Стильге тән белгілер: «Варваризм, Метонимия, Калька, Сленг және Жаргон сөздер, Диалект, Сингармонизм Заңы, Тіл Үндестігі, Метонимия» сынды ұғымдардың ауызекі сөйлеу стилімен тығыз байланысты екені мәлім. Ендеше , әрқайсына жеке тоқталып, ерекшеліктерін айқындап көрсетейін.
Варваризм - белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдарына сәйкеспейтін, зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары.
Варваризм бөтен елдердің өмірі мен тұрмыс-салтындағы ерекшелігін суреттеуде қолданылады. Мысалы: Саметтің "яханнанына " Васяның "Хендехох! " дегені араласа шықты. - Нама боп кетті бу (Ғ. Мүсірепов).
Варваризмдің пайда болуы кірме сөздермен байланысты. Басқа тілден ауысқан кірме сөздер кабылдаушы тілде алғашында өздерінін шет тілдік сипатын сақтаған кірме элементтер ретінде қолданылады, ал кейін олар бөтен тілдің сипатын сақтап қолданылған жағдайда варваризм деп аталады.
Калька (көшірме) — өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлме-дәл көшіріп алу. Тілдің негізді бірліктеріне туынды сөздер, сөз тіркестері және жай сөйлемнің кейбір түрлері жатады. Әрбір шет тілдік негіздегі бірліктерін аударушы тілдің төл тәсілдерімен көшіріп суреттеу ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі қазақ тіліндегі калька негізінен 6 түрлі болады.
Кальканың түрлері:
шет тілдік туынды сөздің сөзжасамдық негізділігін көшіріп алатын сөзжасамдық калькалар (народник – халықшыл, рукопись – қолжазба);
өз үлгісіндегі (шет тілдік туынды сөздер, сөз тіркестері) синтаксистік байланыстың типтері мен мағынамен және аударушы тілдің лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерімен дәлелденген, сол синтаксистік байланыс типтері негізінде жасалған сөз тіркесі ретінде синтаксистік калька (взаимозависимость – өзара тәуелділік, приходить к выводу – қорытындыға келу);
өз үлгісіндегі, яғни шет тілдік тұрлаулы мүшелері қиысып тұратын жай сөйлемнің лексикалық-грамматикалық құрылысын толығымен көшіре алатын сөйлем ретіндегі синтаксистік калька (нельзя дважды войти в одну и ту же реку – бір өзенге екі түсуге болмайды);
шет тілдік фразеологиялық бірліктер құрамындағы ең маңызды құрамдас бөліктерінен бастап, сол бірліктердің тұтас мағынасын дәлме-дәл көшіре алатын фразеологиялық калькалар (зерно истины – ақиқаттың дәні, увидеть свет – жарық көру);
өз үлгісіндегі құрамдас бөліктер арқылы берілетін астарлы бейнелеушілік пен әсерлі мәнерлік суреттейтін калькатроп (застой мысли (метафора) – ойдың тоқырауы, открытая вражда (эпитет) – ашық дұшпандық);
шет тілдік сөздің ауыспалы мағынасына ие болатын семантикалық калька (ключ – кілт, ступень – саты). Сөзжасамдық, синтаксистік және фразеологиялық калькалар өз үлгілеріндегі құрамдас бөліктерді жартылай көшірсе, жартылай калькалар деп аталады (теоретико-познавательный – теориялық-танымдық). Калькалар аударушы тілде сөйлейтіндердің шет тілдерден тікелей алынған кірме сөздердің саны кенет көбеюіне қарсылығы ретінде пайда болады. Тіл білімінде Калькалар лексикология, морфология, синтаксис және фразеология салаларының шеңберінде зерттеледі.[1]
Сленг сөзі ағылшынның "slang, jargon" сөздерінен шыққан. Әлеуметтік диалект. Лингвистердің зерттеуі бойынша сленг сөздер 13-23 жас аралығында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, жастар арасындағы жаргон сөздерден бөлек, әскери,журналистік,қылмыстық сленгтер де бар. О баста аталмыш сөздер жасырын топтар арасында, ұйымдардың бір-бірімен қарым-қатынасы нәтижесінде,құпия ақпараттармен араласу нәтижесінде жүзеге асқан. кейін жастар арасында қолданысы артып, сәнге айналған. Өзіміз білетіндей әр өңірдің өзіне диалект сөздері бар. Әр мамандықтың өзіне термин сөздері бар. Сол секілді ғылымға сленг сөздер де іштей енді. Сленг сөздер дөрекі әрі көңіл-күйді білдіретін сипатта болады. Қазақ жастары арасында кеңінен қолданылатын сленгтер қатарына : "Жынды", "базар жоқ", "өшіп қал", "раха", "братуха", т.б сөздер қатары жатады. Сонымен қатар, мағынасы әртүрлі сленг қатары да бар. Мысалы, "тусовка" сөзін жастар арасында "мерекелік кеш" деп түсінсе, қылмыстық ортада "ұрылардың жиналысы" деген мағынаны береді.
Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылатын тіл. Аумақтық диалект – аумақтық жағынан шектелген және Әдеби тілмен қатар қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған. Әлеуметтік диалект – әлеуметтік немесе кәсіби жағынан топтасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл. Фонетикалық,грамматикалық құрылымы жағынан әдеби тілден соншалықты айырмашылықтары жоқ,әлеуметтік тіл негізінен лексика,семантика,фразеология бойынша айырмаланады.
Мысалы: Шымкент, Арыс манында шайнекті — чәугім, жұмыртқаны — тұқым дейді, Орал өңірінде таразыны — шеккі, бәкіні — шаппа, кауғаны — бөрлек десе, Гурьев, Маңғыстауда: көрт, кердері, жанпоз, жарбай сияқты түйе атауының неше түрі бар. Осындай жергілікті халық тілінде ғана колданылатын, белгілі аймақ көлемінде ғана айтылатын сөздерді диалектизмдер дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |