Технология сабағында, оқушылардың кестелеу өнеріне деген биімділігін арттыру


Кестелеуде қолданатың тігіс түрлері: Бүрме



бет4/4
Дата14.01.2023
өлшемі346,6 Kb.
#61252
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация Кестелеу өнері

Кестелеуде қолданатың тігіс түрлері: Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап-сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбінеее екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін. «Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға-қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген. «Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.

Кестелеудің оқушыларға пайдасы:

  • Оқушылардың моторикасын дамытады.
  • Оқушылардың шыдамдылғын, еңбексуйгіштігін, төзімділігін дамытады.
  • Оқушылар әр түрлі кесте түрлерімен танысып, кестелеуді үйренеді.
  • Кестелеу арқылы математикалық ұғымдарды: санау, симметрия, фигураларды сыза білуге үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет