Ауруханаға дейінгі сатыда күйік болған балаға алғаш көмек көрсету кезінде жасалатын шаралар: Дененің зақымданған аймағын киімнен ажырату (киімді кесу) «тоғыздық» немесе «Ланд-Броудер» схемасы бойынша күйіктің тереңдігі мен аумағын шамамен анықтау.
Күйік беті іріңдеуінің алдын -алу үшін, ауруханаға дейінгі сатыда күйген бетке ылғалды асептикалык 0,25% новокаин немесе фурацилин ерітіндісіне малынған таңғыш салу керек. Күйік айналасындағы теріні спиртпен сүрту. Егер күйік беті үлкен болса, науқасты стерильды жөргекке немесе жаймаға орап алуға болады.
Дереу ауырсыздандыру жасау керек. I дәрежелі күйікте 0,1 мл/1 жасына есебімен 50% анальгин, 1% димедрол. 2-3 дәрежелі күйікте промедол 1% 0,1 мл /1 жасқа және 0,25% дроперидол. Мүмкіншілік болса бұлшық етке кетолар 4мг/кг есебімен, 0,5% седуксен 0,2 мг/1 жасқа есебімен енгізу керек.
Айналымдағы қан көлемін толтыру. Коллоидты ерітінділер (белок, электролит ерітінділері), плазма жоғалғандықтан 1/3 коллоид және 2/3 кристаллоидтар (электролит +5% глюкоза ерітіндісі) салу қажет. Тасымалдау барысында таңудың алдын -алу, себебі мұндай науқастарда күйген бет арқылы жылу берілуі күшейеді.
1.2 Үсік болғандағы алғашқы көмек Үсік шалу дәрежесі: І дәрежелі үсік шалу (ең жеңіл түрі), әдетте, суықтың қысқа уақытта әсер етуінен туындайды. Зақымдалған тері учаскесі ақшыл болып, жылынғаннан кейін қызарады, кей кезде реңі бозғылт-қызыл болады, ісік туындайды. Тері жансызданбайды. Үсік шалғаннан кейін бір аптадан кейін тері қабаты түсе бастайды. Науқас үсік шалғаннан кейін 5-7 күннен кейін жазылып шығады. Мұндай үсік шалудың негізгі белгілері – күю сезімі, зақымдалған тері учаскесінің шаншып, соңынан ұйып қалуы. Содан кейін тері қышуы мен ауырсыну пайда болады, олар әлсін-әлсін бірақ анық болады. І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
ІІ дәрежелі үсік шалу, әдетте, суықтың ұзақ уақытта әсер етуінен туындайды. Алғашқы уақытта тері ағарады, тоңады, жансызданады. Бірақ, бұл белгілер үсік шалудың барлық дәрежелерінде байқалады. Сондықтан, бұл үсік шалу дәрежесінің ерекшелігі – алғаш күннен бастап зақымдалған тері орнында іші түссіз сұйыққа толған көпіршіктердің пайда болуы. Тері қабатының толық жазылып шығуы 1-2 аптаға созылады, зақымдалған жерде тыртықтар қалмайды. ІІ дәрежелі үсік шалғанда жылытқаннан кейін ауырсыну І дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады, тері күйіп, қышу мазалайды.