Технологиялары



Pdf көрінісі
бет3/57
Дата28.07.2023
өлшемі2,79 Mb.
#104886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
 



Кіріспе 
Компьютерде сақталып өңделетін Мәліметтердің күннен күнге артып 
отырғаны бәрімізге мәлім. Интернет ауқымды кеңістігінде жинақталып оларға 
жылдам қолжетімділік қамтамасыз ету іздеу шартының нақты орындалуын 
талап етеді. Бірінші өзекті болып тұрған мәселе қажетті Мәліметтерді 
іздестіруде интеллектуалды жүйелердің мүмкіншіліктерін қолдану қажеттігі. 
Осы бағытта алынған шешімдер сұранысты қалыптастыруда тек сұраныстың 
нақтылығын, дәлдігін ескере қоймай, сұранысты орындаудың жылдамдық 
параметрлерін қамтиді. Екінші мәселеге келсек, ол ақпаратты компьютерде 
сақтап өңдегенде алуан түрлі форматтардың қолданылуы, оларды мәліметтер 
базасы құрылымында сақтап, өңдеу қиындығы. Бірақ, осы мәселелердің 
шешімдерін тауып қолдану көптеген қолданбалы есептерді жүзеге асыруға жол 
ашады. Мәселен, егерде бүгінгі күнде қажетімізге керек сұранысты дұрыс 
қалыптастырмасақ компьютердің бізге іріктеп алып берген ақпаратты өз 
қажеттілігімізге қолдану ыңғайсыз да, қосымша біраз уақытымыздың болуын 
талап етеді. Ал егерде, компьютермен интеллектуалды бағдарламалардың 
есептеулерді жылдам да дәл өңдеу қабілеттіліктеріне жүгінсек, біздің пәндік 
аймақ маманы ретінде жұмысымыз жаңа да шығармашылық бағытта болуға 
уақытымыз босайды. Тағы бір мысал ақпараттың берілу форматына қарамай 
өңделу 
қажеттілігіне 
келсек, 
осы 
бағыттағы 
шешімдер 
цифрлық 
технологиялардың белсенді қолданушыларының саны күннен күнге өсіп, 
күнделікті өмірімізді жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіншілік аламыз. 
Жоғарыда айтылған мәліметтер базасының потенциалдық мүмкіндіктерінің 
дамуы еліміздің экономикасының жылдан-жылға өркендеуіне кепіл бере алады. 
Ал, IT-саласының мамандарының алдында жауапты да күрделі міндеттер 
тұрғанын айқындайды. Ол дегеніміз, жоғары білім беру мазмұнында осы 
жағдайларға мұқият қарап, мемлекеттің даму стратегиялық бағыттарына сәйкес 
өзекті мәселелеріне қатысты оқу бағдарламаларымызды жасап бүгінгі 
студенттер-болашақ мамандарда қажетті қабілеттіліктер қалыптастыруымыз 
керек.




МӘЛІМЕТТЕР 
БАЗАСЫМЕН 
ЖҰМЫС 
ЖАСАУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 
1.1
Мәліметтер базасын қолдану технологияларының даму кезеңдері 
Ақпараттық нарық қызметінің дамуы XX ғасырдың 60-шы жылдары 
басталды. Ол кездегі қызмет қолданушылар: ақпараттық академиялық қызмет, 
кәсіптік және ғылыми-техникалық қоғам, мемлекеттік мекемелер, оқу 
орындары. Ақпараттық қызмет нарығымен қатар электрондық өңдеу мен 
ақпараттарды тарату нарығы құрыла бастады. 60-жыл ортасында ақпараттық 
қызметтің негізгі түрі - мәліметтер қоры, онда әртүрлі тақырыптар бойынша 
массивтер сақталды. 70- ші жыл ортасында мәліметтерді таратудың алғашқы 
әлемдік желісі пайда болды. Соған сәйкес ақпараттық қызметтің жаңа түрлері 
дамыды. Қашықтан қызмет ететін серверлер мен мәліметтер қорынан 
ақпаратты іздеу 80-ші жылы ақпараттық индустрия қоғамның экономикалық 
және әлеуметтік өміріне үлкен ықпал ете бастады.
Бұл кезең мәліметтер қоры құрылымында ақпаратты сақтап өңдеу, 
желі арқылы тарату жылдамдығын қамту технологиялары өмірге келді.
Технологиялардың негізігі еңгізу кезеңдері 1 –ші Кестеде берілген.
Кесте-1 Мәліметтер базасының даму кезеңдері:
Период 
Технология 
Түсініктеме 
1968 ж. 
дейін 
Файлды өңдеу 
Мәліметтерді өңдеудің алғы шарттары. 
Мәліметтер 
тізім 
ретінде 
сақталды. 
Мәліметтерді сақтау 
құралы 
ретінде 
магнитті таспа болды. 
1968-1980 
ж.ж 
Иерархиялық және 
желілік модельдер 
Реляциялық емес мәліметтер базасын 
өңдеу дәуірі. Мәліметтердің иерархиялық 
моделіне IBM фирмасының DL/I өнімі 
жасалды. Алғашқы МББЖ-сі IMS деп 
аталды. 
Желілік модельге CODASYL фирмасын
ың DBTG өнімі жасалды. Ең танымал 
желілік МББЖ- IDMS. 
1980 ж- 
1982 ж.ж. 
Мәліметтердің 
реляциялық моделі 
Мәліметтердің реляциялық моделі алғаш 
рет 1970 ж. шықты. Коммерциялық 
қосымшаларда 1980 жылддан бастап 
қолднысқа енді. IBM фирмасы DB2-ні 
шығарды, ал басқа өнімдер ішінде Oracle 
айрықшаланды. SQL реляциялық тілі 
стандартқа айналды. 
1982ж 
Микрокомпьютерлерге 
арналған алғашқы 
МББЖ-сі. 
Ashton-Tate фирмасы Dbase, Microrim-
R:Base, 
ал Borland-Paradox-ты жасап 
шығарды. 



Кесте 1 Жалғасы
1985 ж. 
Объектіге бағытталған 
үлгілер 
Объектіге бағытталған бағдарламалаудың
пайда болуымен ОБМББЖ-сі ұсынылды.
1991 ж 
Microsoft компаниясы 
Access-ті жасап 
шығарды 
Windows 
элементі 
ретінде 
құрылған 
меншікті МББЖ-
1995 ж 
Интернетке арналған 
алғаш қы қосымшалар 
Мәліметтер 
қоры 
Интернет 
қосымшаларының кілттік компоненті 
болды. Интернеттің кең тарағандығына 
байланысты мәліметтер базасына деген 
сұраныстар мен тапсырыстар арта түсті. 
1997 ж 
Мәліметтер қорын 
өңдеуде XML форматын 
қолдану. 
XML-ді 
қолдану 
мәліметтер 
қорын 
алдында тұрған бірқатар мәселелерді 
шешті. Алдыңғы қатарлы өндірушілер 
өздерінің МББЖ-не XML-ді кіріктіре 
бастады. 
2000-2010 
ж.ж. 
Көпөлшемді үлгілер 
OLAP жүйелері шығып, мәліметтердің 
көпөлшемді 
талдауы 
қажеттілігіне 
байланысты 
2010 ж.- осы 
уақытқа 
дейін 
Сақтау қоймалары 
(хранилище), 
метаМәліметтер, 
репозитарий үлгілері 
Мәліметтер базасында өте ауқымды және 
түрлі форматта және жоғары динамикалық 
Мәліметтердің 
өңделуі, 
қауіпсіздік 
талаптарының күрделенуі, жылдам өңдеу 
талаптары өзекті 
1.2
Мәліметтер базасын қолдаушы бағдарламалық өнімдерге қойылатын 
талаптар 
Бағдарламалық өнімдерді өңдеуде қолданылатын құралдар мен әдістердің 
саны мен міндеттерінің әр түрлі болғанына қарамастан, өңделуші өнімге 
қойылатын ортақ талаптар мен сапалық критериилер тізімін айқын айтуға 
болады. Бағдарламалардың сапасына әсер ететін, ең алғашқы талаптар пәндік 
аймақтың үлгілеу талаптары:

Ортақ қабылданған белгілеулер мен терминологияны сақтау; 

Пәндік аймақтың қасиеттерін қажетті дәлдік, шынайлылық деңгейде 
көрсету. 

Бағдарламалық өнімнің тағы бір маңызды қасиеті 
экономикалық 
негізделуі
болып келеді: 

Пайдаланушылар саны (нарықтың қуаты); 

Бәсекеге қабілеттілік. 
Интерфейс – өнімнің ақырғы пайдаланушысына бағытталған есеппен 
қарым – қатынас ортасы.
Анықтамалық жүйе кез-келген бағдарламалық өнімде болуы тиіс. Оның 
құрылымы жалпы жағдайда иерархиялық түрде ұйымдастырылады және 



әртүрлі белгілер бойынша ақпаратты жылдам іздеу қабілеті болу керек. 
Компьютерлерлік 
анықтамаларға
қойылатын талаптар: 

Ақпаратты берудің стандартты формасын қолдану; 

Қажетті анықтаманы бағдарламаның кез-келген жерінен алу мүмкіндігі; 

Алынған анықтаманың сақтау және шығу мүмкіндігі; 

Экрандағы ақпарат мөлшері психолого-педогогикалық және гигиеналық 
талаптармен анықталған нормадан аспауы тиіс. 
Сапалық экрандық 
дизайынның
келесі қасиеттері бар: 

Экранда тек қажетті ақпараттарды шығару; 

Түс әртүрлілігін шамадан тыс қолданбау; 

Фон үшін қою түстерді қолданбау; 

Әртүрлі түстерді мағынасы әртүрлі терезелер үшін, және бірдейлері 
үшін сәйкесінше таңдау; 

Қызыл түспен тек шұғыл хабарламаларды ерекшелеу; 

Барлық құралдық жабдықтар қолданылатын түстер палитрасын 
қолдану. 
Ыңғайлы және интеллектуалдық 
қарым-қатынас
(диалог) ортаның 
белгілері: 

Сенімділік- пайдаланушы мен құралдардың қателіктеріне тұрақтылық 
болуы, сыртқы құрылғылардың дайынсыздығын дұрыс өңделуі (мысалы, 
принтердің даярсыздығы). 

Интерфейсті стандарттау, яғни Windows типті бар стандарттармен 
ұқсастық; 

Контексті - тәуелді анықтамалық ақпарат: «қауіпті» жағдайларда 
ақпаратты жоғалтып алу, бағдарламадан шығып кету қауіптерін алдын алу;

Ұзақ процестерді үзу мүмкіндігі; 

Пайдаланушы қатысуысыз болып жатқан үрдіс жайлы ақпарат беріп 
отыру (мысалы, ұзақ есептеу, сыртқы құрылғылармен алмасу); 

Өңдеудің кейінгі нұсқаларымен толықтыру және модификациалау үшін 
жеңіл болуы. 
Қорытындылай келе қолданбалы бағдарламалық өнімдерге қойылатын 
талаптарды сызба ретінде көрсетіп қойдық (Сурет 1.2.1).
Сурет 1.2.1- Бағдарламалық өнімдерге қойылатын жалпы талаптар 


10 
1.3
Бағдарламалар классификациялары 
Мәліметтер базасымен басқару бағдарламалары қолдану міндеттерінің 
ерекшеліктеріне қарай таңдалып, түрлеріне бөлінеді. Осыған қатысты бірнеше 
классификацияларын келтіріп отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет