Тексерген: Абаева А. П орындаған: Советқанова А. Е бф-301 жоспар



бет3/8
Дата12.12.2022
өлшемі41,49 Kb.
#56738
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Күйікке, үсікке, жарақатқа алғашқы медициналық көмек.

1. Бірінші дәрежелі күйік. Ең көп таралған әрі әлсіз түрі. Бірінші дәрежелі күйік кезінде тері аздап қызарады және қолмен басқан кезде ауырады. Терінің ең сыртқы «эпидермис» қабаты зақымдалады. Әдетте күннің астында көп жүрген кезде пайда болады.
2. Екінші дәрежелі күйік біріншіге қарағанда көбірек ашып ауырады. Күйген жерлерде күлдіреуіктер пайда болады. Ол ас үйде жүріп қолымызды қайнап тұрған қазанның немесе шәугімнің, ауылда самаурынның сыртына тигізіп алған кезде болады. Бұл кезде терінің «дерма» деп аталатын екінші қабаты жарақаттанып, сыртқы қабаты толығымен күйіп кетеді. Күлдіреуіктің түсі сарғыш болып келеді. Олар ешкімнің көмегінсіз-ақ жаңа тері пайда болған кезде жарылады.
3. Үшінші дәрежелі күйік. Ауыр жарақаттардың қатарына жатады. Терінің астындағы қабаттары да зақымдала бастайды. Тері ағарып кетуі де мүмкін. Жүйке жүйесі зақымдалатындықтан, күйген жерін сезбей қалуы ғажап емес.
4. Төртінші дәрежелі күйік. Жүйке талшықтары толығымен зақымдалып, күйген жер қарайып, артынша қабыршықтанып кетеді. Күйіктің ең ауыр түрі болғандықтан, тері, жүйке жүйесі, бұлшық ет және сүйек толығымен жарақаттанады.
5. Химиялық күйік. Әдетте адам терісі қышқылға немесе сілтіге тиген кезде болады. Химиялық күйік кезінде адамның терісі сұр түстен қоңырға дейін өзгеруі мүмкін. Күйіктің адам ағзасын қаншалықты жарақаттағанын 13-24 сағат ішінде ғана анықтауға болады.
6. Жеңіл күйіктерді емдеу. Бірінші, екінші дәрежелі әрі көлемі 3 диаметрден аспайтын күйіктер аса қауіпті емес. Оларды емдеу үшін төмендегі нұсқаулықтарға назар салыңыз:


- Күйген аймақты салқындатыңыз. Оны суық судың астына 10-15 минутқа қойып қойыңыз. Бірақ еш уақытта үстіне мұз қоймаңыз;
- Мұнымен қатар таңғышпен де орамаңыз. Ол ауаның жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Және жылдам жазылуы да тежеле түседі.
Көрсетілетін көмек: — 20 мл/кг 6% полиглюкин ерітіндісін кұю; 0,25% новокаин ерітіндісі және 10% глюкоза ерітіндісі 1: катынаста.- 4%натрий гидрокарбонаты 1,5-2,0 мл/кг есебімен инфузия жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет