Сыртқы сауда саясаты деп мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынастарына мақсатты бағытталган әсері түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
– осы мемлекетті халықаралық еңбек бөлінісіне енгізу дәрежесі мен тәсілінің өзгеруі;
– экпорт пен импорт құрылымының өзгеруі;
– елді керекті ресурстармен қамтамасыз ету;
– экспорт пен импорт бағаларының қатынасының өзгерісі;
Қайсыбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы, осы елді халықаралық еңбек бөлінісіне енгізу дәрежесі мен тәсілін өзгерту, ал басқа мақсаттар қысқа мерзімде жүзеге асуы мүмкін, мысалы, экспорт немесе мүмкін импорт көлемін өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар: – еркін сауда саясаты; – протекционизм. Еркін сауда саясатын жүргізу кезінде мемлекет сыртқы саудаға тікелей араласпайды, оның сұраныс пен ұсыныстың еркін күштері әсерінен дамуына мүмкіндік береді.
Тек қана еркін саудаға қатысушы әрбір елдің шығаратын өнім көлемін максималды дәрежеге жеткізуге мүмкіндік береді.
А.Смит өмір сүрген кездегі экономикалық ғылым сыртқы сауда қатынастарын либерализациялауды қолдаса да, тәжірибеде абсолютті еркін сауда ешқашан болмаған және болуы да мүмкін емес.
Бұл мемлекет шаруашылық қызметтің осы бағытына араласудан бас тартады дегенді білдірмейді. Әрбір елдің үкіметі тауар мен қызметтердің халықаралық ағынының қозғалыс жолына қандайда бір шектеулер қояды.
Еркін сауда саясатын жүргізу экономикасы дамыған елдерге халықаралық экономикалық айырбастан көп пайда алуға мүмкіндік береді.
Ұлттық нарықты шетелдік бәсекелестіктен қорғау саясатын реттеудің кедендік тарифтері мен тарифтік емес тәсілдерімен жүргізу протекционизм деп аталады. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизм кезінде әлемдік нарықта жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекелестік қабілеті әртүрлі және сондықтан да нарықтық күштердің еркін әсері аз дамыған елдер үшін тиімсіз болуы мүмкін деп түсіндірілгеннен кейін нарықтық күштердің еркін әсерлерін теріске шығарады.
Протекционизм елдегі белгілі өндіріс салаларының дамуына ықпал етеді. Аграрлы елдерде протекционизм индустриализацияның керекті жағдайы болып есептеледі. Бірақ бұл саясатты өте көп ұстау экономикалық тоқырауға әкелуі мүмкін.
Қазір еркін сауда мен протекционизмнің қайсысы жақсы деген сұрақ шешілмеген халықаралық сауда тарихында екеуінің біреуіне бет бұратын кезеңдер кездеседі.
Қазіргі заманғы протекционизм көп қырлы және тұйық. Кеден тарифтерінің орнына тарифтік емес тәсілдер кеңінен қолданылады, протекциондық әрекеттер көбінесе іріктеуші сипатта болады, яғни нақты тауарлар мен жекелеген салалардың өнімдеріне, сонымен қатар бірқатар елдерге қарсы қолданылуы мүмкін. Протекционизмнің позициясы дамушы елдер мен өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда басым.