Азаматтық қоғамның қалыптасуы, дамуы және өмір сүруі мәселелері саясаттанудың маңызды проблемалары болып саналады. Сонымен қатар саясаттануда азаматтык коғам ұтымы көптеген жағдайға байланысты шешілмеген жұмбақ сиякты. Ол бір орталықтан ұйымдастырылуы болмаса да өмір сүріп келеді. Азаматтық қоғамды құрайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер көбіне-көп төменнен кездейсоқ пайда болады. Мемлекеттің ешбір қатысынсыз-ақ азаматты қоғам қоғамдық өмірдің қуатты өзін-өзі ұйымдастырушы және өзін-өзі реттеуші саласына айналады.
Азаматтық қоғам - әлеуметтік прогресс, мәдениет пен өркениеттің бесігі. Бұл ерекше өмір стилі, ойлау және қарым-қатынас түрі, айырықша экономикалық уклад. Бұл тіршілік әрекеті мемлекеттік-саяси формасымен байланысканның бәрі, мемлекет, саясат, партия бой кетеретін топырак асты, ірге тас,бүкіл коғамдық өмірдің негізі.
Осымен байланысты азаматтық қоғамға көптеген ғылымдар: құқықтану, экономикалық теория, тарих, философия, әлеуметтану және т.б. қызығушылық танытуда.
Құқыктану азаматтық қоғамды азаматтық құқыктын субъектісі және құқықтың реттеу субъектісі ретінде зерттейді.
Алайда, азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануға ерекше маңызды рол берілген. Тек саясаттану ғана азаматтық қоғамның саяси және қоғамдық институттармен - жалпы мемлекетпен, федералдық және жергілікті билік органдарымен өзара әрекет етудің сипаты мен формаларын зерттейді. Ғалымдардың қол жеткізген табыстарына сүйене отырып саясаттану азаматтық қоғамның пайда болу себептері мен алғышарттарын, оның құрылымын, функцияларын, эволюциялық бағыттарын карастырады. Баска сөзбен айтқанда, саясаттану азаматтық қоғамның біртұтас бейнесін жаңадан жасайды.
Азаматтық қоғам тар мағынада қоғамдык және мемлекеттік өмірдің барлық саласында заңның жоғарылығын қамтамассыз ететін, тұлғаның бостандығына, оның негізгі мүдделері мен құқықтарына, сонымен бірге адамдардың өз экономикалық, әлеуметтік және рухани мүдделеріне жету үшін алуан түрлі қоғамдық және азаматтың өзін-өзі ұйымдастыру формаларына кепілдік беретін демократиялық институттар мен құқықтық мемлекеттің өмір сүруімен тікелей байланысты. Азаматтық қоғам кісі өмірінің алуан түрлі салаларын және мемлекеттік емес қатынастарды - экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке бастық және с.с. ерікті түрде калыптаскан алғашкы мемлекеттік емес құрылымдық қатынастарды өзіне қосып алған.
Осындай азаматтық қоғам пайда болуы үшін құқықтық, демократиялық мемлекеттің болуымен қатар қоғам мүшелерінін алуан түрлі әлеуметтік мүдделерін көрсететін, соның ішінде саны жағынан көп, экономикалық барынша қамтамасыз етілген және тәуелсіз "ортатап" мүшесін бейнелейтін дамыған әлеуметтік құрылым болуы кажет. Ортатап азаматтық қоғамның тірегі, саяси тұрақтылық пен демократияның әлеуметтік негізі ретінде көрінеді. Бүгінде батыс қоғамының әлеуметтік құрылымында орта таптын үлесі шамамен 60-70 пайызды құрайды.
Азаматтық қоғам екі негізгі әрі өзара байланысқан: әлеуметтік және институционалдық өлшеуле өмір сүретінін айтуымыз керек.
Азаматтық қоғамды құрайтын әлеуметтік елшеуіш — бұл оның тарихи тәжірибесі. Өз кезегінде саяси тәжірибе саяси үрдіске негізгі қатысушылардың, дәлірек айтқанда жекелеген тұлғалар, топтар, бірлестіктер және с.с. қимыл әрекеті үшін жанама түрде "мүмкіндік дәлізін (коридорын)" белгілейді.
Әлеуметтік-тарихи тәжірибені – ұжымдық және дербестік деп бөлсекте, тұлғаның саяси мінез-құлығы, оның ойлау қалпын және тұлға аралык қатынастардың басқа да көптеген аспектілерін анықтайды. Азаматтық қоғамнын институционалдық өлшеуішіне саяси емес өз алдына жеке ұйымдардың жиынтығы және қоғамның әр түрлі топтарының мүддесі және оларды мемлекеттен тәуелсіз іске асыратын саяси сипат ретінде караған жөн.
Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірнеше айрықша ерекшеліктері бар. Біріншіден, котамдык өмірдің маңызды мәселелеріне бүкіл шешім жасауды әрдайым өзіне алған күшті беделге сүйенген мемлекеттік билікке бағыну әдеті Қазақстан азаматтарының әлеуметтік психологиясына орнаған еді. Екіншіден, қазақстандыктардың санасында ұжымдық бастау дәстүрі мығым, бірігіп тіршілік әрекет ету әдеті күшті. Үшіншіден, Казакстан халкының негізгі бөлігі ешкашан да шынайы меншік иесі болған емес, жер мен өндіріс құралдарынан қол үзгенеді.
Қазақстандағы азаматтық қоғамды орнату проблемалары, біздің ойымызша, келесі міндеттерді дұрыс шешумен байланысты:
Тиімді, әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға негізделген азаматтық қоғамның экономикалық тасын калау. Өзінің сипаты жағынан бұл экономика жеке, кооперативтік, ұжымдық және мемлекеттік тауар өндірушілер - меншік иелерінің мүмкіндіктерін үйлестіретін көп укладты болады.
Азаматтардың экономикалық еркіндігі мен дербестігіне кол жеткізу. Білікті, инициативті және іскер қызметкерлерден мейлінше жоғары деңгейлі табысы бар орта таптын калыптастыру.
3. Коғамдық өмірде партиялар мен қоғамдық қозғалыстар рөлінін, бұқаралык ақпарат құралдар қызметінін артуына орай көп жақты саясат пен идеологияның дамуына байланысты саяси жүйеде түбегейлі демократиялық қайта кұрулар жүргізу.
4. Жалпы азаматтардың құқықтық, мәдени деңгейлерінің дамуына сәйкес олардың қоғамдық әлеуметтік-саяси өмірдегі рөлін көтеру және әр түрлі қоғамдық түзілімдердін қызметін арттыру міндеті.