Тексерген: Теңізбаева Жазира Топ: Финф-20-1 Тараз 2023ж

Сыртқы және халықаралық сауда саясаты

бет2/5
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100652
1   2   3   4   5
Байланысты:
экономика2

1.2.Сыртқы және халықаралық сауда саясаты
Қазақстан бірқатар тауарларды өндіру, ең алдымен, шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды, қуат көздерін өндіру бойынша әлемде алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Бұл бір жағынан, Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екендігін, ал екінші жағынан, еңбек пен капиталдың экспортқа бағытталған және пайдасы мол салаларда шоғырланудың өте үлкен дәрежесі бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы бет-бейнесін:
1. Мұнай, көгілдір отын, электроэнергия;
2. Қара металлургия, минералды тыңайтқыштар, мақта-мата кездемесі, ағаш өнімдері;
3. Астық өнімдері, сүт, әртүрлі жемістер анықтайды.
Көптеген өнімдер бойынша, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жеңіл автокөліктер өнімдері бойынша Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны әлі де болса төмен. Өкінішке орай, Қазақстанның машина жасау кешеніндегі орны өзінің тиісті деңгейінен қалып қойып отыр. Оған бірқатар факторлар жауап береді: инвестициялық сұраныс төмен, бәсекелік қабілеттілігі мардымсыз, көптеген машина жасау фирмаларының экспорттық белсенділігі төмен, т.б.
Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде сыртқы секторды реттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады. Бұл жерде мемлекеттің сауда саясаты ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерісіне бейімделіп, жаһанданудың артықшылықтарын максималдау және одан болатын ықтимал қауіп-қатерлерді азайтып отыруы тиіс.

Қазіргі уақытта, сыртқы сауда саясатында екі негізгі міндет айқындалып отыр:
1. Отандық тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру және отандық өндірушілерді қорғау.
2. Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет