Тексерген : Мүтән Гүлнұр Қаирқанқызы Орындаған : Мұқаш Алмагүл



бет3/3
Дата08.04.2022
өлшемі1,07 Mb.
#30339
1   2   3
Шуро-И Исламия  Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды.

Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды.

Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды.

1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады.

Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.

Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі “Шуро-и-Улема” ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара-жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады.

Мұндай пікір “Шуро-и-Улема” ұйымының Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесінің шешімдеріне мойынұсынбауына және “Шуро-и-исламия” ұйымымен қатынасының шиеленісуіне байланысты туындады. 

Ташкент қаласының думасы сайлауы кезінде “Шуро-и-Улема” “Шуро-и-Исламия” ұйымының басты бәсекелесіне айналып, жеңіп шықты. Ташкент қаладумасына ұсынылған “Шуро-и-Улема” тізімінде Самарқанд облысының бұрынғы әскери губернаторы Лыкошин секілді өкілдер де бар еді.



Қалалық думаға ескі билік шенеуніктерінің ұсынылуы ұлттық демокругі күштердің ғана емес, өлкедегі еуропалық тұрғындар арасында кең қанат жайған либералды және солшыл радикалды топтардың да наразылық білдіруіне алып келді.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет