Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата03.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#6975
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

зимогенді  полюс  деп  аталады.  Қабырғасы  бірқабатты  жалпақ  эпителийден  құралған 
ендірме  бөлімдер  альвеолалар  қуысына  кіріп  тұрады.  Бұлардан  қабырғасы  бірқабатты 
жалпақ  эпителийден  тұатын  ендірме  өзектер  басталады.  Ендірме  өзектер  бір-бірімен 
өзара  қосылып,  қабырғасы  бірқабатты  призма  тәрізді  эпителийден  құралған 
бөлікшелераралық шығару өзектерін құрайды. Бұлар бір-бірімен өзара қосылып, он екі 
елі  ішекке  ашылатын  ұйқы  безінің  шығару  өзегін  түзеді.  Без  бөлікшелерінің  ішкі 
жағында,  альвеолалардың  аралықтарында  ақшыл  түске  боялған  бездің  эндокринді 
бөлігінің  инсулоциттері  топтасып,  пішіні  мен  мөлшері  ір  түрлі  аралшықтар  құрайды. 
Инсулоциттер  цитоплазмасында  барлық  органеллалар  жақсы  жетілген  (гранулалы 
эндоплазмалық  тор  экзокринді  гландулоциттерге  қарағанда  салыстырмалы  нашар 
жетілген),  олар  қан  капиллярларымен  тығыз  жанасып  жатып,  жасушалар  бағандарын 
түзеді. Без аралшықтары қан тамрларымен жоғары деңгейде жабдықталған. 
Аралшық инсулоциттері: А, В, Д, Д-1, РР сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Бұлардың 
ішінде  ең  көбі  –  солғын  боялған  В-инсулоциттері  аралшықтардың  орталығында 
орналасады.  В-инсулоциттерінің  цитоплазмасында  суда  ерімейтін,  спиртте  еритін 
дәншелер  болады.  Бұлар  инсулин  гормонын  бөледі.  Аралшықтардың  шеткі  жағында 
орналасқан А-инсулоциттерінің дәншелері суда ериді. Бұлар глюкагон гормонын бөледі. 
Аралшықтардың  шеткі  жағында  болатын  саны  аз,  мөлшері  орташа  келген  Д-
инсулоцитерінің  гормоны  В,  А,  және  экзокринді  альвеолалар  гландулоциттерінің 
қызметтерін  тежейді.  Цитоплазмасындағы  дәншелердің  күмістену  (аргирофилді)  қасиеті 
болатын,  саны  тым  аз  Д-1  инсулоциттері  организмдегі  қанның  қысымын  төмендететін 
және  ұйқы  безі  экзокринді  бөлігінің  сөл  бөлу  қызметін  күшейтетін  гормон  бөледі.  РР-
инсулоциттерін  цитоплазмасында  майда  дәншелер  болады.  Бұлардың  саны  тіпті  аз  және 
олар  аралшықтардың  шеткі  жағында  ғана  кездеседі,  гормондары  қарын  мен  ұйқы  безі 
сөлінің бөлінуіне ықпал етеді. 
Жуан  ішек  (intestinum  crassum)  –  азық  қорыту  аппаратының  артқы  бөлімі.  Бұл 
бөлім:  бүйеннен,  тоқ  ішектен  және  тік  ішектен  тұрады.  Тік  ішек  азық  қорыту 
аппаратының  шығаберіс  тесігі  –  ануспен  яқталады.  Жуан  ішекте  жын  одан  әрі 
қорытылып,  қорытылған  заттар,  су  және  тұздар  сіңіріледі,  қорытылмаған  азық 
қалдығынан  нәжіс  қалыптасып,  сыртқа  шығарылады.  Жуан  ішектер  қабырғаларының 
құрылысындағы  ерекшеліктер:  кейбір  жануарлар  дың  жуан  ішектері  қабырғаларында, 
олардың  етті  қабығының  ұзынша  қабатынан  түзілген  ет  таспалар  (taenia)  мен  олардың 
аралықтарындағы қалташалар (haustraболады.   
Бүйен  (intestinum  caecum)  –  жуан  ішектің  пішіні  тұйық  қалта  тәрізді  болып 
басталатын бөлігі. Жылқы малынан басқа барлық жануарларда ащы ішектің соңғы бөлігі – 
мықын  ішек  бүйен  мен  тоқ  ішектің  шекарасына  барып  ашылады.  Тек,  жылқыда  ғана 
мықын ішек тікелей бүйенге ашылады. Жылқыда бүйен ірі көлемді, пішіні үтір тәріздес 
болып  келеді.  Қабырғасындатөрт  қатар  ұзын  ет  таспалары  және  олардың  арасында  төрт 
қатарда  жатқан  қалташалар  болады.  Жуан  келген  бүйеннің  негізі  (basis  ceci)  жамбас 
қуысының оң жағына ығыса орналасады, ал оның ұзын келген бүйен денесі (corpus ceci) – 

құрсақ  қусының  оң  жағымен  бауырға  дейін  созылып  жатады.  Ал  жіңішкеріп  иіліңкіреп 
аяқталатын  бүйен  ұшы  (apex  ceci)  –семсерше  өсінді  аумағына  қарай  сол  жаққа  иіліп 
бағытталады.  Жылқы  бүйенінде  үлкен  иін  (curvatura  majus)  және  кіші  иін  (curvatura 
minus) болады. Күйіс қайтаратын жануарларда бүйеннің қабырғасы тегіс болып келеді, 
жануарлар  түрлеріне  байланысты  әр  түрлі  (20  –  70  см)  әр  түрлі  болады.  Ол  құрсақ 
қуысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы жағында орналасады. Оның артқы шекарасы 
жамбас  қуысында,  мықын  ішек  ашылатын  алдыңғы  шекарасы  –  бел  аумағының  орта 
тұсында  болады.  Шошқа  бүйенінің  пішіні  конус  тәрізді  және  қысқа  болып  келеді, 
қабырғасында  үш  қатар  ет  таспалары  және  олардың  араларында  үш  қатар  қалталар 
болады.  Оның  тұйық  басталатын  төбесі  артқа  қарай  бағытталып,  оң  жаққа  қарай  иіліп 
жатады,  алдыңғы  шекарасы  оң  бүйректің  артқы  бетімен  жанасып  жатады.  Ит  бүйенінің 
орташа ұзындығы 20 см. Қысқа шажырқайға ілінген бүйен денесінде 2 – 3 иілім болады. 
Ол  құрсақ  қуысының  оң  бүйірлік  аумағында,  бел  омыртқалардың  орта  тұсында 
орналасады.  
Тоқ  ішек  немесе  жиекті  ішек  (intestinum  colon)  –  жуан  ішектің  ортаңғы  бөлігі. 
Оның пішіні мен мөлшері жануарлардың түрлеріне және қоректену сипатына байланысты 
болады. Итте бұл ішек қысқы, шошқада орташа, ал шөппен қоректенетін жануарларда ол 
түрлі дәрежеде ұзын болып келеді.
 Жылқыда тоқ ішек: үлкен тоқ ішек (intestinum colon 
crassum) және кіші тоқ ішек (intestinum colon tenue) болып бөлінеді. Үлкен тоқ ішектің 
құрсақтағы  орналасу  пішіні  таға  тәріздес.  Ол  қатарда  орналасқан:  вентральды  және 
дорсальды  жартыілмекке  бөлінеді.  Бүйеннің  кіші  иіні  бетінен  басталған  вентральды 
жартыілмек үш бөліктен тұрады. Олар: құрсақ қусыының оң жағындағы  оң вентральды 
бөлік  (colon  ventrale  dextrum),  вентральды  диафрагмальды  иілім  (flexura  coli 
diaphragmatica  ventralis)  –  көкеттің  құрсақ  бетімен  оңнан  солға  қарай  иіліп  жатады  және 
сол вентральды бөлік (colon ventrale sinistrum– құрсақ қуысының сол жағымен көкеттен 
жамбас  қуысына  қарай  бағытталған.  Вентральды  жартыілмектің  қабырғасында  төрт 
қатар  ет  таспасы  және  олардың  арасында  төрт  қатар  қалташалар  болады. 
Жамбасқуысына кіреберісте сол вентральды бөлік жоғары жамбасқа қарай иілі көтеріліп, 
жамбас  иілімін  (flexura  coli  pelvina)  жасайды  да,  дорсальды  жартыілмекке  өтеді. 
Дорсальды  жартыілекте  де  үш  бөлік  болады.  Олар:  дорсальды  сол  бөлік  (colon  dorsale 
sinistrum),  дорсальды  диафрагмальды  иілім  (flexura  coli  diaphragmatica  dorsalis)  және 
дорсальды  оң  бөлік  (colon  dorsale  dextrum). Дорсальды  жартыілмектің қабырғасында 
үш  қатар  ет  таспасы  және  олардың  арасында  үш  қатар  қалташалар  болады.  Пішіні 
қарын тәріздес кеңейген дорсальды оң бөлік жіңішкеріп барып, кіші тоқ ішекке ауысады. 
Кіші  тоқ  ішек    (қазақша  қарта)  үлкен  тоқ  ішектің  оң  жіне  сол  бөліктерінің  аралығында 
ұзын шажырқайға ілініп, ілмек жасай тік ішекке ауысады.  
Күйіс қайтаратын жануарларда  тоқ ішектің пішіні  оралып жатқан дискі  немесе 
дискі-конус тәрізді болып келеді. Тоқ ішек құрсақ қуысының оң жағында орналасады. Тоқ 
ішек  бүйеннен басталған бойда  проксимальды ілмек (ansa  coli proximalisжасап, сағат 
тілі  бағытымен  өзара  шажырқай  арқылы  байланысқан  орталыққа  тепкіш 
(центрипетальды) оралымдар (gyri coli centripetalesжасайды да, жануарлардың түріне 
қарай ішек дискісі (сиырда) немесе дискі-конусы (қой мен ешкіде) орталығында орталық 
иілім (flexura
 coli centralisтүзіп, қайтадан сағат тілі бағытына қарама-қарсы орталықтан 
тепкіш  (центрифугальды)  оралымдар  (gyri  coli  centrifugales)  жасайды  да,  дистальды 
ілмектен (ansa coli distalis) кейін тік ішекке өтеді. 
Шошқада  тоқ  ішектің  құрсақ  қуысындағы  орналасу  пішіні  конус  тәрізді.  Ол 
құрсақ  қуысы  алдыңғы  жағының  2/3  бөлігін  алып  жатады.  Центрипетальды 
оралымдарының  қабырғасында  екі  қатар  ет  таспалары  және  қалташалар  болады. 
Оралымдарының  саны  3,5,  центрифугальды  оралымдарының    қабырғасы  тегіс.  Тоқ  ішек 
дененің арт жағына қарай иіліп, тік ішекке айналады. 
Итте  тоқ  ішектің  орналасу  пішіні  таға  тәрізді  болып  келеді.  Бүйеннің  жалғасы 
ретінде  құрсақ  қуысының  оң  жағымен  алға  көкетке  қарай  бағытталып,  оң  бөлігін,  одан 

кейін көкеттің құрсақ бетімен солға қарай бұрылып,  диафрагмальды бөлікті, содан соң 
құрсақ қуысының сол жағымен жамбас қуысына қарай бағытталып, сол бөлікті жасайды 
да, тік ішекке айналады..  
Тік  ішек  (intestinum  rectum)  –  жуан  ішектің  қысқа  соңғы  бөлігі.  Ол  жамбас 
қуысында, құйымшақтың төменгі жағындағы шажырқайға ілініп тұрады. Тік ішек анусқа 
өтер  алдында  кеңейіп,  тік  ішек  ампуласын  (ampulla  recti)  түзеді.  Сыртындағы  сірлі 
қабықпен  тік  ішектің  құйымшақ  астындағы  бөлігі  ғана  қапталған,  ал  қалған  бөлігін 
адвентиция қаптап жатады (борпылдақ дәнекер ұлпасы).   
Жуан  ішектердің  қабырғалары  түтікше  мүше  ретінде  үш  қабықтан:  кілегейлі,  етті  және 
сірлі  қабықтан  (адвентициядан)  тұрады.  Кілегейлі  қабығында  ішек  бүрлері  болмайды. 
Жалпыішектік  без  қабырғаларындағы  эпителий  қабатында  құтыша  жасушалар  өте  көп 
болады, эндокринді және панет жасушалары кездеспейді.
 
 
Бақылау сұрақтары
1. Азық қорыту аппаратының ортаңғы бөліміне қандай мүшелер жатады? 
2.  Ащы  ішектің  бөліктері,  олардың  жануарлар  түрлеріне  байланысты  құрылыс 
ерекшеліктері. 
3. Бауырдың макро- және микроқұрылысы, топографиясы, маңызы.  
4. Ұйқы безінің макро- және микроқұрылысы, топографиясы, маңызы. 
5. Жуан ішектер, олардың маңызы. 
6. Түрлі жануарлар бүйенінің құрылысы және топографиясы. 
7. Жануарлар тоқ ішегінің құрылысы және топографиясы. 
8. Жуан ішектер микроқұрылысындағыерекшеліктер.  
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 345 - 362 
беттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№16 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы:  Тыныс алу аппаратының морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  тыныс  алу  аппараты  мүшелерінің  даму 
процестерімен, макро – және микроскопиялық құрылыстарымен, жануарлардың түрлеріне 
байланысты олардың құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  мұрын,  мұрын  қуысы,  мұрын  жолы,  аңқа,  көмекей,  кеңірдек, 
бронхтар (ауатамырлар), бронхиола, өкпе, ацинус, өкпеқап, альвеола. 
Иллюстрация  –  жануарлардың  мұрын  ұштары,  мұрын  қуысының  ұзын  кесіндісі, 
жануарлар  көмекейінің  құрылысы,  бронхтар  тарамы,  альвеолалар  тарамы  (таблицалар, 
слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Тыныс алу мүшелерінің жалпы сипаттамасы және құрылыс заңдылықтары. 
         2. Тыныс алу аппараты мүшелерінің филогенезі және онтогенезі. 
         3.  Тыныс  жолдары  мүшелерінің  (мұрын  қуысы  мүшелерінің,  аңқаның,  көмекейдің, 
кеңірдектің, бронхтардың, бронхиоланың) құрылысы. 
         4.  Өкпенің  макро  -  және  микроскопиылық  құрылысы  (өкпе  газ  алмасу  бөлімі  – 
альвеолалар тарамы). 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақ. Тыныс алу аппараты (apparatus respiratorius) жануарлар организмінде сыртқы газ 
алмасу  үдерісін  іс  жүзіне  асырады.  Аппарат  ауадағы  оттегтің  қанға  өтуін,  керісінше, 
қандағы  көмірқышқыл  газдың  ауаға  шығарылуын  қамтамасыз  етеді.  Бұнымен  қатар,  ол 
дененің  қызуын  және  эндокриндік  қызметті  де  реттеуге  қатысады.  Тыныс  алу  аппараты 
мүшелерінде  иіс  сезімі  және  дыбыс  мүшелері  орналасады.  Қызметіне  байланысты  бұл 
аппарат  екі  бөлімнен:  тыныс  жолдары  мүшелерінен  және  газ  алмасу  мүшесінен 
тұрады. 
Тыныс  жолдары  мүшелеріне  –  мұрын  қуысы,  аңқа,  көмекей,  кеңірдек,  түрлі 
арналы  бронхтар,  бронхиолалар,  терминальды  (соңғы)  бронхиолалар  жатады.  Тыныс 
жолдарында ауа: 1) құрамындағы шаң-тозаңнан тазаланады; 
                     2) су буымен дымқылданады; 
                     3) қуысты мүшелер қуысында жылынады; 
Сонымен қатар, тыныс жолдарында ауа құрамындағы заттардың иісі анықталады 
және дыбыс шығарылады
Газ  алмасу  мүшесін  немесе  өкпені:  бронхтар  (ірі  бронхтар,  орта  бронхтар,  кіші 
бронхтар,  бронхиолалар,  соңғы  бронхиолалар)  және  альвеолалар  (альвеолалы 
бронхиолалар,  альвеолалы  жолдар,  альвеолалы  қапшықтар,  альвеолалар)  тарамдары 
құрайды. 
2-сұрақ.  Филогенез:  1.Диффузиялы  тыныс  алу  –  біржасушалы  және  төменгі 
сатыдағы көпжасушалы жәндіктер;  
2.Желбезекпен  тыныс  алу  –  желбезек  саңлаулары  арқылы  жұтқыншақтан  сыртқа 
ағып  өтетін  су  құрамындағы  оттегтің  желбезек  капиллярларына  сіңірілуі.  Суда  тіршілік 
ететін жануарлар. 
3.Кеңірдек арқылы тыныс алу – омыртқасыз жәндіктер; 
4.Тері жабыны арқылы тыныс алу – құрттар, насекомдар дернәсілдері; 
5.Ішек арқылы тыныс алу – жұмыр құрттар; 
6.Өкпе арқылы тыныс алу – хордалылар. 
Онтогенез. Тыныс алу мүшелері энтодермадан дамып жетілетін алдығы ішектің төменгі 
қабырғасындағы  тыныс  алу  түтігінен  дамиды.  Жануарлар  эмбриондарында  тыныс  алу 
аппараты  (мұрын)  кіреберісінің  эпителий  қабаты  –  эктодермадан,  қалған  мүшелердің 
эпителий  қабаттары  мен  қабырғалық  бездер  паренхималары  –  энтодермадан,  сірлі 
қабықтар – мезодерма спланхнотомынан, мүшелер стромасы – мезенхимадан дамиды.  

3-сұрақ.  Мұрын  қуысы  –  қуысты  мүше.  Мұрынның  сыртқы  бетінде:  мұрын  арқалығы, 
мұрын  түбірі,  мұрын  ұшы  ажыратылады.  Ол  мұрын  қуысының кіреберісі  және  негізгі 
мұрын қуысы болып екі бөлімге бөлінеді. Қабырғасы үш қабықтан:  кілегейлісүйекті-
шеміршекті және бұлшық ет-тері қабықтардан тұрады. Кіреберіс - мұрын тесіктері және 
шығаберіс – жұп хоана тесіктері болады. Мұрын пердесі мұрын қуысын екі: оң және сол 
бөлікке  бөледі.  Мұрын  қуысының  әр  бір  бөлігі  4  мұрын  жолдарынан:  дорсальды  мұрын 
жолынан,  ортаңғы  мұрын  жолынан,  вентральды  мұрын  жолынан  және  жалпы  мұрын 
жолынан  тұрады.  Мұрын  қуысы  тесіктер  арқылы  мұрын  қойнаулары  (жоғарғы  жақ 
қойнауы, маңдай қойнауы, сынаша қойнауы, таңдай қойнауы) қуыстарымен қатысады. 
Аңқа  –  жұтқыншақтың  ауа  жүретін  бөлігі.  Мұрын  қуысын  көмекеймен 
жалғастырады. 
Көмекей – тыныс алу процесінде ауаны екі бағытта өткізетін, жұтыну кезінде тыныс 
жолын жауып, азықтың кеңірдекке түспеуін қамтамасыз ететін,кеңірдекті тіласты сүйекке 
бекітіп,  жұтқыншақтың  каудальды  тарылтқыш  бұлшық  еттері  мен  өңеш  үшін  тіректік 
және  дыбыс  шығару  қызметін  атқаратын  қуысты  мүше.  Көмекейдің  қабырғасы  үш 
қабықтан:  кілегейлі,  шеміршекті-талшықты,  адвентиция  қабықтарынан  тұрады.  Ішкі 
кілегейлі қабығы жағындағы қуысы екі бөліктен: көмекей кіреберісінен (дыбыс қатпарына 
дейінгі)  және  негізгі  көмекей  қуысынан  тұрады.  Ожауша  шеміршек  өсіндісінен  төмен 
кететін  дыбыс  қатпарының  негізін  дыбыс  сіңірі  және  дыбыс  бұлшық  еті  құрайды. 
Ортаңғы шеміршекті-талшықтың қабықтың негізін – сақинашақалқаншажұп ожауша 
және бөбешік шеміршектер құрайды. Көмекей қабырғасына әсер ететін бұлшық еттер үш 
топқа бөлінеді. Олар: 1. Көмекей қуысын кеңейткіш бұлшық еттер тобы:  
1.Дорсальды сақинаша-ожауша бұлшық ет,  
2.Сақинаша-қалқанша бұлшық ет,  
3.Тіласты-бөбешік бұлшық еті.  
2. Көмекей қуысын тарылтқыш бұлшық еттер тобы:  
1.Латеральды сақинаша-ожауша бұлшық ет,  
2.Дыбыс бұлшық еті,  
3.Қарынша бұлшық еті,  
4.Көлденең ожауша бұлшық еті.  
3. Көмекейге жалпы әсер ететін бұлшық еттер тобы:  
1.Төс-қалқанша бұлшық еті,  
2.Тіласты-қалқанша бұлшық еті. 
Кеңірдек  –  көмекейді  өкпе  бронхтарымен  жалғастыратын  түтікше  мүше. 
Топографиясы – денеде орналасу орындарына қарай кеңірдек екі: мойын және көкірек 
бөліктерге  бөлінеді.  Қабырғасы  үш  қабықтан  (кілегейлі,талшықты-шеміршекті, 
адвентиция  немесе  сірлі  қабықтар)  құралған.  Талшықты-шеміршекті  қабығының  негізін 
гиалинді шеміршек сақиналар (жылқыда – 48-60, сиырда – 46-50, қой мен ешкіде – 45-56, 
шошқада – 31-36, итте – 42-46) түзеді.  
4  – сұрақ.  Өкпе  –  пішіні  конус тәрізді  құрылысы жағынан паренхималы газ  алмасу 
мүшесі.  Өкпеде  өкпе  негізі,  өкпе  төбесі,  дорсальды  доғал  және  вентральды  қырлы 
жиектері, қабырғалық, диафрагмалық медиальды беттері ажыратылады. Өкпенің ішкі 
медиальды  беті  өз кезегінде  екі  бөлікке:  омыртқалық  және  көкірек  ортасы  бөліктерге 
бөлінеді. Төменгі  жағындағы бөлікаралық  сайлар өкпені  бірнеше бөліктерге бөледі.  Сол 
өкпеде: краниальды, ортаңғы және каудальды бөліктер; оң өкпеде: краниальды, ортаңғы, 
каудальды  және  қосымша    бөліктер  болады.  Паренхималы  мүше  ретінде  өкпе  –
паренхимадан және стромадан тұрады. Өкпе стромасын - мүше паренхимасын дәнекерлеп, 
біріктіріп  біртұтас  ететін  және  қоректендіруші  қан,  лимфа  тамырлары  мен  жүйкелер 
өтетін жұқа борпылдақ  дәнекерұлпалық аралықтар құрайды. Өкпе паренхимасы бронхтар 
және альвеолалар тарамдарынан тұрады. Бронхтар тарамы – тыныс жолдарына жатады. 
Бронхтарда  ауа  тазаланады,  ылғалданады  (су  буымен),  жылиды  да,  өкпенің  газ  алмасу 
(респираторлы)  бөліміне  өтеді.  Орналасу  орындарына,  құрылысына  және  арнасының 

диаметріне  байланысты  бронхтар  кеңірдектен  кезегімен  таралып,  төмендегідей 
бронхтарға  ажырайды.  Олар:  негізгі  бронх,  ірі  бронх,  орта  бронх,  кіші  бронх 
бронхиолалар,  соңғы  (терминальды)  бронхиола.  Бронхтардың  соңғы  тармақтары  мен 
бронхиолалардың  ішкі  кірпікшелі  эпителий  қабатында  басқа  бронхтар  эпителий 
қабатындағыдай:  призма  тәрізді  кірпікшелі,  бокал  тәрізді  (құтыша),  базальды 
(негіздік),  эндокринді  жасушалардан  басқа  көбелі  (жиекті),  кірпікшесіз  жасушалар 
мен  Клар  жасушалары  кездеседі.  Биік  көбелі  жасушалардың  апикальды  ұшында 
хеморецепторлардың  қызметін  атқаратын  микробүрлер.  Клар  жасушасының  секреті 
альвеолардың  ішкі  бетіндегі  үлдірлі  қабат  –  сурфактантты  ерітеді.  Альвеолалар 
тарамы  -  өкпе  бөлікшелерін  (өкпе  ацинустарын)  құрайтын  өкпенің  газ  алмасу 
(респираторлы) бөлімі. Бұл тарам – альвеолалы бронхиолоданальвеолалы жолдардан, 
альвеолалы  қапшықтардан  және  альвеолалардан  құралған.  Альвеолалардың 
қабырғаларын  негіздік  жарғақта  орналасқан  альвеолоциттер  (пневмоциттер) 
астарлайды.  Олар:  респираторлы  және  үлкен  пневмоциттер  болып  екі  түрге  бөлінеді. 
Респираторлы  пневмоциттердің  орташа  қалыңдығы  0,2  –  0,3  мкм.  Олардың  ядролар 
орналасқан  тұсының  биіктігі  5  –  6  мкм.  Жасушалар  цитоплазмасында  барлық 
органеллалар  жеткілікті  деңгейде  жетілген.  Пневмоциттердің  альвеола  қуысына  қараған 
беті  белоктардан,  фосфолипидтерден  және  гликопротеидтерден  құралған  жұқа  үлдір 
тәріздес сурфактант қабатымен қапталған. Сурфактант – альвеолалардың ішкі беттерінің 
өзара  жабысып  қалуынан  сақтап,  ауаның  құрамындағы  микроорганизмдердің  өкпе 
ұлпаларына  өтпеуін  қамтамасыз  етеді.  Үлкен  пневмоциттер  –  респираторлы 
пневмоциттердің  аралықтарында  жекеленіп  немесе  топтасып  орналасады.  Ірі  ядролы 
үлкен  пневмоциттердің  апикальды  ұшында  қысқа  микробүрлер  болады.  Бұлардың 
цитоплазмасында органеллалардан басқа фосфолипидтерден құралған тығыз денешіктер 
(цитосомалар)  кездеседі.  Үлкен  пневмоциттер  –  альвеолалардың  ішкі  бетін  қаптап 
тұратын  сурфактант  бөледі.  Өкпе  ацинусын  –  бір  альвеолалы  бронхиоладан  таралған 
альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар және олардың қабырғаларындағы альвеолалар 
мен  бұларды  дәнекерлеп  біріктіріп  тұрған  борпылдақ  дәнекер  ұлпалық  аралықтар  және 
осы аралықтар арқылы өтетін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер құрайды.  
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Тыныс алу аппаратының жануарлар организміндегі маңызы. 
2. Тыныс алу аппараты қандай бөлімдерге бөлінеді? 
3. Тыныс жолдары мүшелеріне қандай мүшелер жатады? 
4. Газ алмасу мүшесін қандай мүшелер құрайды? 
5. Тыныс алу аппараты мүшелерінің дамуы (филогенезі және онтогенезі). 
6.  Тыныс  жолдары  мүшелерінің  (мұрын,  аңқа,  көмекей,  кеңірдек,  бронхтар) 
құрылысы. 
7.  Өкпенің анатомиялық құрылысы. 
8. Газ алмасу мүшесін құрайтын альвеолалар тарамының құрылысы. 
9. Пневмоциттердің түрлері, олардың маңызы. 
10. Өкпе ацинусының құрылысы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.  «Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  363  – 
383 беттер. 
 
 
 
 
 
 

№17 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы:  Зәр бөлу жүйесі мүшелерінің  морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің мақсаты: Студенттерді зәр бөлу мүшелерінің даму процестерімен, макро 
– және микроскопиялық құрылыстарымен, жануарлардың түрлеріне байланысты олардың 
құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру. 
Түйінді сөздер: бүйрек, несепағар, қуық, несепшығар өзегі, нефрон, бүйрек денешігі, 
проксималды бөлім, жіңішке бөлім, дистальды бөлім, нефрон ілгегі, жинағыш түтікшелер. 
Иллюстрация  –  бүйректің  түрлері,  нефрон  бөлімдері,  бүйректің  гистологиялық 
құрылысы, зәр бөлу мүшелерінің дамуы (таблицалар, слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Зәр бөлу мүшелерінің жалпы сипаттамасы және құрылыс заңдылықтары. 
         2. Зәр бөлу мүшелерінің филогенезі және онтогенезі. 
         3.  Бүйректің  құрылысы,  түрлері,  топографиясы,  нефронның  бөлімдері,  олардың 
құрылысы. 
         4. Несепағардың, қуықтың, несепшығар өзегінің құрылысы. 
Дәрістің қысқаша мазмұны: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет