лимфа қойнауларынан (қарын, ішек кілегейлі қабықтарындағы ұлпа сұйығына толған
тұйық түтікшелер), лимфа қуыстарынан (ми, жұлын қабықтары арасындағы кеңістіктер,
жұлынның орталық өзегі, ми қарыншалары, көз алмасының қуысы, буын
қуыстары,синовиальды қапшықтар мен қынаптар, сірлі қуыстар,ішкі құлақ қуысы) ұлпа
сұйығы ретінде бастау алып, пішіні саусақ тәрізді тым жұқа қабырғалы, томпайып тұйық
басталатын лимфа капиллярларына өтеді.
Лимфа капиллярларының қабырғалары екі қабаттан: жұқа жалаң қабат
эндотелиоциттерден және оның сыртындағы БДҰ – нан тұрады. Бұларда қан
капиллярлары қабырғаларындағыдай эндотелий мен БДҰ – сы аралығында негіздік
жарғақ (базальды мембрана) болмайды. Сондықтан, лимфа капиллярларының арнасы
қан капиллярларының арнасына қарағанда кең де, созылмалы (диаметрі 5 – 100 мкм дейін
өзгеріп отырады) болып келеді. Эндотелиоциттердің аралықтарында ірі молекулалы
заттар, жасушалар мен олардың ірі бөліктері өтетін тесіктер бар. Эндотелиоциттердің
цитоплазмасында лимфа капиллярлары қабырғаларының өткізгіштігін реттеп отыратын
актинді микрофиламенттердің болатындығы анықталды. Лимфа капиллярлары - өздері
орналасқан ұлпалар мен мүшелердің құрылысы мен олардағы зат алмасу ерекшеліктеріне
байланысты тарілмекті және кеңілмекті торлар түзеді. Лимфа капиллярлары мида,
жұлында, сүйектерде, гиалин шеміршегінде, көкбауыр паренхимасында, тері
эпидермисінде,бауырда, көздің қасаң қабығы мен көз бұршағында болмайды.
Лимфа тамырлары (ЛТ) – орналасу орындарына байланысты беткей ЛТ және
терең ЛТ болып екі топқа бөлінеді. Беткей ЛТ - тері астында, ал терең ЛТ - тамыр-жүйке
будаларының құрамына кіреді. ЛТ-ы дененің белгілі аймақтарының шеткі жақтарынан
ұлпа сұйығын жинап , осы аймақ орталығында орналасқан лимфа түйіндеріне радиальды
бағытта алып келеді. Бұндай лимфа түйіндерін аймақтық лимфа түйіндері немесе
региондық лимфа түйіндері – деп аталады. Бір региондық лимфа түйіні мен оған жан-
жақтан радиальды бағытта ұлпа сұйғын алып келетін ЛТ-ының сыртқы көрінісі бір ағаш
діңгегінен тараған ағаш тамырларына ұқсас болып келетіндіктен, лимфа түйінінің
түбірі – деп аталады. ЛТ-ы арнасының диаметріне байланысты: майда, орташа және ірі
ЛТ-ы болып үш топқа бөлінеді. Майда ЛТ – ы қабырғаларының құрылысы лимфа
капиллярлары қабырғаларының құрлысына (эндотелий, БДҰ) ұқсас. Олар өзара
анастомоздар арқылы жалғасып жатады. Орташа, әсіресе, ірі ЛТ-ы (өрлеме ЛТ-ы)
қабырғаларының құрылысы етті вена қабырғасына ұқсас, яғни үш қабықтан: интима
(эндотелий, БДҰ), медиа (ішкі сақинаша,сыртқы қиғаш - миоциттер), адвентиция (БДҰ)
қабықтарынан құралған. Лимфа түйіндеріне ұлпа сұйығын немесе лимфаны алып келетін
ЛТ-ын әкелгіш ЛТ-ы, ал лимфаны лимфа түйіндерінен алып шығатын ЛТ-ын әкеткіш
ЛТ-ы – деп аталады. ЛТ-ының ішкі интима қабығында жүрекке қарай ашылып, кері
бағытта жабылатын қақпақшалар болады. Организмдегі лимфа түйіндерінен лимфаны
алып шығатын әкеткіш ЛТ-ы бір-бірімен қосылып бірігіп, лимфаның қан айналым
арнасына құйылуын қамтамасыз ететін ірі тамырларды негізгі лимфа тамырлары дейді.
Бұларға: бел цистернасы, көкірек өзегі, оң лимфа бағаны, бел, ішек және кеңірдек өзектері
жатады. Денеден жиналатын лимфа ең соңында оң лимфа бағаны (бас, мойын, көкірек
керегесі аумақтарының оң жағынан, оң алдыңғы аяқтан жинайды) мен көкірек өзегі
(дененің қалған бөлігінен жинайды) арқылы краниальды қуыс венаға құйылады. Бұлардың
адвентиция қабықтарында өзектердің ұзын бойын бойлай орналасатын, бір-бірінен БДҰ-
лық аралықтармен бөлінген миоциттер будалары болады.
3 – сұрақ. Лимфа түйіндері ( ЛТн) – жануарлар денесінің белгілі бір аймақтарында,
әкелгіш ЛТ – лары бойында орналасып, сол аймақтардан немесе мүшелерден лимфаны
(ұлпа сұйығын) жинап алып шығатын, құрылысы паренхималы мүше. Пішіні лобия
немесе дөңгелекше келген сұр немесе сары-сұр түсті ЛТн-дерінің мөлшері жануарлардың
түрлеріне байланысты (0,2 см – 20 см) болады. Жылқы ЛТн – майда болып келеді. Олар
кейде бір жерде 40 дейін топтасып жатады. Жалпы саны 8000. Сиыр ЛТн ірілеу болып
келеді, жалпы саны 300, қой мен ешкіде 300-600, шошқада 200, итте – 60 шақты. ЛТн-
дері жануарлар денесіндегі орналасу орындарына қарай: беткей және терең ЛТн-і деп
бөлінеді. Беткей ЛТн-і тері астында орналасады. Оларды сипап зерттеу және тексеру
арқылы жануарларда болатын түрлі ауруларға алдынала мән беріп, оларды анықтауға
болады.
ЛТн – дері – шеткі қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелері. Олардың
қызметтері:
1. ұлпа сұйығына түскен организмге жат түрлі бөгде заттар, істен шыққан жасушалар
қалдықтары, микроорганизмдер мен олардың токсиндері (улары) ЛТн-інінің негізін
құрайтын ретикулалы ұлпа арқылы механикалық және биологиялық сүзгіден өтеді;
2. лимфоциттер және макрофагтардың қатысуымен ұлпа сұйығы құрамындағы бөгде
заттар, жасушалар қалдықтары, микроорганизмдер мен олардың улары фагоцитоз
жолымен жойылып, залалсыздандырылып отырады;
3. қан жасау қызметін атқарады (Т-, В- лимфоциттер түзіледі);
4. қорғаныс қызметін атқарады (антиденелер түзіледі).
Әкелгіш ЛТ ЛТн-дерінің дөңес жағынан (шошқада керісінше ЛТн қақпасы жағынан)
енеді, ал әкеткіш ЛТ ЛТн-нің ойыс жағындағы ЛТн қақпасы лимфаны алып шығады.
ЛТн нің гистологиялық құрылысы. ЛТн - паренхималы мүше ретінде
паренхимадан (ретикулалы ұлпада орналасқан лимфоидты ұлпа – лимфобласттар,
лимфоциттер, макрофагтар) және стромадан (сыртқы тығыз ДҰ – лық қапшық, одан
түйін ішіне торлана таралатын – перделіктер -трабекулалар) тұрады. ЛТн – шеткі тығыз
келген қыртысты заттан (қапшық пен перделіктердің аралықтарында орналасқан, бір-
бірімен тығыз жатқан лимфа түйіншелері, шеткі қойнау), аралық - қыртысмаңы
аймақтан (перделіктер, жұмсақ баулар, аралық қойнаулар) , орталық ақшыл келген
бозғылт заттан (бозғылтша баулар, орталық қойнаулар) тұрады. Лимфа түйіншелері мен
бозғылтша бауларда В-лимфоциттер көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) жасушаларға
айналады. Сондықтан, ЛТн –нің қыртысты және бозғылт заттары В аймақтар – деп
аталады. Қыртысмаңы аймағында Т-лимфоциттер көбейіп жетіледі. Қыртысмаңы
аймағын Т аймақ – деп атайды. Лимфа түйіншелерінің ақшыл келген орталық бөлігін
түйіншенің көбею (герминативті) орталығы (лимфобласттар) – деп атайды. Бұл
орталықтың макрофагтары түрлі әсер етуші факторларға жедел жауап береді. Осыған
байланысты көбею орталығын реактивті орталық деп те атайды. Лимфа түйіншелерінің
шеткі жағында эффекторлы кіші В- лимфоциттер тәж тәрізді қаптап жатады. Бұлар
лимфа түйіншелерінен бозғылтша бауларға өтіп, антиденелер түзетін плазмоциттерге
айналады.
Қыртысмаңы аймағы – тимусқа тәуелді аймақ. Тимустан келіп қоныстанған Т-
лимфоциттердің көбейіп, жетіліп мамандануына қолайлы микроортаны ретикулалы
ұлпамен қатар, фагоцитоз үдерісіне қатыспайтын саусақша өсінділі макрофагтар да
жасайды. Олар антигендерді плазмолемм маңында жинақтап, Т-лимфоциттердің аталмыш
антигендерге сәйкес жетіліп, эффекторлы Т-лимфоциттерге айналуын қамтамасыз
ететін гликопротеидтерді бөледі.
Бозғылт зат ретикулалы ұлпасында орналасқан бозғылтша баулар В-
лимфоциттерден, олардан жетілген плазмоциттерден (иммуноциттерден – G-
иммундыглобулиндерді түзеді) және макрофагтардан құралған. ЛТн- дер
паренхимасын құрайтын лимфоидты ұлпаны (лимфа түйіншелері, жұмсақ баулар,
бозғылтша баулар) шеткі, аралық, орталық қойнаулардан (қойнаулардың негізін
ретикулалы ұлпа құрайды) және строманы құрайтын ЛТн қапшығы мен перделіктерден
ретикуло-эндотелиоциттер оқшаулап тұрады. Бұл жасушалардың аралықтарында
лимфоциттер мен ірі иммундыглобулиндер молекулалары лимфаға қарай өтетін саңлаулар
болады.
Гемолимфалық түйіндер – көкірек және құрсақ қолқалары, бүйрек артериялары
бойында орналасқан қызыл түсті майда түйіндер. Құрылысы ЛТн-не ұқсас, тек олардың
паренхимасын миелоидты ұлпа құрайды. Бұл түйіндерде негізінен аз мөлшерде
эритроциттер мен гранулоциттер дамып жетіледі.
Лимфо-эпителиальды құрылымдар (ЛЭҚ) – негізінен лимфа түйіншелері
(құрылысы ЛТн-і қыртысты затындағы лимфа түйншелеріне ұқсас) түрінде азық қорыту
мүшелерінің кілегейлі қабығы өзіндік тақташаларында, олардың эпителий қабатымен
жанаса жеке немесе топтасып орналасады. Олардың пішіні мен мөлшері әр түрлі болып
келеді. Ірі құрылымдар ауыз қуысы мен жұтқыншақ шекарасында орналасып,
бадамшалар (миндалиналар) – деп аталады. Жануарларда тіл, жұтқыншақ, шошқада
көмекеймаңы бадамшалары болады. Мықын ішек, бүйен, тоқ ішек кілегейлі
қабықтарында жекеленген немесе топтасып жатқан лимфа түйіншелері болады.
Топтасып жатқан түйіншелерді пейер түймешелері (бляшкалары) – деп атайды. ЛЭҚ –
шеткі қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелеріне жатады. Бұларда жетілетін
эффекторлы Т-, В- лимфоциттер азық қорыту мүшелеріне азықпен келіп түскен
микроорганизмдер мен бөгде антигендерді фагоцитоз арқылы жояды. ЛЭҚ В-
лимфоциттерінен туындаған плазмоциттер А-иммундыглобулиндерді түзеді.
4 – сұрақ. Жануарлар организмдері дене аймақтарындағы ЛТн- дері орналасу
орындарын байланысты топтасып, лимфа орталықтарын (ЛО) жасайды. Организмде
барлығы 19 ЛО болады. Бас ЛТн-і (1.Шықшыт ЛО, 2.Төменгі жақ ЛО, 3.Жұтқыншақарты
ЛО); мойын ЛТн-і (1.Беткей мойын ЛО, 2.Терең мойынЛО); алдыңғы аяқ ЛТн-і (1.
Қолтық ЛО,); артқы аяқ ЛТн-і (1.Тобықасты ЛО, Тобықүсті ЛО, 3.Шаптың беткей ЛО,
4.Шаптың терең ЛО); көкірек қабырғасы мен көкірек қуысы мүшелерінің ЛТн-дері
(1.Дорсальды көкірек ЛО, 2.Көкірек ортасының ЛО, 3.Вентральды көкірекЛО, 4.Бронхтық
ЛО); құрсақ және жамбас қабырғаларының ЛТн- дері (1.Белдің қолқалық ЛО,
2.Мықын-құйымшақ ЛО); құрсақ және жамбас қуыстар мүшелерінің ЛТн-дері (1.Бел
ЛО, 2.ІШ ЛО, 3.Краниальды шажырқай ЛО, 4.Каудальды шажырқайЛО).
Бақылау сұрақтары:
1. Лимфа айналым жүйесінің жалпы сипаттамасы.
2. Лимфа айналым жүйесінің дамуы: филогенезі, онтогенезі.
3. Лимфа тамырлары: лимфа капиллярларының құрылысындағы ерекшеліктер.
4. Арнасының диаметріне байланысты лимфа тамырларының бөлінуі, олардың
құрылыс ерекшеліктері. Негізгі лимфа тамырлары.
5. Әкелгіш және әкеткіш лимфа тамырларына сипаттама беріңіз.
6. Лимфа түйіндері, олардың топографиясы және құрылысы.
7. Гемолимфалық түйіндер мен лимфо-эпителиальды құрылымдардың топографиясы
және құрылысы.
8. Жануарлар организміндегі лимфа орталықтары.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.
«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 504 –
524 беттер.
№23 ДӘРІС
Дәрістің тақырыбы: Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелері жүйесінің
морфологиясы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінің
дамуымен, топографиясымен және құрылысымен таныстыру.
Түйінді сөздер: қантүзілу, сүйек кемігі, сүйек майы, тимус, клоака қапшығы,
көкбауыр.
Иллюстрация – сүйек кемігі майындағы қантүзілу, тимус, көкбауыр (таблицалар,
слайдтар).
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінің жалпы сипаттамасы.
2. Орталық қан жасау мүшелерінің (сүйек кемігі майы, тимус, клоака қапшығы)
дамуы, топографиясы және құрылысы.
3. Шеткі қан жасау мүшелерінің (көкбауыр, Лтн-дері, ЛЭҚ) дамуы, топографиясы
және құрылысы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінің маңызы:
1. Организмдегі қантүзілу процесін және қанның морфологиялық құрамы мен
иммундық тұрақтылығын ( гомеостаз) қамтамасыз етеді,
2. Қорғаныс қызметін атқарады (құрамындағы макрофагтар мен иммундыхабардар
жасушалар организмге түскен бөгде заттар мен істен шыққан жасушалар мен олардың
қалдық бөлшектерін, микроорганизмдерді жояды),
3. Бұларда қан мен лимфаның қоры уақытша сақталады.
Жануарлардың эмбриондық даму кезеңінде сарыуыз қапшығы қабырғасында
мезенхимадан жетілген көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалар
(қантүзілудің мезобластикалық кезеңі) қан жасау мүшелеріне, алдымен бауыр мен
көкбауырға ( гепато-лиенальды кезең), одан соң сүйек кемігі майына ( медуллалы кезең)
келіп қоныстанып, бөліну арқылы көбейіп, маманданып жетіліп, организмдегі қантүзілу
процесін іс жүзіне асырады. Сүйектер кемігі майында - діңгекті жасушалардан қан
жасушаларының көпмүмкіндікті, олардан бірмүмкіндікті (унипотентті) бастама
( ізашар) жасушалары – бласттар жетіліп, олардан эритроциттер, гранулоциттер, қан
табақшалары дамиды. Қан жасау мүшелеріндегі ретикулалы ұлпа мен макрофагтар
жасаған қолайлы микроортада Т- және В- лимфоциттердің ізашар жасушаларынан
иммундыхабардар ( иммундыкомпетентті) Т- және В- лимфоциттер түзіліп, олар
қанның ағысымен тимусқа және ішек түйіншелеріне (құста - клоака қапшығына) барып,
антигенге тәуелді Т- және В- лимфоциттерге айналады. Олар шеткі қан жасау мүшелеріне
қанның ағысымен өтіп, көбейіп маманданып, организмдегі иммундық қорғанысты
қамтамасыз ететін эффекторлы (әсерлі) жасушаларға айналады.
Қан жасау мүшелері - құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Олар
паренхимадан және стромадан тұрады. Сүйектің қызыл кемігі майы, көкбауыр, ЛТн-
дері, лимфо-эпителиальды құрлымдар паренхимасының негізін ретикулалы ұлпа, ал
тимус пен фабриций (клоака) қапшығы паренхимасының – торлы-эпителиальды ұлпа
құрайды.
Ретикулалы
және
торлы-эпителиальды
ұлпалардың
жасушалары
( ретикулоциттер, өсінділі эпителиоциттер) мен макрофагтар қан жасау мүшелеріндегі
қантүзілу процесінің жоғары деңгейде жүруіне қолайлы микроорта түзеді. Қан жасау
мүшелерінің паренхимасы - миелоидты ұлпадан (эритроциттер, гранулоциттер,
мегакариоциттер туындысы – қан табақшалары, моноциттер және лимфоциттердің ізашар
бастамалары – бласттар түзілетін ұлпа) және лимфоидты ұлпадан (Т-, В-лимфрциттер,
плазмоциттер түзілетін ұлпа) құралған. Бұлардың негізін ретикулалы ұлпа және торлы-
эпителиальды ұлпа түзеді. Қан жасау мүшелерін қанмен жабдықтайтын қойнауша
капиллярлар мен поственулалардың ерекше құрылысы мүшелер арқылы ағып өтетін
қан мен лимфаның ағысын мейлінше баяулатып, пісіп жетілген қан жасушаларының қан
жасау мүшелерінің паренхимасынан аталған тамырлар арнасына өтуіне толық мүмкіндік
береді.
Сүйек майы – белгілі деңгейде өздігінен реттеліп отыратын діңгекті жасушалар
топтары (популяциялары) орналасқан орталық қан жасау мүшесі. Омыртқалы
жануарларда екі түрлі сүйек майы болады: жілік майы және сүйектің қызыл кемігінің
майы. Жілік майы – жіліктер қуыстарында түзіліп жиналатын май ұлпасы, қоректік заттар
қорының қызметін атқарады. Оның негізін ретикулалы ұлпа және БДҰ-ы құрайды. Май
ұлпасын құрайтын липоциттер ( адипоциттер) – БДҰ-ындағы адвентициальды
жасушалардан жетіледі. Кейбір ауруларға байланысты (мыс. Қан кету т.б.) сүйектің
қызыл кемігі майында қантүзілу процесінің деңгейі төмендесе, онда жілік майында
қосымша қан жасау ошақтары түзіліп, қантүзілу процесі жүреді.
Сүйектің қызыл кемігі майы (СҚКМ) – жануарлар организміндегі қан жасау
мүшелері жүйесінің орталық мүшесі. СҚКМ-да діңгекті жасушалардан қан
жасушаларының бастама ізашар жасушалары – бласттар түзіледі. Олардың көбі
(эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер) СҚКМ-да толық жетіліп,
қанға шығарылады. Ал лимфобласттар қанға өтіп, қанның ағысымен тимусқа,
көкбауырға, ЛТн-деріне, ЛЭҚ-дарға барып, қоныстанып, антигендерге тәуелді
маманданып, әсерлі жасушаларға айналады. СҚКМ-ның дамуы. СҚКМ –
эмбриогенездің алғашқы кезеңінде-ақ, алдымен жалпақ сүйектерде (жауырын, жамбас
сүйек, шүйде сүек, қабырғалар, төссүйек, бассүйектің негіздік сүйектері), кейіннен
жіліктер эпифиздерінде, омыртқалардың кемік затында мезенхимадан дамып жетіледі.
Қызыл-күрең түсті, қоймалжың келген СҚКМ (дене салмағының 4-5% құрайды) –
сүйектердің кемік затының ұяшықтарында орналасады. СҚКМ нысандық шыныларға
жұқа жұғындылар жасап, арнайы бояулармен бояп, микроскоппен зерттейді. СҚКМ -
сүйектер ұяшықтарындағы эндоосттан торлана таралатын дәнекер ұлпалық желілер
аралықтарында, ретикулалы ұлпада орналасады. СҚКМ паренхимасын – жасушалар
құрамының көптүрлілігімен ерекшеленетін миелоидты ұлпа (МҰ) құрайды. МҰ
микроайналым арнасының қан тамырларының жиі торымен жабдықталған. МҰ-дағы
діңгекті жасушалар көбіне эндоост маңында орналасады. Ретикулалы ұлпадағы
қойнауша қан капиллярларының айналасында түрлі қан жасушаларының даму
қатарлары (эритроциттердің, гранулоциттердің, мегакариоциттердің даму орталықтары)
топтасып жатады.
Эритроциттердің даму орталықтары макрофагтардың айналасында пішіні түрлі
аралшықтар (жасушалары: эритробласттар, базофилді, полихроматофилді, оксифилді
нормоциттер) жасайды. Аралшықтардың ортасында орналасқан макрофагтар
эритроциттердің түзілуіне керекті Fe көкбаурдан алып келумен қатар, істен шыққан
ескірген эритроциттер мен жетіліп жатқан нормоциттер ядроларын қармап жойып
отырады.
Гранулоциттердің даму қатарлары СҚКМ ішіндегі қойнауша капиллярлар
айналасында орналасып, аралшықтар жасайды. Даму сатысындағы эозинофилді,
нейтрофилді,
базофилді
миелобласттардан
–
аттарына
сәйкес
олардың
цитоплазмасында боялған дәншелері болатын миелоциттер, промиелоциттер,
метамиелоциттер дамып жетіледі. Гранулоциттердің макрофагтармен байланысы
болмайды.
Пісіп
жетілген
гранулоциттер
СҚКМ-да
қорланып,
СҚКМ-дағы
эритроциттердің санынан 3 есе көп, ал шеткі қан құрамындағы гранулоциттердің санына
қарағанда 20 есе көп болады.
Көпядролы
ірі
мегакариобласттар
мен
мегакариоциттер
қойнауша
капиллярлардың қабырғаларымен жанасып орналасады. Миелоидты ұлпа аралшықтары
аралықтарындағы микроайналым арнасы қан тамырларының айналасында моноциттер
мен лимфоциттердің бласттары топтасып жатады. СҚКМ-да липоциттер
(адипоциттер) көптеп кездеседі.
Айырша без (тимус), АБ – екі бөліктен (таө көкірек, жұп мойын) тұратын,
организмдегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызметін бақылып реттеп ортыратын
қан жасау және иммундыө қорғаныс жүйесінің орталық мүшесі. АБ-де лимфоциттердің
түрлі топтары және тимозин гормоны түзіледі, биологиялық белсенді заттар (инсулин
кальцитонин тәрізді заттар) бөлінеді. Ол жас төлдерде жақсы жетілген. АБ–дің
паренхимасының негізін құрайтын ретикуло-эпителиоциттер біріншілік жұтқыншақтың
3-4- желбезек қалталарының энтодермасынан дамып жетіледі. АБ паренхимасының
лимфоидты ұлпасын СҚКМ-нан қоныс аударған Т-лимфоциттер бастамалары
( бласттар) құрайды. Сыртындағы ДҰ-лық қапшықтан АБ ішіне таралатын ДҰ-лық
перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер сыртқы қыртысты және
ішкі бозғылт заттардан (тимус – Гассаль денешіктері) құралған. АБ жануарлар
есейген сайын, бездің мөлшері кішірейіп, біртіндеп май ұлпасына айналады.
Құс
клоака
(Фабриций)
қапшығы
(КҚ)
–
құс
организміндегі
иммундыбиологиялық қорғаныстың орталық мүшесі. КҚ-ында қапшыққа (бурсаға)
тәуелді В-лимфоциттер дамиды. Шеткі қан жасау мүшелерінің В+-лимфоциттер
аймақтарында дамып жетіліп, антиденелер түзгіш плазмоциттерге айналады. КҚ-ның
көпқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған кілегейлі қабығында майда лимфа
түйіншелері орналасады. Құрылысы АБ түйіншелеріне ұқсас (паренхима негізін
ретикуло-эпителиоциттер құрайды). Қыртысты затында – тығыз орналасқан кіші
лимфоциттер, бозғылт затында ірі және орташа лимфоциттер болады. Сүтқоректі
жануарларда КҚ- ның қызметін ащы ішек лимфа түйіншелері атқарады.
3 – сұрақ. Көкбауыр (талақ), К – құрсақ қуысында, бірбөлімді қарынның үлкен
иінінде, көпбөлімді қарынның мес қарынына жанасып жатқан, пішіні ұзынша доғалдау
келген, көкшіл қызыл-қоңыр түсті шеткі қан жасау және қорғаныс мүшесі. К-да бөгде
заттар (антигендер), ескіріп істен шыққан эритроциттер, қан табақшалары жойылады,
ыдырап жойылған эритроциттер құрамындағы гемоглобиннен - биллирубин және
құрамында Fe болатын трансферрин (макрофагтар трансферринді СҚКМ-на
тасымалдайды) түзіледі, организмдегі жасушалық және сұйықтық иммунитеттің
қалыптасуына қатысыды, СҚКМ-ындағы эритроциттердің түзілу процесі деңгейін
төмендетін биологиялық белсенді зат бөледі, қалыпты жағдайда организмдегі қанның
10% қорланады. К – мезенхимадан дамиды. Эмбриогенездің алғашқы кезеңдерінде К
стромасына миелоидты ұлпа қоныстанып, онда эритроциттер, гранулоциттер,
мегакариоциттер дамиды. Кейіннен К-ға орталық қан жасау мүшелерінен орталық
артериялар маңына лимфоидты ұлпа жасушалары қоныстанып, миелоидты қантүзілу
Достарыңызбен бөлісу: |