ІІІ дәрежелі үсік шалу – суықтың әсер ету уақыты ұзарады және төмен температура жұмсақ етті терең зақымдайды. Алғашқы уақытта пайда болған көпіршіктердің іші қан аралас сұйыққа толады, түбі қызғылт-көк, түршігу сезінбейді. Терінің барлық элементтері өле бастайды және соңында үсіген жер түйіршектеліп, тыртық пайда болады. Түскен тырнақтар өспейді, ал өскен жағдайда деформацияға ұшырайды. Өліп қалған тері қабаты 2-3 аптада түседі, ал соңынан тыртықтану 1 айға дейін созылады. ІІІ дәрежелі үсік шалғанда ауырсыну ІІ дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады.
ІV дәрежелі үсік шалу – суықтың әсер ету уақыты өте ұзақ және төмен жұмсақ етті өте терең зақымдайды. Бұл дәрежеде үсік шалудың ІІ және ІІІ дәрежесі қатар жүреді. Жұмсақ еттің барлық қабаттары өледі және сүйек пен буындардың зақымдануы жиі кездеседі. Зақымдалған қол-аяқтар ерекше көк түсті, кей кезде мрамор сияқты сұр түсті болады. Жылытқаннан кейін ісік пайда болып, өте тез ұлғая бастайды. Тері температурасы зақымдалмаған жерден әлдеқайда төмен. ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған орындарда көпіршіктер пайда болады. Үсік шалған жерде көпіршіктердің жоқ болуы және ісіктің үлкен болуы – үсік шалудың төртінші дәрежесін көрсетеді. Ауаның төмен температурасында ұзақ болу үсікке шалдырып қоймай, ағзаның толық сууына әкелуі мүмкін.
Үсік шалған кездегі алғашқы көмек Ең алдымен, үсік шалу белгілері бар науқасты жылы жайға жеткізіп, аяқ киімін, шұлығын және қолғабын шешу керек. Дереу жедел жәрдем шақырту қажет.
І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
ІІ-ІV дәрежелі үсік шалғандатез жылыту, массаж немесе уқалау жасаудың қажеті жоқ. Зақымдалған жерге жылу шығармайтын дәке таңу қажет (қабатталған мата, қалың мақта қабаты, тағы да мата, үстінен клеенка немесе резеңке мата).
Үсік шалғанда не істеуге болмайды? Науқасты жылыту мақсатында ішімдіктер беруге, сонымен қатар, үсуге ұшыраған тері аумақтарын интенсивті түрде қармен, маймен, спиртті ерітінділерімен уқалауға мүлдем болмайды. Үсіген адамды алдын ала жылы температурада жылытып алмай, ыстық сулы ваннаға салуды әрекет етпеңіз. Науқасты жылыту мақсатында лаулап тұрған отты пайдалануға тыйым салынған. Осы аталған жылыту әдістері үсіген аумақта температураның бірден жоғарылауына алып келіп, ол өз кезегінде кіші капиллярлардың жарылуына, ішкі қан ағудың көріністеріне, тіпті ауыр жағдайға дейін алып келеді.
Көбінесе қорғалмаған қол, бет, құлақ үсікке шалынады. «Үсіктен қорғану мақсатында кең және жылы киінген жөн. Аяқ киім кең болғаны жақсы, егер бақайларыңыз аяқкиім басына тиіп тұрса, ауа айналмайды да, аяғыңыз тоңып, үсіп кетуі мүмкін. Және су өткізбейтін, табаны қалың аяқ киім киген абзал. Аязда темір, күміс, алтын әшекейлер тақпаған дұрыс. Құлақ пен бетіңізді міндетті түрде жабу керек. Мұрын тез тоңып, үсіп кетуі мүмкін. Қатты суықта тек мұрынмен демалыңыз
Ішімдік ішпеңіз, ол дене жылығандай әсер етеді, бірақ олай емес. Дұрыс тамақтанған жөн. Ас жылу береді. Тоңсаңыз, ыстық шай ішіңіз немесе ыстық ас ішіңіз. Темекі тартпаңыз, әсіресе, аязды күні. Темекі қан айналымын нашарлатады.