“Технология”


Педагогикалық технологияға тән белгiлер



бет3/3
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#62284
1   2   3
Педагогикалық технологияға тән белгiлер:
Негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт);
Жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы);
Басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тесеруге болатындығы);
Тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Білім берудегі педагогикалық технологиялар мынандай ұстанымдарға сәйкес қолданылады:
1. Білім беру үдерісінің жариялылығы.
2. Педагогикалық үдерісті ізгілендіру ұстанымы.
3. Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту ұстанымы.
4. Дамыта оқыту ұстанымы.
5. Педагогикалық технологиялар тиімділігін арттыру ұстанымы
6.Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру.
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі
Білім беру технологияларын әдіскер-ғалымдар 4-ке бөліп жіктейді.
1. тұлғалық-бағдарлы білім беру технологиялары
2. дамыта оқыту технологиялары
4. ұжымдық өзара
оқыту технологиялары
3. проблемалық оқыту
Дамыта оқыту технологиясы – оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға үйретеді.
Дамыта оқыту – бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоцкий, А.Дистервек, К.Ушинскиден басталған.
Бұл теорияны алғаш негіздеп дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Элконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б.
тәжірбиелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты.
Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Дамыта оқытудың барысында оқушылардың:
Ойлау дәрежесі артады
Байқампаздық қабілеті дамиды
Ізденушілік, зерттеушілік қасиеі жанданады
Пікір алмасу мен өз тұжырымын жасауға ұмтылады
Тұлғаның өзіндік үні «менің ойымша», «егер мен болсам», т.б. қалыптасады
Өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылады
Шығармашылық қабілеті дамиды
Өзіне деген сенімі артады
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқыту технологиясы дегеніміз – әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрі. Деңгейлеп оқытуда мұғалім ақпарат беруші және ұйымдастырушы, кеңес айтушы қызметін ғана атқарады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - оқытуды оқушының әр түрлі топтарына, ерекшеліктеріне сай бейімдеу, ыңғайлау. Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет