ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ КАФЕДРАСЫ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы
Тексерген: Айтова Ж.Ж
Орындаған: Нұрбек Д.Н
Тобы: КЯ-903С
Семей, 2020
Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы
Жоспары:
Шәді Жәңгірұлының өмірі
Шәді Жәңгірұлының шығармашылығы
Шәді Жәңгірұлының өмірі. Қазақ әдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды “қиссашыл ақындар” немесе “кітаби ақындар” десе, кейде “нәзирагөйлік” деп те атайды.
Сондай “кітаби ақындарды” бірі – Шәді Жәңгірұлы. Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында “Шәді Жәңгірұлы” деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты “Шәді Жаһангирұлы” болып көрсетілген.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді.
Шәдінің әкесі Жәңгір –атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.
Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Қылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы “Мир–араб” медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында “Молла” деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.
Әрине, Шәді ақын туралы деректер толық жиналды деп айта алмаймыз. Әлі де ақын көзін көрген, онымен сұхбаттас болған жандардың бар екендігі, олардың күн санап азайып бара жатқандығы да анық. Сол себепті де ақын туралы деректерді Созақ өлкесі мен Оңтүстік аймақтың өзге де аудандарынан іздеген орында болған. Олай деуімізге себеп сондай бір іс-сапарларымыздың бірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында тұратын Шүкірулла Әбдуат ақасақалдан Шәді ақын туралы мынадай деректер жинап алып едік. Сол мәліметті келтіре кеткеніміз артықтық етпейтін болар.
«Ескi көздерден қалғандар үшiн Шәдiтөре Жәңгiрұлын таныстыру артық. Оны ендi аз да болса жаңа ұрпақта тани бастады. 1930 – шы жылдары қатаған заманда Шәдi төре елден туған жерден бас сауғалап қашып, Өзбекстанда көп босқын қазақтың бiрi болып жүрiп дүниден өткен ескерусiз қалған қазақтың бiрi.
Өзбекстанда босқын боп жүрген Шәдi сонда бiр қышлаққа имам боп тұрған Әбдуат биге, менiң әкемнiң ағасы “Тақсыр бiреу менi сұрай қалса өзiңiздi көрсетiңiзшi, мен Шәдiмiн деуге өз атымнан өзiм ұяламын” – деген екен. Шаянның ең соңғы биi Әбдуат би өте сауатты, қыраған да өте жақсы, шариғатты қатты бiлетiн, алғырлығымен, дарындылығымен, тапқырлығымен танылған кiсi болыпты, өзi де денелi, кеуделi, көрiктi, насапты, сырт келбетi мен iшкi дүниесi жарасқан кiсi болыпты. Ол кiсi өте сыпайы кiсi екен, сұхбаттасының iшкi ойын бiлiп, танып отыратын болыпты. Шәдi төренiң сырт пiшiнi келбетсiздеу, көрiксiздеу, бетiнде шешек дағы бар кiсi екен, ол кiсi өте сыпайы, iшкi дүниесi өте бай кiсi болыпты. Әбдуат би өзбектiң ақсақалдарынан жоғары, өзiнiң қасына Шәдi төренi отырғызып қойып, ол кiсiнi тақсыр, тақсыр деп дәрiптеп, оған үлкен iлтипат көрсетiптi. Сонда бiр өзбектiң бiр қарясына имамымыз қазақ болған соң қанына тартпай болмайды екен ғой, мына бiр дуанасын пәленше әкәмнанда жоғары өзiнiң қасына оң жағына отырғызып қойпты деген iштей бiр ой келiптi. Әбдуат би осы қаряға “Пiрадар, қарап отырғанша мына кiтапты жамағатқа оқып берсеңiзшi!” – деп Шәдi төренiң, “Алты бармағын”, “Назым Сияр Шәрифiн” берiптi. Қария кiтапты оқып отырып өзi де жылапты, жамағатты да жылатыпты. “Ой жамағат-ай! Дүниеден осында кiтап жазған әзiздер де өтiп кеттi-ау, оның орнына мына мендей нас, ыпылас, пасық, надан өлсе едi күнәға көп бата бермей, ал осындай әзiз қалса едi” деп кеудесiн тоқпақтап өз қолымен ұрып. Сонда имам Әбдуат би: “Бұл кiтаптың муәллифi мына отырған Шәдi төре Жәңгiрұлы” – дептi. Сонда әлгi өзбек қария: “Бiз бұл кiтаптың муәллифi Фирдауси, Жами, Науайилардың замандасы шығар деп жүрушi едiк. Тақсыр, қазақ та мұсылман ба екен, олардан да ғалымдар, үлкен дамыллалар, пiрлер мен ишандар шықты ма екен деп жүрген адамның бiрi мен едiм”,- деп орнынан атып тұрып, Шәдiмен құшақтасып көрiсiп, қолынан сүйiп, тәу етiп, қатты кешiрiм сұрапты. Қалтасында барын һәдия етiп, Шәдiге берiптi. Шәдi ол жерде де тұрақтап тұра алмай, қолға түсiп қаламын ба деп, кетiп қалыпты. Әбдуат би (бiр ауылдың) Шаянның биi, ары кеткенде Қаратаудың күнгейiмен терiскейiне ғана мәлiм кiсi. О да босқын, бiрақ оншалық атақты кiсi емес, көп имамның, молданың бiрiндей ғана. Ал, Шәдi болса түркiгөй халыққа, бүкiл Түркiстан елiне өзiнен бұрын аты кеткен “төрт аяғы тең жорға”, “мусәнниф”, “шубһалы сөзге бастаған Шәдi”, “жәннәти Шәдi” атанған кiсi. Қожа Ахмет Яссауидiң “Диуани хикметiнен”, Сопы Аллаярдың “Сәбәтул әжизинiнен” кейiнгi көп танылған шығарма Шәдi төренiң “Назым Сияри Шәрiбi” – “Алтыбармағы” мен “Назыми Фиқһ Кайдани” болды. Қолымда Назым Сияри Шәриф бар. Есебi түгелдей. Ал “Назыми Фиқһ Кайдани” жұрнағы бар, бас жағы, сыртқы мұқабасы жоқ. Қариялар “Назым Фиқһ Кайдани” ды да Шәдiнiкi дейдi. Солай болса солайда шығар, қариялар солай деп те жүруi мүмкiн. Ол жағын әдебиет зеттеушi ғалымдар анықтай жатар, мен қатардағы көп оқырманның, оның үстiне ескiше кiтаптарды ендi-ендi ғана танып оқып жүргендердiң бiрiмiн. Қарапайым халықтың фуқараның (бұқара халықтың) бiрi ретiнде өз ойымды бiлдiрiп отырмын. Бұл талас тудыруы да мүмкiн, ал бiрақ мен өз пiкiрiмде қаламын. Шәдi шубһалы сөзге бастаған. Оның әр сөзiне дәлел, құжат бар. Онда ақиқат тарихи шындық бар.
Шәдi төре Шаянда негiзiн Қосым ишан қалаған, оның баласы Сейтахмет (Сейiтжан мағзым) аяқтатқан, кеше 1930- шы жылдары оның немересi Әппәқ ишаннан кәнпiскеленiп (конфискаланып) алынған мешiт медресенiң түлегi. Бұл мешiт медресе кеңес үкметiнiң құжатында Әппәқ ишан мешiт медресесi деп аталып кеткен. 1990- жылдардаң аяғына таяу дүмшелер бастап, дүмшелердiң муфтиi Рәтпек қажы Нысанбайұлы оны қостап, Әппәқ ишан мешiт медресесiнен Әппәқ ишанның есiмiн алдырып тастап Шаян орталық мешiтi болып кеткен.
Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейтжан мағзымға) ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Ал Әбдуат би Сейiтахмет ишанның iнiсi Әлмұхаммет мағзымның үлкен ұлы, Әппәқ ишанның немере iнiсi. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта одан соң Бұхарада оқыды.
Шәдi төре Жәңгiрұлы.
“Назым Сияри Шәриф” – “Алты бармақ” дастанынан үзiндi.
Әзiретi Расулдың дүниге енгенi баяны және де кiтаптың жазылуына болған себеп туралы.
(Шүрiлла Әбдуат “Арманда кеткен арыстар” (13-16 беттер)
Шәдi төре Жәңгiрұлы
“Назым фиқһ Кайдани” (үзiндi)
Қосым ишанның Сейтахмет ишанның (Сейiтжан мағзымның) Шәдi төренiң “Алты бармақ”, “Назым Сияри Шарифтi” “назым ет!”- деп берген әмiрi жөнiнде өлеңмен жазған нақлият.
Шаяндағы әзреттермен Шәдiтөренiң, оның “Назым Сияри Шарифi” кiтабы арасындағы рухани туыстықта байланыс осындай Шәдi төре – Шаян – “Назым Сияри Шәрiп” – “Алты бармақ” арасындағы сабақтастық осы Шәдi төренiң “Назым Сияри Шариф” кiтабы Аллаһтың инаятымен оның сүйген құлдары оны сол күйiнше қайта бастыруды Құдай қаласа қолға алып отыр екен. Осыған шашар шашуым болсын деп, менiң һәдиям болсын деп осы хатты ауырып жүр едiм әрең жаздым, қолым нашар шықты. Осы себептi де кейбiр қажет болады-ау деген жерлердi, ксерокөшiрмесiн жiбердiм. Редактор мырза менi түсiнер Аллаһ жар болса айығып кетермiн оған дейiн сiздер қолға алып отырған үлкен iстер тоқтамасын деген ниет едi менiкi. Хатты түгел өз қолыммен жазуға үлкендiк танытып, не жалқаулығым ұстап отырған жоқ саулығым болмай осының өзiн әрең жазып отырмын. Менi кешiрiңiздер Аллаһтың қайырымды құлдары, игi жандар. Сiздерге Аллаһ жар болсын».
Осы мәліметтен Шәдінің терең білімді әрі өз ортасына белгілі шайыр болғандығына қарамастан, оның өз өмірін өте қарапайым өткізгендігі белгілі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |