Мемлекет шығуының әлеуметтік-экономикалық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин жэне баскалары) мемлекеттін пайда болуын ең алдымен мынандай әлеуметтік-экономикалық себептермен (факторлармен), атап айтқанда, қоғамдық еңбек бөліністері, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам қайшылықтары және т.с.с. түсіндіреді.
Экономиканын дамуы мен мемлекеттің пайда болуы үшін үш ірі енбек бөлінісі (жер шаруашылығынаң мал шаруашылығының және қол өнердің белінуі, тек айырбаспен айналысатын адамдар табының жіктелуі) аса маңызды болды. Мұндай бөліну және онымен байланысты еңбек кұралдарын жетілдіру оның еңбек өнімділігін арттыруға серпіліс береді. Артық өнім пайда болды, ол түптеп келгенде жеке меншіктің шытуына әкеп соқтырды, соның нәтижесінде қоғам мүліктілер және мүліксіздер таптарына бөлінді.
Жеке меншіктің пайда болуының маңызды нәтижесі ретінде ендігі жерде қоғаммен үйлеспейтін және оның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірмейтін жария саяси билік бөлінді. Билік ету рөлі басқарушылар санатына айналған бай адамдардың колына көшті. Олар өздерінің экономикалык мүдделерін қорғау үшін жалпы саяси кұрылым — мемлекетті ойлап шығарды.
Сайып келгенде, мемлекет негізінен біртаптын екінші тапка үстемдігін сактау мен оны колдау максатында, сонымен қатар қоғамның біртұтас организм сияқты өмір сүруіне кепілдік беру мақсатында пайда болды.
Күштеу териясы (Шан Ян, Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Ф.Оппенгеймер және басқалары) мемлекеттің шығу себептерін экономикалык катынастардан емес, күдай ісінен емес, керісінше, әскери- саяси факторлардан: күштерден, жаулаушылыктан, біртайпаның екіншісін езіп-жаншуынан іздестіреді. Жаулап алынған халықтар мен аймақтарды басқару үшін қысым жасау аппаратынын кажеттігі туды, міне сондай аппарат болып мемлекет шықты.
Осымен байланысты мемлекеттің пайда болуы белгілі бір деңгейде кемеліне жеткен коғамның табиғи дамуының заңды, объективті нәтижесі екенін атаған жөн. Мемлекет қоғамнан алғашкы қауымдық құрылыс ыдырау үрдісінде бөлініп шықты.