Үсік деп дененің әр түрлі бөліктерінде, әсіресе аяқ-қолдарға, төменгі температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдромды айтады.
Патогенезі: төмен температура ұзақ әсер еткенде теріде, терең жаткан тіндерде қанайналымның бүзылыстары болады, соның еебебінен терморегуляцияның, қышқыл-негізді жағдайдың, су-электрлік алмасудың, иннервациялық бұзылыстары дамиды. Бұл процесс қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
I. Негізгі бөлім 1.1 Күйік болғандағы алғашқы көмек Ауруханаға дейінгі саты үшін - күйік ауруының бірінші кезеңін, яғни күйік шогын анықтау өте маңызды. Бұл шок жаракат шогына ұқсас екі жағдайда да, жүрек қантамыр жетіспеушілігі болып, айналымдағы қан көлемі азайып, тіндерде оттегі жетіспеушілігі болады.
Күйіктік шок —үзаққа созылатын үрдіс. Күйік шогының себебі: өте қатты ауыру сезімі, қорқыныш. Шоктың патогенезіндегі негізгі буыны термодинамиканың басты реттеушісі ОЖЖ — қатты қозуы болып саналады. Күйік шогының клиникасында 2 фазаны ажыратады: 1. Эрективті, яғни компенсация сатысы, адамның реактивті мүмкіншіліктерімен көрінеді, ұзақтығы күйіктің аумағы мен ауырлығына пропорционал болады. 2.Торпидті, декомпенсация сатысы, ағзаның компенсаторлы қоры таусылған соң дамиды.Күйік шогы генезібойынша гиповолемиялық және гипоплазмиялық болады.Жарақаттың ерте кезінде күйік шогының ауырлығын бағалауға болмайды, себебі ол плазморрагия күшейген сайын үдей түседі.
Күйік шогының клиникалық көрінісі зақым алған соң дереу көріне бастайды, олар катты қозу, мазасыздық, катты ауру сезімі, тыныс және пульстің жиілеуі. Декомпенсациялық сатыға өткен кезде – науқастың козуы апатияға ауысады. Клиникалық көрінісінде бірінші кезекте ауыру сезімі болмайды.Тері бетінің бозаруы, шырыш қабаттар мен мүрын ұшының цианозы. Артериалдық қан қысымы төмендейді, пульс жиілейді, аяк-қолдардың тоңуы күшейеді. Тыныс жиілейді және беткейлейді. Күйік шогының декомпенсациялық сатысының ең негізгі белгісі —қатты шөлдеу. Егер қүсық пайда болса, ол науқастың жағдайының ауырлағанын көрсетеді. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы нәтижесінде — айқын олигоанурия пайда болады.
Төменде күйіктің классификациясын және алғашқы көмекті қалай көрсетуге болатындығы жайында мәліметтер ұсынамыз: