Ревальвация мен девальвацияның төлем балансының жағдайына әсер етуі
Егер валютаның ревальвациясы төлем балансын нашарлататын болса, онда ол не үшін жүргізіледі деген заңды сұрақ туындайды. Бұл мәжбүрлі шара болып табылады. Ревальвацияны жүргізудің қажеттілігі экспорты импортынан асып кеткен елдерде туындайды. Мұндай асып кету басқа әріптес-елдерде сауда балансы тапшылығының орын алуын білдіреді.
Валютаның девальвациясын төлем балансының тапшылығын (импорттың экспорттан артып кетуі) көріп отырған елдер жүргізуге мәжбүр болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1.Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – 2-басылым, өңделген және толықтырылған. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2012. – 405 б.
2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И.. /Жалпы редакциясын басқарған Шеденов Ө. Қ. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 455 бет.
3. Экономикалық теория негіздері: оқулық / Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Ескалиев және т.б.- Алматы: Эверо, 2011.- 478 б.
4. Макконнелл, К.Р. Экономикс. Принципы, проблемы и политика: учебник / К.Р. Макконнелл, С.Л. Брю; пер. с англ.- 14-е изд.- М.: ИНФРА-М, 2002.- 972 с.