Жалпы халықаралық түсінік пен саяси аспекті тұртысынан қарағанда мемлекеттін мәнін сипаттауда аумак, халық - ел-жұрт және билік сияқты оның негізгі элементтерін құрайтындардың маңызы аса зор екенің айтқан жөн. Аумақ - бұл мемлекеттің физикалық, материалдық негізі, оның кеңістіктік мәні. Мемлекеттің өз аумақтық иелігінің нақты белгіленген шекарасы болуы тиіс. Тарихтың көрсеткеніндей бір мемлекеттердің баска мемлекеттерге аумақтық егестері және талаптары кескілескен талаптарға, дау-жанжалға, тіптен әскери қақтығытарға дейін жеткізген. Жаулаушылықтың нәтижесінде мемлекет аумағынан айырылатын болса, онда ол өмір сүруін тоқтатқан.
Мемлекеттін екінші манызды элементі - халық, яғни сол мемлекеттің аумағында өмір сүретін және оның билігіне бағынатын, ұлысты немесе ұлтты құрайтын адамдар қауымдастығы. Мемлекет халкы - ел-жұрты бір ұлттан немесе көпұлттан түруы мүмкін. Мемлекеттің тұтастығын және оның барлық мүшелерінін өзара байланысын азаматтық институты немесе бір елдін азаматы болу камтамасыз етеді.
Мемлекеттік билік бұл тұрақты, орнықты сипаттағы саяси институт. Ол егеменді, тиімді, ұйымдық жағынан қалыптасқан, мемлекет алдында тұрған міндеттерді табысты шеше алатындай болуы тиіс.
Мемлекеттің белгілері.
Мемлекеттін белгілері бұл - жалпы мемлекетті және баска да кептеген коғамдық-саяси ұйымдардан, бірлестіктер мен қауымдастықтардан мемлекеттік органдардың жеке әркайсысын бөліп даралайтын мемлекеттіліктін кажетті айырыкша ерекшелігі.
Мемлекет өз аумағында тұратын барлық халықты біріктіреді. Саяси өзін-өзі баскарушы ұлт мемлекеттің субстаниионапдык элементі болады.
Мемлекеттінң негізгі белгілерінін арасында салықтар маңызды рөл аткарады. Салықтар жария биліктін өз функцияларын жүзеге асыру барысында мемлекеттің шығарған шығынын жабу үшін азаматтардан және коммерциялык ұйымдардан алынатын міндетті төлем. Салықтар мемлекеттін экономикалық дербестігіне мүмкіндік береді, олар мемлекеттік бюджетті толыктыратын басты көз болып саналады.