Егемендік мемлекеттің маңызды, айқындағыш белгілерінің бірі болып есептеледі. Мемлекет аумағынын көлеміне, халқының - ел-жұртының санына, саяси режиміне қарамастан егеменді болады.
Мемлекет егемендігі аумақтың тұтастығы мен бөлінбейтіндігі,шекаранын бұлжымастығы және ішкі істеріне араласпау сынды негізгі принциптерді қамтиды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекетке мынандай аныктама беруге болады. Мемлекет бұл - оның барлық азаматтары үшін міндеттілік сипаты бар, мемлекеттік биліктін көмегімен белгілі бір аумақта қайсыбір халықты ұйымдастыруға және оның өмірін баскару үшін кұрылған негізгі саяси институт.
Мемлекетті басқару формасы.
Мемлекеттік басқару формасы бұл мемлекеттік билік жоғарғы органдарынын ұйымдастырылуы мен өмір сүруі және олардың халыкпен өзара тығыз қарым-қатынастарынын тәртібі. Мемлекет басқару формасына қарай монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
Монархия бұл биліктің толық немесе жартылай бір адамның — монархтың (король, патша, шах, хан, император және т.б.) қолына шоғырлануы. Монархия институты казірдің өзінде элемнің 30 астам елінде сақталған.
Монархия екі түрлі болады: абсолюттік және конституциялық. Абсолютті монархия бұл мемлекеттік билікті бір тана монарх іске асыратын және оған ешкандай шек койылматан мемлекеттік баскару формасы. Бүгінде осындай баскару формасы Сауд Арабстанда, Катарда, Оман мен Брунейде орын алған.
Конституциялық монархия абсолюттік монархияға қарағанда монарх билігінін белгілі бір дәрежеде заңмен, қоғамда жүзеге асып отырған конституция негізіндегі дәстүрмен және т.с.с. шектеу қоюмен айырмашылыгы бар. Конституциялық монархия дуалистік жэне парламенттік болып бөлінеді. Дуалистік монархия үшін монархтың колына көбіне көп аткарушы биліктін және аз ғана заң шығарушы биліктін берілуімен сипатталу тән. Баскарудың мүндай формасы Иордания, Кувейт, Мароккода бар.