар ұрығы мен іштөлі организмінде бірін-
бірі  ауыстырып дамып жетілетін екі қан айналым шеңберлері: сарыуыздық  қан айналым 
шеңбері және ұрықжолдастық (плаценталық) қан айналым шеңбері болады. 
1. Сарыуыздық қан айналым шеңбері ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда 
болып, кейіннен плаценталық қан айналым шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым 
шеңбері эмбриондық кезеңде жетілген жұп жүрек түтікшелерінің алдыңғы ұшынан пайда 
болған  дорсальдық  қолқадан  (аортадан)  басталады.  Аталмыш  қолқадан  сарыуыз-
шажырқайлық  артерия  (артерия  қаны)  бөлініп,  сарыуыз  қапшығының  қабырғасында 
капиллярлар  торына  тармақталады.  Сарыуыз  қапшығы  қабырғасындағы  капиллярлар 
торынан  вена  қаны    сарыуыз-шажырқайлық  венаға  жиналып,  жүрек  түтікшелерінің 
артқы  ұшына  ашылады  да,  даму  сатысындағы  ұрықты  сарыуыз  дәншелерінен  қанға 
сіңірілгн қоректік заттармен қамтамасыз етеді. 
2. Ұрықжолдастық (плаценталық) қан айналым шеңбері іштөлі пайда болғаннан 
бастап  қызмет  атқара  бастайды.  Бұл  кезде  іштөлі  организмінде  жүрек  жұп  түтікшеден 
төрт  бөлімді  (камералы)  жүрекке  айналып,  артерия  және  вена  қан  тамырлары  да  жетіле 
бастайды.  Вена  қаны  іштөлі  организмінен  жұп  кіндік  артериялары  арқылы 
ұрықжолдасқа  барады  да,  онда  жатыр  артерияларымен  ұрықжолдасқа  артерия  қаны 
арқылы  келетін  оттег  пен  қоректік  заттарға  қанығып,  артерия  қанына  айналады.  Қан 
кіндік  венасымен  іштөлі  бауырындағы  капиллярлар  торы  арқылы  тазаланып  өтіп,  бауыр 
венасымен  артқы  қуыс  венасымен  іштөлі  денесінің  артқы  жағынан  ағып  келетін  вена 
қанына  құяды  да,  аралас  қанға  айналады.  Бұл  аралас  қан  артқы  қуыс  вена  арқылы  оң 
жүрекшеге,  одан  жүрекшеаралық  пердедегі  сопақ  тесікпен  сол  жүрекшеге,  одан  сол 
қарыншаға, одан кейін қолқа арқылы іштөлінің денесіне тарайды. Іштөлінің бас, мойын, 

алдыңғы аяқ аумақтарынан жиналған  вена қаны алдыңғы қуыс венамен оң жүрекшеге, 
одан  оң  қарыншаға,  одан  соң  өкпе  артерия  бағаны  өкпеге  бағытталады.  Іштөлі 
өкпесінің  қызметке  қосылмауына  байланысты  вена  қаны  өкпе  артериясынан  артерия 
өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға қосылады. Төл туып, ол бірінші рет дем алғаннан 
соң,  ұрықжолдастық  қан  айналым  шеңбері  бұзылып,  төл  денесінде  кіші  және  үлкен 
қан айналым шеңберлері қалыптасады. 
3. Кіші  (өкпе) қан айналым  шеңбері  - жүректің  оң қарыншасынан  (вена қаны
өкпе  бағаны  артериясымен  өкпеге,  одан  өкпе  веналарымен  (артерия  қаны)  сол 
жүрекшеге дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүреді, нәтижесінде 
вена қаны артерия қанына айналады. Қан тамырлары: өкпе артерия бағаны, оң және сол 
өкпе артериялары, өкпе веналары. 
4.  Үлкен  (жүйелік)  қан  айналым  шеңбері  –  жүректің  сол  қарыншасынан 
(артерия  қаны)  қолқамен,  организмнің  барлық  артерияларымен,  дененің  барлық 
мүшелері  капиллярларымен,  мүшелер  веналарымен  (вена  қаны),  краниальды  және 
каудальды қуыс веналар арқылы жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. 
Үлкен қан айналым шеңбері арқылы  жануарлар организмі барлық мүшелер жүйелеріндегі 
зат  және  газ  алмасу  процестері  жүреді.  Қан  тамырлары:  қолқа  доғасы,  иық-бас 
бағанының  тармақтары,  бұғанаасты  артериясының  тармақтары,  көкірек  қолқасының 
тармақтары,  бас  артериясы,  ішкі  ұйқы  артериясы,  сыртқы  ұйқы  артериясы,  құрсақ 
қолқасы  париетальды  артерия  тармақтары,  құрсақ  қолқасы  висцеральды  артерия 
тармақтары,  алдыңғы  аяқ  артериялары,  ішкі  мықын  артериясының  париетальды 
тамарлары,  ішкі  мықын  артериясының  висцеральды  тамырлары,  артқы  аяқ  артериялары, 
вена  қан  тамырлары:  үлкен  қан  айналым  шеңберінің  веналары,  алдыңғы  қуыс  венасы 
тамырларының  жүйесі,  бас  аумағының  веналары,  алдыңғы  аяқ  веналары,  артқы  қуыс 
венасы тамырларының жүйесі, артқы аяқ веналары, бауырдың қақпалық венасы. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Жүректің топографиясы және құрылысы.  
2. Жүректің гистологиялық құрылысы. 
3. Жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесі.  
        4. Жүрекқаптың құрылысы.         
        5. Сарыуыздық қан айналым шеңбері. 
        6. Ұрықжолдастық (плаценталық) қан айналым шеңбері. 
        7. Кіші (өкпе) қан айналым шеңберінің қан тамырлары. 
        8. Үлкен (жүйелік) қан айналым шеңберінің қан тамырлары. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
 
«Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  451  – 
503 беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№22 ДӘРІС 
 
Дәрістің тақырыбы: Лимфа айналым жүйесінің морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  лимфа  жүйесімен  және  оның  дамуымен,  лимфа 
тамырларының  түрлерімен  және  олардың  құрылысымен,  лимфа  түйіндері  және 
гемолимфалық түйіндердің топографиясымен және құрылысымен таныстыру. 
Түйінді сөздер: лимфа, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, гемолимфалық түйіндер.  
Иллюстрация  –  тамырлар  жүйесі,  лимфа  түйіндерінің  топографиясы,  лимфа 
түйінінің құрылысы (таблицалар, слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Лимфа айналым жүйесінің жалпы сипаттамасы және оның дамуы. 
         2. Лимфа тамырлары, олардың түрлері, топографиясы және құрылысы. 
         3.  Лимфа  түйіндерінің,  гемолимфалық  түйіндер  мен  лимфо-эпителиальды 
құрылымдардың топографиясы және құрылысы. 
         4.  Жануарлар организміндегі лимфа орталықтары. 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақЛимфа айналым жүйесі – құрылысы мен қызметі жағынан қан айналым жүйесі 
мүшелерімен  тығыз  морфологиялық    байланыста  болады.  Бұл  жүйе  қан  айналым  жүйесі 
мүшелерінен  зат  алмасу  процесі  барысында  қан  тамырларының  қабырғалары  арқылы 
қаннан  қоршаған  ұлпаларға  сүзіліп  шыққан  ұлпа  сұйығынан  басталып,  жеке  жүйе 
ретінде қызмет атқарып, соңында жануарлар денесінен лимфаны жинайтын екі ірі лимфа 
өзектерінің  (оң  лимфа  бағаны,  көкірек  өзегі)  краниальды  қуыс  венаға  құйылуымен 
аяқталады.  Лимфа  айналым  жүйесі  –  лимфа  тамырларынан,  лимфа  түйіндерінен
гемолимфалық  түйіндерден,  лимфа  өзектерінен  және  олардың  қуыстарымен  үздіксіз 
қозғалыста болатын сұйық ұлпаларданұлпа сұйығынан және лимфадан тұрады.  
Ұлпа  сұйығы  –  зат  алмасу  барысында  микроайналым  арнасының  қан  тамырлары 
қабырғалары  арқылы  қоршаған  ұлпаларға  қаннан  бөлінген  сұйық.  Ұлпа  сұйығы  –  деп, 
ұлпалардан  лимфа  капиллярларымен,  әкелгіш  лимфа  тамырларымен  лимфа  түйіндеріне 
дейін ағатын сұйықты атайды. 
Лимфа  –  тірі  сұйық  ұлпа.  Ол  жануарлар  организмінің  сұйық  ішкі  орта  ұлпасы 
ретінде  -  ұлпа  сұйығынан  (лимфа  плазмасы)  және  лимфа  жасушаларынан 
(лимфобласттар,  лимфоциттер,  макрофагтар,  плазмоциттер)  тұрады.  Сондықтан,  ұлпа 
сұйығы лимфа түйіндерінен ағып шыққаннан кейін ғана лимфа – деп аталады. 
Лимфа жүйесінің негізгі қызметтері:  
1)  организмдегі  ұлпааралық  кеңістіктердегі  қалыпты  мөлшерден  артық  ұлпа 
сұйығын  лимфа  тамырларына  сорып  сіңіріп,  қан  айналым  жүйесіне  өткізу  арқылы 
дренаждық қызмет атқарады; 
2) қан капиллярларының қабырғалары арқылы өте алмай, қанға сорыла алмайтын ірі 
молекулалы  белоктық  заттар  (гормондар)  ішекте  қорытылған  липидтердің 
мономерлері (май қышқылдары, глицерин) тікелей лимфаға сорылады; 
3)  лимфа  айналым  жүйесіне  (түрлі  мүшелердегі  ұлпа  сұйығына)  сыртқы  қоршаған 
ортадан организмге түскен бөгде заттар мен түрлі микроорганизмдер механикалық және 
биологиялық  тазалаулардан  өтіп  залалсызданғаннан  кейін  ғана,  лимфа  ретінде  қанға 
құйылады (қорғаныс қызметі);   
4)  лимфа  түйіндерінде  жасушалық  және  гуморальдық  иммунитеттерге  жауапты 
лимфоциттер (Т-, В-) және антиденелер түзіледі. 
Лимфа  айналым  жүйесінің  дамуы.  Филогенез.  1.  Омыртқасыз  жануарлар  мен 
төменгі сатыдағы хордалы жануарларда (қандауырша) - бұл жүйенің қызметін вена қан 
айналым жүйесі атқарады. 

2.  Балықтарда,  қосмекенділерде,  бауырымен  жорғалаушыларда    -  лимфа 
айналым жүйесі қарапайым лимфа қойнаулары (тері астында, ішкі мүшелерде) түрінде 
жетілген. 
3.  Құстарда  лимфа  қойнауларының  орнында  жіңішке  келген  түтікше  лимфа 
тамырлары жетіледі. Бұлар тек жүрек бағытына қарай ашылып, кері бағытта жабылатын 
қақпақшалармен  (клапандармен)  жабдықталған.  Бірақ  қақпақшалар  құстарда  сирек 
орналасады. Лимфа түйіндері мен лимфоидты құрлымдар тек жылы қанды жануарларда 
(құстар  мен  сүтқоректілер)  жақсы  жетілген.  Құстарда  мұндай  құрылымдар  жұтқыншақ 
пен өңеште, бүйенде кездеседі. 
4. Сүтқоректі жануарларда – лимфа түйіндері жоғары деңгейде жетілген. 
Онтогенез.  Лимфа  айналым  жүйесі  қан  айналым  жүйесімен  бірге  мезенхимадан 
дамып жетіледі. 
2  –  сұрақ.  Лимфа  айналым  жүйесі  –  лимфа  саңлауларынан  (эпителиоциттер 
аралықтарында,  БДҰ  -  да),  лимфа  кеңістіктерінен  (периваскулалы,  периневральды), 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет