Тексерген: Теңізбаева Жазира Топ: Финф-20-1 Тараз 2023ж


Сыртқы сауда саясатының құралдары



бет4/5
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100652
1   2   3   4   5
Байланысты:
экономика2

Сыртқы сауда саясатының құралдары. Кедендік тарифтер мен тарифтік емес кедергілер. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер есептеледі.
Сыртқы сауданы реттейтін экономикалық құралға кедендік тарифтер жатады, өзінің әрекет сипатына байланысты ол сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің классикалық құралына жатады.
Кедендік тарифтер – кедендік баж салықтарының ставкасының жүйелі тізбегі. Кедендік баж салығы импорт мен экспорттың мемлекеттің шекарасынан өту кезіндегі салығы ретінде түсіндіріледі.
Осы уақытқа дейін тарифтер халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің белсенді формасы мен бюджет кірісінің маңызды тармағы болып келді. Ол тек қана импортталатын және экспортталатын тауарларға ғана емес, сонымен қатар қайсыбір елдің шекарасынан транзит арқылы өтетін тауарлардан да алынды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған тарифтер мен сауда бойынша бас келісімнің (ГАТТ) әрекеттері тарифтердің жағдайын түбегейлі өзгертті. Ең алдымен кеден тарифтерінің орташа деңгейі төмендеді. ГАТТ-қа қол қойған мемлекеттер экспорт тарифын өтпелі экономикалы елдер тәжірибесінде ғана қолданады. Бұл елдің Әлемдік сауда ұйымына (ВТО) енуіне кедергі болады.
Экспорт тарифінің көмегімен дамушы елдер шығарылатын өнім бағасын көтере отырып өздерінің кірістерінің келемдерін көтергілері келеді. Транзитті тариф те қазіргі кезде сирек кездеседі. Тұтасымен алғанда кеден тарифінің мәні төмендеуде, өйткені көптеген елдердін үкіметі халықаралық сауданы шектеуде тарифтік емес тәсілдерді қалайды.


1.3.Төлем балансының құрылымы
Төлем балансы белгілі бір уақыт аралығында шетелдік мемлекеттерге төленген жалпы төлемдер мен шетелдік мемлекеттерден алынған жалпы төлемдер арасындағы айырманы білдіреді.
Төлемдерге алтын, тауарлар мен қызметтердің құны, туризмнен келген табыстар мен шығындар, капиталдың түрлері мен инвестициялар, пайыздарды, дивидендтерді және несиелерді төлеу жатады. Егер түсімдер төлемдерден асып кетсе, онда төлем балансының жағдайы активті болады немесе төлемдер түсімдерден асып кетсе, онда төлем балансы пассивті болып соңында оның тапшылығы орын алады.
Төлем балансының жағдайын валюта бағамы анықтайды.
Төлем балансының жағдайы ұлттық экономиканың әрекет ету сапасының аса маңызды көрсеткіші ретінде көрінеді. Мемлекет оның жағдайын мұқият қадағалап отырады. Шығындардың табыстардан артып кетуі ұлттық валютаның беделіне нұсқан келтіріп, оны құнсыздандырады. Ел қарызға тап болады, кейін оған қызмет көрсетіп қайтару керек болады. Ал табыстардың шығындардан жүйелі түрде артып кетуі ел үшін қолайлы болғанымен, ол басқа әріптес-елдердің төлем баланстарының тапшылығына алып келеді.
Егер төлем балансы капиталды шетелден тарту есебінен жақсартылса, онда бұл болашақта бірқатар келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін (қарыз, шетел инвестицияларына табыстарды қайтару). Сондықтан табыстар мен төлемдерді теңестіруді ең тиімді бағыт деп санайды.
Валюта бағамы оның ревальвациясы және девальвациясы арқылы төлем балансының жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады. Ревальвация – бұл валюта бағамының басқа валютаға қарағанда көтерілуі. Девальвация – бұл валюта бағамының басқа валютамен салыстырғанда төмендеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет