Технологияны


  CLILтехнологиясы мәнмәтінінде білім алушылардың тілдік және пәндік



Pdf көрінісі
бет17/56
Дата18.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#124756
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
CLIL

4. 
CLILтехнологиясы мәнмәтінінде білім алушылардың тілдік және пәндік
құзыреттіліктерін бағалау ерекшеліктері
CLIL оқыту технологиясын өз жұмысында қолданатын мұғалімдер, оқыту 
нәтижесін бағалау мәселелеріне жиі тап болады. Әдетте, бірқатар сұрақтар 
туындайды және оларға әрдайым біртекті жауап беру мүмкін емес:

нені бағалау керек 
– 
тілді білуді
ме, оқу пәнін (контентті

меңгергенін 
бе


оқыту нәтижесін бағалау үшін қандай тілді (ана тілін немесе шет тілін) 
қолдану қажет?

бағалау құралдары қандай?

оқытудағы прогресті қалай бағалауға болады?

білім алушы CLIL бойынша оқыту процесінде туындаған қиындықтарды 
қалай жеңуі керек?

ауызша/жазбаша сөйлеудің мазмұнын бағалау барысында тіл 
компонентін бағалауды қалай болдырмауға болады?

дағдыны/процесті қалыптасу дәрежесін қалай бағалайды/өлшейді? 
Мысалы, жоспарлау/зерттеу және кез келген ой қорытындыға келу қабілеті;

топтағы жұмысты қалай бағалау керек (бағалау қажет пе)?
Д.Марш және Д.Койл CLIL бойынша оқыту процесінде білім 
алушылардың жұмысын бағалау барысында, басшылыққа алынуы қажет 
бірқатар принциптерді келтіреді 
[4]: 
1) әрі қарай оқыту нәтижелерін бағалау форматын анықтайтын анық 
мақсаттар мен міндеттер қою қажет. Ережеге сәйкес, бұл бірінші кезекте 
контентті білу не белгілі бір білікті немесе дағдыны дамыту дәрежесі және 
екінші кезекте тілдік біліктерді дамыту;
2) 
түрлі тапсырмаларды қамтитын бағалаудың формальді және формальді 
емес тәсілдерін падалану;
3) 
білім алушыларды алдымен оларға қолжетімді түрде
алынған білімдер 
мен
қалыптастырылған біліктер және
дағдыларды бағалау
критерийлерімен 
және форматымен таныстыру. Бұл жағдайда білім алушылар алдына қойылған 
міндеттерді көреді және түсінеді;
4) 
пән мазмұнын бағалау барысында, мұғалім мүмкіндігінше қарапайым 
және түсінікті тілдік конструкцияларды қолдануы керек (бағалау оқыту тілінде 
жүргізілген жағдайда);


46 
5) 
тілдік компонентті бағалау, оқытудың
және мәнмәтіннің нақты 
мақсаттарын есепке ала
отырып жүргізілуі тиіс;
6) 
ауызша бағалау шеңберінде жауап дайындау үшін белгілі бір уақыт 
бөлу маңызды
(«wait time» деп аталады);
7) 
білім алушыларға лингвистикалық және пәндік жүктемені 
оңтайландыруға, сондай
-
ақ, зерттелуші тілде қарым
-
қатынасты ынталандыруға 
бағытталған скаффолдинг техникасын қолдану. Скаффолдинг мысалдары: 
өзгертіп айту, рөлдік ойындар, «think
-pair-
share», «jigsaw» технологиясы және 
т.б.;
8) білім алушылар бақылау және бағалау процесіне белсенді қатысулары 
қажет
(сыныптастарының жұмысын өзіндік бағалау және бағалау).
CLIL әдіснамасының авторлары қалыптасқан білімді бағалаудың негізгі 
жиынтық (summative) және қалыптастырушы (formative) тәсілдерінің соңғысын 
таңдаған. Жиынтық бағалау білім алушының білімін белгілі бір мезетте 
таңбалайды (бөлімнің, семестрдің аяқталуы және т.б.) және формальді 
қорытынды тестілеумен байланыстырлады. Қалыптастырушы тәсіл 
– 
бұл, өте 
күрделі бағалау жүйесі, себебі, ол білім алушылардың кезекті қадамдарына 
тікелей әсер етуді бағалау мақсатында тура «диагностикалық» сипатқа ие [4, б. 
12]. 
Оқытудың түрлі кезеңдерінде білімді
бағалау компоненттерінің 
басымдықтары өзгеруі мүмкін, бірақ,
тұтастай алғанда пәннің басым рөлі 
сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет