Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

№ 12 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Көкірек керегесінің және құрсақ қабырғасының бұлшық еттері. 
Сабақтың мақсаты: Әрбір бұлшық еттің басталатын және бекитін нүктелерін 
білгеннен кейін, олардың қызметін анықтау керек.  
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Жануарлардың қаңқасы 
2.Көкірек бұлшық еттері мен құрсақ еттері көрсетілген препараттар 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
Көкірек  керегесінің  бұлшық  еттері  көкірек  керегесінде  орналасаып,  қабырғалар 
мен  төссүйекті  сыртқа  қарай  тартып  бір-бірінен  ажыратып,  көкірек  қуысын  кеңейтеді  де, 
ішкі  тыныс  алуды  және  көкірек  қуысын  қысып  тарылтып,  сыртқа  дем  шығаруды 
қамтамасыз ететін бұлшық еттер. 
1-тапсырма.  Көкірек  керегесінің    атқаратын  қызметіне  байланысты  түрлері  қандай  және 
бұлшық еттерді атаңыздар 
1-кесте 
Көкірек керегесінің  атқаратын қызметіне байланысты түрлері 
Инспираторлар 
Экспираторлар 
 
 
Құрсақтың  бұлшық  еттері  әр  түрлі  бағытта  қабаттаса  орналасып,  құрсақ 
қуысындағы  ішкі  мүшелерді  бірқалыпты  жағдайда  ұстап  тұрады.  Сонымен  қатар,  олар 
жиырыла  отырып,  ішкі  мүшелерді  сығып,  кекіру,  құсу,  нәжіс  пен  зәр  бөлу  сияқты 
қызметтерді жүзеге асырады. Тыныс алу процесіне де қатысады. 
2-тапсырма.  Құрсақтың  бұлшық  еттерін  басталатын  және  бекінетін  нүктелері  бойынша  
атаңыздар 
2-кесте 
Құрсақтың бұлшық еттері 
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.Көкірек керегесінің бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді? 
2.  Инспираторларға  жататын  бұлшық  еттердің  құрылысы  мен  қызметтеріне  көңіл  бөліп, 
олардың басталатын және аяқталатын жерлерін меңгеріңіздер. 
3.Экспираторларға  қандай  бұлшық  еттер  жатады?  Олардың  құрылысы  мен  қызметтеріне 
көңіл аударыңыздар 
4.Құрсақ бұлшық еттерінің құрылысы мен орналасу орындарын еске түсіріңіз. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 265-268
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 13 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Алдыңғы аяқтың бұлшық еттері 
Сабақтың  мақсаты:  Алдыңғы  аяқтың  бұлшық  еттерінің  құрылысын  зерттеу, 
олардың жиырылғандағы атқаратын қызметтерін білу   
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Жануарлардың қаңқасы 
2.Алдыңғы  аяқ  сүйектері,  әртүрлі  жануарлардың  өлекселік  препараттары 
(қой,ит,мысық). 3. Алдыңғы аяқ бұлшық еттері көрсетілген препараттар 
 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
1-тапсырма.Алдыңғы аяқ бұлшық еттері орналасу тәртібі бойынша атаңыздар 
1-кесте 
Алдыңғы аяқ бұлшық еттері орналасу тәртібі бойынша атаңыздар 
 
 
2-тапсырма.  Буынға әсер ететін бұлшық еттерді  өлекселік препараттан тауып көрсету 
2-кесте  
Буынға әсер ететін бұлшық еттерді атаңыздар 
 
 
3-тапсырма. Буынды жазылдырушы еттерді өлекселік препараттан тауып көрсету 
3-кесте 
Буынды жазылдырушы еттерді атаңыздар 
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.Алдыңғы аяқ бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді? 
2. Буынға әсер ететін бұлшық еттерді орналасуында қандай заңдылық  кездеседі? 
3.Иық буынының бұлшық еттерін атаңыздар 
4.Шынтақтық  буынның қандай бұлшық еттері бар? 
5. Тізелік буынның бұлшық еттерін атаңыз 
6. Бақай буынына қандай бұлшық еттер әсер етеді? 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 269-276
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 14 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Тері және сүт бездерінің макро-, микро морфологиясы. 
Сабақтың  мақсаты:  Тері  қабаттарын  микроскоппен  қарап,  оларды    бір-бірінен 
айыра  білу.  Тері  қабаттары:    эпидермис,  дерма,  шел.  Тері    туындылары  -  түк,  май,  тер 
бездері,  олардың    құрылысы.  Теріні  құраушы    ұлпалардың  қызметі.  Тері    және  оның  
туындыларының қызметі. Жануарлардың сүт бездерінің құрылысы: паренхима және строма. 
Гландулоциттерде сүттің түзілуі және оның нейро - гуморальдық реттелуі.  
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№ 1 препарат. Тері. 
Терінің үш қабатын қамтитын препаратты зерттеп, оның суретін салыңыздар. Суретте мына 
атауларды белгілеңіздер: эпидермис (көп қабатты мүйізделген жалпақ эпителий), дерма: а) 
емізікше  қабат (борпылдақ дәнекер ұлпасы), б) торлы қабат (тығыз қалыптаспаған дәнекер 
ұлпасы), түк талшығы, түк түбірі, түк қынабы, түк қапшығы, түк баданасы, түк емізікшесі, 
май бездері, тер бездері, шел қабаты (борпылдақ дәнекер ұлпасы). 
№ 2 препарат. Сүт безі (желін).  
Альбомға  бірнеше    сүт    бөлікшелерінің,  бөлікшеаралық  борпылдақ  дәнекер  ұлпасының, 
бөлікшеаралық  өзектің  суретін  салыңыздар.    Суретте  мына  атауларды  белгілеңіздер:  сүт  
бөлікшелері,  альвеолалар,  бір  қабат  куб  тәрізді  эпителий,  бөлікшелеріндегі  өзектер, 
бөлікшеаралық борпылдақ дәнекер ұлпасы, бөлікшеаралық өзектер.  
Бақылау сұрақтары 
1.Терінің қабаттары, олардың құрылысы. 
2.Терінің атқаратын қызметтері. 
3.Тері туындылары. 
4.Терінің шығу тегі. 
5.Түктің құрылысы.  
6.Тері және май бездері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары.  
7.Сүт безінің құрылысы, қызметі. 
8.Сүт безі паренхимасы мен стромасы қандай ұлпалардан тұрады? 
9.Альвеолалардың және диаметрі әртүрлі өзектердің құрылысы. 
10.Сауылатын және суалған жануарлар сүт бездерінің құрылысындағы ерекшеліктер. 
11.Емшек қабырғасының құрылысы. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 288-297
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
  Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 15 зертханалық сабақ 
Тақырыбы:  Азық  қорыту  жүйесі  бас  бөлімінің  морфоқұрылысы:  тістердің 
құрылысы, тіл. 
   
Сабақтың мақсаты:  Азық қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметін білу. Ауыз 
қуысындағы  мүшелерді  (тіл,  ерін,  тіс,  бадамша,  сілекей  бездері)  және  өңешті 
микроскопиялық  деңгейде  зерттеу.  Азық  қорыту  жолының  алдыңғы  бөлімі  мүшелерінің 
қабықтары  мен  қабаттарын,  оларды  құраушы  ұлпаларды  микроскопиялық  деңгейде 
ажырату.Олардың  құрылысындағы  ерекшеліктерге  зейін  қою.  Ауыз  қуысы  мүшелері 
құрылысы 
мен 
гистохимиялық 
ерекшеліктерін 
олардың 
қызметімен                                       
байланыстыру.  
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар 
3.  Үй  жануарлары  бастарының  сагиталтальдік  кесінділері,  әр  түрлі  жануарлардың 
тілдері, муляждар 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№  1препарат.  Тіл.  Препарат  шошқа  эмбрионының  төменгі  жағынан  жасалған.  Тілдің 
гистологиялық суретін салып, төмендегідей атауларды белгілеңіздер: 1.Кілегейлі қабық: а) 
көп қабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий, б) өзіндік планстинка. 2.Жіпше емізікшелер. 
3.  Саңырауқұлақша  емізікшелер.  4.Көлденең  жолақты  бұлшық  ет  ұлпасы.  5.  Борпылдақ 
дәнекер ұлпасы. 
№ 2 препарат. Тіс. Тістің дамуы. Анатомиялық құрылысына сәйкес тіс үш бөліктен тұрады: 
тіс  сауыты,  тіс  мойны,  тіс  түбірі.  Тістің  гистологиялық  құрылысында  оны    құраушы  төрт 
түрлі затты ажыратады. Олар: кіреуке (эмаль), дентин, цемент, тіс жұмсағы (пульпа). Эмаль, 
дентин, цемент тістің қатты бөліктерін, ал пульпа жұмсақ бөлігін құрайды. Препаратты кіші 
обьективпен қарап, тіс дамуының кезеңдерін анықтаңдар. 
Бақылау сұрақтары 
1.Тілдің құрылысы және қызметі. 
2.Тіл кілегейлі қабығының құрылысы. 
3.Тіл еміздіктері, олардың түрлері және қызметі. 
4.Тістің анатомиялық құрылысы. 
5.Тіс бөліктері. 
6.Тіс кіреукесінің (эмаль) құрылысы. 
7.Дентиннің құрылысы. 
8. Цементтің құрылысы. 
9.Тіс жұмсағының (пульпа) құрылысы. 
10.Тіс формуласын әр малдағы ерекшеліктерімен жаттау. 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 318-332
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 16 зертханалық сабақ 
Тақырыбы:  Азық  қорыту  жүйесінің  алдыңғы  бөлімінің  морфологиясы:  өңеш, 
безді қарын және мес қарынның құрылысы. 
Сабақтың  мақсаты:  Өңешті  микроскопиялық  деңгейде    айыра  білу.  Өңешті 
мысалға  алып,  түтікше  мүшелері  қабықтарының  құрылысымен  танысу.  Гистологиялық 
препараттарды    қарап,  безді  қарын  мен  алдыңғы  қарынның  бөлімдерін  бір-бірінен  айыра 
білу.  Безді  қарынның  без  жасушаларын  микроскопиялық  және  субмикроскопиялық  
деңгейде ажырату. 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар 
3. Үй жануарлары өңештері мен қарындары, олардың тілімдері, муляждар 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№ 1 препарат. Өңеш. 
Өңештің гистологиялық суретін салып, мына атауларды белгілеңіздер: 
1.Кілегейлі  қабық:  көп  қабатты  мүйізделмейтін  жалпақ    эпителий,  өзіндік  пластинка, 
кілегейлі қабықтың  етті қабаты кілегейлі асты  қабаты, өңеш бездері. 
                     2.Етті қабық: сақинаша қабат, ұзынша қабат. 
3.Адвентиция. 
№ 2 препарат. Безді қарын.  
Препаратты  кіші  обьективпен  қарап,  кілегейлі  қабықтың  біркелкі  боялған  жерлерін 
табыңыздар  да,  қарын  бездері  жақсы  көрінетін  жерлерін    қойыңыздар.  Қарынның 
қабырғасындағы  үш  түрлі  қабықты  бір-бірінен  ажыратыңыздар.  Без  өзектерінің  қарын 
шұңқырларына  ашылған  жерлеріне  көңіл  бөліңіздер.  Қарынның  үш  қабығын,  бездерін 
қамти отырып, оның суретін салыңыздар.Суретте мынадай атауларды белгілеңіздер
 1.Кілегейлі  қабық:  бір  қабатты призма  тәрізді  безді  эпителий, қарын  шұңқырлары,  өзіндік 
пластинка,  қарын  түбінің  өзіндік  бездері:  мукоциттер,  негізгі  жасушалар,  париетальды 
жасушалар, етті қабат, кілегейлі асты қабат. 
2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабат. 
3.Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий. 
 
№ 3 препарат. Мес қарын. 
Суретте  мына  атауларды  белгілеңіздер:  1.  Кілегейлі  қабық:  көп  қабатты  мүйізделетін 
жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, бүрлер, етті қабат, кілегейлі асты негіз. 2. Етті қабық: 
ішкі  сақинаша  және  сыртқы  ұзынша  қабаттар.  3.  Сірілі  қабық:  борпылдақ  дәнекер 
ұлпалық қабат және мезотелий. 
Бақылау сұрақтары 
1.Өңештің қызметі мен оның қабырғасын құрайтын қабықтар. 
2.Өңештің кілегейлі қабығының құрылысы. 
3.Өңештің етті қабығының құрылысы. 
4. Адвентиция және сірілі қабықтың құрылысы.  
5.Безді қарынның қабықтары және қызметі. 
6.Мес қарынның, қатпаршақ, жұмыршақтың қабықтары, құрылысындағы ерекшеліктер. 
7.Қарын бездерінің құрылысы, оны құраушы ұлпалар, олардың атқаратын қызметтері. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 333-345
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
  Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 
 

№ 17 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Көп бөлімді қарынның морфоқұрылымы. 
Сабақтың  мақсаты:
 
Гистологиялық  препараттарды  микроскоппен  қарап,  безді 
қарын мен алдыңғы қарынның бөлімдерін бір-бірінен  айыра білу. Жұмыршақ, қатпаршақ, 
ұлтабар қарындарының құрылымындағы ерекшеліктері   
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер 
3. Ірі қара мал,қой-ешкі қарындары, олардың тілімдері, атластар, муляждар 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
 
№ 1 препарат. Қойдың жұмыршақ қарны. Жұмыршақтың гистологиялық құрылысы 
суретін  салып,  мынадай  атауларды  белгілеңіздер:  кілегейлі  қабық:  көп  қабатты 
мүйізделетін  жалпақ  эпителий,  өзіндік  пластинка,  етті  қабат,  кілегейлі  асты  қабаты,  етті 
қабық: сақинаша және ұзынша қабаттар, сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат 
және мезотелий. 
 
 № 2 препарат. Бұзаудың қатпаршақ қарны. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: 
1. Кілегейлі қабық: көп қабатты жалпақ эпителий, өзіндік пластинка, жапырақшалар, етті 
қабат, кілегейлі асты қабаты. 2. Етті қабық: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттар. 
3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий. 
 
№  3  препарат.  Ұлтабар.  Ағзаның  кілегейлі  қабығының  суретін  салып,  оның 
қабаттары мен безінің құрылысын белгілеңіздер: кілегейлі қабық, оның құрамында: қарын 
шұңқырлары,  бір  қабатты  призма  тәрізді  эпителий,  өзіндік  пластинка,  ұлтабардың  - 
фундальды  бездері,  мукоциттер,  негізгі  гландулоциттер,  париетальды  гландулоциттер, 
аралық дәнекер ұлпасы, қан тамырлары, бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы пластинкасы, 
кілегейлі асты қабаты. 
Бақылау сұрақтары 
1.Мес, жұмыршақ, қатпаршақ қарынның қабықтары, құрылысындағы ерекшеліктер. 
2.Ұлтабар оның құрылысы мен қызметі. 
3.Қарын бездерінің түрлері. 
4.Қарын бездерінің құрылысы, оның құраушылары, олардың атқаратын қызметтері. 
5.Мес, жұмыршақ, қатпаршақ қарынның атқаратын қызметтері. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 342-344
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
  Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№18 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Азық қорыту жүйесінің ортаңғы бөлімі: аш ішек құрылысы. 
 
Сабақтың мақсаты:  Аш ішек пен тоқ ішекті микроскопиялық  деңгейде ажырата 
білу.  Ішектегі  эпителий  жасушаларының    микроскопиялық    және  субмикроскопиялық 
құрылысы.  Он  екі  елі  ішектің  құрылысындағы  гистологиялық  ерекшеліктер.  Ішек 
бүрлерінің  және  ішек  бездерінің  (крипталарының)  азық  қорытудағы,  оны  сіңірудегі,                                       
регенерация 
процесіндегі 
маңызы.Ішектегі 
эндокринді 
жасушалар, 
олардың                                       
қызметі. 
 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер 
3. Ірі қара мал,қой-ешкі аш ішектері, олардың тілімдері, атластар, муляждар 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№ 1 препарат. Аш ішек.Суреттен мына атауларды белгілеңдер:1. Кілегейлі қабық: 
бір қабатты призма тәрізді көбелі эпителий, өзіндік пластинка, ішек бүрлері, ішек бездері - 
крипталар,  етті  қабат,  кілегейлі  асты  қабаты.  2.  Етті  қабық:  ішкі  сақинаша  және  сыртқы 
ұзынша қабаттар. 3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат және мезотелий.       
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.Аш және тоқ  ішектердің қабырғаларын құрайтын қабықтар. 
2.Кілегейлі қабықтың құрылысы және қызметі. 
3. Крипталардың құрылысы және қызметі. 
4. Ішек бүрлерінің құрылысы және қызметі. 
5. Етті қабықтың құрылысы және қызметі. 
6. Сірілі қабықтың құрылысы және қызметі. 
 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 345-362
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
  Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 19 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Азық қорыту жүйесі соңғы бөлімі: жуан ішек құрылысы. 
Сабақтың мақсаты: Тоқ ішекті микроскопиялық  деңгейде ажырата білу. 
 Ішектегі  эпителий  жасушаларының    микроскопиялық    және  субмикроскопиялық 
құрылысы. 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер 
3. Ірі қара мал,қой-ешкі тоқ  ішектері, олардың тілімдері, атластар, муляждар 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№  1  препарат.  Тоқ  ішек.  Тоқ  ішек  бүйеннен, жиек  және  тік  ішектен  тұрады.  Бұл  ішекте 
сіңірілу  процесі  аяқталады  және  нәжіс  түзіледі.  Кілегейлі  қабықтың  бүрлері  болмайды. 
Көптеген түтікше пішінді бездер - крипталар болады. Кілегейлі қабық бір қабатты призма 
тәрізді  эпителиймен  қапталған.  Эпителийдің астында  өзіндік  пластинка  орналасады.  Бұл 
қабатта 
ішек 
бездері 

крипталар 
орналасқан. 
Крипталардың 
қабырғасы 
гландулоциттерден  және  көптеген  бокал  тәрізді  жасушалардан  тұрады.  Крипталардың 
астыңғы  жағында  кілегейлі  қабықтың  етті  қабаты  жатады.  Ол  бірыңғай  салалы  ет 
ұлпасынан  тұрады.  Одан  кейін  кілегейлі  асты  қабат  орналасады,  ол  борпылдақ  дәнекер 
ұлпасынан, қан тамырларынан, жүйкеден тұрады. Етті қабық  ішкі сақинаша және сыртқы 
ұзынша  қабаттардан  құралған,  бірыңғай  салалы  ет  ұлпасынан  түзілген.  Ішкі  сақинаша 
және сыртқы ұзынша қабаттардың аралығында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Сірілі 
қабық  борпылдақ  дәнекер  ұлпалық  қабаттан  және  мезотелийден  тұрады.
 
Үш  қабықты 
қамтитын тоқ ішек қабырғасының суретін салыңдар. 
Бақылау сұрақтары 
1. Жуан ішектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері 
2. Тоқ ішектің қызметі атаңыз 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 358-362
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 20 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Бауыр және ұйқы безінің морфоқұрылымы 
 
Сабақтың  мақсаты:  Бауыр  бөлікшелерінің      шекараларын  ажырата                                      
білу.  Гепатоциттердің  ультрамикроскопиялық  құрылысы.  Ұйқы  безінің  эндокринді  және 
эндокринді бөліктерін бір-бірінен ажырату.Өт қабының құрылысы. 
  
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер, муляждар 
3. Әр түрлі жануарлар бауырлар мен ұйқы безінің сулы препараттар тілімдері 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№  1  препарат.  Бауыр.  Суреттен  мына  атауларды  белгілеңдер:  гепатоциттер, 
бөлікшеаралық  өт  өзегі,  бөлікшеаралық    артерия,  вена,  сыртқы  қапшық-борпылдақ 
дәнекер ұлпасы 
 
№  2  препарат.  Ұйқы  безі.  Ұйқы  безінің  бір  -  екі  бөлікшелерінің  суретін  салып, 
оларда төмендегідей атауларды белгілеңдер: бөлікшелер, бөлікшеаралық дәнекер ұлпасы, 
бөлікшеаралық  өзек,  экзокринді  бөлік  (альвеолалар-  ацинустар  ),  эндокринді  бөлік 
(инсулоциттер, капиллярлар). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет