Қарағанды қалалық білім бөлімі
Әдістемелік кабинеті
Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы
(3-4 сыныптар)
Қарағанды 2010
Пікір жазған: Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдіскері Тәжібекова Р.Б.
Құрастырғандар:
Ақбұзауова Ж.Ж. №10 мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Каликова Н.Т. №10 мектептін бастауыш орыс сынып мұғалімі.
Акпарова А.К. №10 мектептің оқу ісінің меңгерушісі.
Аққубекова Г.Т. №10 мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
16.Жіктелген зат есімдерді табыңдар.
Лақ көмекшімін тапсырма сөре
17.Жіктелген тәуелдеулі сөзді табыңдар.
Дәрігерімсің көмекші шалғы шөптің
18.Сын есімді табыңдар.
Киім түймедей бұл сексен
19. «Жұқа»деген сөздің мағанасы қарсы сыңарын
тауып жазыңдар.
Биік өткір қалың тар
20.Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді табыңдар.
Күн батып бара жатқан кез.
Маржан мен Гүлжан далаға шықты.
Бұларға Асан,Марат,Сара қосылды.
Қолданған әдебиеттер:
1.Бастауыш мектеп 1995-1996жж
2.Қазақ тілі 3-4 сыныптар 1997ж
3.Балдырған журналы 1996-1997жж
4.Айгөлек журналы 1998ж
41
3-4 сыныптарға арналған диктанттар жинағы
КІРІСПЕ
Сауатты жазу, әдетте, бастауыш кластардан басталатыны белгілі. Ұсынылып отырған бұл жинақ – сауаттылыққа апарар жол басы әрі оның өлшемі болып табылады.
Жинақ бағдарлама мен «Қазақ тілі» оқулықтары негізінде түзіліп, қазақ тілін білуге қойылатын тиісті талаптарды орыс мектебінің оқушылары қандай дәрежеде меңгергендерін айқындауды және білгендерін пысықтап, тиянақтауды мақсат етеді.
«Диктант» оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырып өздігінен жазуы деген ұғымды білдіреді. Ол – мұғалім мен оқушы арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қоса оның жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді басқа да көптеген сапаларын анықтап, оларды жүйелі түрде қалыптастыру мен орнықтыруға мүмкіндік алады.
Диктанттың түрі көп. Оның ең күрделісі – бақылау диктанты. Бұл арнаулы дәптерге жазылып, бағасы журналға қойылады. Оған арнайы сағат бөлінеді. Ал қалған түрлері жалпылама үйрету диктанттары делінеді. Үйрету диктанттары сабақ жоспарында белгіленіп, кейде бір сабақ үстінде олардың екі түрін де жүргізуге болады.
1
Достарыңызбен бөлісу: |