Бақылау сұрақтары
1.Бауырдың атқаратын қызметі.
2.Бауырдың құрылысы, оның паренхимасы, стромасы.
3.Бауырдың бөлікшелері, олардың құрылысы.
4.Бауыр триадасы, олардың құрылысы және қызметі.
5.Ұйқы безінің атқаратын қызметі.
6.Ұйқы безінің құрылысы, оның паренхимасы және стромасы.
7.Экзокринді бөліктің құрылысы.
8.Эндокринді бөліктің құрылысы.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 350-357
б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
№ 21 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі мүшелерінің морфологиясы: өкпе, бронхиальдық
тарам.
Сабақтың мақсаты: Тыныс алу мүшелерін микроскопиялық деңгейде ажырата
білу. Тыныс жолдары мен тыныс алу бөлімінің мүшелері құрамына кіретін ұлпаларды
микроскопиялық деңгейде ажырату. Тыныс жолдары мен өкпенің құрылысы. Өкпенің ең
ұсақ бірлігі – ацинус туралы түсінік
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер
3. Ірі қара мал,қой-ешкі өкпе бөліктері,кеңірдектің, олардың тілімдері, атластар,
муляждар
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
№ 1 Препарат. Өкпе. Орта және ұсақ бронхтардың көлденең кесінділерінен. Орта
бронхтың қабырғасы үш қабықтан тұрады: 1.Кілегейлі қабық 2. Фиброзды - шеміршекті
қабық 3.Адвентиция. Кілегейлі қабақ төрт қабаттан тұрады. Олар: көп қатарлы бір қабатты
кірпікшелі эпителий, өзіндік қабат (борпылдақ дәнекер ұлпа ), етті қабат (бірыңғай салалы
ет ұлпасы), кілегейлі асты қабаты (борпылдақ дәнекер ұлпа және бронх бездері ).
Альвеолалар - тым жұқа қабырғалы өкпе көпіршектері. Олардың қабырғасы негіздік
жарғақтан және альвеолоциттерден тұрады.
Бақылау сұрақтары
1.Тыныс алу жүйесіне жататын мүшелер және, олардың атқаратын қызметтері.
2. Тыныс жолдары, олардың құрылысы, қызметі.
3. Тыныс алу бөлімі, оның құрылысы, қызметі.
4.Диаметрі әртүрлі бронхтар қабырғасының құрылысы және ондағы ерекшеліктер.
5. Орта бронхтың құрылысы, кіші бронхтан айырмашылығы.
6.Диаметрі әртүрлі брохтардың фиброзды - шеміршекті қабығының құрылысы және
қызметі.
7. Ірі, орта және кіші бронхтардың кілегейлі қабығының құрылысындағы ерекшеліктер.
8. Альвеолалардың (өкпе көпіршектерінің ) құрылысы және қызметі.
9. Өкпедегі газ алмасу процесі қалай жүреді?
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 363-382
б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3.
Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№ 22 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Несеп бөлу жүйесі, мүшелерінің морфологиясы: бүйректер түрлері
және нефронның нұсқасы.
Сабақтың мақсаты:
Бүйректің гистофункциональдық өлшемі – нефронның
құрылысын білу. Сыртқы қыртысты және ішкі боз заттарда орналасқан нефрон бөліктерін,
несеп жинағыш түтіктерді және қан тамырларын ажырату, несеп түзілу кезінде жүретін
сүзілу және қайта сіңіру процестеріне қатысатын нефрон бөліктерін бір-бірінен ажырату.
Бүйректің эндокриндік қызметтері және бұл қызметтерді атқаратын оның бөліктері.
Нефронның негізгі бөліктерінде жүретін несеп түзілу процесі туралы жалпы түсінік
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар
3.Әр түрлі жануарлардағы бүйректің бөліктері мен тілімдері
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
№ 1 гистопрепарат. Бүйректің гистологиялық құрылысы. Бүйректің бір - екі
бөлікшелерінің суретін салып, оларда төмендегідей атауларды белгілеңдер: бөлікшелер,
бөлікшеаралық дәнекер ұлпасы, бүйрек денешігі, проксимальды және дистальды ирек
түтікшелерді белгілеу.
Бақылау сұрақтары
1.Несеп түзілу процесі.
2.Бүйрек денешіктерінің құрылысы.
3.Ирек түтікшелердің құрылысы.
4.Боз заттың құрылысы.
5.Бүйректің қан тамырлары.
6.Несеп жүретін жолдар, олардың құрылысы
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 383-398
б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3.
Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№23 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Несеп жолдарының құрылысы және орналасу орындары
Сабақтың мақсаты: Несеп жүретін жолдар - бүйрек түбегі, несепағар, қуық.
Олардың құрылысы (қабырғаларының қабықтары, қабаттары)
микроскопиялық ажырата
білу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар
3.Әр түрлі жануарлардағы несепағардың, қуықтың бөліктері мен тілімдері
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
1-тапсырма. Несепағардың орналасу орны мен қабаттарын басқа ішкі мүшелерден
айырмашылығын ажырата білу
1-кесте
Несепағардың анатомиялық және гистологиялық құрылысын жазыңыз
2-тапсырма. Қуықтың әр түрлі жануарлардағы ерекшеліктерін атаңыз
2-кесте
Қуықтың қандай ерекшеліктеріне байланысты ажырата білуге болады
3-тапсырма. Несепшығару жолдарының топографиясы мен маңызы, құрылысындағы
ерекшеліктері
3-кесте
Несепшығару өзегінің орналасу орны
Бақылау сұрақтары
1.Зәр бөлу мүшелері қандай бөлімдерден тұрады?
2.Несеп жүретін жолдар, олардың құрылысы
3.Несеп жолдарының анатомиялық-гистология құрылысына сипаттама беріңіз
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 383-398
б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3.
Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№ 24 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Ұрғашы жануарлар көбею жүйесі мүшелерінің морфологиясы:
жұмыртқалықтың құрылысы, жатыр және ұрық жолдасының түрлері.
Сабақтың мақсаты:Аналық жыныс мүшелерін микроскопиялық деңгейде
ажырату. Жұмыртқалықтың жасушалық құрамын бір-бірінен микроскопиялық деңгейде
айыру. Овогенездің кезеңдері және олардың мәні. Жұмыртқалықтың секреттік және
эндокриндік қызметтерін түсіндіре білу. Аналық жыныс мүшелерінің эмбриональдік
дамуындағы ерекшеліктері
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар
3.Ұрғашы жануарлардың аналық көбею мүшелерінің макропрепараттары мен олардың
тілімдері
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
№ 1 препарат. Жұмыртқалық (аналық жыныс безі). Жұмыртқалықтың суретін
салып, онда төмендегідей атауларды белгілеңіздер: бастама эпителий, көпіршікті
фолликулдар, сары дене, атрезиялық дене, тамырлы аймақ: қан, лимфа тамырлары,
борпылдақ дәнекер ұлпасы.
№ 2 препарат. Жатыр мүйізі.
Жатыр мүйізінің суретін салып, төмендегідей атауларды белгілеңіздер:
1. Кілегейлі қабық: бір қабатты куб тәрізді эпителий, борпылдақ дәнекер ұлпа, жатыр
бездері.
2. Етті қабық: ішкі сақинаша, тамырлы, сыртқы ұзынша қабаттар.
3. Сірілі қабық: борпылдақ дәнкер ұлпа, мезотелий.
Бақылау сұрақтары
1. Жұмыртқалықтың атқаратын қызметтері.
2. Овогенез, оның кезеңдері, ондағы түзілетін жасушалар.
3. Алғашқы фолликулдардың құрылысы.
4. Өсуші фолликулдардың құрылысы.
5. Көпіршікті фолликулдардың құрылысы.
6. Сары дененің құрылысы.
7. Атрезиялық фолликулдардың құрылысы.
8. Жұмыртқалықтың аймақтары.
9. Жұмыртқалықта түзілетін гармондар, олардың организмге тигізетін әсері.
10. Жатырдың маңызы, қабықтарының құрылысы.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 416-424
б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3.
Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№ 25 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Қан жасаушы мүшелердің морфологиясы: қызыл сүйек кемігі,
лимфа түйіні, көкбауыр.
Сабақтың мақсаты: Эмбринальдық және постэмбринальдық гемопоэз процесін,
қан жасайтын мүшелердің гуморальдік және жасушалық иммунитет қалыптасуындағы
алатын орны, микроскопиялық деңгейде қан жасайтын мүшелерджі бір-бірінен ажырата
білу. Қан жасайтын мүшелердің ұлпалық құрамына талдау жасау.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар, әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары
(қой,ит,мысық)
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
№ 1 препарат. Сүйек кемігі. Сүйек кемігіндегі гемопоэз процесінің схемасын
таблицадан салып, онда мынадай атауларды белгілеңіздер: гемоцитобласт,
проэритобласт,
эритробласт,
нормобласт,
эритроцит,
промиелоцит,
миелоцит,
метамиелоцит, лейкоцит, мегакариобласт, мегакариоцит, қан пластинкалары, май
клеткалары.
№ 2 препарат. Тимус. Тимустың сыртқы капсуласын, перделерді, бірнеше
бөлікшелердің суретін салыңыздар. Онда мынадай атауларды белгілеңіздер: Капсула,
бөлікшеаралық дәнекер ұлпа, қан тамырлары, бөлікшелер, қыртысты қабат, боз қабат,
лимфоциттер, тимус денешіктері (Гассаль денешігі), эпителий
жасушалары
(ретикулоэпителиоциттер).
№ 3 препарат. Лимфа түйіні. Лимфа түйінінің суретін салып, онда мынадай
атауларды белгілеңіздер: қапшық (капсула), перделіктер (трабекулалар), лимфоидты
түйіншектер, жұмсақ баулар, шеткі синус, аралық синус, орталық синус.
№ 4 препарат. Көкбауыр (талақ). Көкбауырдың суретін салып, мынадай
атауларды белгілеңіздер: Сірілі қабық, капсула, трабекула, лимфоидты түйіншектер,
орталық артерия, ақ пульпа, қызыл пульпа
Бақылау сұрақтары
1.Қан жасайтын мүшелерден не білесіздер?
2.Қан жасайтын мүшелердің негізін құрайтын ұлпа, осыған байланысты тимустың
құрылысындағы ерекшеліктер.
3.Қан жасайтын мүшелердің дамуы.
4.Миелоидты және лимфоидты ұлпа.
5.Сүйек кемігінің атқаратын қызметі мен құрылысы.
6.Тимустың микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысы.
7.Лимфа түйіні, орналасатын жерлері, құрылысы мен қызметі.
8.Көкбауырдың паренхимасы мен стромасы.
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 525-530
б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3.
Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№ 26 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Аорта доғасы құрылысы және топографиясы, көкірек және құрсақ
аортасы.
Сабақтың мақсаты: Дененің магистральдік артериясы-аорта бөліктері мен
олардың тарамдалатын қан тамырларын білу. Қолқа доғасының тармақтары мен
артерияларын жаттау
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Муляждар, әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары (қой,ит,мысық)
2.Түрлі –түсті кестелер, атластар
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
1-тапсырма. Әр түрлі жануарлар қолқа доғасының тармақтары мен артерияларын жіктеп
жаттау.
1-кесте
Аорта доғасы және оның тармақтары
2-тапсырма. Көкірек қолқасының париетальды және висцеральді тармақтарын кезегімен
атаңыз.
2-кесте
Көкірек қолқасының париетальды және висцеральді тармақтары
3-тапсырма. Құрсақ қолқасының париетальды және висцеральді тармақтарын кезегімен
атаңыз. Олар тамырландыратын дене аумақтарын айтып беріңіз.
3-кесте
Құрсақ қолқасының париетальды және висцеральді тармақтары
Бақылау сұрақтары
1.Қолқа қандай бөлімдерге бөлінеді?
2.Қолқа доғасына қандай артериялар ажырайды?
3.Иық-бас бағаны қандай тармақтарға ажырайды? Олар тамырландыратын дене
аумақтарын еске түсіріңіз
4.Көкірек қолқасының тармақтарын атаңыз
5.Құрсақ қолқасының тармақтарын атаңыз
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 457-465
б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3.
Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№ 27 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Алдыңғы аяқ қан тамырлары
Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ артерияларының тамырландыру аумақтарын
зерттеп, әртүрлі үй жануарларындағы ерекшеліктерді білу.
Артериялар түрлерін бір-
бірінен ажырату. Артериялар қабықтарын түзетін ұлпаларды білу. Артериола, капилляр,
венулаларды бір-бірінен айыру. Артерияның құрылысы мен гемодинамиканың
байланысын анықтау. Веналардың құрылысына байланысты түрлерін білу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Атластар, муляждар, әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары (қой,ит,мысық)
2.Түрлі –түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
1-тапсырма. Қолтық артериясының тармақтарын түсінідірілген бойынша оқып шығып,
сызбасын құрастырыңыз
1-кесте
Қолтық артериясының тармақтарын
Өрлеген тармақ
Төмендеген тармақ
2-тапсырма. Дорсальдік және пальмарлы тізе торының артерияларын муляждан тауып, әр
түрлі жануарлардағы ерекшеліктерімен салыстырыңыз
2-кесте
Дорсальдік және пальмарлы тізе торының артериялары
Бақылау сұрақтары
1.Қолтық артериясы қандай бөлімдерге бөлінеді?
2.Қолқа доғасынан алдыңғы аяққа қандай артериялар ажырайды?
3.Алдыңғы аяқтың негізгі артерияларын атаңыз
4.Иық артериясының тармақтарын атаңыз
5.Жалпы сүйекаралық артерияның тармақтарын атаңыз
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 480-486
б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3.
Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№ 28 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Көкірек қуысы мүшелерінің және көкірек керегесінің қан тамырлары.
Сабақтың мақсаты: Көкірек қуысы мүшелерінің және көкірек керегесінің қан
тамырларын зерттеп білу
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары (қой,ит,мысық)
2.Түрлі –түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
1-тапсырма. Өлекселік препараттан көкірек керегесінің артерияларын атласпен, муляжбен
салыстыра отырып анықтаңыз
1-кесте
Көкірек керегесінің артериялары
2-тапсырма. Ішкі және сыртқы көкірек артерияларының көкірек керегесі артерияларына
байланысын анықтаңыз. Өлекседен тауып көрсетіңіз
2-кесте
Ішкі және сыртқы көкірек артериялары
Бақылау сұрақтары
1.Көкірек артериясы қандай бөлімдерге бөлінеді?
2.Қолқа доғасынан көкірек керегесіне қандай артериялар ажырайды?
3.Көкірек керегесінің негізгі артерияларын атаңыз
4.Көкірек қабырғасы артерияларының тармақтарын атаңыз
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі :
1.Жаңабеков.К.,
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар
морфологиясы
және
латын
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 459- 465 б
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996
3.
Акаевский А.И., Юдичев Ю.Ф., Михайлов Н.В., Хрусталева И. В. Анатомия домашних
животных, Учебник. М, Колос, 1984.
4.П.Попеско «Атлас топографической анатомии сельскохозяйственных животных». Словацкое
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
№ 29 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Жұлынның морфологиясы және оның қабықтары, жұлын жүйкесінің
мойын, көкірек, иық, бел және құймышақ торапатар, жұлын жүйкелері, тарамдары және
олардың құрылуы.
Сабақтың мақсаты: Жануарлар жұлындарының сыртқа қабықтарының
құрылысын зерттеу. Жұлынның бөлімдерін, оның ішкі құрылысын жете білу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Микроскоп, гистопрепараттар
2.Түрлі –түсті кестелер, муляждар
3.Омыртқа өзегіндегі ашылып көрсетілген жұлын препараттары
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
№ 1 препарат.Жұлынның гистологиялық құрылысы.Жұлынның гистологиялық
суретін салып, мына атауларды белгілеңіздер: қатты, өрлемі, жұмсақ қабықтар, жұлынның
ақ заты мен сұр заты, миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары, нейроглия
№ 2 препарат.Мишықтың гистологиялық құрылысы. Мишықтың гистологиялық
құрылысын салып, мына атауларды белгілеңіздер: а- молекулалы қабат,б-ганглионды
қабат, в-дәншелі қабат, г-ақ зат. 1-жұлдызша нейроцит, 2-себетше нейроцит, 3-алмұрт
тәрізді нейроциттердің дендриттері, 4-алмұрт тәрізді нейроциттердің денесі
(перикарионы), 5-дәнше нейроциттер, 6-мүк тәрізді жүйке талшықтары
№ 3 препарат.Үлкен ми сыңары жабынының цитоархитектоникасы. І-молекулалы
қабат, ІІ-сыртқы дәншелі қабат,ІІІ-пирамидалы қабат, ІV-ішкі дәншелі қабат, V-
генглионды қабат,VІ-полиморфты қабат. 1-пирамидалы тәрізді нейроцит, 2-жұлдызша
нейроциттер, 3-полиморфты нейроциттер, 4-тангенциальды бағытта тұтаса орналасқан
жүйке талшықтары, 5-афферентті бағытта өтетін жүйке талшықтары, 6-эфферентті
бағыттағы жүйке талшықтар.
1-тапсырма. Жұлын жүйкелері мен тораптарын, және құрылысын сипаттап беріңіз.
1-кесте
Жұлын жүйкелері мен тораптары
Дорсальды
Вентральды
Достарыңызбен бөлісу: |