Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Борпылдақ дәнекер ұлпансына жалпы сипаттама, шығу тегі. 
2.
 
Борпылдақ дәнекерлік ұлпаның құрылысы, органнизмдегі кездесетін орны. 
3.
 
Фибробластар, олардың қызметі. 
4.
 
Гистиоциттер, олардың қызметі. 
5.
 
Коллаген және эластин талшықтары, олардың құрылысы, қызметі. 
6.
 
Аморфты заттар, химиялық құрамы, қызметі. 
7.
 
Борпылдақ  дәнекер  ұлпаның  басқа  жасушалары:  плазмоциттер,    ұлпалық  
базофильдер, пигментоциттер. 
8.
 
Тығыз  дәнекер  ұлпасы,  олардың  түрлері,  құрылысындағы  айырмашылықтары, 
қызметі. 
9.
 
Сіңірдің будалары, олардың құрылысы.  
10.
 
Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы, құрылысы, организмдегі кездесетін орны.  
11.
 
 Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы, құрылысы, организмдегі кездесетін орны. 
12.
 
Тығыз 
қалыптаспаған 
дәнекерлік 
ұлпаның 
будаларының 
орналасуындағы 
ерекшеліктер. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 142-152
 
б 
2.  Волкова  О.В.,  Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 
«Медицина», 1982, 61-66 с 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 5 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Шеміршек ұлпаларының түрлері. Пластинкалы сүйек ұлпасы. 
Сабақтың  мақсаты:
 
Жасушааралық  заттар  құрылымының  ерекшеліктеріне 
сәйкес,  шеміршек  ұлпасының  түрлерін  ажырату.  Олардың    қызметіне  байланысты 
гистологиялық  ерекшеліктері.  Пластинкалы және  өрескел  талшықты  сүйектік  ұлпаларды 
бір-бірінен  ажырату.  Олардың  қызметіне  сәйкес  гистологиялық  ерекшеліктері. 
Шеміршектік  және  сүйектік  ұлпалар  гистогенезінің  және  регенерацияның  негізгі  даму 
кезеңдерін білу. Сүйектің қаттылық  және  серпімділік қасиеттері.
 
  
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Микроскоп, гистопрепараттар 
2.Түрлі –түсті кестелер 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
№ 1 препарат. Гиалинді шеміршек ұлпа. 
Бұл  кеңірдек  сақинасынан  жасалған  көлденең  кесінді.  Гиалинді  шеміршектен 
эмбрионның  қаңқасы  дамиды.  Сонымен  қатар  организмде  ол  буын,  төс,  қабырға,  танау, 
көмекей, кеңірдек, бронх, жауырын шеміршектерін құрайды.Алдымен  кіші обьективпен 
препаратты  қараңыздар.  Көк  түске  боялған  мөлдір  гиалинді  шеміршекті  қараңыздар. 
Оның  сырты  қызғылт  түсті  перихондриймен  қоршалған.  Сосын  үлкен  обьективке 
көшіңіздер. Перихондрийде ұзынша келген хондробласттар көрінеді. Хондробласттар ірі, 
ашық  түсті  жасушалар,  көлемі  ұлғайып,  шеміршектің  ішіне  қарай  өсіп,  хондроциттерге 
айналады. Шеміршектің шет жақтарында ұсақ, сопақ пішінді жас хондроциттер жеке-жеке 
орналасады.  Жеке  орналасқан  хондроциттер  амитоз  жолымен  бөлініп,  бір-бірінен 
ажырамай, шоғырланады. Сөйтіп, хондроциттердің изогенді топтары пайда болады. Әрбір 
изогенді  топтарда  2-4  хондроциттер  болады.  Хондроциттердің  пішіні  дөңгелек  келеді.  
Топ  тобымен  орналасқан  жасушаларды  қабық  (капсула)  қоршап  жатады.    Изогенді 
топтардың  араларында  жасушааралық  заттар  (хондрий  талшықтары,  хондромукоид) 
болады.  Хондромукоидта  базофильді  коллаген    талшықтары  көрінбейді.  Жасушааралық 
заттардағы    коллаген  талшықтар  мен  хондромукоидтың  жарық  сындырғыш  қабілеттілігі 
бірдей. Сондықтан бұл талшықтар препаратта көрінбейді. Гиалинді шеміршектің суретін 
салыңыздар.  Суретте  мына  атауларды    белгілеңіздер:  перихондрий-шеміршекті  қабық, 
хондробласттар, хондроциттер, хондроциттердің изогенді  топтары,  жасушааралық  заттар 
(хондрий талшықтары, хондромукоид).  
№ 2 препарат. Эластинді шеміршек ұлпа.  
Құлақ  қалқанынан  алынған  кесінді.  Құлақ  қалқаны  мен  көмекейдің  тілшігінде, 
бөбешікте кездеседі. Құрылысы жағынан көбінесе  гиалинді шеміршекке ұқсас. Алдымен 
кіші  обьективпен  қарап,  перихондрийді,  хондробласттарды,  хондроциттерді,  изогенді 
топтарды  көріңіздер.  Сосын  үлкен  обьективпен  қараңыздар.  Эластинді  шеміршектің 
ерекшелігі,  оның  жасушааралық  заттарында  күрең  -  қызғылт  түсті  эластинді  талшықтар 
көрінеді.  Үлкен  обьективпен  қарап,  суретін  салыңыздар.  Суретте  мына  атауларды 
белгілеңіздер:  перихондрий,  хондробласттар,  хондроциттер,  хондроциттердің  изогенді 
топтары, жасушааралық заттар, эластинді талшықтар. 
№ 3 препарат.Талшықты шеміршектік ұлпа. 
Омыртқааралық  шеміршекті  дискілерде,  шеміршек  пен  сіңірдің  түйіскен 
жерлерінде,  жамбас  сүйектерінің  симфизінде  кездеседі.  Кіші  обьективпен  қарағанда, 
құрылысы жағынан гиалинді шеміршекке ұқсайды. Сосын үлкен обьективпен қараңыздар. 
Талшықты  шеміршектің  ерекшелігі,  жасушааралық  заттарда  коллаген  талшықтарының 
будалары  көрінеді.  Суретін  салып,  суретте  мына  атауларды  белгілеңіздер:  перихондрий, 
хондробласттар, хондроциттер, хондроциттердің изогенді топтары, жасушааралық заттар, 
коллаген талшықтарының будалары.  
№ 4 препарат. Пластинкалы сүйектік ұлпа.  
Бұл  жілік  диафизінің  көлденең  кесілген  кесіндісі.  Кіші  обьективпен  қарап, 
препараттың  шет  жақтарында  орналасқан  сары,  қоңыр  не  жасыл  түске  боялған  қабықты 

(периостты)  табыңыздар.  Осы  қабықтың  астында  оған  параллельді  орналасқан  сыртқы 
сүйек  пластинкасының  жалпы  жүйесін    көруге  болады.  Препараттың  орта  бөлігінде  
айналмалы  түрде  бірін-бірі  қрошап,  қатар-қатар  орналасқан  сүйек  пластинкалары  - 
остеондар  орналасады.  Остеонның  ортасында  қан  тамырлары  өтетін  орталық  канал 
(өзекше)  болады.  Сосын  үлкен  обьективке  көшіріп,    бір  остеонның  құрылысын  жете 
тексеріңіздер.  Остеонның  құрамында  жасушааралық  заттар  (осслеин  талшықтары, 
остеомукоид) және оралмалы түрде  қатар-қатар жатқан пластинкалардың арасында сүйек 
жасушалары  -  остеоциттер  болады.  Бұлар  жұлдыз  пішінді,  денесі  сопақша  келген, 
цитоплазмасынан  жіпше  тәрізді  көптеген  тармақтар  тараған  жасушалар.  Остеонның 
орталық каналында жас сүйектік жасушалар болады, олар көбейіп, остеонның құрылымын 
түзеді.  Остеондардың  арасында  аралық  пластинкалар  жатады.  Сүйектің  ішкі  беті  сүйек 
қуысымен  жалғасады,  оның  қабырғасы  ішкі  жалпы  сүйек  пластинкаларынан  тұрады. 
Олардың  беті  эндостпен  қапталған.  Периост,  эндост  қабықтарында  сүйек  дамитын 
жасушалар  -  остеобласттар  болады.  Сүйектің  барлық  қабықтарын  қамтитын  суретті 
салыңыздар. Суретте мына атауларды белгілеңіздер: сүйек қабы - периост, сыртқы жалпы 
пластинка, остеон, сүйек пластинкалары, остеонның орталық каналы, остеоциттер, аралық 
пластинкалар, ішкі жалпы пластинкалар, эндоост. 
Бақылау сұрақтары 
1.Шеміршек ұлпаның шығу тегі. 
2.Шеміршектік ұлпаның түрлері, кездесетін жерлері. 
3.Шеміршек қабы-перихондрий, оның құрылысы мен қызметі. 
4.Жасушааралық заттар, олардың құрылысы, қызметі. 
5.Шеміршекті жасушалардың түрлері, олардың құрылысы, қызметі. 
6.Шеміршектік ұлпаның қоректенуі және регенерациясы. 
7.Сүйектік ұлпаның жалпы сипаттамасы, оның түрлері, қызметі, химиялық құрамы.  
8.Сүйек ұлпасының шығу тегі, кездесетін жерлері. 
9.Пластинкалы  сүйек    ұлпасының  құрылысы,  қызметі,  жасушалары  және  жасушааралық 
заттары. 
10.
 
Остеон, оның құрылысы және қызметі. 
11.
 
Сүйектік жасушалардың-остеоциттердің түрлері, құрылысы, қызметі. 
12.
 
Остеоцит, остеобласт, остеокласт жасушаларының ерекшеліктері, кездесетін жерлері. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 152-161
 
б 
2.  Волкова  О.В.,  Елецкий  Ю.К.  «Основы  гистологии  с  гистологической  техникой»  М., 
«Медицина», 1982, 70-73 с 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 6 зертханалық сабақ 
Тақырыбы:  Латын  тілінің  негізі:  латын  әліпбиі.  Латын  морфологиялық 
терминдерінің оқылуы және жазылуы. 
Сабақтың  мақсаты:  Латын    тілі  туралы  қысқаша  мәлімет.  Латын  әріптерінің 
емлесі.  Дауысты  дыбыстардың  оқылуы.  Дифтонгтардың  оқылуы.  Дауыссыз  дыбыстардың 
оқылуы 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Әр түрлі жануарлар қаңқасы 
2.Сүйектердің макро және микропрепараттары 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
Латын  әліпбиі,  латын  терминдерінің  оқылу  ережелері.Латын  әліпбие  24  әріптен 
тұрады. Латын әріптерінің емлесі. Термин, терминология, номенклатура  атауларына жалпы 
түсінік.  Дифтонгтардың  оқылуы.ae-дифтонгі  «э»  болып  оқылады,  oe-дифтонгі  «е»,  кейде 
«э»  болып  оқылады.au-  «ау»  болып,  «у»  қысқа  оқылады.  Eu-«эу»  болып,  «у»  қысқа 
оқылады.  Дауыссыз  дыбыстардың  оқылуы:  b,c,d,f,g,h,k,l,m,n,p,q,r,s,t,v,y,x,z.  Дауысты 
дыбыстардың оқылуы: a,o,u,e,i,y. 
Бақылау сұрақтары 
1.Латын тілі қандай елдің мемлекеттік тілі болған? 
2.Қазіргі кездегі латын тілінің маңызына тоқталыңыз 
3.Термин, терминология, номенклатура сөздері туралы түсінік беріңіз 
4.Латын әріптерінің аталуы мен оқылуын еске түсіріп, оларды қайталаңыз 
5.  Латын  әріптерінің  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстарын  қайталап,  олардың  оқылуына 
назар аударыңыз 
6. Дифтонг дегеніміз не? 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 43-47
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.  Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 7 зертханалық сабақ 
Тақырыбы:  Жануарлар  дене  аумақтары  мен  бөлімдері.  Қаңқа  және  оның 
бөлімдері. 
Сабақтың  мақсаты:    Жануарлар  организмдерінің  құрылысы  мен  даму 
заңдылықтарын  білу.  Дененің  бөлімдері  мен  аумақтарын  қазақша-латынша  атауларымен 
жаттау.  Тірек-қимыл  аппараты  туралы  жалпы  түсінік  беру.  Қаңқа,  сүйектердің  құрылысы, 
химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтау. 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Әр түрлі жануарлар қаңқасы 
2.Сүйектердің макро және микропрепараттары 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
Тірі организмдегі дене мүшелерінің орналасу орындарын, олардың проекцияларын 
анықтап  көрсету  үшін,  жануарлар  денесін  бөлімдер  мен  аумақтарға  бөледі.  Құрлықта 
тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың денесі: біліктік бөлімге және аяқтарға бөлінеді. 
Білікті бөлім өз кезегінде: бас, мойын, тұлға және құйрық бөлімдерден, ал аяқтар алдыңғы 
және  артқы  аяқтарға  бөлінеді.  Аяқтар  өз  кезегінде  белдеу  және  еркін  қозғалатын 
бөлімдерден тұрады. Ал дене бөлімдері көптеген дене аумақтарына ажырайды. Жануарлар 
қаңқасының    бөлімдері  мен  аумақтарын  білу  үшін  ірі  қара  малдың  суретін  альбомға 
түсіріп, атауларын жазып жаттау. Тақырыптағы қазақ-латын сөздерін сөздікке теріп жазу, 
жаттау. 
Бақылау сұрақтары 
1.Жануарлар  организмдері  құрылысы  мен  дамуының  негізгі  заңдылықтарын  қайтаап, 
олардың маңызын түсіндіріңіз 
2.Омыртқалы  жануарлар  дене  құрылысының  заңдылықтарын  еске  түсіріп,  оларға 
байланысты денедегі жазықтықтар мен бағыттарды атаңыз 
3.Жануарлар денесінің біліктік бөлімі қандай бөлімдер мен аумақтардан тұрады? 
4.Қаңқаның анықтамасын беріңіз. Қаңқаның жануарлар организмі тіршілігі үшін маңызы 
5. Сүйектің мүше ретіндегі құрылысы 
6. Сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері 
7.Пішініне байланысты қаңқа сүйектерінің түрлері 
8. Біліктік және шеткі қаңқа бөлімдері мен бөліктерін атап, олардың сүйектерін жаттау 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 184-200
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 8 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Жауырын және тоқпан жіліктің құрылысы. 
Сабақтың  мақсаты:    Алдыңғы  аяқтың    иық  белдеуі.  Жауырын  мен  тоқпан 
жіліктің құрылысы және олардың үй жануарларындағы ерекшеліктері. 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Үй жануарларының алдыңғы аяқ қаңқалары. 
2.Жауырын және тоқпан жіліктер. 
3.Атластар мен түрлі-түсті кестелер 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
Жануардың  алдыңғы  аяқ    қаңқасы  екі  бөлімнен  құралған.  1.Иық  белдеуі:  оған-жауыр 
сүйегі.  2.  Еркін  қозғалатын  бөлім:  ол-тоқпан  жілік,  білек,  тізе,  жіліншік  және  бақай 
сүйектерінен  құралған.  Жауырын  мен  тоқпан  жіліктің  қазақша-латынша  атаулары  мен 
құрылысын түсіндіру.Әр түрлі жануарлардағы ерекшеліктерін атап айту. 
Бақылау сұрақтары 
1.Алдыңғы аяқ қандай бөлімдерден құралған? 
2.Үй жануарларының иық белдеуіне жататын сүйектерді атаңыз 
3.Жауырынның құрылысы қандай? 
4.Үй жануарлары жауырындарының бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? 
5. Тоқпан жіліктің құрылысы қандай? 
6. Үй жануарлары тоқпан жіліктерінің ерекшеліктерін атаңыз 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 225-228
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 9 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Артқы аяқ жамбас жілік және ортан жіліктің құрылысы. 
Сабақтың  мақсаты:    Жамбас  белдеуінің  құрылысы.  Жамбас  пен  ортан  жіліктің 
құрылысы және үй жануарларындағы ерекшеліктері. 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Мал қаңқалары 
2. Әр түрлі жануарлардың жамбас пен ортан жілік сүйектері  
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
Жамбастық  аяқ  қаңқасы-жамбас  белдеуі  мен  ерткін  қозғалатын  сүйектердің 
заңдылықпен  байланысқан  жиынтығы.  Өз  кезегінде  жамбас  белдеуі  жамбастан,  ал  еркін 
қозғалатын  бөлім  ортан  жілік,  сирақ  және  аяқ  басы  сүйектерінен  құралған.  Жамбас 
сүйегінің  өзі  тұтаса  байланысқан-мықын,  шат  және  шонданай  сүйектерінен  құралған.  
Мықын сүйектің, шат және шонданай сүйектерінің қазақша-латынша атауларымен жаттау, 
әр  түрлі  жануарлардағы  ерекшеліктерімен  қайталау.  Ортан  жіліктің  құрылысын  оқып 
үйрену  үшін  өткен  тақырыптардағы    жіліктерді  еске  түсіру  керек.  Ортан  жіліктің 
құрылысын әр малдағы ерекшелігімен түсіндіру. Атауларын  сөздікке жазғызу. 
Бақылау сұрақтары 
1.Артқы аяқ қандай бөлімдерден құралған? 
2.Жамбас белдеуіне жататын сүйектерді жатады? 
3.Жамбастың құрылысы қандай? 
4.Үй жануарлары ортан жілігінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? 
5. Ортан жіліктің құрылысы қандай? 
6. Үй жануарлары ортан жіліктерінің ерекшеліктерін атаңыз 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 233-237
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№10 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Бассүйек. Ми сауыты бөлімінің құрылысы 
Сабақтың  мақсаты:  Ми  сауыты  сүйектерінің  құрылысын  және  олардың  әртүрлі 
жануарлардағы ерекшеліктерін зерттеу  
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Әр түрлі жануарлардың бас сүйектері 
2.Атластар мен түрлі-түсті кестелер 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
Бас  қаңқасы  бір-бірімен  тұтаса  байланысқан  жалпақ  сүйектерден  құралған.  Бұл 
сүйектер организмге тіршілік үшін өте қажетті көптеген мүшелерді қоршап, қорғап тұрады. 
Бас сүйегі негізінен ми сауыты және бет бөлімі болып екіге бөлінеді. 
Ми  сауыты  жұп  (самай,  маңдай,төбе  және  қанат  сүйектерінен)  және  төрт  тақ  (шүйде, 
төбеаралық,  торлы  және  сынаша  сүйектерден)  құралған.  Әрбір  сүйектің  өзінің  жеке 
бөліктері мен ерекшеліктері бар.  Осы бөліктерді ерекшеліктерімен бірге қазақша –латынша 
атауларымен жаттау. 
Бақылау сұрақтары 
1.Бас сүйек қандай бөлімдерге бөлінеді? 
2.Ми сауыты бөлімін құрайтын сүйектерді атаңыз? 
3.Шүйде сүйек қандай бөліктерден тұрады? Олардың құрылысы қандай? 
4.Сынашы сүйек қандай тетіктерден құралған? 
5. Самай сүйекті қандай бөліктер құрайды? Олардың құрылысы қандай? 
6. Маңдай, төбе, төбеаралық, қанатша сүйектердің құрылысы қандай? 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 208-218
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 11 зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Сүйектер байланысының түрлері. Буынның түрлері және құрылысы. 
Сабақтың мақсаты:  Жануарлар қаңқаларындағы сүйектердің  байланыс түрлерін 
зерттеу. Буынның құрылысы, олардың түрлері, пішіндері. 
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 
1.Жануарлар қаңқалары, жеке сүйектер 
2.Буын түрлерінің препараттары 
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 
   
Сүйектер  байланысы  туралы  ілімді-синдесмология  деп  атайды.  Сүйектердің 
байланысы-  қаңқа  сүйектерінің  бір-бірімен  өзара  белгілі  заңдылықпен  байланысуын 
қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқаларындағы сүйектер байланысының түрлерін екі  топқа 
бөледі: 1.Тұтаса байланысу. 2. Буындық байланыс. 
1-тапсырма. Сүйектер байланыстарының түрлерін кестеге толтырыңдар. 
1-кесте 
Сүйектер байланыстарының түрлері 
Тұтаса байланыстар 
Буындық байланыстар 
 
 
2-тапсырма. Буынның құрылысы, ерекшеліктерімен бірге атаңдар. 
2-кесте 
Буынның құрылысы 
Буындық бет 
Буындық қуыс 
Буындық қапшық 
Буындық сұйықтық 
 
 
 
 
 
3-тапсырма. Буындардың құрылысына қарай бөлінуі. 
3-кесте 
Буындардың құрылысына қарай бөлінуі. 
Қарапайым  буындарға    қай  буындар 
жатады? 
Күрделі буындағы  қай сүйектер жатады? 
 
 
4-тапсырма.  Буындардың қозғалыс түріне қарай бөлінуі. 
4-кесте 
Буындардың қозғалыс түріне қарай бөлінуі 
Бір білікті буындар 
Қос білікті буындар 
Көп білікті буындар 
 
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.Сүйектер байланысының қандай түрлері болады? 
2. Сүйектердің тұтаса байланысуы дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз? 
3.Омыртқа бағанасындағы омыртқалар, төс сүйегі мен қабырғалар қалай байланысқан? 
4.Жамбас сүйектері қалай байланысқан? 
5. Буын дегеніміз не? Буынның құрылыс қандай? 
6. Құрылысына қарай  қандай буындарды білесіз? 
7. Буындардың қозғалысына қарай қандай буындар болады? 
8. Көп білікті буындарға мысал келтіріңіз. 
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі : 
1.Жаңабеков.К., 
Жаңабекова.Г.К.«Жануарлар 
морфологиясы 
және 
латын 
терминологиясы» А.,«Сөздік-Словарь»,2005, 240-251
 
б 
2. Жаңабеков К., Махашов Е. «Жануарлар анатомиясы» А., «Білім», 1996 
3.
Акаевский  А.И.,  Юдичев  Ю.Ф.,  Михайлов  Н.В.,  Хрусталева  И.  В.  Анатомия  домашних 
животных, Учебник. М, Колос, 1984. 
4.П.Попеско  «Атлас  топографической  анатомии  сельскохозяйственных  животных».  Словацкое 
издательство сельхоз литературы в Братиславе, 1962. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет